Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:40, реферат
Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану.
Мемлекеттік меншікті
жекешелендіру
Жекешелендіру
дегеніміз – мемлекеттік
Жекешелендірудегі
мақсат – мемлекеттік мүлікті
жеке меншік иесіне беру арқылы оны
ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның
астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық
жүргізуге мүдделі еместігі және
қабілетсіз екендігі жайында даулы
болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен
ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады,
қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады
және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады
деген топшылама бар.
Жекешелендіру
сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның
1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен
алудың және жекешелендірудің негізгі
бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ
КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет
меншігінен алу және жекешелендіру туралы"
Заңы экономиканың мемлекеттік секторын
екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік
кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік
емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға
айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы
және мемлекеттік мүлікті азаматтардың
және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне
беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру
төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135
Жарлығымен "Қазақстан Республикасыңда
мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің
1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы"
(2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер
атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды
акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру;
агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру.
Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамдарға қайта құруды
ұйымдастыру шаралары туралы" Жарлығына
сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері
акциялардың он пайызына дейін ақысыз
алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру
объектілері бойынша акциялардың кемінде
51 пайызы купондар аукционында халықтың
ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру
қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың
39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар
арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1994 жылғы
11 наурыздағы "Акциялардың мемлекеттік
пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік
қоғам басшыларына бөлу туралы" №1589
Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары
бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн
бойынша иемденуге мүмкіндік алды.
Қазақстандағы
1996 жылдан бергі жекешелендіруді
реттейтін негізгі нормативтік
құжат – Қазақстан Республикасы
Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы
"Жекешелендіру туралы" заң күші
бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру
мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы
қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті
жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған
бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру
жүргізудегі негізгі принциптер, ол –
жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық,
лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің
заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға
қойылған объектілер туралы берілген
мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру
туралы Жарлықтың 4-бабы).
Жекешелеңдіру
мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік
мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын
анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер
ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың
мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар
Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің
тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті
жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік
құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға
өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген
объектінің құнына қосылады.
Жекешелендіру
саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе
тікелей атаулы сату жолымен жүзеге
асырылады. Саудаластық немесе атаулы
сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан
өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар
анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым
бөлінуі мүмкін, т.б. Көсіпорын акциялануы
немесе сенімгерлік басқаруға берілуі
мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп
тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте
сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік
кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта
құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының
кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік
мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік
басқаруға беру) жекешелендірудің бір
түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады
(Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы).
Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті
мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте
бұл Қаржы министрлігі департаменттерінің
бірі (бұл органның аты мен құрылымы ауық-ауық
өзгеріп тұрады, кейде оның функциясын
бірнеше орган атқарады).
Жекешелендіру
— меншік қатынастарын
Жекеменшік
кәсіпкерлерінің пайда болуы
ек түрлі жолмен жүзеге асады:
Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.
Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады. Оның құрамына шаруашылықты басқарудың демократизация, мемлекет кәсіпкершілігін шектеу, жекеменшік капиталын жігерлендіру жатады. Жекешелендіру – экономиканы күрделендірудің соңғы мақсаты болып табылмайды, ол дегеніміз жаңа экономикалық жүйеге көшкенде болатын меншік қатынастарын өзгерту тәсілі.
Жекешелендіру
жүргізген кезде республика экономикасының
ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ерекшеліктерге
еліміздің шикізаттық қоры, ауыр машина
өндірістің сырттан әкелінетің шикізат
пен материалдарға байланысты өндірістік
қаражат инжра құрылымдарының әлсіз дамуы
т.б. кіреді.
Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.
Қазақстан
Республикасындағы
1) Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы;
2) Аукцион және тендер.
Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді:
1) Аукцион
және тендер арқылы кішігірім
мекемелердің кіші
2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі;
3) Күрделі
проектілер барысындағы үлкен
және мамандандырылған мекемелердің
жеке проектілер арқылы
Айрықша әлеуметтік мағынасы бар тауарларды шығаратын немесе табиғи монополист болып табылатын мекемелер әдейі жасалған проектілер арқылы жекешелендіруден өтеді.
Жеке проектілі
жекешелендірудің тәсілдері
ретінде төмендегіні
1) Келісілген
шартпен анықталған инвесторға
сату;
2) аукцион
және конкурс арқылы сату;
3) бақылау туралы
келісім шартқа отырумен
Жекешелендіру бағдарламаларында ерекше орын шетел инвесторларына беріледі.
Өткен уақыт ішінде жеке проектілер арқылы жекешелендірілуге 170 объекті өтіп, оның 4-уі жекешелендірілді. Олардың қатарына Алматы темекі комбинаты, Алматы және Қарағанды май зауыттары және Шымкент кондитер фабрикасы жатады.
Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жандандыру ғана емес, сонымен бірге, экономикалық және әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.