Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 20:46, курсовая работа
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде алатын орны зор. Қазіргі экономикалық өркениетті дүниенің қрылымдық даму жүйесіндегі болашағы келтірмейтін салалардың бірі – шағын кәсіпкерлік болып табылады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында: «еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік» деп аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт; -қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі; -инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады.
І-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
1.2 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері
ІІ-ТАРАУ. ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
2.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау
2.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
ІІІ-ТАРАУ. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3.1 АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері
3.2 Германиядағы шағын кәсіпкертің қолдау тетіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет көздері
Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден
– шағын кәсіпкерліктің тағы бір
сипатты белгісі ретінде
Егер «алыптар» қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:
Германияда
1980 ж. аяғына қарай жоғарыда көрсетілеген
сипаттың статистикалық есептеу
тәртібіне байланысты 1.9 млн. шағын
және орта кәсіпорындар жұмыс істеп,
олар халық шаруашылығының салалары
бойынша мынадай негізде
Германиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі, екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден барлық инвестициялар мен тіркелген потенттердің жартысынан артығының өндіріске еңгізудегі үлесіне 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85 процентін қамтитын кадрлар дайындау көзі ретіндегі рольмен анықталады.
Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезеңде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігінің өте бір маңызды, көкейтесті мәселеге айналып отыр. Олардың ішінде:
Германияда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның жалпы мақсаты – ол шағын кәсіпкерліктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынандай шараларды атап өтуге болады: Гермианияның федералді өкіметі іс жүзіне асырып отырған құрылымдық-саяси шаралар. Олар шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жердегі басты тетік 1957 жылы заңды түрде бекітілген және шағын фирмалардың позицияарын нығайтуға байланысты бірінші рет қайта қарасытрылған- картелдік құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы ведомство ( біздіңше , монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап , шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.
Шағын кәсіпкерлікке қолдау жасауға құрылымдық-саяси шаралардң екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік келісім шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық бұлардың құқықтық жағынан тңдегін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап Германияда мемлекеттік тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар.
Германиядағы салық салу жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инстументің басты үш түрі бар:
Енді арқайсысына жекелеп тоқталсақ:
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%. Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қол өнері өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген. Резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.
Қаржы жағынан қолдау. Федералдық өкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын падалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін қамқорлық болып саналады. Қазіргі кезде бұл шағын кәсіпкерлікке қаржы бөлудің негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары;
«Кредитонитальт фюр Видерауфбау»(Маин);
«Дойче асглейхсбанк» (Бонн);
«Берлиндер
индустри банк» (Берлин) сияқты үш арнайы
банк арқылы бөлінеді.
Қорытынды
Жалпы қорытындылай келе, шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, АҚШ-та және Германиядағы шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселелер жүзеге асырылуы мен іске асыруы сияқты маңызды шаралар зерттелінді. Бұл елдердегі шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау іс шараларының қалыптасу ерекшеліктері мен оның тиімділігі қарастырылды. Оған мысалы, АҚШ-ғы әртүрлі шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға байланысты бағдарламалар мен атқару жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ол шағын бизнестің әкімшілігі арқылы қолдау табатындығы айқындалды.
Сонымен қорыта айтқанда шағын кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуының негізгі тұтқасы деуге болады. Өркениетті елдерде бұл саланы дамытуға басты назар аударады және шағын кәсіпкерлік негізгі саланы құрайды. Дегенмен, бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан, бұл жұмыста еліміздегі шағын кәсіпкерліктің даму барысын, оның қалыптасудағы кездесетін негізгі бөкеттері мен оны мемлекеттік қолдау саясатынның маңызды бағыттары сипатталып, басқару тұрғысынан талданды. Сонымен қатар, осы ғылыми жұмыстың қолданбалы мәнділігі шағын кәсіпкерлік қызметті ғылыми негізде жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасына байланыстыру мәселесі кең талқыланды. Бұл тұрғыда:
Қорытындылай
келе, дамыған елдердің көпшілігінде
экономикалық өсудің шешуші бір факторы
шағын бизнесті жан-жақты дамыту
болып табылады. Кәсіпорындардың жалпы
санының ішінде шағын және орта фирмалардың
үлесі 80-нен 99%-ға дейін мөлшерін қамтып,
жалпы ұлттық өнімнің 50%-тен астам жуығын
өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын
кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуде
икемділігі оларды ғылыми – техникалық
прогрестің негшізгі бір қозғаушы күшіне
айналуда. Сондықтан да олар нарыққа өте
икемді болғандықтан Қазақстанда да осы
кәсіп түрін алға бастыруымыз біздің қолымызда.
Пайдаланылған
әдебиеттер көздері