Сіздің фирмаңыздың маркетингтік бағдарламасының мәні неде?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 18:43, реферат

Описание

Жалпы тиімді маркетингтік бағдарлама мен дұрыс ұйымдастырылған стратегиялық жоспары жоқ фирманың – болашағы да жоқ. Кез-келген кәсіпорын үшін басты мақсаттардың бірі – тұрақты өнім өндіру немесе қызмет көрсету деңгейін көтере отырып, алға қарай жылжып, жаңа биіктерге қол жеткізу, өсу және жан-жақты даму.

Работа состоит из  1 файл

marketing-plan.docx

— 16.24 Кб (Скачать документ)

      Сіздің фирмаңыздың маркетингтік бағдарламасының мәні неде? 

     Жалпы тиімді маркетингтік бағдарлама мен  дұрыс ұйымдастырылған стратегиялық жоспары жоқ фирманың – болашағы да жоқ. Кез-келген кәсіпорын үшін басты мақсаттардың бірі – тұрақты өнім өндіру немесе қызмет көрсету деңгейін көтере отырып, алға қарай жылжып, жаңа биіктерге қол жеткізу, өсу және жан-жақты даму.

     Біздің  қонақ үйіміздің маркетингтік бағдарламасының  мәні: клиенттердің сұранысын толық қанағаттандыру, ең бастысы – сұранысты арттыру үшін және жалпы пайда көлемін өсіру мақсатында қазіргі жағдайдағы нарықты зерттей отырып қонақ үйдің қызмет көрсетуін өңдеуді, жақсартуды ұйымдастыру.

     Бұл бағдарламаны жүзеге асыру әдістері:

  1. Жарнама. “Vavilon” қонақ үйінің жағымды бейнесін құру мақсатында жасалған көпшілікпен байланысу жүйесін құру. Соның ішінде біз PR-ң (public relations) қызметін пайдаланамыз: халыққа қонақ үй туралы жағымды ақпарат тарату, көпшіліктің ой-пікіріне ықпал ету, фирманың жақсы имиджін құру, беделін көтеру:
    • баспасөздерге мақалалар жариялау;
    • радио, теледидардан материалдар беру;
    • пресс-конференциялар ұйымдастыру, ресми мәлімдеме жасау, компания пікірлерін елге жариялау үшін БАҚ(СМИ) өкілдерінің алдында баяндау;
    • Баспа өнімдерін - бланктер, визиткалар тарату;
    • Қонақ үй қызметі жөнінде клиптер, презентациялар, деректі фильмдер көрсету.
  1. Келесі пайдаланатын әдісіміз – жеңілдіктер. Бізде оның келесідей түрлері қарастырылады:
    • тұрақты келіп тұратын клиенттерімізге барлық көрсетілетін қызметтерге 10% жеңілдік (бұл оларға жеңілдік карточкасын беру арқылы жүзеге асады);
    • демалыс күндері келген клиенттерге берілетін номерлерге 5%  жеңілдік;
    • люкс номеріне тапсырыс бергендерге номер бағасына кіретін әр күнгі таңғы ас (шведский стол);
    • қонақ үйде 10 күннен аса уақыт тұрып жатқан тұрғындарға көрсетілетін жеңілдік: мысалы, қызмет-сапармен келген бизнес-клиент стандарт номерге                   төлесе, 10 күннен кейін оның сәйкесінше төлемі       

      арзандайды. Бұл бизнес-сапармен немесе басқа да мақсатпен ұзақ уақытқа келген клиенттерге басқа қонақ үйлермен салыстырғанда Vavilon қонақ үйін таңдау тиімді екенін көрсетеді.  
       

  1. Стратегиялық  жоспарымызға сәйкес болашақта “Vavilon” қонақ үйінде көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту:
    • Сауықтыру кешенін ұйымдастыру, оның ішіне кіретіндер: бассейн, сауна, массаж, тренажер-залы және болашақта фитнес-орталық құру;
    • Әуежай мен темір жол вокзалымен байланыс орнатып, клиенттерге қонақ үйде отырып әуе және темір жол билеттеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, сонымен қатар әуежайға жеткізу, ақысыз транспорт қызметі (трансферт из\в аэропорт);
    • Қонақ үйдің алғашқы қабатының бір бөлігінде азық-түлік пен басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыратын товарлар сататын шағын-маркет құру;
    • Екінші қабатта шағын кино-зал мен әсемдік салоны құрылады, кино-залда соңғы шыққан фильмдер көрсетілімі жүреді;
    • Сонымен қатар қонақ үй территориясында жастарға арналған белгілі бір кешкі уақытта жұмыс жасайтын диско-клуб пен балалы жанұяларға арнайы балалар ойын-сауық алаңы құрылысы жоспарлануда; көлемі шағын диско-клубта – тұтынушыларды қанағаттандыратын бар бөлігі мен би алаңы және шағын жай орындар мен бөлек vip-бөлмелер болады;
    • Бизнес-клиенттерге арнайы 70 адамдық конференц-зал құру, мұнда клиенттердің әр түрлі конференциялар, бизнес-семинарлар өткізуге мүмкіндігі болады;

     Бұл мәселелерді жүзеге асырудағы мақсатымыз – тұтынушылар саны мен жалпы пайда көлемін көтерумен қатар қонақ үй құрылымын да мезгілімен өзгерту, жай көпшілікке арналған қонақ үйден инфрақұрылымды кеңейту жолымен  болашақта толық қажеттіліктерді қанағаттандыратын категориясы 5 жұлдызды  бизнес-отельге дейін өсу.

  1. Сонымен қатар интернетте “Vavilon” қонақ үйінің веб-сайтын құрып, клиенттерді барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету (сетевой маркетинг) және олардың қонақ үйге алдын ала интернет көздері арқылы номерлерге тапсырыс беруін  ұйымдастыру (сетевое бронирование);

                  

      

Информация о работе Сіздің фирмаңыздың маркетингтік бағдарламасының мәні неде?