Қаржы нарығы мен оның құрылымының негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:19, доклад

Описание

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады.

Работа состоит из  1 файл

тақырып 1-Қаржы нарығы мен оның құрылымының негізі.pptx

— 169.35 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша

 

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН 

 

Тақырып 1 - ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

  

 

Алматы, 2013 ж.

 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Қаржы» факультеті

«Қаржы  нарығы және банктік бизнес»  кафедрасы

Тақырып 1 - ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.3 ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

 

Қаржылық  қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді.

Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға  бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде  қолданылады.

Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.

 

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

 

Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу мехенизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының қызметінің жиынтығын білдіреді.

Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

    • реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
    • ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпа­раттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
    • бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
    • коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
    • баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

 

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Нарықтардағы  сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті  ретіндегі үш тобы бар:

    • үй шаруашылығы (жеке тұлға);
    • меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
    • мемлекеттік басқару органдары.
    • Қаржы нарығының қызметін анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
    • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
    • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
    • бағалы қағаздарға инвестиция жұмсауы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

 

 

1.1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Әрбір елге мазмұны  мен ерекшелігін мүмкіндігінше  толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымын анықтауға болады.

Г.С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша  қаржы нарығының құрылымы өзара  байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан  тұрады.( Ақша нарығы, Ссуда нарығы, Бағалы қағаздар нарығы)

 

1.2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының келесі жіктеуі келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама беруге болады

 

1- сурет. Қаржы нарығының типтік құрылымы

1.2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Қаржы нарығы

 

Валюта нарығы

 

Алтын нарығы

 

Капитал нарығы

 

Ақша қаражаттары нарығы

 

Ссуда капитал нарығы

 

Үлестік бқн

 

Өндірістік бқн не-се мерзімді нарық

 

Борышты бағалы қағаздар

 

Бағалы қағаздар нарығы

 

Банктік ссуда нарығы

 

Алғашқы

 

Биржадан тыс

 

Қайталамалы

 

Биржалық

 

Мерзімді

 

Споттық

 

Форвардтық

 

Фьючерстік

 

Опциондық

 

Своптар

1.3  ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

ҚР мемлекеттік  реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі құрылымда көрсетуге болады (2-сурет).

 

 

 

 

Қаржы нарығы

 

Ақша 
нарығы

 

Депозит нарығы

 

Несие  
нарығы

 

Валюта нарығы

 

Бағалы қағаздар нарығы

 

Зейнетақы нарығы

 

Сақтандыру нарығы

1.3  ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Ақша  нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдалан­ғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

1.3  ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несие­лерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Валюта  нарығына Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.

1.3  ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Бағалы  қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады.

Сақтандыру  және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады.

Бүгінгі таңда қаржы нарығы саласында жетекші орынға ие әлемдік рейтингтік агенттіктер бар.

ҚР  Ұлттық банкі өз шешімдерін қабылдау үшін нақ осы компаниялардың рейтингілерін пайдаланады.

1

1.3  ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Рейтинг мәндерінің трактаты

A.M. Best Co

Moody’s

Standard & Poor’s

Duff & Phelps

Weiss

Ең жоғары сенімділік

A++, A+

Aaa

AAA

AAA

A+

Жақсы сенімділік

A, A-

Aa1; Aa2; Aa3

AA+; AA; A1

AA+; AA; AA-

A; A-

Өте жоғары сенімділік

B++, B+

A1; A2

A+; A

A+; A

B+; B

Жоғары  
сенімділік

В; B-

A3

A-

A-

B-

Қанағаттанарлық сенімділік

C++, C+

Baa1; Baa2; Baa3

BBB+; BBB; BBB-

BBB+; BBB; BBB-

C+; C; C-

Төмен  
сенімділік

C, C-

Ba1; Ba2; Ba3

BB+; BB; BB-

BB+; BB; BB-

D+; D; D-

Өте төмен сенімділік

D, NA-7

B1; B2; B3

B+; B; B-

B+; B; B-

E+; E; E-

Сенімділіктің болмауы

E, F, NA-10, NA-11

Caa; Ca; C

CCC+; CCC; CCC-

CCC+; CCC

F

Банкроттық

   

CC; C; D

DD

 


Информация о работе Қаржы нарығы мен оның құрылымының негізі