Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:01, реферат
Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономика¬лық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Кіріспе
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
ΙΙ Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
ΙΙ Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты өте маңызды болып табылады және мемлекетті реттеуде негізгі орындардың бірін иеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, қаржы саясаты макроэкономикалық ықпал етудің бірден бір құралы. Ел ішіндегі және сол елдің сыртқы жағдайлары осы қаржы саясатына тікелей байланысты. Ол әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мақсатында қаржы қатынастарының аясын реттеп отырады. Қазіргі кезде көп адам әлі «қаржы» мен «қаржы саясаты» ұғымдарын және олардың халық өмірін реттеудегі алатын орнын түсіне қоймайды. Мұнымен қатар барлық адамдар экономикалық тұрғыдан көздері ашық болуы керек. Оған қоса қаржы саясатының нысандары біздің тұрмысымыздың барлық жақтарын қамтып, өмірімізге тікелей араласып отырады. Демек, қаржы саясатының ерекшеліктері мен оның әдіс-құралдары мен нысандарын жетік білуіге тиіспіз. Сол себепті «қаржы» және «қаржы саясаты» ұғымдарына терең талдау жасау керек
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттары — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттары бар. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағьптың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттгің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың жөне басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу жөне қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы
өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе «кіріктірме тұрақтындырғыштың» іс-әрекетін қажет етеді. Сондай-ақ бюджет тапшьшығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б. Сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Қаржы саясаты - аса маңызды саясаттардың бірі. Оның мемлекеттік маңызы өте жоғары. Дағдарыстан шығу болсын, экономиканың «қызып» кетуінің алдын алу болсын, барлық жағдайда қаржы саясаты негізгі экономикалық тетік ретінде қарастырылады. Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық саясат түрлерінің де ерекшеліктерін байқап отырмыз. Фискалдық саясаттың халық тұрмысындағы алатын орны да ерекше. Салық, мемлекеттік шығыстар, Орталық банктің қызметі, мұның бәрі қаржы саясатының тұтқалары. Ал олардың экономикаға әсерін асырып айту мүмкін емес.
2 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) тұрақты
бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда
инфляция
жылына шамамен 1,8% тең болатын дамыған
елдерде де болады;
2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;
3) мемлекет
борышы аз соманы құрауы тиіс және тек
ЖҮӨ-
нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің
ерекшеліктері
негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым
мүмкін болатын көлемін
жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау
б) экономикалық
дамудың белгіленген бағыттарын орындау
үшін тиісті қаржы механизмін
жасап, оны үнемі жетілдіріп
отыру.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға коп коңіл болінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын болу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.[5]
Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.
Информация о работе Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі