Қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:35, реферат

Описание

Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Қаржы.docx

— 50.83 Кб (Скачать документ)

Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады. [

Қаржы жүйесінің  мәні мен құрылымы

 

Қаржы - бұл мемлекет, занды  және жекс тұлғалардың арасында ақша құраллары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын  экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы  ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау жэне ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық. 
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және элеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. 
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын иіешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады. 
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды. 
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтан-дырылған, орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады. 
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалиы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады. 
Орталықтандырылмаған қаржылар ортурлі меншік формасындағы кэсіпорындар мен фирмалардыц каржылары. Бұл заішы тұлғалар арасындағы, занды тұлгалар мсн мемлекет арасындағы және заңды түлғалар мен жеке түлғадар арасындағы каржы катынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін кұрайды. Мұнда қаржы ресурстарыныц маңызды бөлігі калыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады. 
2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. 
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қаржылардың маңызды бөлігі. Ол арқылы Ж¥Ө салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді. Бюджет - ол табыстар мен шығындардын баламсы. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің ролі тарихи дамудың әртүрлі дендерінде бірдей емес. Оның екі кезеңін накты атап көрсетуге болады. Классикалық капитализм дәуірінде мемлекет шаруашылык іс-әрекетке белсенді араласпады. XX ғасырдын екінші жартысынан бастап бюджет макроэкономиканың куатты реттеушісіне айналды. Салықтар мен мемлексттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен камту мен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде бюджеттің алдынғы катарлы роль ойнауына мүмкіндік береді. Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал студің маңызды тетігі. Мемлекеттік шығындар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен үкімет жиынтық сұраныс көлемін реттей отырып, экономикалық коньюктураның қысқа мерзімді ауытқуларына ыкпал ете алады. 
Сонымен бюджет - бұл мемлекеттін қаржы жоспары, мемлекеттің шығындары мен табыстарыньщ балансы. 
Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлык мемлекеттерде бюджеттік жуйе мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеральды мемлекеттерде аралық бөліктер - штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен тұрады. Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жузеге асырылады. 
Бөлу қызметі мемлекеттік максаггар мен кызметтерді орындау ушін түсімдердін әртурлі каналдары және олардын қолданылуы арқылы мемлекетте ақшалай кұралдардын шоғырлануын көздейді. Кейбір елдерде бұл қызметгі өзінің аймақтық органдары арқылы мемлсксттік қазынашылык органы атқарады. 
Бақылау қызметі экономиканың әртурлі құрылымдық звеноларында акшалай құралдарды қалыптастыру мен пайдалану процестеріи бакылау шараларын жургізудсн көрінеді. 
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік аппаратты үстау, қорғаныс, 
денсаулык сактау, білім, әлеуметгік жәрдемакылар төлеу үшін ашалай 
ресурстардың орталықтандырылған қорын кұрады. Бюджет шаруашылық коньюнктурага ықпал ете отырып, экономиканы мемлексттік реттеудін, оны тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудын куатты тетігі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға ықпал етуі каржыландыру, субсидия беру, трансферттер аркылы жүргізілсді. Экономикалық құжат ретінде бюджет коғамньш саяси және әлеумсттік динамикасын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджетін ғана емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттердін жиынтығын көрсетеді. Бюджетке сондай-ақ әртурлі бюджеттік емес корлар немесс мақсатты бағыты бар акшалай қаржылар жатады. Өзінін сандық құрамы бойынша олар әркашан бюджет кұрамына қосыла бермейді. Бірақ пайдалану және бөлу принципі бойынша олар мемлекеттік бюджеттік шығындар үрдісіне теңестіріледі. Олар белгілі бір мақсатты қорларға шоғырландырылыл, орталық және жергілікті билік органдарының басқарылуында болады. Бұл зейнетакы қорлары және басқа да арнайы салықтар, қарыздар, бюджеттік субсидия есебінен құрылатын қорлар. 
Мемлекеттік шығындар мен салыктармен байланысты ретгеу жүйесі - фискалдық саясат деп аталады. Мемлекеттік шығындар - мемлекетті қаржыландыруға кететін шығындар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жатады. Бұл сатып алулар әртүрлі болуы мүмкін; бюджет ессбінен жолдар, мектептер, медициналық кұрылымдар құрылысы, ауыл шаруашылық қорғаныс техникаларын сатып алу және т.б. Бұл жағдайда тұғынушы - мемлекет болады. Сондықтан да булар не өз тұтынуы үшін, не өндіріс факторлары, қызметтер мен игіліктер нарығында сұранысты реттеу үшін жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік шығындар бюджет шығысында көрсетіледі, сондықтан олар тиімді және сандық сапалық экономикалык өсуді камтамасыз етуі тиіс. Бұл мемлекетпен жүргізілетін фискалдык саясат мына мақсаттарға жауап беруі тиіс: 
- экономикалық циклдың ауытқуын бәсендетуге; 
- экономикалық өсу қарқынын арттыруға; 
- жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне кол жеткізуге; 
- инфляцияның қолайлы қарқынына қол жеткізуге. 
Фискалдык саясат дискрециондық және автоматты болып бөлінеді. 
Дискрециондық фискалдық саясат тауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік трансферттср және салықтар арқылы жүргізіледі. Олардын мөлшерінің өзгеруі жиынтық шығындардың өзгеруіне алып келеді. Дискрециондық фискалдық саясаттын кұралдары ол мемлсксттік шығындар жәнс салықтар. Бұл саясаттың мақсаты өндірісті ұлғайту, жұмыссыздықты қыскарту, инфляцияны төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Дискрециондық емес саясат ол пассивтік саясат, мұнда мемлекеттік шығындар мен салықтардын дәрежесіндегі өзгерістер автоматты түрде ендіріледі (автоматты тұрақтандырғыштар). 
Автоматты тұрақтандырғыштар - бұл үкімет тарапынан қандай да бір арнайы шешімдер қабылдаудын қажетінсіз іс-әрекет жасайтын нормалар. Тұрақтандырғыштарга салык жүйссі, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады. Жандану кезінде жалпы ұлттык өнімнің өсуімен салықтык түсімдер автоматы түрде өседі, бұл экономикалық өсуді тежейді, керісінше жалпы ұлттық өнімиің құлдырау кезеңінде салыктық түсімдер автоматты түрде қысқарады және бұл экономикалық құлдырауды бәсеңдетеді. Трансферггік төлемдср карама-қарсы жағдайда көрінеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдем акы, кедейлік бойынша жәрдем ақы, фермерлерге субсидия - бұлардың барлығы экономикалык өрлеу кезеңінде қысқарады және өндірістін кұлдырау кезеңінде өседі. Нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде трансферггік төлемцер арқылы тұтыну шығындары қамтамасыз стіледі, ал кұлдырау кезеңінде тұтыну шығындары жоғары осіп, сұранысты ынталандырады.

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3  

 

І. ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ--------------------------------------4  

 

 

    1. Қаржының экономикалық мәні және мазмұны-----------------------------4
    2. Қаржының функциялары -------------------------------------------------------7
    3. Қаржыны пайдаланудың әдістері мен нысандары-----------------------15

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------19  

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесінің қалыптасуы мен  құрылымы-----------------------------------------------------------------------------------19

2.2 Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесін ұйымдастыру-----20

2.3 Қаржылық бақылауды  ұйымдастыру--------------------------------------25 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------28  

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------31  

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------32  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

КІРІСПЕ  

 

Зерттеудің  өзектілігі: Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты  функция осы экономикалық категорияға  тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы  көрінісін, сапаның өзіне тән  категориялары кескінінің айрықмалықты әдістерін білдіреді. Функцияда  категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Зерттеудің  мақсаты:қаржының экономикалық мәнін ашу және оның әдістері мен нысандарын қарастыру,Қ.Р-дағы қаржы жүйесінің ұйымдастырылуымен және оған бақылауды зерттеу.Осы мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер туындайды:

Зерттеудің  міндеттері:

  • қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;
  • қаржының қажеттігіне, атқаратын қызметіне тоқталу;
  • қаржы жүйесінің функцияларына тоқталу;
  • Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;
  • қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну.

Зерттеудің  маңызы: Қаржы жүйесінің мазмұнын, функцияларын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: І – бөлімінде  «Қаржы жүйесінің мәні, функциялары» деп аталады. Екінші бөлімнің мазмұны  – Қазақстан бойынша қаржы  жүйесі қалай болып жатыр, соны талдау.

Үшінші бөлімінде  – Қаржы жүйесін қалай дамыту керек екенін ұсыну

Қорытында бөлімінде  барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға  қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.

Осы курстық жұмысты  жазғанда көптеген әдебиеттер мен мерзімді баспалар қолданылған.Әсіресе оның ішінде Есентүгелов А. «Қазақстан Республикасының  индустриалдық – инновациялық дамуының стратегиясы нақты және болашақ» Алматы – 2003 ж. қолдандым.

 

Қаржы жүйесі- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының жиынтығы.

Қаржы жүйесінің негізгі  құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық  өндіріс аясы жатады.

Мемлекеттік бюджет қаржы  жүйесінің басты бөлігі болып  табылады. Мемлекеттік бюджеттің  көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым  мінездемесі, тұрғындардың негізгі  бөлігінің материалдық жағдайы  туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік  бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік  қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы  т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік  несие – бұл мемлекет бюджетіне  ақша қаражаттарын толтырудың әдісі  болып табылады. Мемлекеттік несие  тарту жолдарына:

1. Ұлттық банк тарапынын  Үкіметке берілетін тікелей банк  несиелері;

2. Мемлекеттік бағалы  қағаздар шығыру; жатады.

Мемлекеттік несие негізінде  мемлекеттік қарыз қылыптасады. Мемлекеттік карыз – белгілі  бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік  қарыз ішкі және сыртқы қарыз болып  бөлінеді.

Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік  бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің  сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі  бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа  мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы  Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс  қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер  қатысады:

1. Жинақтаушы зейнетақы  қорлары;

2. Кастодиан-банктер;

3. Зейнетақы активтерін  басқарушы компаниялар;

4. Қаржы нарығын және  қаржы институттарын реттеу және  қадағалау жөніндегі Агенттік.

Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік  бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің  сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі  бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа  мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы  Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс  қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер  қатысады:

Қаржы құқығы негіздері

 

Қаржы құқығы мемлекеттің  дамуының әрбір нақты кезеңінде  оның міндеттері мен қызметтерінің  үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы. 
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі. 
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі ідстерпдің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. 
Ал, керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалй қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды. 
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінгі қардыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. 
Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері. 
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады. 
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар; 4)азаматтар жатады. 
Бюджеттік құқық негіздері 
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. 
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. 
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)жергілікті бюджеттер жатады. 
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республкасының Парламентінде Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет. 
Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет. 
Нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет. 
Мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. 
Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. 
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қатамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. 
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарамен жүргізіледі. 
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 
Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері 
Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. 
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көрсететін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады. 
Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр. 
Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еңбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық, салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі күшіне енетін салық. Еңбекақыдан тыс салынатын салық төлеушінің өзі есепттеп шығарып, өзі тілейді. Салық органдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін тексереді, бақылайды. 
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Заңды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоративті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді. 
Жеке табыс салығын төлеушілер салын салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына: 1) қызметкерджің табысы; 2) біржолғы төлемдерден алынған табыс; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 5)стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады. Жеке еңбек табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-20 пайызға дейінгі ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады. 
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымы білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
Салық салу объектілер: 1) салық салынатын айналым; 2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады. 
Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотореяны ұйымдастыру мен өткізуге акциздер салынады. 
Үстеме пайда салығы. Өнімді бөлу туралы келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушілер болып табылады. 
Көлік құралдары салығы. Егер заңнамада басқадай көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. 
Мүлік салығы. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. Сол сияқты заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық слау объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады. 

Информация о работе Қаржы жүйесі