Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 08:35, реферат

Описание

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін , олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар.

Работа состоит из  1 файл

Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.docx

— 17.32 Кб (Скачать документ)

                 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру .

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін , олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық  бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен  анықталады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік  пен  басқарудың мына органдары  жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан  Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар  депутаттардың  жиналыстары, жергілікті әкімшілік  органдар.  Бақылаудың  бұл түрін  Республикалық бюджеттің атқарылуына  бақылау  жасау  жөніндегі есеп комитееті  де жүргізеді .

Құқықтық мемлекет  құрылысының  тұжырымдамасын  негіздей отырып қаржылық  бақылауды  жүзеге асырудағы  заңнамалық  органдардың  рөлі күшейе  түседі. Сондықтан бақылауды  субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және  бақылаудың  тиісті  түрі  - парламенттік  депутаттық  бақылау бөлектеліп  көрсетіледі. Бұл бақылаудың  объектісі:

  • мемлекеттік  бюджеттің  шығыстарын  шамдандыратын  кез келген  шараларды  бекіткен  кездегі; 
  • бюджеттегі шығыстардың  қабылданған  заңдардың  мақсаттарына  сәйкестігін  тексеру  кезіндегі;
  • бюджеттің жасалуына   тексеріс  кезіндегі  мемлекеттік  шығыстар  болып табылады.

Қазақстан  Республикасы   Парламенті  мыналарға  бақылауды  жүзеге  асырады:

  • бюджет  ресурстарының түсу  көздеріне, оларды  үкіметтің  де,  заңнамалық  органның  да  үнемі  пайдалануына; ақша  қаражаттарының  ысырапқорлығын кесіп  тастауға;
  • мемлекеттік  меншікті  пайдаланудың,  мемлекеттік  кәсіпорындардың  жұмыс   тиімділігіне,  мемлекеттік  меншікті  мемлекет  иелігінен  алуға  және  жекешелендіруге ;
  • арнаулы  қорлар  қаражаттарының  пайдаланылуына;
  • әр  түрлі  партияларды  қоса,  қоғамдық  ұйымдардың  ақшалай  табыстарының  көздеріне ,  жарғылық  мақсаттарға  сәйкес  бұл  қаражаттарды  пайдалануға.

Парламенттің  алдын ала  бақылауының  негізгі  мақсаты  осы  нақты  саяси ,  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайлардағы  қарастырылған   шығыстардың  жалпы  тұтастығын  анықтау  болып  табылады. Бюджеттің  жасалуына  тексеріс  сметаларға  кіріктірілген  цифралардың  дұрыстығын  белгілі  бір  тұрғыдан  қарай  отырып  жүргізіледі.  Сонымен  бірге  парламент  ағымдағы  бақылауды  және Республикалық  бюджет  туралы  қабылданған  заң  бойынша  қаражаттарды  иеленушілердің  есебін  тексерген  кезде  әсіресе  кейінгі  келесі  бақылауды  жүзеге  асыруы  тиіс. Бұл  орайда  парламенттік  бақылаудың  негізгі  нысаны  алдын ала бақылау  болуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасының  Парламентінде  екі  Палатада – Сенат  пен  Мәжілісте  арнаулы  жұмыс  органдары – экономика , қаржы  және  бюджет  жөніндегі  комитеттер  бар. Бқл  органдар  заң – жоба  жұмыстарын,  палаталардың  құзырына  қатысты  мәселелерді  алдын ала  қарау  және  әзірлеу  процесінде  қаржы – бюджет  қызметінің  сферасында  мемлекеттік  бюджет  қаражаттарының  жұмсалуына  бақылау  жүргізеді.  Қаржы- бюджет  мәселелері   бойынша  сараптамалық бағалаулар мен  қорытындыларды  шаралар  қабылдау  үшін  палаталар  тиісті  инстанцияларға  -  министрліктерге , ведомстволарға,  сондай – ақ Республика  үкіметіне  жібереді.

Ел басының  жарлықтарының ,  қаулыларының  және өкімдерінің  атқарылуын  бақылауды ұйымдастыру , аталған актілердің  талаптарын  лауазымды  адамдардың  атқармағаны  үшін  жауапкершілігін  күшейту  мақсатында  Президент  аппаратында  жұмыс істейтін  ұйымдық бақылау бөлімі  бар. Жалпы Президент аппараты  министрліктердің ,  ведомстволардың,  жергілікті  әкімшіліктердің және  мемлкеттік  басқарудың  басқа органдарының  қызметін  бақылауды жүзеге  асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар  туралы  хабарлап  отырады,  Президент  актілерінің  атқарылмауына  немесе  тиісті  тәртіппен  атқарылмауына  мүмкіндік  туғызатын  ашылған  бұзушылықтарды, себептерді  және талаптарды  жою  жөніндегі  ұсыныстарды  қарау  үшін  Үкіметке,  әкімшілік  басшыларына ,  мемлекеттік   басқарудың  басқа  органдарына  табыс етіп  отырады. Өзінің  функцияларын  жүзеге  асыруда  Аппаратқа   тексерілетін  органдардың  басшылары  мен  лауазымды  адамдардың  қажетті  ақпараттарды  алуға  тиісті  өкілеттік  берілген.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті  Қазақстан  Руспубликасының  Президентіне  тікелей  бағынатын  және  есеп  беретін  мемлекеттік  қаржылық  бақылаудың  жоғарғы  органы  болы  табылады.

Республикалық  бюджеттің  атқарылуына  бақылау  жасау  жөніндегі  есеп  комитетінің  негізгі  міндеттері мен  функцияларына  мыналар  жатады:

  • республикалық  бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  нормативтік  актілердің  атқарылуына  бақылау  жасау;
  • республикалық  бюджеттің  атқарылуымен  байланысты  мәселелер  бойынша  мемлекет  басшысының  тапсырмаларын  орындау;
  • мемлекеттік  қаржылық  бақылау  объектілерінің  республикалық бюджеттің түсімдері мен оның  шығыстарын  атқару  сәйкестігіне,  қаржы есептемесі  мен тиімділігін бақылау;
  • республикалық  бюджеттік  бағдарламалардың  орындалуына  және  мемлекеттің  қажеттіліктерін  қаржыландыруға  бөлінетін  республикалық  бюджет  қаражатының  пайдаланылу  тиімділігін  бақылау;
  • бюджеттік инвестицияларды  бақылауды  жүзеге асыру;

Қазақстан  Республикасының  Үкіметін  бақылау сферасында  кең  өкілеттіктер  берілген. Үкімен  республика  дамуының индикативтік  жоспарын,  экономиканың  сфералары  мен  секторларының ,  салалардың,  аймақтардың  даму  бағдарламаларын,  инвестициялық қызметтің  маңызды  бағыттарын  жасап, қарау прцесінде  алдын ала бақылауды  жүзеге  асырады. Көрсетілген  іс – қимылдарды  орындау  барысында Үкімет  олардың  жүзеге  асырылуының,  сондай –  ақ ауқымы,  мезгілдігі, атқарушылар  бойынша  мақсатты  қаржыландырудың  толымдылығына  ағымдағы  бақылау  жасайды. Республика  Үкіметі  мемлекеттік  бюджеттің  жасалуы  мен  атқарылуын  бақылап  отырады, мемлекеттің  қаржы   саясатын  жүзеге  асырады.

Өздерінің өкілеттігіне  қарай бақылау функцияларын  жергілікті  жердегі атқарушы  органдар  орындайды, олар  негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы  есепті  қарау және  бекіту  процесінде  қаржылық  бақылауды жүзеге  асырады.

Қаржы  министрлігі,  оның Қаржылық  бақылау  комитеті  және  мемлекеттік  сатып  алу  комитеті  және  аумақтық  қаржы  органдары  әлеуметтік – экономикалық  сфераның  қаржы  саласын  тексереді. Олар  жоспар,  смета және  қаржы  тәртібінің  сақталуын, кірістерді  есептеудің  дұрыстығын, толымдылығын  және  дер  кезділігін, мемлекеттік  қаражаттары жұмсалуының  заңдылығы  мен мақсатқа  сәйкестілігін, бухгалтерлік  есеп –қисаптың  және есептеменің  дұрыстығын  бақылап  отырады. Қаржылық  бақылау  комитетінің  маңызды  функциясы  бірлескен  және  шетелдік  кәсіпорындарды, экспорт – импорттық  операцияларды  валюталық  бақылау  болып   табылады.

Мемлекеттік  бақылауды  Қаржы  министрлігінің  заңи  тұлға  құқығындағы  Қазынашылық  комитеті де орындайды. Қазынашылық  органдарының негізгі  міндеттерінің  бірі  республикалық  бюджеттің  кассалық  атқарылуын  ұйымдастыру,  жүзеге асыру   және  бақылау  болып  табылады.

Қаржы  министрлігінің  Салық  комитеті,  оның  аумақтық  органдары  есептелген  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдердің , өсімдер мен  айыппұлдар  сомаларының  бюджеттерге  толық  және  дер  кезінде  түсінуі  салықтық  тексерулерді  жүзеге  асырады.

Экономика  мен  қаржы  қызметі  сферасында  қаржы  тәртібін  сақтауға  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  және  жемқорлық  қылмыстылықпен  күрес  жөніндегі  агенттігі (қаржы  полициясы)  де қатысады . Ол заңмен белгіленген өкілеттіктері  шегінде жедел – іздестіру  қызметін , алдын  ала   тергеу  және  анықтау, әкімшілік  іс  жүргізу  арқылы  экономика мен  қаржы  қызметі  сферасында  адам  мен  азаматтардың  құқықтарына, қоғам  мен  мемлекет  мүдделеріне  қылмыстық  және  құқыққа  қайшы  өзге де қол  сұғушылықтың  алдын  алуға,  оны  анықтауға ,  жолын  кесуге,  ашуға  және  тексеруге  бағытталған  құқық  қорғау  қызметін  жүзеге  асыратын  арнаулы  мемлекеттік  орган  болып  табылады.


Информация о работе Қаржылық бақылауды ұйымдастыру