Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:04, доклад
Біздің баяндамамыздың тақырыбы: «Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары». Жалпы баяндамамызда бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсақ: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлімізде бірнеше тарау қарастырылған.
Баяндамамыздың мақсаты – қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шараларының жүйесінің мәні мен маңызын ашу және негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері
2. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін және сапасын арттыру
3. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
БАЯНДАМА
Тақырыбы: “Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары”
Жоспары
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері
2. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін және сапасын арттыру
3. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Біздің баяндамамыздың тақырыбы: «Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары». Жалпы баяндамамызда бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсақ: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Негізгі бөлімізде бірнеше тарау қарастырылған.
Баяндамамыздың мақсаты – қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шараларының жүйесінің мәні мен маңызын ашу және негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.
Баяндамамыздың бірінші бөлімінде қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері туралы айтылады. Екінші бөлімінде зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасы туралы мәселелер қарастырылған және соңғы үшінші бөлімінде жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары мен енгізілген өзгерістер және тағы басқа да мәселелерді қарастырдық.
Негізгі бөлім
1. Қаржылық дағдарыс қарапайым қазақстандықтарға әлеуметтік жағдайына әсері
Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар, сөзсіз бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыдан әлсіз азаматтарды қорғауға бағытталуда.
Қазақстан - әлемдік экономиканың бөлігі. Біздің еліміз - әлемдік экономикалық және қаржылық үдерістердің толыққанды қатысушысы. Сондықтан да бүкіл әлемде болып жатқан дағдарысты құбылыстардың әсерін біз де сезбей қоймаймыз. Мемлекет осының барлығына жай қарап отырған жоқ. Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймайтын әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан, бірде-бір әлеуметтік жобаның тоқтатылмайтынын, әлеуметтік жағдайды әрі қарай жақсартуға бағытталған Елбасының халыққа Жолдауының барлық бабы толық жүзеге асырылатынын нақты атап көрсетті. Үкімет болса, өз кезегінде, Президенттің барлық тапсырмасын орындауда.
2. Зейнетақы
қызметтерінің қол
Зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытында берілуде. Оның үстіне мемлекет халықтың барлық әлеуметтік төлемақыларын 2009 жылғы қаңтардың 1-іне дейін көтеру жөніндегі барлық өз міндеттемесін орындайды.
«Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» және «Әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» заңдардың қабылдануы Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерінің көлемін 2009 жылы орта есеппен 25 пайызға көтеруге мүмкіндік береді. Бірақ та, ағымдағы жылдың басында зейнетақы көлемінің бірдей көтерілмеуінің салдарын жұмсарту үшін, зейнетақы алынатын сомаға байланысты көтерілетін болады. Яғни, ең төменгі және орташа зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін - 30 пайызды, ал жоғары көлемде зейнетақы алатындарға - 22 пайызды құрайды. 2009 жылдан бастап базалық зейнетақы да көтеріледі. Оның көлемі 5 388 теңгені құрайды (2008 жылмен салыстырғанда, 12 пайызға өседі). Нәтижесінде, 15 263 теңге көлеміндегі ең төменгі зейнетақыны 38 мыңнан астам зейнеткер алатын болады (бұл жалпы зейнеткерлердің небәрі 2,4 пайызы), орташа зейнетақы – 22 493 теңге - 1 миллион 300 мыңнан астам адамға төленеді (зейнеткерлердің 80 пайызы). Ал жоғары зейнетақы - 32 121 теңге - алатындардың саны 290 мың адамнан асады (17,6 пайыз). Жыл сайын ең төменгі зейнетақы алатындардың санын қысқартуға және орташа және жоғары зейнетақы алатындардың санын көбейтуде.
Сонымен бірге, заң жобасы бойынша зейнетақы мөлшерін есептеуге ұсынылатын табыстық шектеуді 25 айлық есептік көрсеткіштен 28 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіруде. Жалпы алғанда, заң жобасын жүзеге асыру үшін тиісті шығыстар 2009-2010 жылдарға арналған үшжылдық бюджетте қарастырылған. Бұл бағыттағы шығыстар 2009 жылы 70,5 млрд. теңге сомасында белгіленіп отыр. Сондықтан да, мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі өз мойнына алып отырған міндеттемелері орындалады. Оның үстіне, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасуда. Елбасы жария еткен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік сауықтыру нысандары пайдалануға берілуде. Соңғы мысалдардың бірі - қараша айында Таразда мүгедектерді сауықтыру және бейімдеу орталығы ашылды.
Әлеуметтік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету ісіне кәсіпкерлер де атсалысуда. Бірінші қажеттіліктегі негізгі тауарлардың қымбаттауына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде тұрмысы төмен азаматтар үшін арзандатылған бағамен тауарлар алуға болатын 129 әлеуметтік дүкен, 1681 сауда нүктесі, 254 әлеуметтік дәріхана ашылды.
Мемлекет банк салымшыларын да ұмытқан жоқ. Президент салымдарды кепілдендірудің деңгейін 5 миллион теңгеге дейін көтеру туралы Үкіметке тапсырма берді, бұл шара халықтың банктердегі барлық салымдарының 99 пайызының сақталуына кепілдік береді.
Үйлердің құрылысын аяқтау үшін мемлекет 17 млрд. теңге бөлді және 2009 жылдың аяғына дейін Қазақстанның барлық үлескерлері, олар 50 мың адам, өз пәтерлеріне қол жеткізеді. «Даму» қорының өз қаражаты есебінен қолдауға арнайы бағдарлама бойынша шағын және орта бизнесті 10 млрд. теңге сомасына қаржыландыру басталды. Аграрлық азық-түлік саласын дамытуға арнап таяудағы 3 жылда тұрақтандыру бағдарламасының аясында 1 млрд. АҚШ доллары бөлінетін болады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, қазақстандықтардың әл-ауқатына байланысты бірде-бір мәселе мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысының біздің экономикамызға ықтимал әсерін азайтуға Үкімет бар күшін жұмсайды. Мемлекет басшысы осы мақсаттарға Ұлттық қордан 15 млрд. доллар бөлуге өкім берді. Үкімет басқа да шаралар қолдануда.
Сонымен қатар, өндіріс
көлемінің азаюына байланысты қызметкерлердің
қысқартылуы жөнінде алғашқылар
Іс жүзінде қызметкерлердің саны қысқартылған кезде жұмыс беруші тиісті шара қолдану мақсатында босатқанға дейін бір айдан кешіктірмей адам санының қысқартылуына байланысты қызметкерлерді алдағы босату жөнінде ақпаратты еңбекпен қамту органдарына ұсынуға міндетті. Қысқартылуы мүмкін жұмыс орындарына қарсы заңмен реттелетін шаралардан басқа әлеуметтік әріптестіктің, ұжымдық шарттың, бұған дейін жасасқан инвестициялық келісімшарттардың үшжақты және салалық келісімдері аясында алынған әлеуметтік-еңбек міндеттемелерді қолдануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндай шараларды қабылдаудың тиімділігі барлық тараптардың: атқарушы биліктің, жұмыс берушінің және қызметкердің келісілген іс-қимылдарына тәуелді.
Бүгінгі күні 22 салалық келісім,
олардың 16-сы аймақтық
Тараптар еңбек ұжымдарын сақтай, босаған мамандарды жұмыстың басқа учаскелеріне тарта отырып, қызметкерлерге сыртқы қаржы-экономикалық факторлардың әсерін барынша төмендетуге ұмтылыстарын құжаттармен заңдастыруда. Жұмыс берушілер, қызметкерлердің босауына әкелетін жағдайлар орын алған кезде, еңбек туралы заңдарда көзделген ықтимал шараларды барынша пайдалану бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Бүгінгі күні елімізде қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бойынша 103 кәсіпорынмен меморандум жасалды. Олардың ішінде мыналар: «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Үлбі МетЗауыты», «Азия-авто», «Имсталькон», «ЖамбылГипс» акционерлік қоғамдары, «Арселор Миттал Теміртау», «Тараз металлургия зауыты», «Қазфосфат», «Қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және тағы басқалар. Меморандумдар тек қана ірі кәсіпорындармен ғана емес, жұмыс берушілердің өкілдерімен да жасалады. Біздің еліміздің жері аймағында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың әкімдері мен жұмыс берушілердің бірлестіктері, атап айтқанда «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен қызметкерлер арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл үдеріс жалғасуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел кәсіпорындарында мұқият мориторингі жүргізіп, өндірістік үдерістің жай-күйіне, жұмысшылар санына, қызметкерлердің қысқартылу ықтималдығына, сондай-ақ компаниялардың қызметкерлердің құқықтарын бұзуы мүмкіндіктеріне талдау жасап отырады. Яғни, барлық аймақтық құрылымдарымыз арқылы жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесе отырып, еңбекақының дер кезінде төленуін, мәжбүрлікпен босатылған қызметкерлердің заңмен кепілденген барлық құқықтарының сақталуын қадағалап отырамыз. Талдау өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда елдің барлық аймақтары бойынша мониторинг жүргізілген 156 ірі кәсіпорынның (500-дан астам адам жұмыс жасайтын) 31-інде өндірістік өнімдер төмендеп отырғанын көрсетті. 50 және одан көп адам жұмыс істейтін 11 кәсіпорында ғана өндіріс көлемінің азаюы жыл басындағымен салыстырғанда жұмысшылар санын қысқартуға әкеліп соққан. Сонымен бірге біздің жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымызда бос орындар мен елге қажетті мамандықтардың ауқымды мәлімет қоры бар. Бұл мәліметтер жиі-жиі жаңартылып тұрады және «онлайн-режімінде» барлық азаматтарға қолжетімді. Министрліктің осы орталығы барлық өңірдегі әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларымен тығыз байланыс жасап отырады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бүгінде алдын ала еңбек нарығы мен жұмыс орындарын зерделеу негізінде жұмыстан босаған қызметкерлерді басқа салаларда (құрылыста, жол жөндеуде, өңдеу кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығында және маусымдық жұмыстарда) пайдалану (ауыстыру) мүмкіндігі ұйымдастырылып отыр. Бұл үшін бос орындар жөніндегі мәліметтер белгіленген тәртіппен келіп түсетін Министрліктің ақпараттық-талдау орталығының бос орындар базасы арқылы өңіраралық мүмкіндіктерді пайдалануда.
Ақпараттық-талдау орталығы жүргізген есеп пен талдауға қарағанда, 2008 жылғы қарашаның 14-іне өндірісін толық немесе ішінара тоқтатқан республикадағы барлық кәсіпорындардың саны – 121. Олардағы қызметкерлердің жалпы саны – 71849 адам. Осының ішінен ішінара жұмыспен қамтылғаны 15713 (21,9%) адам, толық емес жұмыс күні бойынша істейтіндер 2804 адам (17,8%) және мәжбүрлік демалыста жүргендер – 12837 адам (81,%7). Бұл ақпараттардың бәрі бізге «нақты уақыт режімінде» жағдайды бақылауда ұстап отыруға көмектесуде. Біз мемлекеттік орган ретінде біздің азаматтарымызды қорғау және тәуекелдерді барынша азайту үшін заңнамалық тетіктерді және мемлекеттік-жеке әріптестіктің барлық мүмкіндіктерін қолдануда.
3. Жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру жобалары
Жұмыспен қамту Стратегиясын іске асыру бойынша бүгінгі күні барлық ұйымдық және қаржы мәселелері толық шешілді қажетті нормативтік- құқықтық база жасалынды.
Бірінші кезекте, жұмыспен қамту стратегиясы шеңберінде, стратегияның барлық инвестициялық бағыттары бойынша іске асырылатын 163 млрд. теңге (республикалық бюджеттен - 112 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден 51 млрд. теңге) сомасындағы 4 700 жобадаң астамы тізбесі айқындалды, солардың есебінен 254 мың жұмыс орны құрылатын болады.Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша:
Екінші кезекте, ұсынылған жобаларды уақытында қаржыландыру жөнінде қажетті барлық шаралар қабылданды. Жұмыспен қамту стратегиясының инвестициялық бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттері бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері бойынша айқындалды.Үкімет Нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін әзірлеп бекітті. Бюджеттік бағдарламалардың республикалық әкімшілері мен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әкімдерінің арасында Жұмыспен қамту стратегиясының жобаларын іске асыру жөніндегі тиісті Келісімдерге қол қойылды. Іс-шараларды қаржымен уақытында қамтамасыз ету мақсатында, Жұмыспен қамту стратегиясының тиісті бағыты бойынша лимиттің жалпы сомасының 30 %-ы мөлшерінде республикалық бюджеттен алдын ала қаржыландыру көзделді. Бұл жерде, жобаларды қоса қаржыландыруға жергілікті бюджеттердің де қатысуы міндетті.
Информация о работе Қаржылық дағдарыс жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғау шаралары