Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:32, реферат

Описание

Қоғамдық өнімді бөлу күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашалық жүргізуші субьектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесінде қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағы сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес.

Работа состоит из  1 файл

Финансыы.docx

— 22.19 Кб (Скачать документ)

Қаржының басқа  экономикалық категориялармен өзара  байланысы

 

Қоғамдық өнімді бөлу күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашалық жүргізуші субьектілер  арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесінде қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағы сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістерімен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

Баға – жұртқа мәлім, тауар  құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек  өнімінің натуралдық-заттай нысанынан  ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір  иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы  ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процесске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін ( мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға – монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.

Алайда бағаның іс-әрекеті  қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының  тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату мен  сатып алу. Тауарларды баламасыз  сату кезінде «m»-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауарлардың «c» және «v» ауқымы мен үйлесімді өзгереді.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарлармен және үйлесімдермен белгіленген  құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған  процесі түзетіледі. Егер бағаның  көмегімен өнімді өткізуден түсетін  жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналға мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым  иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын  ескере отырып бөлудің бағамен басталған  процесі түзетіледі. Егер бағаның  көмегімен өнімді өткізуден түсетін  жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым  иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті  шығындардан ауытқуы немесе шығындардың  жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі  оның тек бір бөлігін бөлетін  болса, қаржы жлпы қоғамдық өнімнің  бүкіл құнын қайта бөледі.

Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің обьектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құннан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған,ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.

Баға амортизациялық аударымдардың  көлемін анықтауда ерекше рөл  атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған, құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді әне бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.

Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы  күшейе түсті. Баға сонымен қатар  тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, табысқа да ықпал жасайды.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның өзінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс  істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа  қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар  жасайды. Бұл категориялар жұмыс  күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс  сферасында еңбекке ақы төлеу  қоры қаржының көмегімен өнімді өткізуден  түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл  қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған  жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз  байланысты үйлесімде қалыптасады.

Сырттай қарағанда еңбекке  ақы төлеу қорын анықтауға  баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан арта түседі.

Ұлттық табысты бөлудің  нәтижесі болып табылатын еңбекке  ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа  әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара  қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

Өндірістік емес сферада  қызметкерлердің еңбек ақы төлеу  қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісти бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі болады.

Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке  ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір  қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін  анықтайды, ал қаржы жалақы қорын  немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі  қорды қалыптастырады.

Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге  ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір  бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтары, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен – банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотореялар өткізу жолымен жұмылдырады.

Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

  1. Қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысады;
  2. Қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Жалақы көмегімен v толық және m ішінара бөлінеді. Қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы – салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен қатар категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнінің бір бөлігін бөледі. Еңбекақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі – жұмыс күшінің іс-қимылымен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтемақысының құралы қызметін атқарады, ал қаржы, бұдан басқа, өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байланысты. Еңбекақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді.

Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік  процесстер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субьектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

Банктердің ресурстары қайта  бөлу стадиясында қалыптасатыны  белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын  толықтырады және ұлғаймалы ұдайы  өндіріс процесіне мүмкіндік  туғызады. Кредиттың көмегімен қаржы  ресурстары шаруашылық жүргізуші субьектілер  мен халықтың арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ  негізгі белгі өндірістік қорлардың  толық айналымында екі категорияны  кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының обьектілері өндірістік капитал болып табылады. Қаржы және кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар кәсіпорындардың ақша қорларының айналымын ұлғаймалы негізінде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары қанағатандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит ресурстарының рөлі артатын болады.

Сонымен қатар қаралып  отырған категориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің обьектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттары өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидасы – берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыздығы.

Қаржы және сақтандырудың  өзара байланысы мен өзара  іс-қимылы да өте шектеулі.

Қаржы есеп қатынастарымен және есеп айырысужүйесімен өте тығыз  байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші  субьектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар – аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс  құралы және төлем құралы ретіндегі  функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының  қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып  келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып  табылады. Олардың қалыпты жұмыс  істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.

Экономикалық категориялардың  өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. «Қаржы» - Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. - Алматы: 2005ж. – 552бет.
  2. Интернет желісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы