Ақша айналысының сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 08:38, доклад

Описание

Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы" мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Работа состоит из  1 файл

Ақша айналысының сипаттамасы.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Ақша айналысының  сипаттамасы

Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы" мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында айтарлықтай  шек қойылатын. Ақша айналысы деп  қолма - қол ақшаның қозғалысы  танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма - қол ақша тұтыну заттары және қызметтер  жиынтығымен қамтамасыз етiлсе,  қолма - қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.

Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн  болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша  тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының  объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен  тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы , ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар , оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.

Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен,  тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.

Жалпы ақша айналысының  көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның  қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен  шектелмейтiнi түсiндiрiледi.  Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.

Ақша айналысың  реттеудiң маңызды элементi - қолма - қол ақшаның қолдану аясын  азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу , есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.

Банк жүйесiн  реформалау және ақша банкнотасын өндiруге байланысты өзiнiң меншiктi қуатын енгiзуi, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбiрiмен өзгерттi.  Осыған байланысты 1992 - 1993 ж.ж.  қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгiзiлген директивтi саясаттың орнына Республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдiстерiнiң алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге  бұл процесс кеңiнен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрiс  алып жатыр.  АҚШ - та халықтың есеп айырысуларының 25-27%- зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны  чек, несиелiк карточталар т.б. көмегiмен жүргiзiледi. Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей , ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды.  Ақша айналымын қолма-қол және қолма- қолсыз деп қана қатаң түрде шектеудi ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуi өзара  тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма - қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi.  Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.

    Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық  кодекстің 129-бабында оған мынадай  анықтама берілген: белгіленген нысан  мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны  көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

    а) бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

    ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

    б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша  құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

    Бағалы  қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа  бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).1

    Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен  бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні  материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

    Бағалы  қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің  қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).

    Бағалы  қағаздар зат ретінде бірнеше  түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің  талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз  парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

    Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын  мазмұнына қарап бағалы кағаздарды облигация, коносамент, акция және заң  актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

    Ордерлік  бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат  мәтінінде көрсетілген тұлғаға  міндеттенген нәрсені орындауды  ұсынады, немесе өзі де белгіленген  ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

    Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым  қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу — индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.2

Информация о работе Ақша айналысының сипаттамасы