Ақша қаражаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 14:33, реферат

Описание

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырылысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері: ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын; шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды; бюджеттік мекемелерге; республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды; Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша қаражаттары қозғалысының ішкі бақылауды ұйымдастыру
1.1. Касса есебі.
1.2. Есеп айырылысу есебі.
1.3. Ақша қаражатының есебін бақылау және түгендеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Aksha_karazhattary.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

І. Ақша қаражаттары қозғалысының ішкі бақылауды ұйымдастыру

1.1. Касса есебі.

1.2. Есеп айырылысу  есебі.

1.3. Ақша қаражатының  есебін бақылау және түгендеу.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық экономикада  кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен  қызметтерді сату жөніндегі мәлімелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

  1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.
  2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол  ақшасыз есеп айырылысуды жүргізу  үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері: ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын; шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды; бюджеттік мекемелерге; республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды; Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Касса – есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы –шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақытылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырылысудың негізгі нысаны болып табылады.

Ақша қаражаттарын бір  бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша  қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма-қол  ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері: қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айрысуларды уақытылы  және дұрыс жүргізеді; ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету; кассадағы есеп айрысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау; есеп айрысу – төлем тәртібінің сақталуына, материалдық мен қызметтер үшін сомалардың ауқытылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Касса есебі.

Қолма-қол ақшаларды  қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субьектісінде касса болады. Касса  – бұл қолма-қол ақшалар мен  өзге құндылытарды қабылдауға, біруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылға 23 шілдедегі №24 хаттамасы бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне « сәйкес жүзеге асырылады.

Касса операцияларын  орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды – жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады.), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері  бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы болып табылады. Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттілік берген тұлға қол қойған КО №1-нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО №2 –нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қайылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар ) бойынша жүргізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек. Егер ШКО қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.

Кіріс касса ордері (ККО) мен оның түбіршегі, ШКО мен оны  алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаласаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе компьютерлермен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, өшіруге немесе ескеріп болсын түзету жасауға болмайды. Қассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау және беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін.

ККО мен ШКО кассаға  берілгенге дейін бухгалтерияда  кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3-нысаны( тіркелінеді. Операциялар жасалғаннан кейін  ордерлерге кассир кол қояды, ол оған қоса берілген құжаттар мөртаңба қоюмен немесе күні көрсетілген «төленді» жазумен етеледі.

Ақша қаражаттарының кетіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі  барлық операцияларды кассир КО №4-нысанындағы  касса кітабына жазады. Ол тесіліп  байланған, нөмірленген және мөрленген  болуға тиіс. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтерлердің қолдарымен расталған болу керек. Жұмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабіна жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады. Касса кітабындағы жазулар көшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі.

Екінші даналары жарытпалы  болады және кассирдің есеп беруіне  қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған  касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде  бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден  қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлеріне тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бұл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма-қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғаласын есепке алу үшін активтік 451,451-шоттар қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша- берілуі көрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп  субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік басылымдағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма-қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады.

Касса есебі бойынша  берілген бухгалтерлік проводкалар (қосымша 1.2)

 

Дт

Кт

Сома

1

Өткізуден түскен түсім  есеп айырысу шатына өткізіледі

441

451

58890

2

Түгендеу кезінде кем шыққан материалды құндылықты жауапты тұлғаның мойынына салу

451

333

20450


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Есеп айырылысу  есебі.

Есеп айырысудың мақсаты  – нарықтық қатынастардың нығаюына, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысқа түсуіне ықпал ету, кірістер мен шығыстардың шама-шарқынша есеп айырысу қатынастарын өзара ынталандыруға жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айрысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмасы, чектер, аккредитивтер, төлем және талап тапсырмалары, көлікпен есеп айрысу жөніндегі жиынтық талаптар. Төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы есеп айырысу нысаны шартпен, келісіммен немесе жекелеген келісімдермен анықталады.

  1. Төлем тапсырмасынмен есеп айырысу тауар-көліктік немесе тауардың босатылуын немесе тауардың босатылуын немесе қызметтің көрсетілуін растайтын өзге құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме жасалған жағдайда алынған тауарлар мен қабылданған үшін, сондай-ақ тауарлық емес операциялар бойынша жүргізіледі.
  2. Төлем талап – тпсырмаларымен есеп айрысу. Мұндай нысан болған кезде жұргізуші жөнелтілген өнімге төлем талап – тапсырмасын ресімдейді де, оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі ақшаны оның есеп айырысу  шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айырысу шотынан банк беретін көшірменің негізінде жүргізіледі.
  3. Аккредитивтермен есеп айрысу. Есеп айырысудың мұндай нысанында төлеуші аккредитив ресімдейді. Мұндағы мәлімде өз банкінің бөлімшесіне өзіне жіберілген ТМҚ шоты үшін төлем жасауға арналған аккредитив қоюды тапсырады.

 

 

Дт

Кт

Сома

1

РСУ №2 негізгі құралды  жөндегені үшін есеп айырысу шоттағы  ақша аудару

671

441

140400


 

 

 

 

 

1.3. Ақша қаражатының  есебін бақылау және түгендеу.

Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау  жүйесі –активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік  белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетіге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындауы тиіс:

  • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
  • қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
  • касса тек қажетті қалдықты сақтау;
  • кассадағы қалдықты мезгіл тексеріп есептеу;
  • ақшалай қаражатты физикалық бақылау.

Түсімді бақылау.

Ақшалай шығындарды бақылау.

Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.

Кассалық қалдықты салыстыру.

Есеп шоттардағы ақшалай  қаражатты бақылау.

Кассалық қалдықты салыстыру.

Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.

Кассадағы ақшалай қаражатты  кассада деп, саналатын ақшалай  қаражаттың баржоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау санап шығу жолымен түгендейді.

Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімдейді.

Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенетте, кассир мен бас бухгалтерлердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа  құндылықтарды тексетіп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу  басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша  шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептік шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшының қарары (резолюция) жазылады.

Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшалай бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Коммисия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады түгендеу, коммисиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясында беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты (қолма-қол ақшаны, ақшалай қаражаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға, ақшаны, ақшалай қаражаттарды қабылдаған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

 

 

 

 

 

Қорытынды

Информация о работе Ақша қаражаттары