Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 04:54, курсовая работа

Описание

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құрлысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы. Экономикалық жүйеде қаржылар деп мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер айтқандай, «А-Т», «Т-А» қатынастарында жүзеге асырылады. Яғни, бұл қатынастар «тауар-ақша» қатынастары болғандықтан қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде мемлекеттің өзі немесе мемлекет уәкілдік берген өкілетті органы тұрады, әрі бұл қатынастар қаржылық – құқтық нормалармен реттеледі.