Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 20:30, курсовая работа

Описание

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Содержание

Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...................3
2. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық
Негіздері.............................................................................................................8
3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы................................11
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.....................................................................14
5. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.................................................23
Әдебиет..................................................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы.doc

— 153.50 Кб (Скачать документ)

     Жоспар: 

     Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар  нарығының пайда  болуы және дамуы. 

  1. Бағалы  қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...................3

2. Қазақстан  бағалы қағаздар нарығын дамытудың  заңнамалық 

    Негіздері.............................................................................................................8

3. Қазақстанда  бағалы қағаздар нарығының пайда  болуы................................11

4. Бағалы қағаздар  нарығын реттеу.....................................................................14

5. Бағалы қағаздар  нарығының даму болашағы.................................................23

Әдебиет..................................................................................................................29 
Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар  нарығының пайда болуы және дамуы.
 

  1. Бағалы  қағаздар нарығы пайда  болуының құқықтық негіздері.

     Кез-келген заңның  мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай  болуы  шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік»  үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің  жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

     Бағалы  қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы  болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның  заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғанынан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің кауылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады.  Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне  ақшалы қарыз міндеттемелерінің  айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құкығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік кұқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат багалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналыскд түспейді. Мыс, Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

     Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

     1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан ХУШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында азаматтық жэне сауда қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған катынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер жэне т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және кор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

     1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында  да жеке меншік, еркін кәсіпшілік  іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мем лекетке де облигация сатып, акша тарту, халыққа да облигацияны сатып ал ып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімд і болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.

     Дегенмен  КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында  төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер жэне сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.

     Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дэл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кенесінің «Экономикалық реформа жүргізу квзінде азаматтық ққцық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.

     Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жогарыда айтылған

     Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра  құқықтық актілер қабылданды. Олар:

     •     1991  жылдың 21  маусымындағы  «Шаруашылыц серік-тестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның   акционерлік   қоғамдар   және   жауапкершілігі шектеулі   серіктестіктер   құрып,   олардың   өз   жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;

     •     1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды   реттеуге,   оларды   тіркеуге,   бағалы   қағаздар нарығындағы   делдалдық   қызметті   лицензиялауға,   қор биржасын құруға жэне оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;

     •     1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер   Кабинетінің   қаулысы   бекіткен   «Бағалы   қағаздар туралы» № Ереже шығарылатын бағалы кағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі;

     •    осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, занды тұлғалар    шығарған    бағалы    қағаздардың    эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және  басқа да қркаттарды  шығару тәртібін белгіледі;

     •    мүлікті мемлекет меншігінен алу  және жекеменшіктендіру арқылы  кэсіпорынды акцияландыру,  сол  сияқты  инвестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;

     •    вексельдер,банктік(депозиттік)сертификаттардышығаруды  және оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді  реттейтін Қазақ КСР-ы  Мемлекеттік банкінің ережелері.

     Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып, оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады.

     Шығарылған  актілерді қолданудың нэтижесінде  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын  қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туындады.

     Өз  тәжірибеміз бағалы қағаздар нарығында  мемлекеттің атқаратын рөлін көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздардың эмитенті, әрі инвесторы, әрі бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы субъект ретінде өзінің әртүрлі органдары ретінде катынасады. Айта кететін жәйт, мемлекеттік орган басқа жақпен әрі «ойынға» қатысушы, әрі өзіне де ойынға басқа қатынасушыға да ойынның ережесін шығаруына кұқығы жоқ. Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің «Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.

     Бұл жарлық 1991 жылғы: «Бағалы қағаздар апналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құкықтык қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар турал ы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссиясының төрағасымен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы бағалы қағаздар нарығын калыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.

     Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды. 

     2. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері

     Қазіргі заңдар Республика Конституциясына  негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік  және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын корғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы кағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардын мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

     Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:

     1.   1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» № 2155 жарлықта «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.

     2.   1995 жылдың  17 сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» Заң шығарудың келесі кезеңі Заң шығарудың келесі кезеңі 2200 жарлықта бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген.

     3.  1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 жарлықтың эрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда ¥лттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы жэне бағалы кағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге кор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.

     4.  1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы» № 223 5 жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.

     5.    1995   жылдың   2   мамырындағы   «Шаруашылық   серік-тестіктері туралы» № 2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып, оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатын тарту механизмінің   кұқықтық   мүмкіншілігі   бекітілген.   Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар жэне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға кұқылы.

     6.   1995  жылдың  31   тамызындағы   «Қазақстан Республикасындагы банктер және банктік қызметпгер туралы» № 2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан баска бағалы   қағаздарды   (облигациялар,   депозиттік   сертификаттар, вексельдер)  эмиссиялау,  лицензиясы   болған  жағдайда  бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.

     7.  1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекеменшіктендіру туралы» №2721  жарлығы мемлекет меншігіндегі  акционерлік қоғамдардың   акциялары   жекеменшіктендіру   объектісі   екенін, акциялардың  мемлекеттік  бумаларын  жекеменшіктендіру  жағдайларын және тәртібін көрсеткен.

     8.    1998   жылдың    10   шілдедегі   «Акционерлік   қоғамдар туралы» № 281-1 Қазақстан Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта кұру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын,  міндеттерін,  олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау   жағдайларын;    қоғамның   органдары    мен   лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы