Қазақстан республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 18:13, доклад

Описание

Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерінде несиелік портфель белгілі көрсеткіштерге жіктелінген несиелер бойынша банктің талаптарының жиынтығы негізінде анықталады. Отандық және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі – несиелік тәуекел деңгейі болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады. Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.

Работа состоит из  1 файл

Доклад.docx

— 22.04 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

 

 

Несиелік  портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерінде несиелік портфель белгілі көрсеткіштерге жіктелінген  несиелер бойынша банктің талаптарының жиынтығы негізінде анықталады. Отандық  және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі – несиелік тәуекел деңгейі  болып табылады. Осы критерий бойынша  несиелік портфель сапасы анықталады. Банк менеджерлері несиелік портфельдің  сапасын бағалау және талдау негізінде  өздерінің несиелік операцияларын  басқарады.

Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі бойынша жасалынған өзара  шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және кепілгерлік  бойынша міндеттерді орындау  жатады.

Несиелік портфель – бұл  белгілі  критерийлер бойынша жіктелінген  және берілген несиелердің  сапасы мен құрылымының сипаттамасы. Сонымен  қатар несиелік портфель – бұл  несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі  банктің берген барлық несиелер жиынтығы. Банктің несиелеу тәртібі несиелеу механизмі арқылы жүзеге  асырылады.

Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принииптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық  механизмінің құрамдас бөлігі.

Несиелік механизмге несиенің мазмұны  және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын  қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары  жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың  мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде калыптасады.

Соңғы жылдарда отандық банктер  сыртқы капитал нарығындағы қолайлы  жағдайын пайдалана отырып несиелік қызметін күшейтті.  01.2011 жылғы жағдай бойынша заемдар жиынтық активтердің 75,9% құрады. 2010 жылғы бірінші жарты  жылдықтың ішінде несиелік портфельдің  жоғары өсу қарқыны байқалды, олар келесі айларда елеулі төмендеді, оны  біршама арзандау қорландыруға қол  жетімділікті шектеумен, тәуекелдерді қайта бағалаумен және өзінің даму стратегиясын қайта қараумен байланысты деп түсінуге болады (5 сурет). Осы  факторлар банк жүйесінің несиелік тәуекелін жоғары деңгейде ұстайды. 3-кестеде несиелік портфель құрылымы көрсетілген.

Сурет 1. Несиелік портфельдің динамикасы және оның өсу қарқыны

 

1 кесте

          Банк  секторының несие портфелі сапасының  құрылымы  (млрд. теңге)

 

Көрсеткіштің аталуы

2008

2009

2010

Негізгі борыш соммасы

Жиынты

ғына % бен

Негізгі борыш соммасы

Жиынты

ғына % бен

Негізгі борыш соммасы

Жиынты

ғына % бен

Несие портфелінің барлығы

9244,5

100,0

9638,9

100,0

9066,0

100,0

Стандартты

3977,3

43,0

2449,4

25,4

2389,9

26,4

Күмәнді

4865,0

52,6

4241,9

44,0

4862,1

53,6

1-санатты күмәнді

2232,6

24,2

1679,69

17,4

1598,9

17,6

2-санатты күмәнді

595,8

6,4

376,27

3,9

573,7

6,3

3-санатты күмәнді

1577,4

17,1

1265,44

13,1

954,4

10,5

4-санатты күмәнді

206,0

2,2

225,52

2,3

489,4

5,4

5-санатты күмәнді

253,2

2,7

694,94

7,2

1245,6

13,7

Үмітсіз

402,2

4,4

2947,6

30,6

1814,0

20,0


 

2009 жылы жіктелуі  тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің  мөлшері 2718,1 млрд. тенгеге немесе 19,8% -ға көбейді. Жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 224,8 млрд. тенгеге немесе 2,7% -ға көбейді, күмәнділер-475,1 млрд. тенгеге немесе 9,5 % -ға азайды, үмітсіздер-2968,3 млрд. тенгеге немесе 8,2 есе көбейді. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 3069,5 млрд. тенгеге немесе 3,9 есе көбейді.

Екінші деңгейлі банктердің несие портфелі бір жыл  ішінде 394,4 млрд. тенгеге немесе 4,3% -ға көбейді. Стандартты заимдар 1527,9 млрд. тенгеге (-38,4%), күмәнділер -623,1 млрд. тенгеге (-12,8%) азайды, үмітсіздер-2545,4 млрд. тенгеге  (7,3 есе) өсті. Екінші деңгейлі банктерге берілген займдар бойынша провинциялар 2605,4 млрд. тенгеге  (3,5 есе) көбейді.

2010 жылы жіктелуі  тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің  мөлшері 2570,3 млрд. тенгеге немесе 15,6% -ға азайды. Бұл ретте жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 1812,4 млрд. тенгеге немесе 12,3% -ға азайды, күмәнділер- 498,0 млрд. тенгеге немесе 11,0 % -ға көбейді, үмітсіздер-1256,0 млрд. тенгеге немесе 37,2% -ға азайды. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 978,6 млрд. тенгеге немесе 23,8% -ға азайды.

Бүгінде Қазақстандық коммерциялық банктер өз қызметтерін дұрыс  ұйымдастыру және реттеу үшін, банк табыстылығын арттыру үшін банктік  несиелік саясатты кеңінен қолдануы тиіс. Несиелік саясат банктің несиелік қызметін, міндеттерін, оларды іске асыру  құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері  мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен  жүзеге асырылады. Несиелік саясат банктің  несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін  және несиелеу процесіне қажетті  құжаттар жүйесін жасау шарттарын  анықтайды.

Банктің несиелік саясатының түп негізі бар болып табылады. Несиелік саясатты жүргізу барысында  тек бір ғана мақсат алға тартылады, ол – сенімділік пен тұрақтылық деңгейін қолдай отырып, банктің табыс  деңгейін мүмкіндігінше ең жоғары деңгейіне  жеткізу.

Біздің ойымызша, банк қызметін бағалаумен қатар, кейбір банктік заңдылықтардың бұзылуын болдырмау үшін қаржылық қадағалау  жүйесі қатаң болуы тиіс. Өйткені, бақылау - әсіресе (сыйақыларды төлеуге  байланыссыз) шығындарды бақылаудың  жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктеріндегі негізгі  мәселелердің бірі.

Негізгі мақсат – мықты және тұрақты несиелендіру жүйесін қалыптастыру болғанымен, мемлекет тарапынан ұйымдастырушылық қажырлы  күш жұмсалуы керек. Сонымен қатар  банктердің несиелендіру процесінде мемлекеттің, қоғамның, жанұяның, халықтың мүдделері  толығымен қарастырылуы тиіс.

Сондықтанда қазіргі таңда  несиелік портфелдің сапасын бағалауда  несиелік саясатты тиімді ұйымдастыру қызметін жетілдіру мәселесі өте маңызды.

 

Әдебиеттер 

  1. Ғ.С. Сейітқасымов Банк ісі. Астана -2009.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің есебі 2011ж.

Информация о работе Қазақстан республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелінің қазіргі жағдайы