Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 20:05, курсовая работа

Описание

Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-4
1. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7
1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10
1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық
экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15
2. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі
және даму бағыттары
2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы
орны..................................................................................................................16-17
2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20
2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық
кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23
3. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі
мәселелер........................................................................................................24-26
3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын
жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29
Қорытынды.........................................................................................................30-31
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................32

Работа состоит из  1 файл

әлемдік экономика.doc

— 221.50 Кб (Скачать документ)

1.2 Әлемдік  экономикалық қатынастардың мазмұны,  құрылымы 

      Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу  қарама – қарсы диалектикалық сипатқа ие. Әлемдік экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралык еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.

      Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты қозғаушы күші.

      Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

      Әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінін, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының, ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.

      Негізінде әлемдік экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің әлемдік еңбек бөлініске қатысу жолымен іске асырылады.

      Әлемдік экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және басқа да факторлар әсер етеді.

        Әлемдік экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, құқықтық нормалар мен құралдар (әлемдік экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.), әлемдік экономикалық ұйымдардың әлемдік экономикалық қатынастарды мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.

      Осы заманғы әлемдік экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекет аралық реттеуді талап етеді. Әлемдік экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейін әлемдік маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы кіреді. Әлемдік маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен сырттай ұқсастығы болғанымен, кәсіпкерлікті әлемдік деңгейде баскарудың айрықша кұралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығының зерттеу әдістерімен білінеді.

     Әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:

  • Әлемдік еңбек бөлінісі.
  • Тауарлар және қызметтермен әлемдік сауда.
  • Капиталдар мен шетел инвестицияларының әлемдік қозғалысы.
  • Әлемдік жұмыс күшінің миграциясы.
  • Әлемдік валюталық – қаржылық және несиелік қатынастар
  • Әлемдік экономикалық интеграция. [4; 9б.]

      Әлемдік экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты   болады.

      Бірақ, әлемдік экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын дербес кұбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.

      Әлемдік экономикалық қатынастардың қызметтері келесілермен көрінеді;

  • Әлемдік экономикалық қатынастар халық шаруашылығының прогрессивті салаларын дамыту жолымен қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге, бүкіл өндірісті қайта техникалық жарақтандыруға мүмкіндік береді. Себебі экспортқа өнім шығару бүкіл өндірістік үдерістің технологиясын өзгертуді талап етеді.
  • Экспортқа бейімделген ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларын дамытуға жағдай жасайды. Экспортга ғылымды қажетсінетін тауарлардың үлес салмағы жоғарылайды.
  • Экспортта қызметтің үлес салмағы (электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалар), әлемді жеке елдердің ақпараттық экспансиялауы іске асады.
  • Әлемдік несие орталықтары ретінде банктердің ролі артады, олар ішкі шаруашылықты ғана емес, әлемдік шаруашылық байланыстарының барлық түрлерін бақылайды.
  • Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейінің артуына байланысты ішкі және сыртқы нарықта өте сапалы тауарлар өткізіледі. Нарықта бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде тауар сапасы алға шығады.
  • Елге шетел капиталының келуі артады. Оның себебі несиелік пайыздың мөлшерінін жоғарылығы, жалақы деңгейінің айырмашылығында ұлттық ерекшеліктерді, олардың мамандануын пайдалану және т.б. болып табылады.
  • Патенттер, лицензиялар, ноу-хаулар экспорты ұлғаяды. Ол ғылыми зерттеу, ғылым үшін кадрлар дайындау щығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Әлемдік экономикалық қатынастар шикізатқа және басқа да ресурстарға бай, жаңа елдерді экспансиялауға мүмкіндік береді.
  • Әлемдік экономикалык қатынастар жұмыс күшін экспорттауға мүмкіндік береді. Шеберлігі жоғары жұмысшыларға көп еңбек ақы беру жолымен немесе өте арзан жұмыс күші экспортталады. [4; 9б.]
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3 Әлемдік   экономикалық қатынастарды реттеудегі  халықаралық 

      экономикалық ұйымдардың ролі 

      Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы – шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.    Қазіргі  кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобальды сиптатта   БҰҰ-ға   кіретін  әлемдік   институттар,   ұйымдар болды.

      Оның  қалыптасу негізіне жататын прнциптер  әлеуметтік – экономикалық,  жүйенің   бірігуі   бойынша,   елдердің  ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т.б.

      Қазіргі кезде әлемдегі халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке – дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы әлемдік институттардың құрылуы.

      Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер кіруімен ерекшеленеді.

      Дамыған капиталистік  елдердің ұйымдары  сауда,   валюта, төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді.

      Әлемдік қаржы экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

      Әлемдік қаржылық – саудаға қатысатын елдер, осы облыста кездесетін түсініспеушіліктердің себебін іздеуде және оны болдырмау немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде әлемдік сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге, екінші жағынан қарама-қарсы бағыт туындайды – ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген елдер арасында және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар. 

      Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір жетістіктер күрделі қарама – қайшылықтарды жартылай шешуде.

      Әлемдік саудаға қатысатын елдер келісімінде негізгі рол сыртқы саудадағы протекционизм мен либерализацияны жұмсарту бағыты, сондай-ақ келісім бойынша әлемдік ұйымдар құруда елдер арасындағы сыртқы сауда саясатын мемлекетаралық деңгейде реттеу.

      Соңғы уақыттағы сауда – саяси тәжірибеде әлемдік экономикалық байланыстағы проблемаларды қарастыруда, жан – жақты шешімдер көбейді, осы мәселелерді шешуде әлемдік саудаға тән күрделі қарама – қайшылықтар жиі кездеседі.

      Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты сыртқы қаржы саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір жетістіктер күрделі қарама – қайшылықтарды жартылай шешуде.

      Сауда және тариф жөніндегі Ассоциацияның (ГАТТ) қызметі. Бұл ұйым (Сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация) тариф және сауда келісімі бойынша 1948 жылы құрылған. Осы ұйымға қатысушы елдердің келісімі бойынша сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу қағидалары мен принциптері қарастырылған. Бұл ұйым үш негізгі принцип бойынша құрылған:

      1)  қатысушы барлық елдердің теңдігі;

      2)  жан – жақты келісім жүргізу арқылы салықты төмендету,

      3)  импорттық квоталарды жоғалту.  [14; 83б.]

      Нақты алғанда ұйымның негізгі қызметі  тарифтік шектеулер бойынша жан – жақты  келісім жүргізу формасы. Қазіргі кезде ұйымға 100 ел кіреді және сауданы либерализациялау бағытының дамуы маңызды фактор екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Басқа да ұйымдардан айырмашылығы келісімдердің негізі оның икемділігінде. Ұйымдағы құқық және міндеттер айырбасы мемлекет келісімі ретінде қарастырылады, сондықтан да катысушы елдер ұйымның мүшесі ретінде емес, келісуші елдер деп қаралады.

      Ұйымның   қызметінің   негізгі    механизмдерінің   бірі   жан – жақты келісімдердің қайта қаралуы бойынша жаңа қағидалардың пайда болуы. Бұл жағдайда әлемдік саудада мемлекеттік реттеудің жаңа нормалары пайда болады. Көп уақыт бойы негізгі күші кеден салығын төмендету бағытында болды да, көптеген жетістіктерге жетті. 7 рет кездесудің нәтижесінде 50-жылдары 25-30%  кеден салығынан 1980 жылы 5%-ке дейін төмендеді. [3, 38б.]

      ГАТТ-тың  көптеген ұйымдастыру сұрақтарын шешудегі күресте, АҚШ және Еуропалық Одақ өзінің рөлін күшейтуге тырысуда. Олар жұмыс бағдарламасын қалыптастыруда, шешімдердің механизмін және бірнеше жағдайларды шешуде тәртіптерді қатаң ұстауда негізгі рычагты босатпау. Бір жағынан, осы ұйымдастыру реформасының бағытына дамушы елдер кіруде. Бұл күресте маңызды орынды бақылаушы ұйымдар алады. Халықаралық ұйымдардың ішінде бақылаушы статусына кіретіндер: ЮНКТАД, ЮНИДО, ФАО, МВФ, МБРР, БҰҰ-ның аймақтық комиссиялары, сондай-ак, дамыған елдердің аймақтық ұйымдары. [3; 39б.]

      Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ)  дүниежүзілік сауда –экономикалық қатынастағы рөлі. Еуропалық экономикалық комиссияның (ЕЭҚ)  дүниежүзілік сауда – экономикалық    қатынастағы рөлі және қызметі.

      Қазіргі өзара бағынышты әлемде әлемдік экономикалық байланыстардың күрделі мәселелерін шешуде барлық елдердің қызығушылығы артуда.

      Осы мақсатта бірнеше авторитетті әлемдік экономикалық ұйымдар өзінің қызметін жүргізуде, олардың ішінде ерекше орын алатыны Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК).  Ол 1947 жылы кеңестік елдердің бастамасы бойынша, Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі ұлттық экономикасын қалпына келтіру мақсатында құрылған. [14; 86б.]

      Қазіргі кезде ЕЭК сауда – экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде, аймақта тәртіп орнату жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері болып 34 ел кіреді (барлық Еуропа елдері және АҚШ пен Канада). Оның қызметі жалпы Еуропалық процесстермен тығыз байланысты комиссияның тәжірибесі және мүмкіншілігі, сондай-ақ оның атына тікелей айтылатын ойлар қорытынды мәжілісте қаралады.

      Ол (ОБСЕ) Еуропалық ынтымақтастықтың қауіпсіздігі жиналысы, оған қатысушылар  екінші кәрзеңкедегі сұрақтарды талқылайды.

      Олар: экономика, ғылым, техника, экология сұрақтарын шешу. 1987 жылы қарашада болған әдейі арналған ЕЭК-дағы оның негізгі басты сұрағы.

Шығыс пен Батыс елдерінің сауда байланыстары. Бұл сұрақтармен сыртқы сауданы дамыту комитеті шұғылданады.

      Сауда мәселесі және өнеркәсіптік ынтымақтастық  комиссиясының басқа да қосымша ұйымдарының қызметімен толықтырылады, олар үздіксіз ЕЭО сессияларында және де жиылыстар мен симпозиумдарда қаралады. Қорытынды актының ұсынысы Хельсинки бағдарламасы бойынша сауда облысында бірінші орынға Батыс-Шығыс сауда – экономикалық байланыстарын дамытуда қолайлы жағдай тудыру проблемалары тұрды. Ол сұрақтарды шешуде сауда, өнеркәсіп байланысы, информациялық айырбас, әкімшілік кедергілерді жеңудегі мәселелер қойылды.

      1983 жылы компенсациялық сауданы шешуде, ұзақ мерзімді ірі масштабтағы байланыстар, дара коммерциялық жұмыстар және тауарды сатып алу қаралды.

      Қазіргі кезде ЕЭК өзінің қызметінде дамудың  жаңа кезеңінде түр. Бұл жерде  Батыс және Шығыс елдерінің мүдцелерінің бірдей қорғау ұмытылысы байқалады, бұрынғы жеміссіз сөзталастың керегі жоқ екенін түсініп, одан шегіну. Бұл жаңа шараларды қолдану 1986 жылғы Шығыс пен Батыс сауда байланыстарының болашағын қарастыру мәжілісінде болды. Шығыс-Батыс сауда-экономикалық байланысы комплексі бір бағытта қаралды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары