Қазақстандағы микрокредиттеу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 13:37, контрольная работа

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді.

Работа состоит из  1 файл

Микроқаржыландыру.doc

— 66.50 Кб (Скачать документ)


Микроқаржыландыру, халықаралық таным бойынша, кедейлік деңгейін төмендету, халықтың өмірін жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру үшін бірден бір негізгі құрал болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қаржы қызметі нарығы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлік сегменттерінің заем қаражаттарына қол жеткізушілік проблемасы әлі де болса орын алып отыр. Әсіресе, бұл проблема кәсіпкерлер активтерінің құны қаржы институттары заемдарын қамтамасыз етудің жалғыз түрі болып табылатын, ірі қалалардағы активтерге қарағанда нарық құны біршама төмен аймақтық деңгейде көрінеді.

Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру кредит жүйесінің үшінші деңгейін дамытуға, экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізуіне, халықтың жұмыс бастылығы мен жеке жұмыс бастылықтың өсуіне және кәсіпкерлік бастамашылық пен белсенділіктің артуына мүмкіндік туғызады.

Қор Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыру үшін әр елдегі халықаралық микрокредиттеу тәжірибелерін , Қазақстан жағдайында микроқаржыландыру практикасын пайдалану мүмкіншілігін оқып үйренді, сонымен қатар ПРООН, CGAP (СИГАП) – микроқаржыландыруды дамытуға ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Дүниежүзілік банк жанындағы консультациялық топтың ұсыныстары ескерілді.

Микрокредиттеу Бағдарламасын жүзеге асыруды Қор екі бағытта жүзеге асырды.

1.       Қордың үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру

2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, Қордың қатысуымен Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 28 МКҰ құрылды. Жаңа құрылған МКҰ-ң жарғылық капиталына Қор инвестициясының барлық мөлшері 94,9 млн. теңгені құрды.

2.       Жұмыс жасап жатқан микрокредит ұйымдарын кредиттеу

Осы Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде, Қор жұмыс жасап жатқан МКҰ кредит ресурстарын толықтыру үшін жеңілдікпен қаржыландыруды жүзеге асырады. 2007 ж 1 қаңтарға шаққанда, Қазақстанда микрокредиттеу секторын дамыту бағдарламасы бойынша, жалпы сомасы 5 500,0 млн. теңгеден асатын  174 жоба қаржыландырылды..

Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы бойынша Қор серіктестері мен консультанттары

Қазақстандағы БҰҰ даму Бағдарламасы  (Қазақстандағы БҰҰДБ)

Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі консультациялық топ (CGAP, АҚШ)

Микроқаржы орталығы (МҚО , Варшава)

Орта-Ази ялық микроқаржы альянсы (CAMFA, Өзбекстан)

Ресей микроқаржы орталығы (РМО, Ресей)

«Қазақстан кредиттеу қоры» КҚ (ҚКҚ, Қазақстан)

«Азия кредит қоры КҚ (АКҚ, Қазақстан)

«Қазақстан микроқаржы ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТА (АМФОК)

ШКС екінші деңгейдегі банктерден алатын кредиттеріне кепілдік беру

Қор ШКС екінші деңгейдегі банктерден кредит алған кезде оларға Қор кепілдігін сақтандыруды пайдалана отырып, кепілдік береді. Бұл Қазақстан нарығы үшін жаңа өнім болып табылады.

Қордың кепілдік беру механизмі «банк – кәсіпкер – сақтандыру компаниясы» сияқты қаржы қатынастарын құру үшін негіз болатын кредит тәуекелдерін сақтандыруды қарастырады. Қор екінші деңгейдегі банктер беретін ШКС кредиттері бойынша тәуекелді төмендету үшін, өздері беретін кепілдікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру туралы шарт жасасады.

Кепілдік беру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде кепілдік беру механизмінің Қазақстанда да барлық ТМД елдеріндегідей іс жүзінде игерілмегені және енгізілмегендігі Қорға біраз қиындықтар туғызды.

Қордың ЕДБ алдында ШКС кредиттеріне кепілдік беру сияқты өнімі банк желісі мейлінше дамыған аудандарда ғана қол жеткізілуі мүмкін, себебі Қор кепілдік берген кезде ШКС жобаларын қаржыландыруға тек ЕДБ қаражаты ғана дереккөз болып табылады. Бұдан бөлек, Қордың беретін кепілдіктері шалғай аудандардағы ШКС тәуекелдерімен әзірше жұмыс істемейтін сақтандыру компанияларында сақтандырылуы қажет. Осылайша, ШКС-ң осындай өнімді пайдалануы шалғай аудандар мен шағын қалалар үшін біраз қолайсыздық туғызады.

Қордың кепілдік беру бағдарламасымен Қазақстан Халық банкі «Бизнес-SuperLights», ТұранӘлем банкі – «КРЕДИТПРО» сияқты банктік өнімдерді әзірлеп, жүзеге асырды.

Қазіргі кезде ШКС-ң екінші деңгейлі банктердегі 39 кредитіне Қор кепілдігі берілді, Қордың кепілдік сомасы 900,0 млн-ға. жуық теңгені құрды.

 

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ

2008-2012 жж.

Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды.

Қазіргі кезде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік даму институты болып табылады. 10 жылдық даму кезеңін басынан өткізе отырып, Қор жүзеге асырылуы 2008 жылдан басталатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Концепциясын дайындады.

Жаңа Концепция мен шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты саясаттың басты міндеті Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, оның сапалы серпілісіне, осы саладағы өнімділік өсімі мен бәсекегеқабілеттілігіне жәрдемдесу болып табылады.

Қазіргі кезде «Даму» қорының алдында мынадай стратегиялық мақсаттар тұр:

Ұлттық қаржыландырудың ШОБ-ң барлық кредит қабілетті субъектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Қор мынадай міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- жүйеқұрушы екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кәсіпкерлікті қаржыландыруға тарта отырып, ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарын ұсынудағы қол жетімділік деңгейін және жылдамдығын көтеру;

- ШОБ субъектілері арасынан әлеуетті қарыз алушыларды қамтуды ұлғайту және елдің барлық аумағында кредит ресурстарының біркелкі үлестірілуінің тиімді деңгейін қамтамасыз ету;

- ШОБ субъектілері үшін кредит ресурстарының бағасын төмендету.

Қор қойылған міндеттемелердің шешімін ШОБ субъектілерін әрі қарай кредиттеу үшін республикалық, жергілікті бюджет, халықаралық қаржы ұйымдарының және өзге ұйымдардың қаражатын екінші деңгейлі банктерге және кредит қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өзге ұйымдарға келісіп орналастыру арқылы жүзеге асырады.

Экономиканың шағын және орта бизнес саласында әртараптануына жәрдемдесу.

Қор «Даму-Қолдау» ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын әзірледі және ол 2008 жылғы 1 тамызда Директорлар кеңесімен бекітілді .

Аталмыш бағдарламаның ұйғарымы :

- басым салалардағы ШОБ қаржыландыру кезінде нақты шектеу қою;

- кредит берудегі төмен мөлшерлеме – қайтақаржыландыру мөлшерлемесі деңгейінде (10,5%);

- ресурстың негізгі бөлігін ШОБ-ң негізгі қаражатын ұлғайтуға, жетілдіруге және жаңартуға жіберу .

«Даму-Қолдау» ШОБ субъектілерін тікелей қаржыландыру Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:

- ШОБ субъектілерінің сандық құрылымы сапасының жақсарғанын, яғни шағын бизнес субъектілері санының заңды тұлға түрінде және активтері мен жұмысшылары ұлғаюына байланысты шағын бизнес кәсіпорындарының біразы орта бизнеске өтуі есебінен орта бизнес субъектілері санының өскенін;

- ШОБ субъектілері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және шетке шығаруға бағдарлануын арттыру;

- Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде ШОБ рөлін күшейту ;

- жаңадан құрылған және қолдау тапқан жұмыс орындарын ұлғайту.

Елдегі микроқаржы ұйымдарының секторы үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсетуді жақсарту.

Қаржы нарығының банктік емес секторын дамыту мақсатында, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту — мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауын орындау мақсатында Қор ҚР микрокредиттік ұйымдарды дамыту жөніндегі 2008-2012 жылдарға арналған шаралар Бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты елдегі кредит жүйесінің үшінші деңгейі ретіндегі микроқаржы секторының сапалы дамуына микрокредиттік ұйымдарға (одан әрі – МКҚ) қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсету арқылы жәрдемдесу.

Қордың ел аймақтарындағы бизнес-орта инфрақұрылымын «Кәсіпкерлікті дамыту орталығын» құру тұжырымдамасын іске асыру арқылы дамытуы

Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету.

Нравится

 

Танымал материалдар

Хабарландырулар

        «Даму» Қоры» АҚ ғимаратының жайын кешенді жиыстыру бойынша қызмет көрсетуді сатып алу жөнінде ашық тендерді қайта өткiзетінін жариялайды

        Банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға берілген Лицензияның әрекетін тоқтату туралы

Танымал материалдар

        Алматы облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 5 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

        «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасына қатысушы демеушілік көрсетті

        Петропавл қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша дөңгелек үстел өтті

 



Информация о работе Қазақстандағы микрокредиттеу жүйесі