Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 05:44, курсовая работа
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.
Соңғы
жылдары табыс салығының
Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.
Корпоративтік
салық фирмалардың салық
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.
Жанама салықтың қатарында кеден , баж алымдары жатады.Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезенде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі
1.3
Салық салудың принциптері мен
түрлері
Салық салу жүйесінің басты буыны – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т.б. шығындар. Көптеген елдерде корпорация пайдаларына салық салу ставка пропорциялары арқылы жүреді.
Салық
салу тарихында жоғары пайдаға салық
салу деген де бар. Ол пайданың белгілі
мөлшерден артық болуына
Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардаың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады.Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады.
Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі.
Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар.
Жергілікті
әкімшіліктің қажеттіліктерін өтеуге
өз салықтары жетіспегендіктен көптеген
елдерде орталық үкіметтің
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т.б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюннктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Олсалықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің айынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
Мемлекттік
бюджет пен салық ставкасының
арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі
– Лаффердің қисық
сызығы деп аталады. Суретте ордината
сызығында салынған ставкаларын (R), абциссада
мемлекеттік бюджетке түсетіндер (Y) бейнеленген.
Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы
салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық
ставкасының қолайлы мөлшері (R) мемлекеттік
бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз
етеді(Y). Салықты одан әрі көбейту еңбек
пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100
пайыздық салық салу мемлекеттік табысты
нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін
жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда
болашақта шектен тыс салықты азайту қор
жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды
арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады.
Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі
өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді.
Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі
тек еркін рынок механизмінің қалыпты
жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға
сын тұрғысынан терең талдау жасамай,
мынаны ғана атап өтуге болады.
|
Лаффердің қисық сызығы.
II. Қазақстан
Республикасындағы салықтар
2.1
Қазақстан Республикасындағы
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991
жылға дейін, яғни КСРО
1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері