Банктің даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:44, курсовая работа

Описание

Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………….3
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................17
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары..................................................................................25
Қорытынды ........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Банк.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

Ескертпе:  сандық  мәліметтер  ҚР  Ұлттық  банктің  №1  2000-2003 жж.статистикалық  бюллетенінен  алынған. 

 

Коммерциялық  банктер қарыз  капиталы  нарығының  әртүрлі  секторларында  қызмет  ететін  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады. Олар  кәсіпкерлік  тәжірибесінде  белгілі  бір  көптеген  қаржылық  операцияларды  орындайды. Коммерциялық  банктер  кез  келген  елдің  несие  жүйесінде  әдеттегідей  негізгі,  базалық  буын  рөлін  атқарады. 

Олар  үкіметтің,  іскерлер  мен  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  салымдарын  шоғырландыра отырып,  қаржы  жүйесінің  орталығы  болып  қала  береді.  Коммерциялық  банктер  қарыздық  және  инвестициялық   операциялар  арқылы  өздерінің  әртүрлі   қорларына  қарыз  алушылардың  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

Коммерциялық  банктер  қаржы нарығында  ең маңызды делдалдық қызметті атқарады.  Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және  коммерциялық негізінде  кең көлемді қаржылық  қызмет  жасайтын  дербес  банктік  мекемелер  торабынан  тұрады.  Бұлар  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктер,  банктік  заңдылықтарда  коммерциялық  банктер  деген  жалпы  атпен  біріктіріледі.

«Коммерциялық  банк»  термині  банк  ісінің  ертеретегі  даму  кезеңінде,  банктердің  сауда,  тауар  айырбасы  операциялары   мен  төлемдеріне  қызмет  көрсетуі  барысында  пайда  болды.  Негізгі  клиенттері  саудагерлер  болған (міне  осында «коммерциялық  банк» деген  атауға  ие  болды ). Бірақ өнеркәсіптің  және  басқа  салалардың  дамуымен банктер  экономиканың  өзге  де  сфераларында  қызмет  көрсете бастағандықтан  да  банктің  «коммерциялық» деген  атауы  бастапқы  мағынасын  біртіндеп  жоғалтты.  Ол  банктің  «іскер» деген  сипатын  білдіреді,  оның  шаруашылық  агенттердің  барлық  жұмыс  түрлеріне  қызмет  көрсетуі олардың  қызметтерінің  саласына  байланыссыз  болады.  Коммерциялық  банктер – нарық  экономикасында  қаржылық  операциялар  мен  қызмет  көрсететін  несиелік  мекемелердің  тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.

Бүгінгі  коммерциялық  банктер  өз  клиенттеріне  200-ге  жуық  әр  алуан  өнімдер  мен  қызмет  көрсетуге  әзір.  Мұндай  кең  көлемді  операциялар  коммерциялық  банктерге  өз клиенттерін  сақтай  отырып,  қолайсыз  жағдайда  өзінде  пайдалы  жұмыс жасауға  септігін  тигізеді.

Бір  операциялардан  болған  зиян,  екінші  бір  опеациялардан  түсетін  пайда  есебінен  жабылады.  Нарық  экономикасы  дамыған  барлық  елдердің  коммерциялық  банктері  несие  жүйесінің  негізгі  операциялық  буыны  болып  қалуы  кездейсоқтық  емес.  Олар  өзгермелі  ақша – несие  нарығының  жағдайына  көндігетін  қабілетінің  барлығын  көрсете  алады.

     Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.

Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.

    Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету – бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

      заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

      заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

      кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;

      банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;

      аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;

      есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

      қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

      заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;

      клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

      ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

      коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

      заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,   вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);

      төлем карточкаларын шығару;

      төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

      ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;

      инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.

Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

-          қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;

-          қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;

-          басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.

Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)

 

                   

 

 

 

 

Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)

-          банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;

-          клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.

 

 

 

 

 

 

 

Активті-пассивті  операциялар (комиссиялық делдал)

 

-          клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы

 

Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен  банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар  – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Шынында  да,  банктер  мұндай  операциялардан  пайда  көреді.  Олар  салымдарға  төлейтіндеріне  қарағанда,  қарыздарға  біршама  жоғары  пайыз  мөлшерлемесін  белгілеп  табыс  табады.

Жалпы  қоғамға  көмек,  олар  банктен  алған  қарыздары  есебінен  өздерінің  өнімдерін  өндіріп,  алға  қойған  мақсатына  жеткенде  ғана  пайданы  сезінеді (мысалға  жалпы  пайда  нормасын  4-тен  5%-ға  ұлғайтқанда).  Болашақ  қарыз  алушыларды  дұрыс  таңдай  отырып,  олардың  ішінде  берілетін  қарыз  бойынша  жоғары  пайызды  төлеуге  кімнің  жағдайы  келсе,  соларға  банктер  ақшалай  қаражаттарын  бере  алады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне                   (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

Коммерциялық  банктер  өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. /7/

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чар-    тер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен чартер алғандар). Ұлттық банктер  мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.

ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше – банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша барлық және ФРЖ-нің мүше – банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше – банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше – банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.

Информация о работе Банктің даму жолдары