Банктік тәуекелдерді басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 23:27, дипломная работа

Описание

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- банктік тәуекелдің экономикалық мәнін, түрлерін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы «банктік тәуекел» түсінігінің тұжырымын анықтау;
- банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;
- коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;
- банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;
- банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.........................................................................................................91

Работа состоит из  1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 493.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: «Банктік тәуекелдерді басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3

I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ      

1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8

1.2  Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18

1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

 

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ Дана банк» мәлеметтерінен алынған)

2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47

2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

 

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67

3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу

жолдары..................................................................................................................75

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

 

ҚОСЫМША.........................................................................................................91

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Қазіргі уақытта банктік нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін  алдын ала болжау және төмендету.

Тәуекел – деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе ықтималдылығы.

Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

              Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

              Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты банктік тәуекелдер әдістерін талдау негізінде оларды бағалау, басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

- банктік тәуекелдің экономикалық мәнін, түрлерін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы «банктік тәуекел» түсінігінің тұжырымын анықтау;

              -  банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;             

коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;

              - банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;

              - банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.

              Жұмысымның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, банктік тәуекелдердің мәні мен мазмұны, түрлері, банктік тәуекелдердің жіктелуі және банктік тәуекелдерді басқару әдістері қарастырылады.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру, банктік тәуекелдерді бағалау және басқару жолдары қарастырылады.

Үшінші тарауда, банктік тәуекелді басқарудағы шетелдік тәжірибесі және банктік тәуекелді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары соның ішінде несиелік бюро қарастырылады.

              Жұмыстың методологиялық негізі. Қазақстанда  банктік тәуекелді басқару әдістерін қолдану және дамыту мәселелері де жан жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар баршылық. Соның ішінде К.О. Шаяхметова, М.Н. Молдахметова, Д.Н. Акежанов, Н.Н. Хамитов, М. Имрамзиева, Ш.Г. Чинибаева, С.Б. Мақыш, Л.П. Корнилова және т.б. отандық экономист – ғалымдардың еңбектерін еліміздегі банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктен атап айту орынды. 

Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.

Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.

Қазақстан Республикасының банктік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк статистикалық деректері және бүгінгі күнгі банктік тәуекелді басқару жайлы сұрақтарды қамтитін жергілікті және жақын шетелдердегі баспасөз басылымдарындағы мақалалар және т.б. пайдаланылады. 

I ТАРАУ. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

 

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

              Тәуекел – бұл  табиғаттың  әр  түрлі  құбылыстарынан  және  адамның қызмет  түрлерінен  пайда  болатын  жоғалтулар  қаупінің  мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи  және  экономикалық  категория  болып  табылады.

              Тәуекел  тарихи  категория  ретінде  қоғам  дамуымен  байланысты болып  және  адамның  болашақта  болатын  қаупі  түсінуімен  байланысты болады. Қоғамның  даму  барысында  тәуекел  экономикалық  категорияға айналады.

              Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

              Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банктік  тәуекел  дегеніміз  не?

              Банктік  тәуекел – жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

              Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

              Сонымен, банк  тәуекелінің  қызықты  классификациясын қарастырайық, ол  өзіне  категория, топтар, түрлер, түрлер  арсындағы  және тәуекелдің  әртүрлілігін  қамтиды (Қосымша 1).

              Сонымен  банктік  тәуекелдің  қағидалары  мыналар:

1.      Банктік  тәуекелдің  әсер  ету  және  қызмет  ету  аясы.

2.      Банк  клиентерінің  құрамы.

3.      Банктік  операциялар  сипаттамасы.

4.      Коммерциялық  банктердің  түрі.      

Әсер  ету  мен  қызмет ету  аясында  байланысты  банктік  тәуекелдер сыртқы  және  ішкі  болып  бөлінеді (Қосымша 2).

Сыртқы  тәуекелдерге  банктік  қызметке  тікелей  байланысты  емес немесе  берілген  бір  клиентпен  байланысты  емес тәуекелдер  жатқызылады. Банкте  анықталған  ақша – қаражаттары  болғанда, ол  жанама  түрде  сыртқы  тәуекелдерді  алдын  ала  болжай  алады  және оларды  өз  уақытында  басқара  алады. Сыртқы  тәуекелдер  саяси – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық, бәсекелестік, қаржылық  және басқадай  факторлардан  пайда  болады.

              Саяси  факторларға  соғыс, жаулап, басып  кіру (оккупация), саяси көтерілістер  мен  тәртіпсіздік, идеологиялық  келіспеушілік, экономикалық  қызығушылық  қақтығыстары, саяси  күштер мен  әлеуметтік топтар  қызығушылықтарының  поляризациясы, саяси  режимнің  ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды  жалпылау (консолидация), эмбаргоны  енгізу, импорттық  лицензияны  алып  тастау, тікелей  шеттел инвестициялар  тәуекелі  және т.б. жатқызылады.

Экономикалық  факторларға  мыналар  жатады:  ЖҰӨ-нің  төмендеу  немесе  өсу қарқынының  баяулауы, өнімге  деген  бағаның  тез  өсуі, экспорттан  түсетін табыстың  төмендеуі, инфрақұрылымның  нашар  дамуы  және  т.б.

              Әлеуметтік  факторлар  азаматтық  соғыс, табыстардың  бірдей бөлінбеуінен, идеологиялық  және  діни  көзқарастардың  қайшылықтары, ұлттық  қақтығыстар, көтерілістер  жағдайларынан  туындайды.

              Құқықтық  факторлар  келесіде: заңдылықтардың  өзгеруі, оның бұзылуы.

              Бәсекелестік  факторлар: банктің  және  банктік  мекемелердің қосылуы, банктік  операциялар  мен  мәмілелердің  жаңа  түрінің  пайда болуы, басқа  банктердің  қызмет  құнының  төмендеуі, банктік  қызмет сапасына  деген  талаптардың  жоғарылауы, жаңа  банктік  мекемелер пайда болуының  жеңілдігі, банктің  банкротқа  ұшырау  қиындығы  мүмкіндігімен байланысты  болады. Қаржылық  факторлар  тәуекелдігі – жалпы  ішкі өнім, сыртқы  қарыздың  экспортқа  қатысты  қызмет  көрсетуінің  көлемі, ЖІӨ - ге ағымдағы  баланстың  дефицитінің  сыртқы  қарызға  қолайсыз  қатынасы.

              Банктің  өзінің  қызметіне  байланысты  және  ол  тәуекел  жағдайларды белсенді  түрде  басқару  мүмкіндігін  иеленеді. Ішкі  тәуекелдерге  берілген жекеленген  коммерциялық  банк  иеленетін  кәсіпкерлік  артықшылықтар әсер  етеді. Атап  айтсақ, қаржылық  нарықтың  берілген  аясында  банктің қызмет  көрсетуін  ұйымдастыру  кезінде  оның  басшылары  мен  дұрыс таңдалған  стратегиясымен  саясаты. Банктік  операциялар  технологиялық процестерімен  маманданған  қызметкерлер  жеткілікті  минимумын оптималды  басқару, тиімді  маркетингтік  стратегияны  және  тактиканы таңдау  және т.б факторлар. Ішкі  тәуекелдер  банктің  өз  қызметінен клиенттердің  қарыз  алушылардың  немесе  оның  берілген  контр серіктестіктер  қызметіне  байланысты. Олардың  деңгейіне  банк басшыларының  іскерлік  белсенділігі, басқарудың  тиімділігі  мен  тактикасы  және  басқадай  факторлар  үлкен  әсер  етеді. Осыдан  келе тәуекелдер  келесідей  бөлінеді:

-         банк  активтерімен  байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп  айырысулық, факторингтік, корреспонденттік  шот  бойынша, қаржылық  және  инвестиция бойынша  тәуекел  және  т.б.);

-         банк  пассивімен  байланысты (салым  және  депозит  бойынша, банкаралық  несиелерді  тарту  тәуекелдері  және  диверсификация тәуекелі);

-         банктің  өзінің  активтерімен  пассивтерін  басқару  сапасымен байланысты (пайыздық  тәуекел, өтімділік  тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал  құрылымы  тәуекелі, банк  капиталының жеткіліксіздік  тәуекелі);

-         қаржылық  қызмет  жүзеге  асу  тәуекелімен  байланысты (операциондық, технологиялық  тәуекелдік, жаңа  енгізулер  тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік  тәуекелдігі, қауіпсіздік  тәуекелі).

Банк  клиенттерінің  құрамының  тәуекелдігі  банктік  қызмет маркетингпен, қоғаммен  қарым – қатынас  жасаумен  байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.

Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте осындай серіктестіктерде қаржылық тұрақтылықтарын жоғары деңгейі бар және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.

Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:              

-         несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау  тәуекелі);

-         пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);

-         өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);

-         капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).   

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың  құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларға қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

              - берілген кепілдер бойынша;

              - шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім – шарт бойынша;

              - несиелік міндеттемелер бойынша;

              - валюталық мәмілеге отыру бойынша.

              Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторлық операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

              Лизинг –жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал – жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.

              Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.

              Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын  субъектілер арасындағы қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық бола алады.

        Жоғарыды көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (рефольверлік), таза және толық бола алады. [1]

              Клиринг – ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу. Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клирингтік келісім – шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе бір жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда – саттықпен айналысатын елдердің белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісінен алады. Банк өз жағынан банк – импортердің аударымын күтпейді, керісінше клирингтік шотты дебиттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке дебиттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен еркін айырбасталатын валюта құны арасында пайда болады. Сандық сипатта бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды 85 еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15 % - ды құрайды. Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда «switch» - ауыстыру, көшу). Бұл термин сауда мәмілерінің субъектісін немесе объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен бағалы қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестіктерді ауыстырғанда және т.б жағдайларда болады.

              Бартерлік мәмілелер – тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық  бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады. Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс – беттермен, техникалық несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім – шарт ұзақтылығы нақты прайс – беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты.[2]

              Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және жабдықтаушылармен қарым – қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б қорытындылау керек. Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың қола вексельді (яғни, тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша тәуекелдің пайда болуына соғады.

              Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір түрі әр түрлі  сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай банктерде  бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер (яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіпті өнімді өндіруде туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни, фирмаішілік немесе корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы). Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай, технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни, жаңа технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және т.б. Биржалық банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл бөлу керек. Мысалы, тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты негізінде клирингтік есеп айырысуды қамтамасыз ететін банк үшін есеп айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып трасталық және брокерлік қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен байланысты келесідей тәуекелдер болады:

-         капиталдық(бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);

-         селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);

-         уақтылығы;

-         нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);

-         іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу тәуекелі);

-         қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі). 

Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:

-         экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив құнының өзгеру тәуекелі);

-         аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде айырмашылық тәуекелі);

-         мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықталмағандығының тәуекелі);

-         сақтандыру;

-         саяси.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:

-         ипотекалық және тұтыну ссудалы бойынша қаржылық және несиелік тәуекелдер;

-         кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);

-         кепіл тәуекелі (залог).

Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге ұшырайды.

Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен, динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей түрлері бар:

-         бета – тәуекелі (бета - коэффициент);

-         саланың өмірлік цикл тәуекелі;

-         салаішілік бәсеке тәуекелі.

Бета – тәуекелі – ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен салыстырғанда сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын жүйелік тәуекел. Егер бета тәуекел 1 – ге тең болса, онда ол мемлекет экономикасының жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета – тәуекел түсінігін жеке банктерге де пайдалануға болады. Оны Глориябанк  (Ресей) аналитикалық орталығы және ПАКК кеңес беру формалар дифференциалды акция портфелі салыстырмалы орташа бағалы қағаздармен байланысты операциялар бойынша жүйелік тәуекелді есептеу үшін қолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі биржадан тыс рыноктарда акциялары айналыста жүретін банктер қарастырылады. Нәтижесінде, акциялар бойынша бета – тәуекелдің экспорттық бағалы қағаз көрсеткіштері анықталды. Оған сәйкес банктерді келесідей 5 топқа бөліп қарастыруға болады:

1)     Орташа нарықтан көп көбірек көрсеткіш;

2)     Орташа нарықтан көбірек көрсеткіш;

3)     Орташа нарықтан сәл ғана көп көрсеткіш;

4)     Орташа нарықтан төмен көрсеткіш;

5)     Аз болжамданған тәуекел.

Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлу керек:

1)     Бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір қалыпта емес акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты анықталуы мүмкін емес;

2)     Алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары табыстылығымен орнын басады.

Өмір циклі тәуекелі: әр түрлі салардың тәуекел деңгейі мен сипатталады және әрбір сала өзінің даму кезеңінде алдын ала белгіленген кезеңдерден өтеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.[3]

Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру қабілеттілігіне әсер етеді:

-         бағалық емес бәсекенің қатаю деңгейі;

-         салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;

-         белгелі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы  өнімдермен баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ болуы;

-         тауарлық құқығының жоқ болуы;

-         жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;

-         кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси және әлеуметтік ортасы.

Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форс – мажорлық тәуекелдерге ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары банктер қатарына жатқызуға болады.[4]

Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке қабілеттірімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:

-         аймақтық банктер – аймақтық сыртқы тәуекелдер;

-         аймақаралық – аймақтық тәуекелдер жиынтығы;

-         мемлекетаралық – елдік тәуекелдер;

Әртүрі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады. Мысалы, Зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән. [5]           

              Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, несиелік, кепілдік, нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.

 

1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

 

Банктік тәуекелдер белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер төмендегідей жіктелінеді:

Ел (мемлекеттік) тәуекелел тәуекелдері банктің өз қызметін  байланыстырып отырған мемлекеттің өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты пайда болады. Бұл тәуекелдің шығу көзіне (туындысына) бір аймақ елдерінің тәуекелі болып табылады, яғни аймақтық тәуекел, мысалы: Еуропалық одақ елдері немесе Латын Америка  елдері, т.с.с Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер және ортақ лицензиясы бар банктер үшін маңызды.

Банктің басшалығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты.

Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Еуропа және Жапон банктеріне төлеу қабілеттілігі  жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90 – жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд.$, Оңтүстік Американың басқа елдері әлі 150 млрд.$ қарыз болды.

Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып табылады, оның қарызы 20 млрд.$ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі бар деп саналатын елдердің тізіміне Иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан, Салвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.

Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.

Ел тәуекелін анықтайтын себептермен жағдайларға байланысты тәуекелдің келесі категорияларын анықтау керек:

Саяси – бұл мемлекет құырылысының ерекшелігімен байланысты, мемлекеттің билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимдерінің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүдделерінің поляризациясы т.б.; [6]

Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестициясын лимиттеу);

Экономикалық:

-         жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық саясатпет байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, энспорттан тусетін табыстың азаюы;

-         қаржылық тәуекелдер – ақша–несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай – ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;

-         техникалық – бану саласындағы іскер техникалық стандарттармен байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары, қауіпсіздік, т.б.);

-         басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындығы криминогендік жағдай, бюрократиялық машинаның үлкендігі.

Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиыньық тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені барлық ұлттық факторлары өзара байланысты. (13)

                 Сондай – ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді басқару мүмкіндігіне.

              Тәуекел дңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп ретте, белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамндарды тартады; осы елдің тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады.

              Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі герман фирмасы «Бум» шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау жүргізеді.

          [7]Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары жан – жақты талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап беретін анкетада 15 баға критерийлері бар. Олардың әр қайсысының үлес салмағы жалпы сомамен 100 – ге тең (1 - кесте).

 

1 – кесте       Саяси және экономикалық жағдайларды талдау*

 

 

Бағалау критерийлері

 

Үлес салмағы

Саяси тұрақтылық

Шетел инвестициясымен пайда қатынасы

Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі

Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау

Төлем балансының жай – күйі, сондай – ақ ұлттық және шетел салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері

Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі

Экономикалық өсу қарқыны

Жалпы өнім өсуінің қарқыны:  

                                                   Жылына 3 % - тен төмен

                                                   3 % – тен 6 % дейін

                                                   6 % - тен 10 % дейін

                                                   Одан жоғары 10 %

Валюта айырбастылымдылығы

Келесі міндеттемелердің орындаудың талдауы

Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі

Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы

Қысқа мерзімді несие алу шарттары

Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың шарттары

12%

6%

6%

 

6%

 

6%

10%

10%

 

2,5%

5%

7,5%

10%
10%

6%

8%

 

4%

8%

 

8%

 

*Көзі: «Банктік тәуекелді басқару» Алматы.:2004, 21 – бет.

Әр сұрақ балл  бойынша бағаланады – пайыз шкаласы бойынша және жауаптардың 0 – ден (min) 4 – ке (max) дейін бес варианттары бар.

              Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл аударуда. «International Reports» жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады, тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси – 13, қаржылық – 5, экономикалық – 6, ең көп сома 100 балл.

              «Business International» фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.

              «National Westminster Bank» мелекеттік  тәуекелдің талдаудың әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 пайызы қаржылық факторлармен анықталады. 20 пайызы құрлымдық экономикалық диспропорцияларымен, 30 пайызы ішкі және сыртқы саяси факторлармен анықталады деп көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік тәуекелді туыратын үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы 25 пайызға, ал саяси факторлар 50 пайызға дейін өскен  деген қорытындыға келген.[8]

              «Гермес» герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:

1)     аз ғана тәуекелді елдер, негізінде ОСЕД елдері;

2)     салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олармен жұмыс істеу тіжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі төменірек;

3)     саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы «гермес» сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер,

4)     жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы қарызды өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат етілген елдермен халықаралық несиелерді жоюда проблемалары бар елдер;

5)     жоғары тәуекелді елде, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша;

Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық тұрақтылықты төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез–келген әдістемелерді ескеруі қажет.

Банк операцияларының әртараптандыру тәуекелділігі - әртараптандыру банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз тәуелділігі мүмкіншілігімен шығады. Егер қаржыландыру көзінің кең көлемді жеткіліктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орны бар болса, банк тәуекелділігі біршама аз болар еді.

Арнайы операцияларға немесе өз қызметіндегі қызметі қандай да бір факторға азырақ бағыттан банктер анағұрлым тұрақты әрі табысты болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шартты - әрдайым өзгерісте болатын нарық коньюктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді және жеке факторлар тобына тәуелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп әрі ұзығырақ тұрақты және өмірлік болады.

Банк операцияларын әртараптандыру мыналардан тұрады:

-         банк клиенттерін әртараптандыру;

-         тартылған қаражаттарды әртараптандыру;

-         аумағы бойынша банкті әртараптандыру;

-         қолданылатын инструменттерін әртараптандыру;

-         активтік операцияларды әртараптандыру;

-         банк клиенттері бойынша ссудалық портфельді әртараптандыру.

Осыған орай, банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігін болдырмау немесе төмендету үшін банк өзінің барлық операцияларын әртараптандыруды ең жоғары деңгейде, яғни қаржыны тартудан бастап, оны орналастыруға дейін жүргізу қажет.

Өтімділік тәуекелікез келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды міндет - өтімділіктің бара – бар (адекватный) деңгейін қамтамыз ету болып табылады.

              Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттерін өз уақытында орындай алу қабілеттіліг түсіндіріледі.

              Әлемдік банктік теорияда және тәжірибеде өтімділікті «қор» немесе «ағым» ретінде түсіну қалыптасқан. Бұл жағдайда өтімділік «қор» ретінде банктің қандай да бір жағдайда клиенттері алдында өз міндеттемесін актив құрылымын оның ең жоғары өтімді статьяларының көмегімен өзгенту арқылы орындау мүмкіншілік деңгейін анықтауды білдіреді.

              Өтімділік «ағым» ретінде банктің белгіленген уақыт мерзімі ішінде өтімділіктің тиімсіз деігейін немесе өтімділіктің объективтік қажетті деңгейіне қол жеткізілген мөлшетін сақтап, активтер мен пассивтердің сәйкес баптарын басқару, қарызға қосымша қаражаттар тарту, банктің қаржылық тұрақтылығын табысты өсіру жолы есебімен жүргізе алу қабілеттілігін бағалауды түсіндіреді.

              Банктер төлем жүйесінің орталығы болып табылатындықтан егер де банк өтімділік жағынан мәселелерге түрілсе және клиенттің «төлем жүргіз» деген өтінішін орындай алмаса, онда бұл банктің беделі азаяды. Салымшылардың көп бөлігі өз шотынан барлық қаражаттарын алуға ұмтылады. «Жаппай қашу» деп аталатын мұндай тосын жағдай көбінесе банктің жабылуына әкеледі. Бұл мәселенің күрделене түсуі банктің «жаппай қашу» салдарынан жабылуы барлық банктің жүйеге деген қоғам сенімінің төмендеуіне және басқа банктерден салымшылардың «жаппай қашуына» әкеледі.[9]

              Осыған орай, банктің өтімділігі өз міндеттемелерін  уақытылы орындауы қамтамасыз ету қабілеті мен болашақта өмір сүру ықтималдылығының маңызды көрсеткіші болып табылады.

              Кез келген жағдайда банк иелері депозиттерді қайтару және несиелер беру және т.б. жағдайларды қамтамасыз етуге қолма-қол немесе тартылан қаражаттардың жетіспеушілік мәселесімен кездесуі мүмкін. Банкте осындай жағдай туындағанда ол қолма-қол  қаражаттарға ағымдық тараптарды қанағаттандыру үшін өте жоғары мөлшер бойынша қаражаттар тартады. Бұл банктің пайдасының төмендеу мен өімділік тәуекелін азайтуына әкеледі. Банк өтімділігінің тәукелі – бұл банктің активтерін өткізу жолымен қаражаттарды алу қиындығы жағдайында банктің пайдасына туындаған қорқыныш мүмкіндігі.

              Банктің өтімділігін сақтаудың негізгі қағидасы банк активтернің қайтару мерзімімен қаражаттарға тұтынудың тууы мүмкін уақытының байланысы болып табылады. Өтімділік төменде көрсетілгендей қамтамасыз етілуі мүмкін:

-         жақын арада қайтарылк мерзімі болатын немесе талап етуі бойынша төлеу құқымен берілген несиелер бойынша төлемдер қабылдау;

-         несиелік талаптардың бөлігін сату;

-         өтімділіктің анықталған коэффициентін ұстау үшін пассивтің әрбір түрінің қандай бөлігін активтің өтімді немесе өтімдірек баптарына орналастыруды анықтау мақсатынада пасиивтің барлық шоттарында кестеге құру жолымен активтерді бөлу;

-         пассивтермен операция жүргізу;

а) айналыстағы депозиттік сертификаттар, облигацияларды шығару;

б) ҚР Ұлттық банкіндегі қарыздары;

в) евронарықтағы қарыздар.

              Банкте өтімділік мәселесі банктік несиелерді, қаражаттарды тарту уақытынан гөрі ұзағырақ уақытқа беру тәжірибесіне байланысты туындайды. Банктің пайдасы қаражаттарды қысқа мерзімге орналастыру арасындағы айырма ретінде анықталады.

              Банктің қажетті өтімділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты – бұл банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. Өтімді қаражаттар банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану банктің қызметін басқарудың бірден – бір негізгі әдәсә болып табылады.

              Банк өз қызметімен тек клиенттері мен басқа да банктер арасындағы барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады. Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық заңдық үлестік міндеттерімен есеп жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.

              Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы дәл сәйкестікті қамтамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерін қысқа мерзімге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезде банк алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды тартып және талап еткенге дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп есептейді. Бірақ та, нақты жағдайда әлемдегәі бірде – бір банк мерзімсіз салымдарға орналастырылған барлық ақшаны бір күнде қайтаруға жағдайы жетпейді.

              Банкте өтімділікпен мәселе туындағанда ол ақща қаражатына сұраныс туады. Бұны алудың бірден-бір көзі активтерді сату болып табылады.Активтердің кеибір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады, сол себепті бұл активтерге нарықтың сатып алушыны табуына мүмкіндігі бар.

          Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді деп аталады.Сол себепті бұлар тез арада қолма-қол ақшаға айналады.Қолма-қол ақша ең өтімді актив болып саналады.

Қолма-қол ақшаға басқа банктерге берген қысқа мерзімді қарыздар немесе басқа банктердегі депозиттерін жатқызуғаболады, себебі бұл қарыздарды немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір қиындықтар тумайтыны сөзсіз.Мемлекеттің құнды қағаздары және баланстың есептегі активтері өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады.

Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де кездеседі. Осындай жағдай болғанда,олардың бағасын сатып алушы мен сатушының арасында келісімге келу қажеттілігітуады, себебі нарықтың бағасын алудың мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға түседі.Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды салыстыру қиыншылық туғызады. Бұндай активтер өтімсіз активтер деп аталады. Өтімсіз активтердің бағасын анықтаушы-осы активті өткізуді қажет ететін уақыт аралығы.Банктің сатып алушыға активті күту жағдайы қаншалықты көп болса, осы активті алуға кеткен бағада соншалықты жоғары болады. Керісінше, егер банкке осы активті алу қажет болғанда, олбағадан ұтылу негізінде ғана сата алады. Бұл жерде ескеретін жайт, бизнесмендер мен жеке тұлғалардың банк арасында ссуда жиі сатып алынып, сатылуы болғанымен олар өтімсізактивтер болып табылады.

Негізгі қорлар, ғимарат, жиһаздар, құрылғылар өтімсіздігі жоғары активьер болып табылады, себебі олар әр түрлі. Мысалы, тек бір ғана кеңселік ғимараттың өзі бірнеше сипатқа ие, олардың бірі – оны басқа кеңселік ғимараттардан ерекшелейтін қызмет ету уақыты мен орналасқан жері. Осындай есепке байланысты, сатып алушы қаншалықты төлейтінін білу үшін бірнеше сипаттар мен танысуға уақыт пен күштің жеткілікті көлемін жұмсауы тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау үшін сатып алушы қосымша уақыт пен күш жұмсай отырып өзі қарастырып отырған ғимараттың сипаттамасы мен осыған бара – бар ғимараттарды салыстыру қажет. Өткізуді тездету үшін сатушы ғимараттың құнын төмендету арқылы сатып алушының бағаны салыстырудан бас тартуына әрекет жасауы тиіс. Банктердегі негізгі қорлардың өтімсіздігіне қатысты екінші себеп – көптеген банктің негізгі қорлары, оның ішінде сейфтік қоймалар, кассаны есептейтін машиналар (аппараттар) тек банктерде қолдану үшін жасалғандығы.

Ал бұл күшті сатып алушылардың сатып азайтатыны сөзсіз. Осыған орай, әр түрлі типтегі активтерді өтімді актив қолма – қол ақшадан бастап, өтімділігі төмен, негізгі қорларға дейінгі аралық ыдырайтын спектр секілді қарауға болады. Басқа банктердегі қарыз үкіметтіңқұнды қағаздар және бизнесменддер мен жеке тұлғаларға берілген қарыздар осы сппектрдің екі санының арасында орналасатын болады.

Ақша қаражатын көшіруді қажет ететін банк активті сатудан басқа жолы қысқа мерзімге басқа банктерден немесе ҚР Ұлттық банкінен қарызға қаражат алу мүмкіншілігі бар. Осыған байланысты баламалы қаражат көзін алу үшін алдын ала келісім жасау қажет етеді. Банк егер осындай туындай қалған жағдайда қанша қаражат тарта алатынын әрдайым білуі қажет. Осындай қаражат сомасы несиені алғандығы қолданылмаған мүмкіндіктер деп аталады. Бұл өтімділіктің көзі әлі баланстық есепте көрсетілген жоқ және оны кейде көрінбейтін өтімділік көзі деп атайды.[10]

Банктің қарыздық мүмкіншілігін анықтайтын негізгі фактор екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің өтімділікті қажет ететін банктерге қарыз беру саясаты болып табылады.

Егер несие беруші банктің қысқа мерзімге өтімділік мақсаты үшін несие беруші туралы өтінішін орындау кезінде өзінің қаржылық қызығушылығы шегінде іс - әрекет жасаса, онда ол келесідей  талдау жүргізі қажет.

Ең алдымен несие беруші тапшылықтың себебін анықтайды. Егер өтімділіктің жетіспеушілігі ағымдық шығындарды немесе депозиттердің жиі ауысуы сияқты банктің өз мәселелерінен туындаса, онда несие беруші несиені беруге онша көңіл бөле қоймайды. Ол жоғары сапалы тез арада өтетін активтердің кепілдікке салынуын талап етуі мүмкін. Керісінше, егер өтімділік тапшылығы несие беруе деген сұраныстың өсуі сияқты позитивті даму негізінен туындаса, банктің қарыз алу мүмкіншілігі әрине жоғарылайды.

Әр қарай несие беруші банктің барлық қаржылық жағдайына талдау жасап, осы талдаудың нәтижесіне сүйене отырып қаншалықты қаражат беретінін және қандай уақытқа беретінін анықтайды.

Орталық банк ретінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі біздің республикамыздағы банк жүйесінің осындай жағдайдағы қызмет етуіне жауап береді. Ол өтімділік тапшылығы бар банктерді несиелеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің өздерінің қаржылық қызығушылығына әсер етуі міндетті емес шаралар негізінде жүргізу саясатын қолдануы мүмкін. Осыған орай, банктің қадағалау Департаментінің инспекторлары мен талдаушылары орталвқ банктің нақты банкке қатысты несиелік саясатымен танысып алуға міндетті.

Валюталық тәуекелвалюталық  немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға  ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір – біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ., DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасымен шығынында көрініс табады.

Валюталық тәуекелдіктер операциялық, контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.

Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелмен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйукес келмегенде, сондай – ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кеқең ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудалық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагантіне банктік несие бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін қайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызген несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім – шарт валюта курсын белгіленген мен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнынң көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.

Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық нарықтарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кездерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, орбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.

Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.

Ашық валюталық позиция дегеніміз – ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай? Соған да байланысты болады.

Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді және де « + » белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де «-»   белгісімен белгіленеді.

Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарлап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайының төмен екендігін білдіреді (яғни «қысқа валюталық позиция»). Доллар/теңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция  банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болад, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай  дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.

Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдері болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық – несиелік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық – несиелік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс - әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.

Бүгінгі күнде валюталық тәуекел – бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.

Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдану мүмкін:

1)     белгіленген валюталық курсты хабарлау – курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен елдің экспорттық – импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы жолмен көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;

2)     инфляция және басқа да факторларға байлансты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған мысал бала алатын Ресей.

Мысалы, Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі – лит, ло АҚШ долларына қатаң байланыстырылған), ал Қазақстан республикасы екінші жолмен кетті.

Бүгінде валюталық курс – бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын – валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде қарастырылуы керек.

Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескерту өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың  мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы нарықтарға қатысу үшін (Қазақстан Республикасы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайлары ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде айтарлықтай зиян келуі мүмкін.

Сондай – ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.

Форс - мажорлы  жағдайлардың тәуекелі дегеніміз – бұл белгілі бір жағдайларда болатын аяқ асты және алдын алу мүмкін емес жайттардың болу ықтималдылығы (стихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілкінісі, қоғамдық құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б), олар өз кезегінде несиелік келісім – шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер етеді. Форс – мажорлық міндеттемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы келісім – шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуында.

Форс – мажорлы жағдайлар болған кезде келісім – шартты бекітуші жақтар жауапкершіліктен босайды, ол жөнінде БҰҰ конвенциясының тауарларды сатып алу – сатудың халықарлық келісім – шартты туралы 79 – шы бабында, сондай – ақ әр түрлі елдердің азаматтық кодекстерінде тікелей көрсетілген.

Әдетте форс-мажорлы міндеттемелердің тәуекелі банк мүліктерін сақтандыру компанияларында сақтандыру әдістерімен шектеледі.

 

 

1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері

 

Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты қүрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Қазіргі уақытта банктік нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.

Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің  белгісіздігімен сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалсы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.

Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Коммитетінің ұсыныстар соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.

Пайыздық тәуекелдің формуласы Фишер моделі деп аталады және былай сипатталады:

і = r + p

мұндағы:

і – пайыздық нарық мөлшерлемесі;

r – нақты пайыздық мөлшерлеме;

р – инфляцияның күтілетін қарқыны.

Номиналдық  және нақты пайыздық мөлшерлемелерді айыру қажет.

Номиналдық пайыздық мөлшерлеме = күтілетін, нақты тәуекелі жоқ пайыздық мөлшерлеме + инфляцияның күтілетін деңгейі + тәуекел – түзу (мерзімді сақтамау, қарызды өтемеу тәуекелі);

Нақты пайыздық мөлшерлеме – бұл тұтынушыны, оның табысының бір бөлігін сақтауға қызығушылығын арттыру үшін қажетті пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.

Базалық тәуекел – пайыздық мөлшерлеменің құрылымдағы болатын өзгерістер. Ол банк депозиттерде тартылған қаражаттардың пайыздық мөлшерлемесі осы ресурстарды орналастырған кездегі базалық мөлшерлемеге сәйкес келмегенде пайда болады. Базалық тәуекел күрт өседі, егер банк базалық мөлшерлеме боынша қаражаттарды тартса, аз өзгермелі мөлшерлеме бойынша орналастырса.

Уақытша «үзіліс» тәуекелі ресурстарды бірдей базалық мөлшерлеме бойынша тартқан және орналастырған кезде болады, бірақ оларды қарастыру мерзімі бір – бірінен уақытша үзіліспен жүреді. Тәуекел оларды қарастыру мерзімдерін таңдаумен байланысты болады.

Пайыздық тәуекелдің сыртқы көрінісі маржаның төмендеуі кезінде көрінеді. Пайыздық тәуекелді басқару активтерді және міндеттемелерді басқарудан тұрады. Активтерді басқару, банктің тәуекелді активтер портфелінің құрылымын анықтауға көмектесетін, өтімділіктің тапқырлығымен және қарызды өтемеу тәуекелімен шектеледі. Сонымен қатар, несиелерге бағалардың құрылысын анықтауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банкілер тарапынан бағалық бәсекелестіктің болуы. Міндеттерді басқару келесідей шектеулерге тап болады:

-         банк кез келген уақытта өзінің салымшылары мен басқа да кредиторлар арасында сәттілікпен орналастыра алатын қарыздық құралдардың таңдауын және мөлшерін шектеу;

-         бір қаражаттарға басқа банктілер тарапынан бағалық бәсекелестік кезінде болады.

Пайыздық тәуекелдерді басқаруда келесідей сақтандыру әдістері қолданылады:

1.      пайыздық мөлшерлеменің деңгейін болжау;

2.      қайтару мерзімін және пайыздық мөлшерлемені бекіту әдісі бойынша активтер мен пассивтердің үйлесімділігі;

3.      пайыздық своптарды жүргізу;

4.      резервтерді және провизияларды құру;

5.      фьючерстер және опциондар арқылы хеджирлеу және т.б.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлемеде берілген несие қарыз алушыны пайыздық мөлшерлеменің өсуінен шығындар тәуекеліне алып келеді. Ол әрине, тіркелген ставкасы бар несиені алуы мүмкін бірақ бұндай мөлшерлемемен несиелер не болмайды, не өте қымбат пайызбен беріледі. Онда қарыз алушы своп мәмілесін қолдану мүмкін. Ол өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі міндеттемесін тіркелген мөлшерлемедегі міндеттемеге ауыстырып және ол адпмға белгілі бір сыйақы сомасын төлейді.

Қазақстанда инфляцияның қарқынын болжау соңғы уақытта пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтауда шешуші фактор болып табылады. Пайыз тәуекелін хеджирлеу үшін әртүрлі әдістердің жиынтығын қолдану қажет. Тек сол уақытта ғана тәуекелді басқару нәтижелері қанағаттанарлық болады.

Пайыз тәуекелін басқарудың келесідей концепциялары бар:

1. банктің пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық тәуекелдің деңгейі төмен болады.

2. «СПРЕД» концепциясы немесе таза пайыздық маржа (NIM). Ол бойынша өлшенген орташа мөлшерлеме мен пассивтер бойынша төленген мөлшерлеме арасында айырма талданады.

3. «Үзіліс» концепциясы. GAP = RSA – RSL, мұндағы

RSA – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал активтер:

          RSL – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал пассивтер.

              «Үзіліс» концепциясы банктің тіркелген және өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі активтер мен пассивтердің теңсіздігіне талдаудан тұрады. GAP пайыздық мөлшерлеменің өзгеріне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқарумен түсіндіріледі. Пайыздық тәуекелдің дәрежесі пайыздық маржаға және  спред – ке әсер ететіндіктен, пайыздық мөлшерлеменің үзілістің мөлшеріне және бағытына, жылдамдығына және ұзақтылығына тәуелді болады. GAP – тің үзіліс шамасы пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің өзгеруін хеджирлеуге, не  GAP мөлшерлеменің спекулятивті өзгеруі үшін қолданылады.

              Пайыздық тәуекелдің деңгейі келесілерге тәуелді болады.

      Активтер портфеліндегі өзгерістерге;

      Пайыздық мөлшерлеменің динамикасына.

Пайыздық тәуекелдің деңгейін бақылаужәне басқару үшін нақты жағдайларға байланысты банкпен нақты стратегиялар құрастырылады.

Пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне қарсы қорғаушы әдістерің мақсаты – банктік пайданы олардың жағымсыз өзгеруінен қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал құрылымдарға өзінің бар назарын аудару қажет. Портфельдің активі бөлігінде бұл несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялары болса, пассивте бұл депозиттер мен ақшалай нарықтағы заемдер болып табылады. Банктің пайдасын пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің жағымсыз әсерінің қорғау үшін банктің басқармасы таза пайыздық маржаны тіркелген деңгейде ұстау қажет.

ТПМ = таза пайыздық табыс / барлық табыс әкелетін активтердің құны.

Мысалы, ірі халықаралық банк несиелер мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық төлемдер 4 млрд. долларды құраса, тартылған депозиттер мен  басқа да заемдық қаражаттар бойынша пайыздық қаражаттарды төлеу шығындары 2,6 млрд. долларды құрады. Банктің активтерінің жалпы сомасы 40 млрд. доллар болғанда,  ТПМ – ның үлесі қанша?

ТПМ = 100% *($ 4 млрд. – $ 2,6 млрд.) $ 40 млрд. = 3,5 %.

Егер ТПМ – ның бұл көрсеткіші банктің көңілінен шықса, онда ол пайыздық мөлшерлеме өзгеру тәуекелін хеджирлеудің әртүрлі әдістері үшін қолданылады. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелін хеджирлеудің өте кең тараған түрі дисбалансты басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруінен сақтану үшін келесі теңдікті орындау қажет:

Пайыздық мөлшерлеменің                                        пайыздық мөлшерлеменің

өзгеруіне сезімтал                                =                    өзгеруіне сезімтал

активтердің құны                                                       активтердің құны

              Бұл теңдікті сақтау өте күрделі процесс болып табылады. Себебі нарық коньектурасының өзгерістері банктің пайыздық саясатына әрқашан да әсер етіп тұрады. Егер бұл теңдік орындалмаса, онда дисбаланс пайда болады.

              Дисбаланс = пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал пассивтер. 

              Егер бұл теңсіздіктің мәні вольден жоғары болса, онда оң қалдық, ал ноьден төмен болса, онда кері қалдық болады. Банктің активтері мен пассивтерінің нақты көлеміне дисбалансты басқаруды келесі кестедегі мәліметтер бойынша талдап көрейік. [11]

              Бұл кестеден банктің активтері мен пассивтердің пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі кезіндегі сезімталдығына байланысты пайыздық табыстың өсуін, не кемуін көріп отырмыз.

              Қазіргі уақытта банктер дисбалансты басқару әдістерінің әр түрлі нысандарын қолданады. Бұл үшін банктер келесідей шешімдерді қабылдау қажет:

      Банктің ТМП – ны қалаған деңгейге жету аралығындағы уақыт кезеңдерін таңдау қажет;

      ТМП – ның мақсаттылы мәнін анықтау қажет;

      Егер банк ТМП – ны ұлғайтқысы келсе, онда ол пайыздық мөлшерлеменің нақты болжамын құрастыру қажет, не табыстар мен шығындар деңгейлерінің арасындағы айырманы өсіру мақсатында өзінің активтері мен пассивтерін қайта бөлу үшін тәсілдерді іздеу қажет;

      Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтердің қалаған көлемін анықтау қажет.

Енді Халық Банкіндегі  пайыздық саясатқа талдау жасап көрейік. 2002 жылы банктің таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1871,2 млн.теңгені құрады (2002 жылы – 31,1 млн. теңге). Есепті жылы операциондық табыстардың мөлшері 44,6 % - ға өсті және 19,0 млрд. теңге болды. Таза табыстар 87,5% – ға өсіп, 8,6 млрд. теңгені құрады. Бұл банктің операциондық потенциалының өскендігін білдіреді, яғни активтерді орналастыру мен табыстарды бөлу үшін қаражаттарды тарта алу мүмкіндігінің болуы. (мына мәліметті 4 қосымшадан қараңыз).

                                                                                                           

2 – кесте                                         Операциондық маржа*

                                                                               мың теңге

Таза пайыздық табыс

2005

2004

пайыздық емес табыстар

7 806 738

5 817 353

Барлығы

18 955 188

13 110 373

Капиталмен операциялар

бойынша табыстар

199 415

148 203

Түзетілетін табыс

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

18 755 773

12 962 170

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

10 170 487

8 408 574

Қайта құруға кеткен

шығындар

28 816

40 095

Түзетілген шығындар

10 141 671

8 368 479

Операциондық маржа

8 614 102

4 593 691

 

*Көзі: Халық Банктің 2002 жлғы есебі, 74 – бет.

 

2002 жылдың 31 қаңтарына мүмкін болатын шығындарға резервтерді құруға дейін сыйақы бойынша таза табысы 7,8 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ол 34,2 % - ға өсті. Таза табыстың 6,2 млрд. теңгесі резервтерді құруға жұмсалды.

 

3 – кесте                              Таза пайыздық табыс*

 

 

2005

2004

Жалпы пайыздық табыс

7 806 738

5 817 353

Резервтер

6 199 456

4 460 958

Резервтерді алып тастағанда таза пайыздық табыс

1 607 282

1 356 395

Таза пайыздық маржа (Margin)

5.34%

5.89%

 

*Көзі: Халық Банктің 2002 жылғы есебі, 74 – бет.

Табыс мөлшерлемелердің төмендеуі және ресурстарға бағалардың өсуі таза пайыздық маржаның (Margin) көрсеткіштерінің төмендеуін түсіндіреді. Резервтеуге аударылған соманы есепке ала отырып, таза пайыздық маржа (Risk Adjusted Margin) 1,10 % құрады. (2005 жылы – 1,37%).

              Банктік тәуекелді басқару шығындары төмендету мақсатымен банк қызметіне әсер ету ретінде қарастыру қажет. Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы» нұсқаулар тәуекелдерді басқару жүйесін талап етеді.

              Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар:

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру;

      Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде заем операцияларын жүргізу тәжірибесінің болуы;

      Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдармен операциялар жүргізу тәжірибесінің болуы;

      Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде операциялық қызметінің, ақпарат жүйесін және басқару ақпараты жүйесін қалыптастырудың болуы.

Пайыз саясаты банк қызметінде оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Қарастырылған әдістер және тәжірибеге қолдану барысында Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің ойдағыдай жұмыс істеуіне және пайыз тәуекелінің ең төменгі минимум деңгейіне дейін әкелуге мүмкіндік береді.

Несиелік тәуекел - қандайда бір банкпен жұмыс жасауды шешім қабылдауда ол туралы барлық қолайлы ақпаратты бағалауда негізделуі тиіс.

Мұндай тәсіл қателесу мүмкіндігін төмендетіп, өз қаражатын сақтап қалу мүмкін болады.

Сенімділікті басқару концепциясы көбінесе банктердің қаржылық тәуекел қызметін минимизациялау және бақылауда тәуелді болады.

Қарама қайшы жағдайда тәуекелдің төмендеу мақсаты операция көлемінің рентабельділігі төмендеу есебінен жету мүмкін. Сенімділіті басқару бірінші орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада жөн табу керек. Сонымен бірге күнделікті банктік байланысты басқару жұмысымен байланысты болу керек.

Бұл банктік қызметте, кірісті максимизациялау және тәуекелділіктің бағытталуы тиіс. Демек, негізгі мақсат қаржылық жоспардың сенімділігін қолдау мыналар болып табылады:

- кірісті максимизациялау;

- тәуекелді минимизациялау.

Сенімділікті басқаруда негізгі ядросы актив және пассивті басқару болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқаруда негізгі көзі болып, банктің өздерінің ресурстық базасын қалыптастыру яғни, оның қарызының және өзінің қаражаттарының анализі болып табылады.

Тәуекелдерді басқаруда пайыздық ставканың өзгеруі бір қатар әдіспен бақыланады. Берілген тәуекелдің әсер етуін өлшеу көрсеткіші, банктіңтаза табыс пайызы және оның таза пайыздық маржасы болып табылады.

Төлеуге шамасы келмейтін тәуекелі банктің бақылау көз қарасы бойынша және оның экономикалық мағынасы бойынша қарастырылуы мүмкін. Банктіің ұзақ кезеңінде банктің кірісінен шығын жоғарылағанда қанағаттанарлықсыз құрылып пайда болады. Мұндай жағдай үш негізгі экономикалық себеп пайда болады:

-         Банктен клиенттің қаражаты бір жолата кетеді, өтімділік тапшылығын білдіреді;

-         Қайтарылмаған несиені жабуда шығынның көбеюі;

-         Банкте өте көптеген дәлелсіз операция негізінен өзінің қаражатының бірте – бірте азаюы.

Төлеуге шамасы келмейтін тәуекел банктік бақылау тарапынан банкроттылық банктің капиталдың жеткіліктілігін қанағаттандырмағандықтан байланысты болады. Соңғысы негізгі функцияны орындауға банктік капиталдың жеткіліксіздігін білдіреді:

-         банктің жалпы сенімділігін қолдау;

-         банктің өтелуі жағдайында халықтың ақша салымдарын қорғау;

-         уақытша өтімділік проблемасы кезінде қордың біріктілігін қамтамасыз  ету;

-         барлық несие алушылардың қызығушылығын қорғау;

Экономикалық мағынада төлеу қабілетсіздік несиелік ұйымдарда шығын өзінің қаражатынан асып кеткен жағдайда пайда болады.

Демек, қабілетсіздік тәуекел факторларын ескере отырып, актив құрылымының нашарлауына операция нәтижелігінің төмендеуіне әкеп соғады. Мұндай жағдай соңына банктің дамып келе жатқан кезеңінде дағдарыспен және төлем қабілетсіздікпен аяқталады.

Банктің практикада қорларды баланстың басқару әдістерін қолдану тәуекел проблемасына назарын нығайтуға мүмкіндік туғызады. Әрбір тәуекел түрі банктің менеджерлері мен акционерлері мен қатаң бақылануы тиіс.

Несиелік тәуекел несие беру процесінде ескерілуі қажет.

Анализ және қарыз портфелін бағалау және банктің несиелік қызметі банктің жалпы қаржылық жағдайын маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қарыз портфелімен несиелік тәуекелдің негізгі бөлігі байланысты болып келеді. Көптеген банктерде қарыз портфелінің сапалық проблемасымен байланысты дұрыс басқарылмауынан және басқада жағдайлардың әсерінен банкроттыққа себеп болады. Банктік бақылауының мәліметтері бойынша өтімділік процесін тартудағы негізгі себеп банк алдындағы ссудалық қарызды өтеудегі төменгі деңгей болып табылады. Банктің заёмщиктерінің басым бөлігі төлеуге шамасы келмейтіндер, не болмаса алдақашан заңды тұлғалар болып табылмайды.

Сондықтанда несиелеу функциясы және осымен байланысты операциялар банктің басқа салалармен салыстырғанда мұқият қарастырылуы керек. Несиелік саясат және тегінде несие банктік тәуекелді басқаруда өзегі болып табылады.Несиелік тәуекелді басқару процесінде төрт негізгі кезеңді атап көрсетуге болады:

1) Несиелік тәуекелді бағалау және анализдеу – тәуекелді анлмздеудің алғы шарты теңестіру болып табылады. Банк әртүрлі ақпарат негізінде тәуекел байланысы мен түрлері анықтау керек. Сонан соң, тәуекелдердің қандай түрлері өзгеруі мүмкін болатынын анықтау керек. Ақпаратты өңдеу мен жинаудағы шығынды есептей отырып, сол сияқты ескерілмеген тәуекелді белгілеу қажет.

2) Тәуекелдердің көлемін анықтау – тәуекелдерді теңестіру проблемасы әдістерді өлшеумен тығыз байланысты. Тәуекел көлемін анықтау тұрақты шығындардың көлемін бағалау және тәуекелді басқаруды белсенді деңгей көмегімен мүмкіндік береді. Несиені балдық көрсеткішін бағалау әдісін қолдануға болады (5 – кесте). Кестеде несие беру шешімін қабылдау және тәуекелді есепке ала отырып оның бағасын анықтау көрсетіледі. Онымен қоса неғұрлым клиент  тәуекелі төмен болса (төлем қабілеттілігі жоғары болса), соғұрлым несие төлемі аз болады.

 

1сурет       Тәуекелді ескере отырып несие бағасын анықтау*

Тәуекел бағасы (%)

             Рд              Д

             Рс             

                           С

             Рв

              В

            Ра              А

 

             

                                                                                             ТӘУЕКЕЛ РЕЙТИНГІ

 

* Көзі: Управление Банковскими Рисками,Алматы.:2002г, стр – 34.

 

Мысалы: В клиентке қарағанда А клинттінің жақсы рейтингі бар болса,  соған сәйкес ол үшін пайыздық ставкасы төмен болады. С және Д клиенттер банкке сәйкес келмейді. Қаржылық компания үшін тәуекел көз қарасынан қолайла болуы мүмкін.

Сондықтан жалпы мұндай компаниялар немесе несиелік серіктестіктер несиені көбірек алу керек.

3)Несиелік тәуекелді басқару – тиісті тәуекелді басқару және оның мөлшері анықталғандықтан, несиелік тәуекелді басқаруда стратегиямен әдісті өңдеу қажет. Ол несиелік тәуекелдің пайда болуын болдырмауға бағытталған.

 

2сурет         Несиелік тәуекелді басқару ұйымы мен әдістері*

 

Банк стратегиясы

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*Көзі:Банктік тәуекелді басқару, Алматы.:2002, 25 – бет.

 

3) Несиелік тәуекелді басқаруда бақылау эффектілігі – несиелік тәуекелді басқарудағы шешімдер үнемі бақыланып тұруы тиіс. Жоспарланған көрсеткіштен іске асырылған тәуекел көлемін айқындау және анализдеу себебінің ауытқуына бақылау. Несиелік қызмет үшін шығын және тәуекел құрылымы тәуекелді іске асырумен байланысты.

              Егер табыстылық деңгейі жоғарыламаса немесе қабылданған шешімдер еш нәтиже әкелмесе, банк өтімділік несиеге көшуге мәжбүр болады. Банк клиентті несиелеуде қатыспайды оның орнына өтімділікті қамтамасыз етуге ауысады. Егер банк бланкілік несие немесе жүзеге асыруды қамтамасыз ету толығымен проблемалық несиені өтеуге рұқсат етпесе – онда сот арқылы несиені қайтарып алуға жету. Соттық шешім банкке клиенттің табысын және активтерін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ ескере кететін жайт, өтімділікті өткізуде банктің атын жақсартпайды. Банкке тиетін зиян басқа жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:

-         Банктің аты нашарлайды, көптеген ұзартылған және төленбеген несиелер үшін инвесторлармен салымшылардың сенімділігі азаяды;

-         Табыстылықтың азаю салдарынан жоғары мамандандырылған кадрлардың кету қаупі туады;

-         Қарызгердің банкке қарсы талап қаупі туу.

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып несиелік тәуекелді басқару әдісін топтастыруға болады. Әдісті (сурет 3) түрінде көруге болады: (Қосымша 3).[12]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II – ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ. («Дана банк» мәліметтерінен алынған)

 

2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру

 

Банктік тәуекелді басқару жүйесі – басқарушылық шешім қабылдауда банктік тәуекелді басқару жүйесі бірінші топты ұсынады. Соның ішінде кез келген тәуекелді айқындау, өлшеу, таратпау және бақылап отыру банктік қызметке әсер етуін минималдау.

Тәуекелді басқару жүйесі келесі элементтерден тұрады:

-         айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі;

-         тәуекелді бақылау жүйесі,

-         тәуекел мониторингі.

Айқындау және тәуекелді өлшеу жүйесі – тәуекелді басқару нақты тәсілде негізделеді. Тәуекелді басқаруда негізгі факторларды белгілеп бағалау, тәуекелді өлшеу, модельдеп әртүрлі жағдайды болжау осы негізде қалыптастыру болып табылады.

Тәуекелді бақылау жүйесі немесе Банк ішілік бақылау жүйесі. Банк ішілік бақылау жүйесінің тиімді және өтімді жұмыс істеу банктік тәуекелді басқару жүйесінің негізі болып табылады.

Банк ішілік  бақылау жүйесі күнделікті қызметінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар тұрақты және үздіксіз процесін ұсынуда Банктің Директорлар Кеңесі, Банк басқармасы, барлық бөлімшелер және әрбір Банк қызметкерлері қатысады. Банк ішілік құрама бақылау қызметін банк ішілік аудитор жүзеге асырады.

Тәуекел мониторингі – бұл банктік тәуекелді бақылау және үнемі тәуекелсіз бағалау жүйесін білдіреді.

Банктік тәуекелді басқару жүйесінің ұйымдық құрылымы төмендегі деңгейде ұсынылады:

Бірінші деңгей (жоғары) Банктің Директорлар Кеңесімен ұсынылады. Банктің барлық қызметінің стратегиялық басқарылуымен бақылауын жүзеге асырады.

Директорлар Кеңесінің  ерекше өкілеттілік құрамына кіретіндер:

-         Банктің ұйымдық құрылымы  мен банк басқармасының жетік құрамының сайлануы;

-         Банктің ұзақ мерзімді мақсаттарын бекіту;

-         Саясатпен тәуекелді басқару процедурасын мерзімділік бір жылдан кем емес қарастырылуын бекіту;

-         Банктік қызметті бақылау мен мониторингті жүзеге асыру;

-         Тиісті бақылау принципіне негізделген тәуелсіз корпоративті қарым – қатынасты сақтау және орнату;ъ

-         Банк қызметін бақылау және мониторингтің міндетті ісін тиісті құрылған комитет арқылы Директорлар Кеңесімен жүзеге асырылады.

Мұндай комитеттерінің бірі – Банк активтері мен пассивтерін басқару комитеті (АПБК) болып табылады.

                   Бұл комитет функциясында методикамен регламентті өңдеу, банктің актив және пассив функциясын басқару, сол сияқты мониторингпен нұсқауланған функциялармен бақылауды жүзеге асыру.

              Банк активтері мен пассивтерін басқару Комитеті төмендегілерге жауапты:

-         қаржылық тәуекелді басқаруда қатысты ереже мен методиканы өңдеу;

-         банктің аналмзбен мониторингтің тиімді жұмыс істеуі, оның рентабельділігі;

-         анализбен мониторингке байланысты қысқа мерзімдік және стратегиялық жоспар құруды қамтамасыз ету;

-         несие мен депозитке ақы төлеуді белгілеу;

-         ішкі нормативтер мен лимитті белгілеумен өңдеу;

-         қолданылған қаражаттармен қысқамерзімді және ұзақ мерзімді анализді нұсқаулар бойынша қарастыру.

Екінші деңгей банк басқармасы деңгейіндетәуекелді бақылау мен басқару. Банк басқармасы банк тәуекелін басқаружүйесін функционалды және толықтай төменде көрсетіліп отырғандай қамтамасыз етуі міндетті:

-         банктік бекітілген стратегиялық дамуын жүзеге асыру;

-         банктің  стратегиялық мақсатымен байланысты мүмкін болатын тәуекелді анықтайтын ішкі саясатпен регламенттің жетілдірілуі;

Бөлімшелермен анықталған белгілі бір функционалдық тиісті орындалуын ай сайын банк басқармасы Директорлар Кеңесіне соңғы мониторинг функциясын іске асырылуын банк қызметінің бақыланып отырған қажетті ақпаратты ұсынады. Қажетті ақпараттар тізімі оның құрамы, ұсыну мерзімі Банк Директорлар Кеңесімен анықталады және бекітіледі.

Үшінші деңгей банк құрылымдық деңгейде және өзара әрекеттестік тәуекелдерді басқару.

Банк бөлімшелерімен тәуекелді басқару банктің жалпы саясаты активтер мен пассивтерді басқару негізде жасалады.

Банктің құрылымдық бөлімшелері белгіленген уақытта тиісті есепті тәуекел менеджеріне ұсынады. Сонымен қатар, қажетті ақпараттар тізімі, есеп берушіні тәуекел менеджерімен өңделеді және Банк басқармасымен қарастырылып бекітіледі. Тәуекел менеджері бөлімшелерінің есеп негізінде тәуекелдің құрама есебін құрып, оны Банк басқармасына немесе Директорлар Кеңесіне ұсынады. Осылайша Банк тәуекелі басқару жүйесінің ұйымдық бара – бар ақпарат ағымын – жоғары, төмен және көлденең қамтамасыз етеді. Сонымен төменнен жоғары келіп түскен ақпарат Директорлар Кеңесінің және Банк басқармасының банктің ағымды ақпараттарының тәуекел қызмет барысында оларды бағалау және басқару деңгейінде бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттардың жоғарыдан төмен бағытталуы ішкі бекітілген құжатымен регламенттері банктің мақсаттарының жетілуін, оның стратегиясын қамтамасыз етеді. Көлденеңнен тапсырылуы банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасының жобалануын білдіреді.

4сурет Банктік тәуекелді басқару жүйесінің ұйымдық құрылымының графикалық кестесі*

 

 

 

 

                                          Банктік қызметті бақылау және стратегиялық басқару.

 

 

 

 

 

 

                           

              Тәуекелді басқаруда бөлімшелер қызметін бақылау                                             

                                               тиімді жүйені ұйымдастыру.

 

                Ағымдағы басқару тәуекел мониторингі және бақылау             

 

*Көзі: «Данабанк» Тәуекелді басқару.Алматы – 2005, 6 – бет.

 

Банктік бөлімдеу деңгейінде тәуекелді басқару. Клиенттермен несиелік операция жүргізу барысында несиелік тәуекелді басқару. Несиелік операциялар жүргізу барысында негізгі банктің несиелік ұйымдастыру қызметі актив және пассив басқару саясатымен, қазіргі саясатпен банк ішіндегі саясат ережесімен байланысты болып, несиелік тәуекелді басқару жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Банктегі ішкі несиелік саясатының негізгі принциптерінің бірі:

1.     Несие қабылдауда алқа болып шешу, бір тұлғаның несиелік лимиті қалайда несиелік шешім қабылдауда мүмкін еместікті жобалайды. Несие шешімін алқалық орган шешімі негізінде Банктің несиелік комитеті немесе Директорлар кеңесі қабылдайды.

2.     Несиелік қызметті бақылау. Банктегі барлық бөлімшелердің несиелік саясатын орындауды, банктегі барлық несиелік стандарттармен процедралардың орындалуын қамтамысыз ету.

3.     Несиелік тәуекелді бақылау. Банктің қарыздық портфелінде несиелік тәуекелді анализдеу және бағалау болжамданады.

4.      Барын қамтамасыз ету.

5.     Қарыздың толықтай қолданылуын бақылау. Клиенттің қаржылық жағдайының немесе қарыз алушының қаржылық мониторингі, кепілі, мүлткісіз сақталушылығын бақылау.

6.     Несиелік портфельді диверсификациялау. Банк мүмкіндігінше несиелік портфельді диверсификациялауды өткізеді. Бір типті бизнес кепіл түрлерімен, салалық, аймақтық, қарыз шоғырлануын шектеу. Басқада ерекше диверсификация элементтерінің бірі – бір қарыз алушыға тәуекелді шектеу болып табылады.

7.     Несиелік процесті ұйымдастыру. Банкте несиелік процесс несиелік қызметтің міндетімен анық шектеулі функциясы негізінде жүзеге асырылады.

 

2.2 Банктік тәуекелдерді бағалау және басқару жолдары

 

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.

Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.

Бақылау тиімділігі көзқарасы жағынан тәуекелдерді басқаруды құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде банктің басқару ролі тәуекелмен байланысты стратегия, тәуекелдері жалпы басқару, қолдау функциясының құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы ескеріледі.

Банкті басқарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде жиі кездесетін тәуекелдерді түсінумен осыған сәикес бақылау жауапкершілігі нақты басқарылады.

  Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:

- несиелік тәуекел;

- портфелді топтау;

- ағымдық тәуекел (операциондық);

- бизнес тәуекелі.

Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық басқару; тәуекелдерді басқару бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.

Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас жүиесіне тәуекелдері анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді. Қорытынды жауапкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге асады

Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек, персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы-мінез құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыс- керлердің есепке алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу аудиттің көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.

Техникамен байланысты тәуекелдер «Рейтер», «Телерейт» сияқты димененттік жүйе және де «СВИФТ» пен «Телекс» төлемдік жүйесін жаппай қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды жаңарту кезінде персоналды компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және жүйелерге кіруді қадалағау үшін құпия сөздердіқолдану тәуекелдердің деңгеиін азайтуға мүмкіндік береді.

Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген  бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылықтың  тиімсіздігі және жауапкершілікті бөлу кезіндегі келіспеушілік осының бәрін ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен әдістерін уақтылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүргізу аытоматты бақылау жүйесін жасау қажет.[13]

Ақпараттық тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк құзырындағы тауарларды, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе заңы құқықтарына ақпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері дұрыс толтырылмаған.

Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді басқару бойынша арнайы бөлімше болуы қажет.

Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыспен шығындарыд бөлу, қызметті бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде несиелік  тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңдық тәуекелді, бухгалтерлік есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық тәуекелін бағалауға қиынға түседі.

Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртекктес қағидаларының сақталуын білдіреді.

Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу, өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін жәнк қарыз тәуекелінің есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп есептеледі. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше мәнге ие болады.

Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибедегі өтімділік тәуекелдің үш түрін бөлуді ұсынады:

-         ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімдік талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын қажетті деңгейін ұстап тұру;  

-         қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;

-         нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі.

Нарықтық тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелді өлшеудің біріңғай қағидасының сақталуының, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелді күнделік есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.

Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл мақсатта әрбір операцияна қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай «бөліп» тастау қажет.

Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілікпен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықталады.

Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады. Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас.

Потенциалды тәуекел – бұл егер партнер операцияны жүзеге асыру кезінде алдағы уақытта өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.

Біздің республикамыздағы банктер тәжірибедегі несиеге шектеу қою үшін несиені бағалаудың тәуелсіз прцесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген стандартты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қодану мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік құрылымдар және басқару тараптар заңды құқықтар мен өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер жүргізуді талап етуі мүмкін.[14]

Тәуекелді бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі. Несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық ұйым масштабында жинақталып және бақыланады.

Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнның шегімен салыстырғанда есебі үшін негіз болып табылады.

Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті осы немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын ала сақтау дәрежесін анықтай және операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

Банк қызметінің басты мақсаты – пайда табу негізінде басшылық ететіні белгілі. Әлемдік банк жүйесінің даму тарихы әлемде болса, банк операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде. 

Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелдіктерді үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару іс - әрекетінің тиімділігін қадағалау. Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында және кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.

Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі соңғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің шарттын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасындағы тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестіктерді қосып алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктердің үдейе түсуі; технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі және клиенттердің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар шығын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады.

а) Қарыз құралдарының диверсификациясы:

- мерзім бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді). қарыздарды барынша ұзақ уақытқа берудің артықшылығы мол;

- тартылу түрлері бойынша (заңды тұлға депозиттері, азаматтардың салымдары, банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп болған сайын, өте жақсы;

- тартылу көздері бойынша (салалар, клиент топтары, азаматтардың әлеуметтік жағдайы бойынша). Әр түрлі тарту көздері көп болған сайын, тәуекелдік барынша төмен;

б) Қолданылатын құралдардың деверсификациясы: актив портфельдеріне сенімді құралдарды барынша көбірек үйлестіру қажет. Сонымен қатар, активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (құрылғылар) шектеулі болуы қажет;

в) Ссуда (қарыз) портфелінің диверсификациясы:

- мерзім боынша. Несиелеу көбінесе қысқа мерзімдік және орта мерзімдік уақытқа берілуі тиіс;

- қарыз алушылар бойынша. Ссудалық портфель мүмкіндігінше түрлі қарыз алушылар арасында аз сомалармен үлестірілуі қажет;

Таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында келесідей әдістердің көмегімен тәжірибе барысында іске асырылады:

- Банк құрылымдарында, банк операцияларын жоспарлауда және болжауларды үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің, заңды тұлға бөлімшелерінің және маркетингтік зерттеу қызметтерінің бар болуы;

- Банк клиенттері бойынша, банктің қауіпсіздік бөлімінің материалдары және мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау;

- Мерзімдік басылуларға жазылулар аналитикалық агенттіктер және электронды ақпарат қызметтерін алулар, арнайы бағытталған фирмалардан, мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейтр, Блумберг және тағы басқалар болып табылады.

Лиметтеу – банктің көлемі, құралдары, әріптестері және т.б. бойынша жүргізілетін операцияларын шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін шектеу түрлері кең тараған:

-         әрбір жеке контр – партнер операцияларына шектеу;

-         әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе дилерлерге шектеулер;

-         бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;

-         бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;

-         баланстан тыс міндеттемелердің максималды көлемі;

-         келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің максималдылығы;

-         банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары, әрбір пайда және шығындары бойынша шектеулер;

Өзіндік сақтау. Банктің өзіндік сақтау резервті қоры болуы тиіс, ол банк пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай – ақ, ссудалар бойынша үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған қаржылардан құрылуы тиіс.

Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуекелділігі, оған қоса депозиттер, ссудалар, инвестицияларды сақтандыруы тиіс.

Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату – сатып алу барысында кері байланыстар немесе кері бағыттағы орнын толтырулардың ашылуларының көмектері арқылы хеджирленуі тиіс.

Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы қазіргі заманға сай бірден бір әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған басқарушылардың банк үшін қатаң қиыншылықтар туғанға дейін пайда болған мәліметтерді шектеудегі әдістері негізінде қорытындыланады. Негізгі сапалық басқару барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.

Біздің қарастырып жатқан әдісіміз Қазақстан Республикасы Банк жүйесіндегі тәуекелділіктің потенциялын едәуір төмендетуін көрсетеді. 

Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қаматамысыз ету – жалпы экономика дамуының басты шартты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғарға тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі – банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайд.банк пайдасының үлкен бөлігі несилеумен байланысты. Бірақ несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені, банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуінеитермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару, реттеу шаралармен уақытылы айналысып отыруға тиісті. [15]

Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлімаңызды болып табыллады. Мұнда мемлекет өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің 1720 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру тралы» жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болады. Атап айтқанда реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттікке жүктелінген болатын.

Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақсатн Республикасының Қаржы нарығы мен  қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін – банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар:

      Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

      Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты мақсаты- несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады.

      Жалпы экономикаға әсер етуіне байланысты несиенің кейбір түрлерін шектеу немесе қолдау көрсету.

Несиелік  тәуекел реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі – 2002  жылы  3 маусымдағы Қазақсатн Республикасының Ұлттық  Банкі    Басқармасының 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы» ереже. Атап айтсақ, оның ішінде: «Меншікті капиталдың жеткіліктілік кофициенті» және «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері».

Меншікті капитал банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың жиынтығы ретінде есптелінеді.

Меншікті капиталдың жеткілікті төмендегідей екі коэфициенттердің көмегімен есептелінеді.

1) Бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебінде кіретін бірінші деңгейдегі капиталдың үлес шегінде алынған банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебіне кіретін банктің инвестициялар сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасы:

К1= К1 – ИК / А

             

Мұнда К1 – бірінші деңгейлі меншікті капитал.

              Бұл мыналардан құрылады:

-         төленген жарғылық капитал;

-         қосымша капитал;

-         өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс; шегерілген (-)

-         материалдық емес активтер;

-         өткен жылдардағы зиян;

-         ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылғы табыстардың артық сомасы.

ИК – банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы.

А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтердің сомасы.

Бұл коэфициенттің мәні 0,06 – дан кем болмауы тиіс.

2) Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша салыстырылған, арнайы резервтер сомасына азайтылған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына, сондай – ақ екінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізілмеген екінші деңгейдегі капитал бөлігіне қатынасы:

 

К2 = К / Ар Пс  

 

Мұнда, К – банктің меншікті капиталы; 

Ар – тәуекел жәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы.

Пс – арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1,25 % асатын сомасы).

Бұл коффициенттің мәні 0,12 – ден кем болмауы тиіс.

Банктің несиелік тәуекелін реттеуде маңызы бар келесі пруденциалдық нормативтер – бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз алушы – Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

1) Банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға байланысты банк талабы;

2) Соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;

3) Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушынемесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;

Шегерілген (-), қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:

-         Банк қарамағында берілген депозиттегі ақшасы, Қазақсатн Республикасының Үкіметі жіне Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, құйма бағалы металдар, Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингін иеленетін банк кепілхаттары;

-         Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «ВВВ» рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.

Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептелінеді:

    

К3 = Т / К

 

Мұнда, Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті);

                 К – банктің меншікті капиталы.

К3 – тің мәні екі жағдайда қарастырылады:

1) Банкпен ерекше қарым – қатынастағы қарыз алушылар үшін – 0,10 – нан аспауға тиіс;

              2) Басқа да қарыз алушылар үшін 0,25 – тен аспауға тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген банктік несиелер, сондай – ақ офшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақсатн Республикасының  бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).

              Мемлекет тарапынан несиелік тәуекелді реттеу шараларының ішіндегі келесі бір құралы – міндетті резервтер нормасын құру.  Проблемалық несиелрдің туындауы – кейбір банктермен жалпы мемлекеттің тұрақты проблемаларының бірі болып табылады. Банктік жүйенің тұрақтылығ мен сенімділігін арттыру, кредиторлар мен банк салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы  провизиялар құру туралы» ережесін бекітті. Бұл ереженің көмегімен – екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельдерінің сапасы бақыланады; несиелер тәуекел дәрежесіне қарай жіктелінеді; және мүмкін боларлық несиелік тәуекелдерге қарсы провизиялар құрылады. Сол ережегі сәйкес тәуекел дәрежесіне қарай несилер былай жіктелініп, оларға қарсы провизиялар құрылады:

1) Стандартты несиелер – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуында ешқандай күмән жоқ несиелер.

2) Күмәнді несиелер – қайтарылу  мерзімі ұзартылған, қайтарылуында күмән бар несиелер:                                                                                                                                                                                          

а) Күмәнді 1 категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктіріліп, қайтару мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрады.

б) Күмәнді 2 категория – қайтару мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан  20% провизия құралады.

с)   Күмәнді 3 категория – қайтару мерзімі 60 – 90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 20% провизия құрылады.

д) Күмәнді 4 категория – қайтару мерзімі 90 – 120 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 25% провизия құрылады.

е) Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күнге дейін кешіктірілген, бір реттен жоғары мерзімге ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша 50 % провизия құрылады.

3) Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни пайдасы есебінен шегерімге жататын несиені білдіреді. Мұндай несие үшін 100% мөлшерінде провизия құрылады.[16]

Қазақсатн Республикасының екінші деңгейдегі банктердің 2005 жылдағы берген несиелері бойынша нақты құрған провизиялары   1 – суретте көрсетілген:

 

4кесте Екінші деңгейлі банктердің 2005 жылы құрған                                                                      провизиялары *

Несиелердің

жіктелуі

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

провизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

апровизиялар

Нақты

қарыз

 

Нақты

Қарыз

провизиялар

Барлығы

01.05

01.05

03.05

03.05

06.05

06.05

7444432

43079

738053

41490

827117

43569

1.Стандартты

үлесі,

                       %

531013

 

71,3

1868

 

4,3

524580

 

71,1

1860

 

4,5

56756

 

68,6

182

 

0,4

2. Күмәнді үлесі,

                        %

200278

26,9

26554

61,7

201510

27,3

26217

63,2

241934

29,2

25555

58,7

1категория үлесі,

                       %

122286

61,0

6252

23,5

123344

61,2

6328

24,1

155117

64,1

7760

30,4

2катнгория үлесі,

                       %

21188

10,6

2137

8,1

24798

12,3

2498

9,5

31065

12,8

3107

12,2

3категория үлесі,                                                                                                                                    

                   %

31994

16,0

6847

25,8

25470

12,7

5556

21,2

32858

13,6

6571

25,7

4категория үлесі,                                                

                   %

7766

3,9

1971

7,4

11116

5,5

2872

11,0

23326

5,5

3332

13,0

5категория үлесі,

                      %

17044

8,5

9346

35,2

16.81

8,3

8962

34,2

9569

4,0

4786

18,7

3. Үмітсіз үлес,                                    

                  %

13140

1,8

14658

34,0

11963

1,6

13413

32,3

17826

2,2

17831

40,9

 

*ҚРҰБ – ң статистикалық бюллетені. 25 – бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III - тарау. Нарықтық экономика жағдайында банктік тәуекелді басқару                                                              әдістерін жетілдіру

 

3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі

 

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар үлесі кіреді.

 

5 – кесте         Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін

факторлар*

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену

барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21%

Кредиторлық қарызды

қайтаруын талап ету

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі

және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық/Жанұя

мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%

 

*Көзі: ҚазҰУ хабаршысы 4 (44) 2004, 74 – бет.

 

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторлардыбасынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Несиелердің қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелрді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:

-         ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);

-         ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;

-         шектеулі тәуекелі бар несиелер;

-         ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуды.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады.

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне  PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:    

PPerson – потенциалды қарыз алушу туралы ақпарат, оның беделі;

A – Amount – сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S – Security – қамтамасыз ету құралы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R - Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

C – Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының бизнесін бағалау;

M – Means – ссудаға деген қажеттілігін талдау;

P – Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

              Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:

-         character (қарыз алушының сипаты);

-         capacity (қаржылық мүмкіндігі);

-         cash (ақшалай қаражаты);

-         collateral (қамтамасыз етуі);

-         conditions (жалпы экономикалық жағдай);

-         control (бақылау).

Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несие қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруын үш көзі болады:

1.      Нақты ақшалар тасқыны;

2.      Активтерді сату;

3.      Қаржыларды тарту.

Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының баланстын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.

              Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:

Нақты ақшалар тасқыны = Таза пайда + Амортизация + Кредиторлық қарыз – Тауарлы – материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.

              Бұл формуланын артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.[17]

Қамтамасыз етуі. Сондай – ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.

Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға, және т.б. қарастырылады.

Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады.

Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады:

1. Активтер сапасындағы коэффициенттер:

а) К1 = Несие бойынша зияндар / Несие бойынша қарыздың орташа сомасы.

б) К2 = Несие бойынша зияндар / Несиелердің жалпы сомасы.

              Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдалынады. К1 – дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал К2 – кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несилеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несилер бойынша көптеп шығындауы кезеңінде    К1 – дің мәні 1% - ке жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерінде К1 шамамен 0,45 – 0,6 % - ті құрады.

 

1. Тәуекелге, шағылған      Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян

маржа                         =                               Активтер

 

Тәуекелге шағылған маржа (RAMrisk adjusted margin), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIMgross interest nargin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3 – 3,5% - ды құрайтынын күәландырады.

 

Таза пайыздық маржа          Таза пайыздық табыс (NII)

                       (NIM)                   =                    Активтер

                                

              Жалпы пайыздық                 Таза пайыздық табыс – Басқа да табыстар

            маржа (GIM)                  =                    Активтер

 

              2. Проблемалық несиелер / Несилердің жалпы сомасы.

              3. Бір қарыз алушыға келетін несие / Банктің меншікті капиталы.

              Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25% - нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

              4. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.   

Несиелерді сапасына қарай топтау және талдаудың  маңызы бар.

Несиенің сапасы деп  сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуын күмәнсіз, және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктік несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелер бойынша анықталған нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарысдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шаралармен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиын шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

      Несиелік қызметті ұйымдастыру;

      Лиметтер белгілеу;

      Несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

      Несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

      Несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

      Несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзыретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

      Несиелік мониторинг;

      Несиелік портфельді басқару;

      Проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай – ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

      Қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

      Несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы – материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

      Маржа деңгейіне;

      Несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

      Банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:

      Нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

      Несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

      әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

      төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

      жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

      несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимеиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл. Проблемалық несиелерге:

      несиелік келісім – шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

      сақтандыру, кепіл – хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру крмпанияларының, кепіл – хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелерді орындалмағандар;

      несиелерге есептелінетін пайыздың несиелік келісім – шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады. Сондай – ақ проблемелық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

-         қарыз алушының қызметін қайтару;

-         несиені қайтару кестесін өзгерту,

-         пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

 

Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің

жетілу жолдары

 

Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің дамуына байланысты банктерге қарыз алушылардың несиелік тәртібі және басқа несиелік ұйымдармен байланысы туралы ақпараттар өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындардың несиелік ресурстарға деген сұранысын және несиелік ресурстарды төмен бағада беруді қанағаттандыру үшін де халықаралық тәжірибеде несиелеу нарығында қызмет ететін несиелік бюроны құру қажеттілігі туындайды.

              Несиелік бюро – бұл несие берушілерге келісім – шарт негізінде қарыз алушылар туралы ақпарат беретін ұйым.

              Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер (несие беретін банктер, қаржылық компаниялар, несиелік карточкалардың эмитенттері, инвестициялық компаниялар) несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алмасып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген ғылым экономистермен қаржылық делдалдық  қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын.

              Экономикалық әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы (asymmetric information) ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсізділікке әкелетін мәміле жасаған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушының инвестициялық жобамен байланысты болашақтағы табысымен тәуекелін болжай алмайды.

              Сонымен қатар, несие берушілер ссуда алғаннан кейінгі қарыз алушылардың іс - әрекеттерін де бақылай алмауы мүмкін. Бұл жерде қарыз алушы төлем қабілетсіздік тәуекелін тудыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін не алған қарыздары бойынша төлемеу мақсатында өзінің инвестицияларынан алатын табыстарын жасыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық»  деп аталады. Ақпараттың ассиметриясы жағдайында сенімді қарыз алушылар тәуекел үшін жоғары пайыз мөлшерін төлейді, ал сенімсіз қарыз қарыз алушылар төмен пайыз мөлшерін төлейді. Сенімсіз қарыз алушылардың сенімді қарыз алушылармен салыстырған несие алу талпынысы жоғары болғандықтан несиелік ресурстардың тиімді бөлінуі төмендейді. Нәтижесінде нақты табыс алынбай, сенімді жобалардың бір бөлігі жүзеге асырылмайды қалады.

              Қаржылық емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылайды, бұл  сенімді қарыз алушылардынарықтан кетуге мәжбүр етеді. Қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелді несиелік саясат жүргізетін несие берушінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты секторының да жағдайына кері әсерін тигізеді.

              Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар тураллы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Несиелік бюролар: біріншіден, банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға, несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік беред; екіншіден, банктерге өздерінің клиенттері тралы ақпаратты іздеуде шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілерге несиелік ресурстар үшін тиімді бағаны анықтауға жағдай туғызады. Төменгі пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, нәтижесінде олардың қызметін ынталандырып; үшіншіден, қарыз алушыларды тәртәпке тәрбиелеу үшін тәртіптілік механизмін құрады. Әрқайсысы біледі, егер міндеттемесін орындамаса, оның оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстар ол  үшін қымбаттайды. Сонымен қатар, бұл тәртіп қарыз алушының несиенің қайтаруына ықпал етеді. Несиелік бюролар банктердің несиелік тәуекелін төмендетуге және несиелік портфелінің сапасые арттыруға байланысты ақпараттарды жинақтайды.

Несиелік бюролар мынадай қызмет атқарады:       

а) экономикалық дамуды тікелей ынталандырады;

б) қарыз алушылардың несие алу мүмкіндігін арттырады;

в) банктердегі тәуекелді басқару жүйесін жақсартады.

              Несиелік бюролар орта таптың мүмкіндіктерін кеңейтеді, несиелеу барысында халыққа объективті қарауды қамтамасыз етеді, сондай – ақ шағын және орта бизнес секторының дамуын ынталандырады. Несиелік бюролардың табысының негізгі көздеріне: несиелік есеп берулерді сату, несиелік бюроның ақпараттық жүйесіне қосылу және оны пайдалану үшін төлем, т.б. жатады. Сондай – ақ банктер әр жыл немесе ай сайын жүйені қолданып оны пайдалану үшін төлемдерді жүзеге асырады. Несиелік бюроның негізгі өнімі – несиелік есеп беру. Несиелік есеп беру мынадай үш бөліктен тұрады:

      Ағымдағы міндеттемелердің көлемі туралы ақпарат;

      Клиенттің өткен уақыттағы міндеттемелері туралы ақпарат;

      Клиенттің несиелік мүмкіндігін арттыратын қосымша активтердің болуы туралы ақпарат.

Несиелік бюролар несие берушілермен құрылған және олардың меншігі ретінде қызмет көрсететін, одан пайда табатын ақпараттық делдалдар рөлін атқарады. Несие берушілер өздерінің клиенттері жайлы мәліметтермен несиелік Бюроны қамтамасыз етеді. Несиелік бюро бұл ақпараттарды басқа көздерден алған мәліметтермен (соттар, салық органдары, мемлекеттік тіркеу органдары т.б.) салыстырып, әр қарыз алушының жеке картотекасын құрады. Несие берушілер несиелік бюроға өздерінің клиенттері туралы тұрақты және нақты ақпаратты беру шартымен әр уақытта Бюродан қарыз алушылардың несиелік операциялары туралы есепті ала алады. Несиелік бюродағы ақпаратпен алмасу төмендегі сызбады келтірілген.

 

5сурет              Несиелік бюродағы ақпараттар ағымы*

 

             

*Көзі:ҚР индустриалды – инноваиялық даму стратегиясы, Алматы.:2003, 52 – бет.

 

          Несиелік бюролар қарыз алушының несиелік операциялары туралы есептің әр түрлерін береді. Бұл қарыз алушы туралы барлық ақпаратқа, берілетін несиенің түріне және өте маңызды болып табылатын несие берушілерге қажетті нақтылау дәрежесіне байланысты болып табылады. Ең қарапайым есеп берудің құрамында қайтарылмауы туралы ақпарат кіреді, мұны «қара» мәліметтер деп атайды. Ал нақты есеп берулер – «ақ» мәліметтер, оның құрамына қарыз алушының активтері және пассивтері, кепілдемелер, өтелумерзімі және уақыты бойынша міндеттемелер құрылымы, оның қызметі және жанұя құрамы туралы толық ақпарат кешені кіреді. Есеп берудің нақтылығына байланысты, оның бағасы анықталады. Базалық есеп берудің құны айтарлықтай төмен, мысалы: АҚШ және Ұлыбританияда 1 доллар, Италияда 2 доллар, ал Аргентинаның жергілікті несие бюроларында 3 доллар. Біршама дамыған несиелік бюролар қарыз алушылардың сипаттамасына және несиелік тарихына негізделе отырып олардың несиелік рейтингтерін құрады, сонымен қатар несиелік шектеулерді белгілеуге, несиелердің бағасын белгілеуге және қаржы құралдың өтуіне ықпал ететін мәліметтерді болжауды жүзеге асырады.[18]

         Қазіргі кезде әртүрлі құрылымдық формада несиелік бюролар әлемнің барлық елдерінде қызмет етеді. Көптеген елдер экономиканың дамуы ашық ақпараттар кезінде ғана мүмкін деген қорытындыға келді. Бұған 2000 жылы мамыр айында жарияланған Экономика және қаржы аясындағы зерттеу орталығының (Centre for Studies in Economics and Finance (CSEF) “Information Sharin, Lending and Defaults:Cross Country Evidence” ) жұмысындағы мәліметтері дәлел бола алады. Орталықтың мамандары 40 елдің мәліметтерін топтастыра отырып, несиелеудің тиімділігін және көлемін сипаттайтын бір қатар көрсеткіштері туралы қызықты мәліметтер алады.

6 - кесте              Несиелеу мен ақпарат алмасудың байланысы*

 

Көрсеткіш

Ақпаратпен алмасу

жоқ

Тек қана «қара»

«қара» және «ақ»

Банктік несиелер / ЖІӨ %

31,1

67,57

66,42

Ссудалар бойынша шығындарға резервтер / несиелердің жалпы көлемі (%)

 

1,31

 

0,86

 

0,81

Несиелік тәуекел (%)

15,2

5,11

7,14

*Көзі:Centre for Studies in Economics and Finance (CSEF) “Information Sharin, Lending and Defaults:Cross – Country Evidence” 2000 жыл, мамыр. 35 – бет.

 

              Ақпарат алмасу ЖІӨ - ге қатысты банктік несиелеуді шамамен 20 % - ке өсуін ынталандыратыны анықталады. Сонымен қатар, несиелік тәуекел мөлшері төмендеп, сәйкесінше өтелмеген несиелер бойынша резевтер мөлшері азаяды.

              Әлемдік тәжірибеде бюроларды құрудың әртүрлі құрылымдық формаларды қолданылған. Әр елдегі несиелік бюролардың саны мен меншік формасы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: АҚШ, Бразилия, Аргентина сияқты бір қатар елдерде несиелік бюролар ақпараттық қызмет көрсетіден пайда табу мақсатында қызмет ететін кәсіпорындар болып табылад. Сонымен қатар бұл елдерде жергілікті сауда палаталармен құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылатын несиелік бюролар да қызмет етеді. Жапонияда және Еуропаның бір қатар елдерінде несиелік бюролар, әдетте, несие берушілердің консорциумның меншігі болатын жеке компаниялар формасында құрылады. Ұлыбританяның аумағында қарыз берушілерден мүлдем тәуелсіз екі несиелік бюро қызмет етеді. Финляндияда және Бельгияда несиелік бюролар үкіметпен басқарылады және лицензияланады.        

              Дамыған елдердегі несиелік бюролардың мәліметтер базасы ондағы жылдар бойы құрылып келеді. Әлемдегі ең үлкен және ең ескі несиелік бюро – «Дан энд Бредстрит». Оның мәліметтер базасы қазіргі кезде 40 млн компаниялар туралы ақпараттарға ие. АҚШ, Канада, Финляндия, және ОАР сияқты елдер қатарында несиелік бюролар өздерінің қызметін 19 ғасырдың басында – 20 ғасырда бастады. Кейбір елдерде жеке несиелік бюролар айтарлықтай жаңа құбылыс, дегенмен ол жалпы қоғамдық мәнін және өзінің дамуын тездетуде. Латынамерикасының және азия елдерінің бір қатарында несиелік бюролар енді дами бастауда және олар көбінесе «қара» ақпаратты беруде, бірақ бұл ашық экономика бағытындағы тек алғашқы қадамдар болып табылады.

          Несие берушілер жүйелер арқылы көлемі айтарлықтай үлкен. Мысалы: Германияда, АҚШ, Бельгияда, Жапонияда, Ұлыбританияда берілетін есеп берулер саны халық санынан артып отыр.

          Несиелік бюролар саны көптігіне қарамастан кпиталдың жоғары деңгейде шоғырлануы байқалады. Осылайша АҚШ, Ұлыбританияда, Жапонияда, ақпараттың бүкіл кешенін ұсынатын екі – үш ірі несиелік бюро басты рөлді атқарады. Кейбір елдерде (Аргентина, Австралия, Бразилия, Германия, Финляндия, Ирландия) тек бір ғана әмбибап несиелік бюро қызмет етеді,  қалғандары негізінен ақпараттың жекелеген түрлерін ғана береді. Бұл ірі компания толық және нақты ақпараттың ең жоғары мөлшерін жинақтау және өзінің қвзметінде дамыған  ақпараттық технологияларды қлдана алудың жоғары мүмкіндігімен сипатталады.

              1998 жылдары несиелік бюролардың қызмет аясында халықаралық деңгейге шығу процесі басталды. Бұл ірі бизнестің өкілдері өздерінің алдына трансұлттық компанияларға өсу мақсатын қойды. Қазіргі кезде әлемде бірнеше трансұлттық несиелік бюролар қызмет етеді: Dun&Bradstreet; Experian; Equifax; TransUnion.

              Көптеген елдерде несиелік бюролар алдында қарыз алушылардың жеке ақпаратын қорғау мәселесі тұрады. Сондықтан қазіргі кезде барлық елдерде несиелік бюролардың қызметтері азаматтардың құқықтарын және еріктерін бұзбайтындай жағдайда ұйымдастырылады. Заңмен белгілі кепілдер қатары анықтылады, мәліметтерге шектеулер, «ақ» ақпаратты беруге шектеу (мысалы: Финляндияда және Австрияда), жеке мәліметтерді белгілі бір уақыттан кейін жою (7 жыл АҚШ, 5 жыл Австралияда), нақты жеке ақпарат жинауға тыйым салу, мысалы: нәсілдік, діндік ұстанымы, саяси көз қарастар, т.б. қарыз алушының өзі ақпараттарды тексеріп жөндеуге мүмкіндігінің болуы,  сондай – ақ кейбір елдерді ақпараттар тек иелерінің келісімен ғана берілуі көзделген.

              Стандартты несиелік есеп берулерден басқа несиелік бюролар рейтингтік агенттіктердің ролін атқарады, яғни олар өздері жинаған мәліметтерге сүйеніп қарыз алушылардың белгілі рейтингін белгілейді.

              Несиелік бюролар өздерінің қызметі барысында мынадай қағидаларға сүйенеді:

      өзара байланыс, өзара айырбас қағидасы, яғни ақпарат несиелік бюроға ақпарат берген қатысушыларға ғана беріледі;

      нақтылық және сенімділік қағидасы, яғни несиелік бюроға ақпарат беруші ұйымдар берген мәліметтердің толықтығына және нақтылығына жауап береді;

      бейтараптылық қағидасы, яғни коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат жарияланбайды;

      ең жоғарғы қауіпсіздік қағидасы, яғни несиелік бюро және банк арасындағы жиналатын және таратылатын барлық ақпарат жарияланбайды және банктің құпия болып табылады.

              Несиелік бюролардың ақпараттарды алу көздеріне мыналар жатады:

      тұтынушылардың өздерінен, несие алу кезінде толтырылатын сұрақ парағы негізінде;

      жариялық актілерден, банкроттылық туралы және соттың қаулылары;

      несие берушілерден және борыштық міндеттемелерді талап ету агенттіктерінен.

              Польшадағы несиелік бюролардың қызмет ету барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Мұндай кемшіліктерді Қазақстанда несиелік бюро құру процесінде міндетті түрде ескеру керек. Польшада қазіргі кезде несиелік бюромен банк секторының барлық субъектілері келісім – шартты жасаған жоқ, осыған байланысты басқа банктерде несиеліе тарихы бар клиенттерімен жұмыс жасауда қиындықтар туындауы мүмкін.

              Несиелік бюроның қызметі үшін банктердің төлейтін төлемдері айтарлықтай жоғары, күнделікті несиелік бюроға бағытталытын керекті ақпаратты дайындау банктерден қосымша шығындарды талап етеді.

              Несиелік бюролар банктермен берілетін ақпараттың белгілі формада және құрымда болуына талап етеді, ал бұл көп жағдайда банк ішіндегі талдауда қолданылатын ақпараттың формасымен және құрылымымен сәкес келмейді. Бұл да бірқатар қиындықтарды туғызады. Кейбір елдерде банктер ақпаратты өздерінің формасында ұсынады, ал несиелік бюро оны өзінің формасында өңдеп, сол формада сатады.

              Сонымен қатар, кейбір банктер несиелік бюроның талап ететін ақпараттың үлкен көлемімен келіспейді, себебі бұл банк қызметкерлеріне осындай ақпаратты дайындауда қосымша ауыртпалықты жүктейді. Бірақ өз кезегінде бірқатар банктер несиелік бюродан алатын ақпараттардың мазмұны несиелік қабілетті және несиелік тәуекелді бағалау үшін жеткіліксіз екенін атап көрсетті мысалы ипотекалық несие үшін керекті жылжымайтын мүлік кепілі туралы ақпараттар және т.с.с.

              Несиелік бюроны құруды банктер үшін алатын артықшылықтары:

-         банктер клиент туралы несиелік бюрода бар барлық ақпаратты қысқа уақыт ішінде ала алатын болады.

-         Несиелік бюро тек теріс ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар банкке несие алу үшін келген клиенттің барлық міндеттемелерін сомасы және клиенттің өзінің міндеттемелерін қаншалықты уақытылы және тәртіпті орындайтыны жайлы ақпараттарды береді. Бұл әрине банктерге келген клиенттің несие және төлем қабілетін бағалауды тездетіп оны жеңілдетеді.

-         Клиент туралы ақпаратты өтінішті берген күні несиелік бюроға хабарлауы арқылы банк клиенттің қандай басқа банктерден бір мезгілде несие сұрап отырғаны жайлы біле алады.

              Сондай – ақ, банктің тәртіпті клиенттері үшін де несиелік бюролардың қызмет етуі бір шама тиімді. Олардың басқа мекемелердің алдындағы уақытылы міндеттемелерін орындауы банктік мекемелерден тиімді шарттарда несие алуына мүмкіндік береді.

              Шетелдік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанды несиелік бюроны құру барысында мынадай ұсыныстар жасауға болады:

-         Несиелік бюро Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қатысуымен құрылғаны тиімді, себебі оның біршама жетілген телекомуникациялық желілер және жергілікті бөлімшелері болғандықтан ақпарат алмасуды жоғары жеңгейде жүргізу мүмкіндігі бар. Сондай – ақ, несиелік бюро ақпараттарының базасын құруда ҰБ – тың ЕДб бойынша несиелер жайла олардың берген несиелік регистрі негіз бола алады;

-         Несиелік бюро потенциалды қарыз алушылар жайлы «ақ» және «қара» ақпарат берген жағдайда экономикамыздың даму мүмкіндігі, сондай – ақ несиелік бюро қызметіне сенімділік дәрежесі арта түседі;

-         Заңды және жеке тұлғаларды несиелеуге қатысатын барлық банк аясында қызмет ететін субъектілер несиелік бюромен міндетті түрде келісім – шарт жасасып, потенциалды қарыз алушылар туралы ақпараттармен алмасып тұруы  керек;

-         Ақпараттарды басқа мақсаттарда пайдаланудаг сақтау үшін несиелік бюро қызметін атқаратын мекемелер міндетті түрде лицензиялануы қажет;

-         Потенциалды қарыз алушылардың өз міндеттемелерін уақытылы және толық орындауын ынталандыру және банктерге олардың несиелік қабілетін анықтауға қосымшы ақпарат көзі болып табылатын «рейтинг жүйесін» жасаған жөн.

-         Несиелік тапсырылған ақпараттардың бекітілген формасы болуы тиіс;

-         Несиелік бюро потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтауға қажетті ақпараттар сұрауға тиіс.

   

 

 

 

Қорытынды

 

              Қазақстан экономикасы тұрақты, ірі, шоғырланған банктік жүйеге мұқтаж болуда, сондай – ақ, болашақта үлкен экономикасы күшті болуына уәде беретіндей өз алдына құралдарды дербес тартуға және перспективалы жобаларға салымдардың салынуын қажет етеді.

              Яғни, банктік сектор, өзі көптеген макроэкономикалық факторларға тәуелді, бірақ тиімді банк жүйесі болып, маңызды компоненттермен және ұлттық экономиканы дамытудағы бірден бір қажетті шарттардың бар болуынан табылады.

              Есте сақтап айтуға болады, бізбен қарастырылған банктің тәуекелділік басқаруы бойынша жұмыс аспектісі, кез келген банкке практикалық кең мағынада қолдануға болады.

              Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банктік операцияда бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Көрсетілген жіктеулер, банктік тәуекелдердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер болады.

              Осыдан келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері бар және олар банктің жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды.  Бірақ біз ең маңызды тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел деңгейін, оларды басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік, валюталық, форс – мажорлық міндеттемелер тәуекелдер кездеседі.

              Несиелік тәуекелді бағалауда отандық банктің табыстылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.

              Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті кеңейту қажет, сондай – ақ, әрбір несие мүмкін тәуекел шегінде пайда әкелуі тиіс, қайтарымдылық және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық қатынастарын құруда банк клиенттерінің қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып табылады.  

              Пайыздық саясат банктік қызметте оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Пайыздық тәуекелді пайыз мөлшерлеменің деңгейдегі өзгерістерге қатысты табыстылықтың немесе қаржылық актілер бағамының өзгеруі ретінде анықталады.

              Валюталық тәуекел – шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгерумен байланысты бағамдық қатері. Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау (әртараптандыру), сақтандыру, форвардтық контрактіні бекіту банктердің іс – тәжірибесінде валюта қатерін кемітудің әдістері болып табылады. Мұндай шараларды жасау – тәуекел саласындағы банк стратегиясының  маңызды компоненті болып табылады. 

              Мемлекеттік тәуекелдің болуына кінәлі болған мемлекет үшін банкрот түсінігі қолданылмайды, өйткені мемлекеттің өзі ұлттық территорияда заңды іс әрекеттерді жүзеге асырған кезде өзінің тәуелсіз екендігін көрсетеді. Оған қоса халықаралық құқық нормаларында халықаралық несиелеудің алудың негізгі принциптері болуы керек, өйткені оларды қайтаруда кредиторлардың  да және несиелік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етушілердің де тағдыры шешілмек.

Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық кредиторлардың борышкерлерге әсер ету үшін шектелген шаруалардың нәтижесінде пайда болады. Алайда бұл осы қорларды инвестициялап отырған банктің еларалық тәуекелді алдын ала болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді. Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылады.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады. Көптеген шет мемлекеттерінде несиелік тәуекелді реттеуге қатысатын арнайы орган бар. Ол – несиелік бюро.

              Шетелдік банктерде қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалайтын PARSER немесе CAMPARI деген әдісін қолдану және американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз  алушыларды дұрыс таңдай білетін «алты си ережесі» қолданылады. Бұл қарыз алушының жауапкершілігін, қарызды өтеуге дайындығын көрсетеді.

              Банктік тәуекелді басқаруда тәуекелді төмендету бойынша бағытталған іздестірулер мен жұмысшыларды ұйымдастыру, табыстылықпен тәуекелдің қарым – қатынасын, қаржылық жағдайдағы пайданы табу.

Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің дамуына байланысты банктерге қарыз алушылардың несиелік тәртібі және басқа несиелік ұйымдармен байланысы туралы ақпараттар өте маңызды болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Несиелік бюролар: біріншіден, банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға, несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік беред; екіншіден, банктерге өздерінің клиенттері тралы ақпаратты іздеуде шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілерге несиелік ресурстар үшін тиімді бағаны анықтауға жағдай туғызады. Төменгі пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, нәтижесінде олардың қызметін ынталандырып; үшіншіден, қарыз алушыларды тәртәпке тәрбиелеу үшін тәртіптілік механизмін құрады. Әрқайсысы біледі, егер міндеттемесін орындамаса, оның оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстар ол  үшін қымбаттайды. Сонымен қатар, бұл тәртіп қарыз алушының несиенің қайтаруына ықпал етеді.

Қазақстанның банк жүйесінде несиелік бюроны құру беділін арттырады. Несиелік бюроны құру арқылы банктерге өздерінің несиелік тәуекелін нақты болжау және алдын алу мүмкіндігі туындайды. Сондай – ақ, несиелік тәуекелдің төмендеуі салдарынан экономиканың нақты секторындағы перспективті жобалар анықталып, оларды несиелеудің мүмкіндігі артады, несиелік қабілеті жоғары экономика субъектілеріне несие ресурстарын алу оңайға түседі. Несиелік бюрода жасалатын несиелік рейтинг жүйесі банктердің несиелік тәуекелін біршама төмендетіп, күмәнді несиелерге құрылатын провизиялардың сомасын азайтуға және осыған байланысты банктің несиелік ресурстарының көлемінің арттыруға мүмкіндік жасайды.  

Нарықтық шаруашылықтағы банк қызметінің негізгі бағдары ысырап пен банкротқа ұшырау қатерін барынша азайтумен операциялардан ең жоғары шамада пайда алудан тұрады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

Заңнамалар:

              1.  «Банктік құқық» қысқаша оқу құрал. Жалпы және ерекше бөлімдері. Алматы: Жеті жарғы, 2005;

              2. Банки и банковские организации  в Респблике Казахстан; Алматы, Юрист – 2003, основные законодательные акты;

              3. ҚР ҰБ Басқармасының «Екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді бақылау және ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық», 2003ж. 6 желтоқсан;

Монография және оқу құралдар:

              4. Ахметова А.А. «Кредитные риски  в деятельности коммерческих банков и проблемы управления ими (на примере коммерческих банков Казахстана)», Караганда – 2002;

              5. Дыльнов Д.В, Кредитное бюро: межднародный опыт. ЗАО «КБ «ГУТА - Банк», Кредитно – экономический департамент, 2002;

              6. «Жедел жаңару жолындағы бағдарлар», 3 бөлім, Алматы – 2005;

              7. Корнилова Л.П «Влияние рисков на надежность банка (на примерах банка второго уровня Республики Казахстан)» Алматы, 2002;

              8. Корнилова Л.П, Хамитов Н.Н «Управление банковскими рисками», Алматы – 2002;

              9. «Қаржылық тәуекелді басқару» Мәскеу – 2003;

              10. «ҚР индустриалды – инноваиялық даму стратегиясы», Алматы – 2003;

              11. Мақыш С.Б «Коммерциялық банктер операциясы», Алматы – 2004ж;

              12. Сейтқасымов Ғ.С  «Ақша, Несие, Банктер», Алматы - 2005;

              13. Шаяхметова К.О «Банктік тәуекелдерді басқару», Алматы – 2004ж;

              14. «Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизаций», часть 6, Алматы – 2005;

 

Мерзімдік басылымдар:

              15. «Банктік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия 3 (43) 2004;

              16. «Банктік несиелік тәуекелді бағалаумен басқару»  ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия 4 (44) 2004;

              17. «Банктік тәуекелді басқаруда стратегиямен факторлары» Қаржы – қаражат 2, 2005;

              18. «Екінші деңгейлі банктердің тәуекелді басқару жүйесінің дамуы» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия 1 (47) 2005;

              19. Зиябекев Б. «Кредитное бюро – инструмент выявления рисков» Банки Казахстана - 3  2002;

              20. «Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқарудағы әдістер» 1, 2006;

              21. ҚРҰБ – статистикалық бюллетені, 2003;

              22. «Пайыз тәуекелін басқару банк пайдасын ұлғайту құралы» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия 5 (45) 2004;

              23. «Пайыз тәуекелі», «Валюталық тәуекел» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия 5 (51) 2005;

              24. «Система Кредитного Бюро В Казахстане» Банки Казахстана 9 2003;

              25. Халық банктінің 2002 жылғы есебі.

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

Қосымша 1

Тәуекел түрлерінің жіктелуі*

 

Сыртқы тәуекел

Ішкі тәуекел

Сыртқы тәуекел – сыртқы ортада пайда болады және олар басқарылмайты және жарым – жартылай басқарылады. Басқарылмайтын тәуекелге келесідей тәуекелдер жатады:

1.Стихиялық апаттар тәуекелі – бұл жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, дауыл және т.б апаттардың әсерінен банктің материалды ісер шегуі.

2.Саясат тәуекелі – бұл өкіметте саясаткерлердің ауысуы немесе мемлекетте өткізіліп отырған саясаттық курстың ауысуы және де азаматтық соғыс, революциялық соғыстың жариялануы банкке әсерін тигізеді. Саясат тәуекелі банктің жекеменшіктендірілуі немесе жаңа шек қою, заңдық өзгертулер енгізу банктің жағдайын немесе клиенттің жағдайын нашарлатуы мүмкін.

3.Жалпы экономикалық тәуекел – бұл мемлекеттің экономикалық жағдайының төмендеуі яғни,  мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі, инфляция (дефляция) днңгейінің өсуі, экономикалық құрылымдық дағдарыс, елдегі жағымсыз төлем балансы, өкіметтегі экономикалық саясаттың тұрақсыздығы, мемлекеттік чиновниктер арасындығы коррупцияның өсуі және т.б.

4.Елдік тәуекел – елдегі саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруі деңгейінің фирмалармен, қарыз алушылардың және мемлекеттің немесе елдің сыртқы қарыздарды өтеуге әсері. Елдік тәуекел сыртқы экономикалық қатынасқа байланысы бар банктерге әсерін тигізеді. Елдік тәуекел көптеген факторлардың әсерінен туындайды.

5.Депозиттік тәуекел – бұл тәуекел сырқы ортаның яғни, депозиттің, қарыздың, салымдарды және басқа да қаржылық көздерді тарту. Банктің ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда: мерзімінен бұрын салымдарды депозит және банктен займдарды алу.

6.Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарызы мен пайызын мерзімінде төлемеген жағдайынан туындайтын зардап.   Несие бойынша тағайындалатын ставка қарыз алушының қамтамасыз етілетін кепілдеме құнының өзгеру тәуекелділігі мен қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмау тәуекелділігін есепке ала отырып бекітіледі. Қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмауы көптеген факторлардың әсерінен туындайды: заңдық құқықтық қабілеттілігі, қаржылық жағдайы, клиенттің беделі, кепілге қоятын мүліктің құндылығы, сапасы, кәсіпорынның дамуына болжау және т.б. 

7.Валюталық  тәуекел – Ұлттық валютаға шеттел валюта бағамының өзгерісінен туындаған валюталық  (курстық) зардап шегу. Бұл тәуекелдіктің түрі 70 – 80 ж.ж. батыстың экономикасында кездескен, әсіресе өзгермелі валюталық курсқа өткізу кезінде пайда болған. Валюталық тәуекел спекулятивтік жолмен баюға тырысатын банктерде көп кездеседі. Бір валюта курсының әр түрлі валюта нарығына сәйкес келмеумен немесе әртүрлі уақыт мерзімінде валюталық курстың айырмашылығы жағдайында туындайды.

8.Пайыздық тәуекел – пайыздық ставкасының қолайсыз алдын ала белгісіз жағдайының өзгеру нәтижесінде банктің зардап шегуі. Маржаның шегерілуі пайыздық тәуекел тартылған қаражат көздерінің қайтару мерзімі сәйкес келмеген жағдайда немесе активті және пассивті операциялар ставкалар белгіленген ставкалармен немесе айнымалы ставкалармен белгіленген жағдайда орын алады.

9.Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарықта коньюктураның өзгеруі, спекулятивті, пайыздық ставканың өзгеруі, саясаттық немесе экономикалық кризис, эмитенттің банкроттылық нәтижесінде бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелділігі.

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі тәуекел – бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Ішкі тәуекелдер: әкімшілік, қаржылық және операциондық болып бөлінеді.Әкімшілік тәуекелдер былай бөлінеді:

1.Стратегия тәуекелі – ішкі стратегиямен қате таңдау тәуекелі, қате аналитикалық болжамдарды қолдану және т.б.

 

2.Құрылым тәуекелділігі – банк құрылымының тиімсізділік тәуекелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Басқару тәуекелі – бұл, банк басқаруда мамандырылмаған немесе авантюрлі нәтижеде пайда болатын тәуекел.

 

 

 

 

 

 

 

4.Кадрлық тәуекел – мамансыз кадрларды қабылдауда немесе қызметкерлердің психологиялық мінездемелері сәйкес келмеуі, кллективте жұмыссыздық атмосфера құратын тәуекел.

 

 

 

 

5.Бақылау тәуекелділігі – бұл банктік бөлімшелерді бақылауда бақылау жүйесі тиімді емес болуы мүмкін. Бөлек құрал түрлері немесе бөлек операциялар. Сонымен бірге, бақылау тәуекелділігі бұл банктен құпиялы ақпараттың ағып кетпеу тәуекелділігі.

6.Қаржылық тәуекел – банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер. Банктік операциялардың негізгі тәуекел түрлеріне жататындар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Өтімділік тәуекел – қысқа мерзімді және орта мерзімді талап сомалармен міндеттемелердің сәйкес келмеуі, банктің төлемқабілетсіздігіне және төлемдердің тұрып қалуына әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

8.Операция түрлерінің тәуекелділігі – жеке операция  түрлерінің тәуекелділігі. Мысалы: лизингтік, факторингтік, фьючерстік немесе  опциондық операция.

 

 

 

 

 

 

 

9.Сауда тәуекелділігі – сауда кезіндегі сауда инструменттерін жоғалту тәуекелділігі яғни, бағалы қағаздар, валюта, қаржылық инструмент және т.б.

 

 

 

 

10.Операциялық тәуекел – бұл ағымдағы тәуекел, жеке банктік бөлімшелерді басқару деңгейінде банктің күнделікті қызметінде пайда болады.

11.Ұйымдастыру тәуекелі – банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы, лауазым міндеттемелердің, операция мен есеп жүргізу практикасы және т.б.

12.Ақпараттық тәуекел – бұл банктік операцияға әсер ететін жалған ақпарат алу немесе қажетті нарықтық ақпараттың алмасуы.

13.Персоналмен байланысты тәуекел – персонал тәртібінің ерекшелігі нәтижесінде шығын болу мүмкіншілігі.     

 

*Көзі: Автормен құрастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Банк мекемелеріндегі тәуекелдер

 

                           

                           

                                                       

             

 

                           

             

                           

                           

 

                           

             

             

 

                                         

             

             

                           

                           

             

 

             

 

 

 

             

 

Қосымша 3

 

3 – сурет  Несиелік тәуекелді басқару және банк сенімділігінің жоғарылау әдісі*

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42

 


[1] Мақыш С.Б «Коммерциялық банктер операциясы», Алматы – 2004ж;

 

[2] Корнилова Л.П, Хамитов Н.Н «Управление банковскими рисками», Алматы – 2002;

 

[3] «Қаржылық тәуекелді басқару» Моисеев А.С. Мәскеу – 2003;

 

[4] «Банктік несиелік тәуекелді бағалаумен басқару»  ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №4 (44) 2004;

 

[5] «Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизаций», часть 6, Алматы – 2005;

 

[6] Дыльнов Д.В, Кредитное бюро: межднародный опыт. ЗАО «КБ «ГУТА - Банк», Кредитно – экономический департамент, 2002г.

 

[7] «Жедел жаңару жолындағы бағдарлар», 3 бөлім, Алматы – 2005ж.

 

[8] «ҚР индустриалды – инноваиялық даму стратегиясы», Алматы – 2003ж.

 

[9] Шаяхметова К.О «Банктік тәуекелдерді басқару», Алматы – 2004ж.

[10] Ахметова А.А. «Кредитные риски  в деятельности коммерческих банков и проблемы управления ими (на примере коммерческих банков Казахстана)», Караганда – 2002;

 

[11] «Пайыз тәуекелі», «Валюталық тәуекел» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №5 (51) 2005;

 

[12] «Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқарудағы әдістер» №1, 2006;

 

[13] «Система Кредитного Бюро В Казахстане» Банки Казахстана 9 2003;

 

[14] «Екінші деңгейлі банктердің тәуекелді басқару жүйесінің дамуы» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №1 (47) 2005;

 

[15] «Банктік тәуекелді басқаруда стратегиямен факторлары» Қаржы – қаражат №2, 2005;

 

[16] Зиябекев Б. «Кредитное бюро – инструмент выявления рисков» Банки Казахстана - 3  2002;

 

[17] «Коммерциялық банктерде пайыздық тәуекелді басқарудағы әдістер» №1, 2006;

 

[18] «Система Кредитного Бюро В Казахстане» Банки Казахстана 9 2003;

 

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару