Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:12, реферат
Бюджеттен тыс қорлар-мемлекет қаржы жүйесінің маңызды буыны,мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы . Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады
Бюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры» АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін. 2 004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ. Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады. Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор Президенті атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді. Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қордың негізгі қызметтерi: - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады; - мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді Қордың • мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға; • бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға; • Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға; • қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат алуға; • мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар. Қор: • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге; • Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға; • Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге; • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi. Қор: • Қор активтерiн кепiлге беруге; • кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес. «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған. ҰИҚ міндеттері: - отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру - түрлі даму кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды іске асыру (идеялар мен прототип жасаудан өндірісті кеңейтуге дейін) - инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру ; Инвестициялау шарттары - • Инновациялық жобаларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 % аспайтын 5 млн. долларға дейін) - • Тәжірибелік-құрылымдаулық зерттемелерді гранттық қаржыландыру (250 мың долларға дейін) - • Венчурлық қорларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 %-ға дейін) - • Технопарктер құруды қаржыландыру (үлестік қатысуы 500 мың долларға дейін) Қордың артықшылығы - • Дамудың бастапқы сатыларында жаңа және әрекет ететін инновациялық компанияларға кепілдіксіз инвестициялар . - • Жаңа ашылған компаниялардың халықаралық рынокқа шығуына жәрдемдесу. - • Жобаларды іске асыру үшін бүкіл Қазақстан бойынша технопарктердің базасында жұмыс алаңдарын беру. - • Технопарктер мен бизнес-инкубаторларда жаңа технологияларды коммерциялау үшін құқықтық, ұйымдастыру, патенттік қызметтерді алуға жәрдемдесу. - • Бизнес жоспар дайындауда кеңес беру және жобаның кәсіби менеджментін жүзеге асыруда көмек көрсету. - Ұлттық инновациялық қор 2005 жылдан бастап 5 шетелдік венчурлық қордың акционері болып табылады. - Құрылып жатқан венчурлық индустрия Қазақстандағы инновациялық бизнесті белсендетеді, ал шетелдік венчурлық қорларға қатысу озық технологиялардың трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. - Инновациялық инфрақұрылым - Инновациялық инфрақұрылымның басты объектілері – технопарктер инновацияларды құру және енгізу үшін сервистік және өндірістік база болып табылады, оның шеңберінде жаңалық табушылар арнайы қызметтер кешенің ала алады. - 2006 жылы Алматыдан 25 километр қашықтықта ақпараттық технологиялардың Alatau IT city бірінші ұлттық паркі ашылды, сондай-ақ Қазақстанда үш өңірлік технопарк жұмыс істейді – “UniScienTech” (Қараған-ды қаласы), “Алгоритм” (Орал қаласы) және “Алматы өңірлік технопаркі”. - Сонымен қоса, Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық универ-ситетінің базасында оның алаңында орналасқан жеке және заңды тұлғаларға консалтингтік, заңдық, лизингтік және басқа қызметтер көрсететін технологиялық парк жұмыс істейді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады.
Қазақстанның инвестициялық
қоры Қор
қызметінің негізгі
мақсаттары:
Қор қызметінің негізгі |