ҚЕХС 40 инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 10:03, курсовая работа

Описание

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының теориясы
1. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуы -----------4
1.1 Инвестициялық меншік түсінігі--------------------------------------------------4
1.2 Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі---------------4-5
1.3 ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамалар-------------------------------------------------------------------------------5-8
II бөлім. Инвестициялық меншікті тану және шығынын есепке алу әдістері----------------------------------------------------------------------------------------9
2. Инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау--------------------------9-10
2.1 Шығындар бойынша есепке алу әдістері---------------------------------10-20
III бөлім. ҚЕХС 40 қолдану және күшіне ену талаптары-----------------21
3. ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары--------------------------------------------------------------------------------21-25
3.1 ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары -----------------------------------------------25
3.2 «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру --------------------26-27
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------28-29 Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------30

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ КАРЖЫЛЫК ЕСЕП Word.docx

— 82.57 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

Кіріспе

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар  бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40  қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40  күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.

1. Осы Стандарттың мақсаты инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады.

2. Осы Стандарт инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты тану, бағалау және ашып көрсету кезінде қолданылады.

3. Осы Стандарт, басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікке жалгердің қаржы есептілігінде бағалауға және операциялық жалдау шарты бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға берушінің  қаржы есептілігінде бағалауға қолданылады.

Осы Стандартта мынадай  терминдер төменде көрсетілген  мәнінде пайдаланылады: 

Баланстық құн – актив баланста танылатын сома.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа ХҚЕС, мысалы, 2 Акцияларға негізделген төлем (IFRS) нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: 

(а)  тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе

  1. әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Иеленуші орналасқан жылжымайтын  мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

I бөлім. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының  теориясы.

1. ҚЕХС 40 – инвестициялық  меншік стандартының орындалуы

1. Осы Стандарттың мақсаты инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады.

2. Осы Стандарт инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты тану, бағалау және ашып көрсету кезінде қолданылады.

3. Осы Стандарт, басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікке жалгердің қаржы есептілігінде бағалауға және операциялық жалдау шарты бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалауға қолданылады. Осы стандартта 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС реттелген мәселелер қаралмайды, оның ішінде:

(а) жалгерлікті қаржылық немесе операциялық жалгерлікке жүйелеу;

  1. инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін жалға өткізуден алынған кірісті тану (18 Табыс  (IAS) ХҚЕС-да қараңыз);

(с) операциялық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша жалға алушының иелігіндегі жылжымайтын мүлікті оның қаржы есептілігіндегі бағалау;

(d) қаржылық жалгерлікке берілген таза инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде бағалау;

(е) кері жалгерлікпен сату жөніндегі операциялардың есебі; және

(f) қаржылық және операциялық жалгерлік туралы ақпаратты ашып көрсету қаралмайды.

4. Осы Стандарт:

(а)  ауыл шаруашылық қызметке жататын биологиялық активтерге (41 Ауылшаруашылығы (IAS) ХҚЕС қараңыз);

  1. пайдалы қазбаларға және мұнай, табиғи газ және сол сияқты қалпына келтірілмейтін ресурстар секілді пайдалы қазбалардың қорларына құқықтарға қолданылмайды.

1.2 Инвестициялық  меншік ретіндегі активтердің  жіктелінуі

  1. Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:

(а)  инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар; және

(b)  инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.

  1. Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.
  2. 16-тармақта баяндалған тану принциптеріне сәйкес ұйым мұндай жылжымайтын мүлік объектісіне күнделікті қызметтер көрсету шығындарын инвестициялық жылжымайтын мүліктің құндық балансында танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе шығынның құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар – бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; бұған қоса олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтер көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.
  3. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес ұйым бұрын бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің баланстық құнында таниды. Жылжытылған бөліктердің сомасы Стандарттың өнімдерді қайта мойындау ережелеріне сәйкес қайта мойындалады.

1.3 ҚЕХС 40 – инвестициялық  меншік стандартын қолдану кезіндегі  анықтамалар

5. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген мәнінде пайдаланылады: 

Баланстық құн – актив баланста танылатын сома.

Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе мұны қолдануға болса, басқа ХҚЕС, мысалы, 2 Акцияларға негізделген төлем (IFRS) нақты талаптарына сәйкес бастапқы тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.

Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: 

(а)  тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе

  1. әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.

Иеленуші орналасқан жылжымайтын  мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.

6. Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда инвестициялық жылжымайтын мүлік ұғымына сай келсе және жалгер  активті тану үшін 33-55-тармақтарда баяндалған әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ескерілуі тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78-тармақтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі.

7. Инвестициялық жылжымайтын мүлік жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға арналған. Сондықтан инвестициялық жылжымайтын мүлік түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, ұйымның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.

  1. Ивестициялық жылжымайтын мүлік мысалдары төменде келтірілген:

(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;

(b)  әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер. (Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі); 

(с) ұйымның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін ұйымның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және

(d) қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша  жалға беруге арналған ғимарат.

(е) болашақта инвестициялық меншік ретінде қолдану үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.

  1. Әрі қарай инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылмайтын, осы Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:

(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС қараңыз); мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;

(b)  үшінші тұлғалардың  тапсыруы бойынша салынып жатқан  немесе қайта құру сатысындағы  жылжымайтын мүлік (11 Құрылысқа жасалған келісімшарттар (IAS) ХҚЕС  қараңыз);

  1. иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік (16 (IAS) ХҚЕС қараңыз), оның ішінде (басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып, кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; ұйымның қызметкерлері тұратын жылжымайтын мүлік (қызметкерлер нарықтық мөлшерлеме бойынша жалгерлік ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік;
  2. Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа ұйымға жалға берілген жылжымайтын мүлік.
  1. Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі - жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), ұйым объектінің көрсетілген бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса ғана, объект инвестициялық жылжымайтын мүлік деп есептеледі.

Информация о работе ҚЕХС 40 инвестициялық жылжымайтын мүлік