Халықаралық валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 12:56, курсовая работа

Описание

Дүниежүзілік қаржы нарығында валюта нарығындағы операциялардың рөлі аса маңызды болып келеді. Осы жағдай ұлттық қаржы нарығы либерализациясы шарттарына сай ірі капитал құйылымдарына байланысты орнады. Валюталық нарық қаржы нарығының ең ірі сегменті болып табылады. Мұндағы орташа жылдық операциялар көлемі жылына 1,0- 1,3 трлн долларды құрайды. Сондықтан, валюта нарығының құрылымын, жұмысын білу - онда жүргізілетін опеациялардың, компнаияның халықаралық нарықтағы іс-әрекетінің табыстылығының кепілі болып табылады.

Содержание

Кіріспе

I-бөлім Валюта нарығы. Валюта динамикасы
1.1.Валюта және оның түрлері. Валюта курсы
1.2.Валюта нарығының мәні: түрлері, дамуы
1.3Қазақстан Республикасының валютасы
II-бөлім Халықаралық валюта жүйесі
2.1.Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы
2.2.Халықаралық валюта жүйесінің мәні, түрлері,
элементтер
2.3. Халықаралық валюта жүйесіндегі халықаралық
қаржы ұйымдарының рөлі

Қорытынды
3 Валютаны реттеу
3.1 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен үдістері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Валюта1.doc

— 161.50 Кб (Скачать документ)

–        алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырысу құралы – СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды.

–        ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез-келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды.

–        Бреттон Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндетті мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым - қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әртүрлі валюталық шектеулерді жою.

   1979 жылы Европалық экономикалық одақтың шеңберінде Батыс Европа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Европа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды.

   ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталық одақ құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 жылы шілдеде басталып, мүше елдерге 1992 жылдың аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған.

  Екінші кезеңде Европа валюталық институты құрылып, оның құрамына 12 орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты орталық банктердің Европалық жүйесін эмиссиялау.

  Үшінші кезең экономикалық одақтың бірнеше мемлекеті несие – ақша жүйесінің  бірыңғай  үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген ХХ - ғасырдың аяғында басталды.

   

 

2.2             Халықаралық  валюталық  жүйенің  мәні, түрлері,

элементтері  

 

  Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан шаруашылық байланыстардың интернационалдандыру негізінде  тарихи қалыптасатын валюта – экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық - заңдылық тұрғысынан – ол белгілі-бір  қоғамдық экономикалық формация шегінде мемлекеттік – құқықтық түрде ұйымдасқан валюта – экономикалық қатынастар.

  Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

  Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамның ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

  Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі.

     Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

–        ұлттық валюта;

–        ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары;

–        валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.

–        валюта бағамының тәртібі.

–        валюталық шектеудің болуы немесе болмауы.

–төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есеп шоттары, евро, ХВҚ резервтік позициясы) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;

–халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

–валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы.

  Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

  Дүниежүзілік валюта деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие – қаржы институттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті – халықаралық саудасаттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс - әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету.

  Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша - есептесу  қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі " деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

   Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болын алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді.

  Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

–        әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);

–        валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

–        валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

–        халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;

–        халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;

–        әлемдік валюта нерығы мен алтын нарығының ережесі;

–        мемлекетаралық реттеу институтының статусы             1944 жылдан халықаралық валюта қоры бекітілді.

Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде Батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол   1957 жылы  Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық»  одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру Батыс Еуропаның позициясын күшейту.

  Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықрың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді.

 

 

2.3 Халықаралық  валюта жүйесіндегі халықаралық

қаржы ұйымының ролі

 

  Бұл мекемелер  ағымдағы жүзжылдықта пайда болды. Олар халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған. Олардың құрамына дүниежүзілік және аймақтық банктер және банк емес институттар кіріп, әр түрлі глобальды немесе аймақтық масштабтағы міндеттер мен мақсаттарды шешеді.

  Халықаралық есеп айырысу банкі – алғашқы халықаралық дәрежедегі  банк. Ол 1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған .

  ХЕБ-ны құрудың мақсаты қатысушы – елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырасуды қамтамасыз ету деп жарияланды.

  Халықаралық есеп айырысу банкі – алғашқы халықаралық бәрежедегі банк. Ол  1930 жылы Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған. Бұл мемлекеттер сондай-ақ Швейцариямен осы банктің Базельде орналасуы жөнінде конвенцияға қол қойды. Аталған мемлекеттердің орталық банктерінен басқа, оның алғашқы құрылтайшыларының арасында АҚШ –тың Морганның банкирлік үйі бастаған кейбір коммерциялық банктері болды. ХЕБ-ны  құрудың мақсаты – қатысушы елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету деп жарияланды.   1932 жылы оған Еуропаның тағы да             19 елі қосылды.

  Бұл елдердің орталық банктері ХЕБ-ның құрылтайшылары, әрі оның клиенттері болып саналады. Сондықтан ХЕБ-ны орталық банктердің халқаралық банкі деп жиі атайды. Онда Федералдық резервтер жүйесі  АҚШ-тың өкілі болып қатыспаса да, ол ХЕБ-мен тығыз байланыста қызмет жасайды. Базельде ай сайын өтетін мәжілістерде және ХЕБ-ның жалпы құрылтайшылар жиналысында үнемі Федералдық резервтер жүйесінің басқарушылар кеңесінің мүшесі қатысады. ХЕБ-ның дәстүрлі басқарушысы  болып Батыс Еуропа елдері саналады, бірақ АҚШ өз ықпалын арттыра түсуде.

Қазіргі кезде ХЕБ мүшесі болып 30-дан астам мемлекет есептеледе, оның ішінде  екінші дүниежүзілік соғысқа дейін оған кірген бұрынғы еуропалық социалистік елдер: Албания, Болгария, Венгрия, Польша және т.б.  Қатысушыларының құрамы мен ХЕБ-тың қазіргі  жүргізетін операцияларының географиясы оның аймақтық батыс еуропалық валюта-несие ұйымынан халықаралық ұйымға айналуын сипаттайды.

   ХЕБ-ның қызметін акционерлердің  жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі басқарады, ал Банктің өзі шын мәніндегі  акционерлік есеп айырысу палатасы болып саналады. Банктің жарғысына сәйкес оның негізгі қызметтері – халықаралық қаржылық  операцияларға қолайлы жағдайлар жасау және қатысушылардың мемлекетаралықесеп айырысуын жүргізгенде сенімді жақ ролін атқару.  Банк депозит - саудалық, қорлар және басқа операцияларды, оның ішінде алтынмен операциялар жүргізеді, сондай - ақ валюта - несиелік қатынастарға  мемлекетаралық  реттеу жүргізеді. Операциялар бойынша есеп айырысу валютасы болып швейцарлық алтын франк қабылданған, ал АҚШ доллары акционерлерге дивиденд төлеу үшін қолданылады

 

                            

3 Валютаны реттеу

 

 

3.1  Сыртќы экономикалыќ ќызметті реттеудіѕ нысандары мен

әдістері

 

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1)                 сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2)                 салық салу;

3)                 инвестициялау;

4)                 сыртқы қарыз алу;

5)                 сырткы берешек;

6)                 экспортты қаражаттандыру

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортгы лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым  пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салымдар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, баска бағалы қағаздар мен төлем каражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының, ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінін бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар ішін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары ішін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттық тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл тауарларға олардың тарапынан сұраным ұлғая түседі; екінші жағдайда импорттық, тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным ұлгая түседі; екінші жағдайда импорттық − тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным артады. Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп елдің балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта нарығының қызметіне араласады.

            Импорт кезінде шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы тґмендеуі жергілікті нарықта мүмкіндіктердің кезегендігін білдіреді  және керісінше, бұл бағамныѕ артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты нарықтың тұқыруына ұрындырады.

Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.

Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол өз кезегінде, қаржы құралдары -экспорт мен импортќа салынатын салықтар, кеден баждары аркылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының  мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай - ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді ґндірушілердіѕ де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.

Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономикалық үйлесімдер мен қағидалар бұзылады, әрі бұрмаланады. Бұл тұтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырєан импортты да шектеуге мәжбір етеді, өйткені оны төлеуге аќшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бұл жерде  жалпымемлекеттік салықтар, сондай - ақ арнаулы  бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импортқа салынатын салықтар) жөнінде болыл отыр.

Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаларының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы  ұту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.

Информация о работе Халықаралық валюта жүйесі