Инвестициялық жобаның мәні, дайындалуы, міндеттері мен түрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 00:04, реферат

Описание

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Содержание

1.Инвестициялық жобаның мәні, дайындалуы, міндеттері мен түрлері;
2. Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың нұсқалары;
3. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау;
4. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының қарауға қабылданатын жобалардың инвестициялық критерийлері.

Работа состоит из  1 файл

инв жобаны талдау.docx

— 32.33 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

1.Инвестициялық жобаның мәні, дайындалуы, міндеттері мен түрлері;

2. Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың нұсқалары;

3. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын бағалау;

4. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының қарауға қабылданатын жобалардың инвестициялық критерийлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Циклдері.Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.

Жобаның тұжырымдалуы.Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

Жобаны дайындау.Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

Жобаны сараптау.Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

Жобаны іске асыру.Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

Нәтижелерді бағалау.Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:

  1. Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
  2. Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
  3. Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
  4. Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын  бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау  және оптимизациялау жатады.

Кез келген инвестициялық  жобаны талдау барысында жобаның  түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.

Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.

Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • жобаны экономикалық талдау,
  • жобаны техникалық талдау;
  • жобаны коммерциялық талдау;
  • жобаны ұйымдастырушылық талдау;
  • жобаны әлеуметтік талдау;
  • жобаны экологиялық талдау;
  • жобаны қаржылық талдау.

Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның  тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қаржыландыру үшін инвестициялық  жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі  әдістемелік ұсыныстар халықаралық  тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар  мен әдістерге негізделген.

Коммерциялық тиімділікті  есептеуге капиталдан түсетін пайда  деңгейіне деген әр инвестордың  жеке көзқарасы негізінде дисконт  нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық  жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді.     Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып табылады.

Инвестициялық жобаның  қаржылық талдау көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады.

Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

  1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
  2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
  3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
  4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
  5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Кәсіпорынның бұдан бұрынғы  қызметі мен ағымдағы жағдайына  қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару  тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы  мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.[10]

Шығынсыздықты талдау негізгі  өнімдерді шығару мен өткізудің  өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.

Жобаның қаржы  бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

  • жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
  • инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
  • жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
  • жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

Инвестициялық жобаларды  қаржыландыру нұсқалары.   Инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемасын әзірлеу кезінде оның бес негізгі нұсқалары қарастырылады: 

1) толығымен өзін өзі қаржыландыру  – көбінде үлкен емес инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде  қолданылады.

2) акционерлеу – үлкен инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде  қолданылады.

3) несиелік қаржыландыру – үлкен  емес қысқа мерзімді және рентабелділік  нормасы жоғары инвестициялық  жобаларды қаржыландыру кезінде  қолданылады. Рентабелділік нормасының  деңгейі ұзақ мерзімді қаржы  несиенің пайызынан жоғары болуы  тиіс. 

4) лизинг немесе селенг –  меншікті қаржы қаражаттары жетіспеушілік   кезінде немесе қаржы несиенің  құны жоғары болған жағдайда  қолданылады. Кәсіпорынды қайта  құру немесе жаңарту мен модернизациялауға  ивестициялық жобаларды қаржыландыру  кезінде қолданылады. 

5) үлестік қаржыландыру – инвестициялық  жобалардын барлық түрлеріне  қолданылады -  жоғарыда аталып  кеткен нұсқалардын комбинациясы.

Аталып кеткен қаржыландыру схемасын есепке ала отырып инвестициялық  ресурстар көздерінің құрамында  пропорциялар белгіленеді. 

Инвестициялық жобаның  қаржылық тұрақтылығын бағалау.Инвестиция объектісін қаржылық талдауинвестициялық процесстін оның барлық стадиясында үзіліссіз бөлігі болады.   Инвестор қаржылық жағдайы белгіссіз кәсіпорынмен ешқандай жұмыс істей алмайды.  

Қаржылық талдау инвестициялық  жобалардын әр түрлі альтернативті  нұсқаларында жүргізіледі, яғни маркетингтік стратегиясынан, қолданылатын қаржылық, материалдық – техникалық және еңбек  ресурстарынан, жобаланатын кәсіпорынның мекенжайының нұсқаларынан, инвестициялық  жобанын өндірістік қуаты мен  іске асыру технологиясы және ұйымдастырылу  негіздерінен тұрады.  Инвестициялық  жобаны қаржылық бағалау инвестициялық  жобанын берілгендерін техникалық бағалаудан кейін жүргізіледі. Мұнда  инвестициялық, өндірістік, маркетингтік шығындармен кірістеріне мән  беріледі.  Сонымен қатар, қаржылық бағалау инвестициялық жобаға негіздеме  бере отырып, болашақта қателерге  жол бермеуге арналған. 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды жүргізгенде:

    • кәсіпорынның қарыз алушы ретінде репутациясына;
    • кіріс алу қабілетіне;
    • активтерінің формалары мен көлеміне;
    • экономикалық конъюктура жағдайына көз салынады. 

Инвестициялық жобалардын қаржылық жағдайы келесі көрсеткіштермен  есептеледі:

    • өтімділікті бағалау (төлемқабілеті);
    • рентабелділікті бағалау;
    • капитал айналысын бағалау;
    • капитал құрылымын бағалау.

Қарастырылған коэффициенттер іске қосылған объектілерімен қатар  жаңадан енгізілген объектілерге де қолданылады.

ЮНИДО ұсынысына сәйкес, инвестициялық жобаны дайындау процессінде  қаржылық талдауды жасауға келесі базалық  формалары қажет: жобалық баланстық  ведомістер, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп.

Бухгалтерлік балансының берілгенімен айналым активтер өтімділігі, қарыз капталын тарту капитал  айналысы, табыстылық коэффициенттер есептеледі. 

Қосымша есептердің басқа  да түрлері қолдануы мүмкін: жалпы  капитал салымдары туралы мәлімет, айналым капиталының қажеттілігі  туралы ақпарат, жалпы өндірістік шығындары  туралы мәлімет, қаржыландыру туралы берілгендер. 

Инвестициялық процессінің  спецификалық ерекшеліктері бар. Бұл  ерекшелік ақша қаражатының қозғалысымен байланысты. Инвестициялық жобалаудын ен қиын тарауы ақша ағымын және нақты ақшалар сальдосын есептеу болады.  Олар әр дайым он берілгенді көрсету тиіс. 

Информация о работе Инвестициялық жобаның мәні, дайындалуы, міндеттері мен түрлер