Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 06:29, доклад
Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар рыногіндегі ойыншылар инвестор бола алады. Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық және қоржынды инвесторларға; шаруашылық қызметінің бағытына қарай институционалдық және жеке инвесторларға; резиденттерге қарастылығына қарай шетелдік және отандық (ұлттық) инвесторларға бөлінеді.
Инвесторлардын турлеріне сипаттама
Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.
Инвестор ең алдымен үнемі табыс алуға, күрделі қаржысының қауіпсіз болуына және капитал құнының өсуіне мүдделі. Мемлекет, аймақтар, ұйымдар, кәсіпорындар, жеке адамдар, құнды қағаздар рыногіндегі ойыншылар инвестор бола алады. Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық және қоржынды инвесторларға; шаруашылық қызметінің бағытына қарай институционалдық және жеке инвесторларға; резиденттерге қарастылығына қарай шетелдік және отандық (ұлттық) инвесторларға бөлінеді.
Шетелдік инвестор – шетелдік заңды тұлғалар, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекеттер.
Ұлттық инвестор – Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстанда инвестицияны жүзеге асыратын жеке не заңды тұлға
Институционалды құрылым экономикада екі рөл атқарады. Бір жағынан, оңтайлы шешімдер қабылдау үшін шаруашылық қызметтерді тоқтатады. Ал, екінші жағынан экономикалық қызметтерді шоғырландыру құралы ретінде қызмет атқарады. Институционалды құрылым – бұл экономикалық келісімдердің қатысушыларын біріктіруді қамтамасыз ететін буын болып табылады.
Кейінгі 30 жыл ішінде институционалды инвесторлар ретінде танымал болған ұйымдардың қарамағында қаржылық биліктің едәуір мөлшері шоғырлануда. «Институционалды инвестор» түсінігін көбінесе практиктер қолданады. Кең мағынада, институционалды инвесторлар – кез-келген типтегі қаржылық делдалдар. Мұндай анықтама оларды жеке инвесторлардан ерекшелендіреді, себебі жеке инвесторлардың портфельдерінен түскен табыс толығымен олардың өздеріне тиесілі.Инвесторлар жұмсаған қорларына байланысы жеке және институционалды инвесторлар болып бөлінеді. Біріншісі, меншікті қорларын инвестициялайтын жеке және заңды тұлғалар болса, екіншісі, тек қана тартылған қорларды инвестициялайтын қаржылық институттар. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары және жинақтаушы зейнетақы қорлары институционалды инвесторлар ретінде қызмет атқарады.
Институционалды
инвесторлардың қаржылық құралдарын инвестициялау
көздеріне келесілер жатады: зейнетақы
қорларының жарналары, инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздарының төлемдері,
сақтандыру компанияларының жарналары.
Институционалды инвесторлар
Институционалды инвесторлар туралы теориялық және құқықтық түрлі көзқарастарды қарастыра келе институционалды инвесторларға келесідей анықтама беруге болады:
Институционалды инвесторлар – заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын жинақтайтын және инвестициялық кіріс алу мақсатында оларды қаржылық құралдарға, соның ішінде бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын қаржылық-әлеуметтік институттар.
ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторларды заңнамалық құқықтық қалыптасу негіздерін екі кезеңге топтастыруға болады:
Бірінші кезеңнің заңдары Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына негіз болды. Қазіргі уақыттағы күші бар заңдардың жетілдірілуіне себеп болды.
Екінші кезеңнің заңдары институционалды инвесторлардың дамуына келесідей заңдардың қабылдануына негіз болды: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», Сақтандыру қызметі туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңдары.
Қазіргі кезде заңнамалық актілердің, соның ішінде «бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының және басқа құжаттардың қабылдануы бағалы қағаздар нарығы мен оның инфрақұрылымының дамуы белгілі бір бағытта сипат алып келе жатқанына болжам жасауға негіз болады. Сол себепті Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын игерудің жинақталған тәжірибесінің, оның нақты жағдайының, сапалық және сандық сипатының жүйелік талдауын жасау қажеттілігі артып отыр.
Әлемдік тәжірибеде институционалды инвесторлардың ірі топтарына сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады. 2006 жылы оларға институционалды инвесторлардың барлық активтерінің 30-31%-і келген, үшінші орында 28%-ті инвестициялық қорлар тұр. Бұл топтың жылына орта есеппен 16% өсуі байқалуда және бұл ең тез өсу болып саналуда. 2006-2007 жж. АҚШ-та институционалды инвесторлардың активтері 2,7 есе өсті, нәтижесінде 2007 жылы 18,4 трлн долларды құрады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы қорларының үлесі – 37%, сақтандыру компаниясының үлесі – 23%, ал инвестициялық қорлардың үлесі – 26% болды. Институционалды инвесторлардың активтерінің көлемі жағынан АҚШ, одан кейін екінші орында Жапония (3 трлн доллар) тұр.
Бұл елде, инвестицияның басыңқы үлесі сақтандыру компаниясында және екінші деңгейдегі банктердің сенім бөлімшелерінде орналасқан. АҚш-та, Англияда, Голландияда, Швейцарияда және Швецияда институционалды инвесторлар активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында өзгеріп тұруда. Сонымен қатар, ЭҚДҰ мүшелері арасында дамушы мемлекеттердегі институционалды инвесторлар активтерінің көрсеткіштері төмен.
Инвесторлар активтерінің ЖІӨ көлеміне қатынасы дамушы елдерде: Түркияда – 0,8%, Польшада – 3%, Мексикада – 6%, Венгрияда – 9%, Чехияда – 16% және Ресейде – 1,3% құраған (1-кесте).
Көптеген
мемлекеттердің институционалды инвесторлары
активтерінің басым бөлігін тұрақты
проценттік бағалы қағаздарға салады.
Сонымен қатар, 2005 жылдары акцияға
инвестициялық салымдардың
2007
жылы институционалды инвесторлар
активтеріндегі акцияның үлесі
Ұлыбританияда – 65%, АҚШ-та –
50%, ал Швейцария мен Австралияда
– 46%, Голландия мен Францияда
– 33%-ті құрады. Сонымен қатар,
институционалды
Ұлыбританияда, институционалды инвесторлардың активтері 2007 жылы 3 трлн доллар болды. Франция мен Германияда – инвесторлардың активтері 1,5 трлн долларды, ал Голландия мен Австралияда – активтер 0,6 трлн долларды құрады. Германияда сақтандыру компаниясының, ал Голландия мен Ұлыбританияда – жинақтаушы зейнақы қорлары активтерінің үлесі басым болып келеді.
Институционалды инвесторлардың активтері өсімінің ең басты себептерінің бірі есепті айдағы теңгенің девальвацияға ұшырау салдарынан шетел валютасында қайта номинирленген қаржы құралдарын қайта бағалау болып табылады. Оның негізгі себебі мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) көпшілігі инфляция деңгейін жауып, аз ғана табыс әкелгендігінде болып отыр. Дегенмен, кейбір консервативті инвестициялық саясатты ұстанатын зейнетақы қорларының кейбірінің портфелінің басым бөлігін МБҚ алады. 2008 жылы ЖЗҚ біріктірілген инвестициялық портфелі көлемді деформацияға ұшыраған жоқ, онда сапалық және сандық өзгерістер орын алды.
Қорыта
келгенде, Қазақстанның ішкі экономикалық
нарығын инвестициялауда
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОО-нан
кейінгі кәсіби білім беру факультеті
Қаржы
және несие кафедрасы
Инвесторлардың
түрлеріне сипаттама
Орындаған:
Сармурзаева А.Л.