Каржы тауекелін баскару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 12:22, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19

2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31

3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37

Қорытынды..........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................42
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Каржы тауекелін баскару.doc

— 342.50 Кб (Скачать документ)
stify">Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.

Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 . Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

 

     Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.

    Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына  – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.

     Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.

      Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).

       Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

      Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

                                           σ²==(x-x²)/n,

мұндағы σ² - дисперсия;

                x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;

                x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

                n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

     Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

                                      v=σ/x·100,

мұндағы v – вариация коэффициенті;

                σ – орташа квадраттық ауытқу;

                x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

      Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

      Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.

       Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.

        Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.

       Тәуекел деңгейінің  түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.

        Тәуекелді бағалаудың перспективалы  әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді  дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

       Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

        Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

       Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

                                         Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

                З – запастар мен шығыстар;

               Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;

               Ис – меншікті қаражаттар көздері;

                 Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;

                  К – қысқа мерзімді несиелер;

                  Р – кредиторлық қарыздыр.

        Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі  көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

         Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық  тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

         Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның  даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

       Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

        Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

        Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.

       Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.

         Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.

        Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар: 

- тәуекелсіз зона;

- минималды тәуекел облысы;

- жоғары тәуекел облысы;

- критикалық тәуекел облысы;

- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

 

1.3.Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны

 

Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі.

Тәуекел-менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады.

Тәуекел-менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға жету үшін қаражаттарды пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Тактика – нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті ең оптималды шешім және берілген шаруашылық жағдайда оптималды басқару әдістері мен тәсілдерін таңдау болып табылады.

Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде екі ішікіжүйеден тұрады: басқарылатын ішкіжүйе (басқару объектісі) және басқаратын ішкіжүйе (басқару субъектісі).

Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық қатынастар  табылады. Бұл экономикалық қатынастарға сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші, кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және т.с.с.

Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).

Субъектінің басқару объектісіне әсер еті процессі, яғни басқару процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады. Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәуекел менеджментінің қызмет етуінде ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттың түрлі типтерінен тұрады: статистикалық, экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.б.

Бұл ақпарат белгілі бір ықтималдылық туралы сақтық жағдайдың тауарларға және капиталға сұраныстың бар-жоқтығы және сұраныс мөлшері, өздерінің клиенттері, серіктестері, бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы және төлемқабілеттілігі,бағалар, бағамдар және тарифтер, сонымен қатар сақтандырушылар шарттары жөнініде, дивидендтер және пайыздар туралы мәліметтерден тұрады /3,78б./.

Кез келген шешім ақпаратқа негізделеді. Ақпараттың сапасы өте маңызды. Ақпарат қаншалықты аутқыған болса, соншалықты  шешім анықты емес болады. Ақпарат сапасы оны алған кезде бағалануы тиіс. Ақпарат жылдам ескіреді, сондықтан ол жедел қолданылуы қажет.

Тәуекел менеджменті белгілі бір қызметтер атқарады.

Тәуекел менеджментінің қызметтерінің екі типі бар:

–        басқару объектісінің қызметтері;

–        басқару субъектісінің қызметтері.

Информация о работе Каржы тауекелін баскару