Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 11:16, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мәні қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесіне қол жеткізуге арналған.
Кіріспе
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:
“Самұрық – Қазына” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен 15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың атынан Астана және Алматы
Қорытынды
Отандық қаржы мекемелер жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында қаржы мекемелер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
Қаржы мекемелерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет қаржы мекемелер секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Мемлекет қаржы мекемелердің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда қаржы мекемелері депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы қаржы мекемелердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте қаржы мекемелерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.
Қазіргі таңда қаржы мекемелер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл қаржы мекемелер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты қаржы мекеме секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Қаржы мекеме секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі қаржы мекемелер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл қаржы мекемелердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, қаржы мекемелердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Егемен Қазақстан. 1993. 13 қараша.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 13 карашадағы Жарлығымен 15 караша Ұлттық валюта - тенге Күні, Қазакстан Республикасы каржы саласы кызметкерлерінің кәсіби мейрамы болып жарияланды (ҚР ПҮАЖ, 1997. №49. 454-бап.)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттык Банк Басқармасының 2001 жылы 3 наурыздағы каулысымен колма-кол ақша белгісі — тиын акща айналымынан алынды. (Қараныз: Егемен Қазакстан. 2001. 29 наурыз).
4. Ақша айналымы дегеніміз елдегі тарихи калыптасқан және ұлттық заңнамамен бекітілген ақшаның жүзеге асуының ұйымдастыру нысаны болып табылады. Қараңыз: Хусбяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1955.
5. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002
8. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. - М.: Финансы и статистика, 1999.
9. Банковское дело /Под ред. Лаврушина О.И. — М.: Финансы и статистика, 1998.
10. Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
11. Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и их операции. — М.: Банки и биржи, 1995.
12. Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие. — Алматы: Ирбис, 2000.
13. Гвоздев Б.З. Факторинг. — М.: Ассоциация авторов и издателей, Тандем, Экмос, 2000.