Казакстан республикасынын банк жуйесин талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 13:12, курс лекций

Описание

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Содержание

Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау

Работа состоит из  1 файл

касипорын карж жагдайын талдау.doc

— 161.50 Кб (Скачать документ)

Шешімдер  қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.      

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап  мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.      

Қаржылық  талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.       

Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің  және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.      

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.      

Жоғарыда  көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.      

Айта  кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына  талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.       

Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік  экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығы, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.      

О. В. Ефимов өзінің «Қаржылық  жағдайды қалай талдау керек» деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды (18).      

И. М. Лоханина мен З. К. Золкина (19) алдымен  есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы  жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.      

Кәсіпорынның  қаржы жағдайын талдаудың соңғы  әдістемесін А. Д. Шеремет пен  Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсеңділігін және төлеу қабілетін талдау.      

Қаржылық  жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс – нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлемқабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.      

В. А. Андреев (20) және В. В. Ковалев (21) кәсіпорынның қаржы  жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.      

Тереңдетілген нақтыланған талдау экспресс-талдаудың  бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудиторының өзінің ықыласына байланысты.      

Қорыта  айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер  мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.  
     
 

 Инвестицияға анықтама берген  кезде назарды тек инвестицияның  мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру  қажет. Демек, инвестиция –  жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне  жұмсалатын табыстардың маңызды  бөлігі және өндірістің кеңеюі  мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың ұлғаюымен байланысты.     

 Экономикалық және қаржылық тұрғыдан  инвестицияландыру экономикалық  ресурстарды болашақта таза пайдаға  жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.    

 Инвестиция – бұл ақшаны, оның  сақталуына немесе құнының артуына  және табыстың оң шамасын қамтамасыз  етуге үміт арта отырып, орналастыруға  болатын кез келген құрал. Бос  ақша құралдары ақшаның құнын  инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.    

 Инвестиция жайында шешім қабылдау  басқарманың стратегиялық қиын  міндеті болып саналады. Инвестициялау  кәсіпорынның қаржылық жағдайын  жақсартудағы тиімді шараның  бірі болып табылады. Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: портфельді және нақты (капиталдандырылған).    

 Портфельді инвестиция деп (кәсіпорынның  құнды қағаздарын сатып алу  сияқты) жобалар тобына капитал  салуды айтады. Портфельді инвестиция  жағдайында инвестордың негізгі  міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді  қаржылық операциялар түрінде көрінеді.     

 Нақты инвестиция деп өндіріс  процессіне тікелей қатысатын  инвестицияларды айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар  қорына салынатын инвестициялар.     

 Объектісіне қатысты инвестициялар  келесі түрлерге жіктеледі:

  1. мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
  2. қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
  3. материалдық емес инвестициялар – оларға зерттеу және талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
 

 Әрекеттің  бағытына қарай инвестициялар  келесі түрлерге бөлінеді:   

1. бастапқы инвестициялар немесе  нетто-инвестициялар, кәсіпорынды  негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;   

2. өндірістік потенциалды (әлеуетті) ұлғайтуға бағытталған кеңейту  инвестициялары (экстенсивті инвестициялар);   

3. қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның  негізгі қорының құрамын қолдау  мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:   

*  бар объектілерді жаңа объектілермен  ауыстыруға бағытталған ауыстыру  инвестициялары;    

* рационализациялауға  арналған инвестициялар, технологиялық  жабдықтарды немесе процестерді  жетілдіруге жұмсалады;   

*   шығару бағдарламасын өзгертуге  жұмсалатын инвестициялар;   

*   диверсификациялауға арналған  инвестициялар, олар өнімнің жаңа  түрлерін шығаруға және жаңа сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;   

* болашақта кәсіпорынның қалыпты  жұмыс істеуін қамтамасыз етуге  бағытталған инвестициялар. Бұған  ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға, жарнама, қоршаған ортаны қорғауға  бағытталған инвестициялар кіреді.     

 Инвестицияның  экономикалық табиғатын оны жіктеу  толығырақ түсіндіреді, жіктеу  негізінде түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері;
  2. ақша құралдарын салу объектілері;
  3. инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  4. инвестицияландыру кезеңі;
  5. меншік түрлері;
  6. инвестордың қатысу түрлері;
  7. тәуекел дәрежесі;
  8. ұдайы өндіріс түрлері.
 

       Инвестициялық  процестерге қатысу  сипаты бойынша  инвестициялар келесі  түрлерге бөлінеді:

  • тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар, инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
  • жанама инвестициялар, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
   

      Инвестиция еліміздің экономикасында  және жеке кәсіпорынның қай-қайсысы  болмасын өмірінде келесі бағыттар  бойынша маңызды рөл атқарады:

  • ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын іске асыруда және кәсіпорынның негізгі өндіріс қорын үнемі жаңалауда;
  • өнім сапасын жақсарту және ғылыми-техникалық прогресті тездетуде;
  • барлық халық шаруашылық салаларының тең дамуына және қоғам өндіріс құралдарының қайта құрылуында;
  • өнеркәсіпте керекті шикізат базаларын жасауда;
  • азаматтық құрылыстар, денсаулық сақтады дамыту, жоғары және орта мектептерді дамытуда;
  • жұмыссыздық мәселелерін шешуде немесе жеңілдетуде;
  • табиғатты қорғау және басқадай мақсаттарға жетуде.

Информация о работе Казакстан республикасынын банк жуйесин талдау