Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 18:12, реферат
Көлік құралдары – бұл орын ауыстыру немесе орын ауыстыру объектісін бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруына мүмкіндік беретін мобильді құрал. Оған жеңіл автомобильдер, жүк арнайы автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар және пневматикалық жүрістегі механизмдерді, автобустарды, матоциклдер, матороллер, мотошана, катер, кемелер, тартқыштар, баржалар, яхталар, ұшу аппараттарын жатқызуға болады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны.
Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары және салықты есептеу тәртібі.
Көлік құралдарына салынатын салықтың есебі, есептілігі және салық төлеу мерзімдері.
Жоспар.
Көлік құралдары – бұл орын ауыстыру немесе орын ауыстыру объектісін бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстыруына мүмкіндік беретін мобильді құрал. Оған жеңіл автомобильдер, жүк арнайы автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар және пневматикалық жүрістегі механизмдерді, автобустарды, матоциклдер, матороллер, мотошана, катер, кемелер, тартқыштар, баржалар, яхталар, ұшу аппараттарын жатқызуға болады.
Көлік құралдарына
салынатын салық – мемлекет пен көлік
құралдары арасындағы экономикалық қатынасты
реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері
көлік құралдарын иемдену барысында республиканың
автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы
автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік
бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан
да көлік салығының экономикалық маңызы
зор.
Көлік құралдарына салынатын салық тікелей
нақты салық болып табылады. Меншік құқығында
салық салу объектілері бар жеке тұлғалар
және меншік, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында салық салу
объектілері бар заңды тұлғалар, олардың
құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына
салынатын салықтың төлеушілері болып
табылады. Лизинг алушы қаржы лизингі
шарты бойынша берілген салық салу объектілері
бойынша көлік құралдары салығын төлеуші
болып табылады.
Көлік салығын төлеушілер:
Көлік құралдары
салық бойынша салық салу объектілері
болып уәкілетті органда
Мына төменде
аталғандар көлік құралдары
Көлік салығын төлеуден босатылатындар:
2. Салық ставкалары (367-бап).
1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Рет |
Салық салу объектiсi |
Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Двигателінің көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): |
|
1100-ге дейiн қоса алғанда |
1 | |
1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда |
2 | |
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда |
3 | |
2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда |
5 | |
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда |
8 | |
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда |
15 | |
4000-нан жоғары |
117 | |
2. |
Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): |
|
1 тоннаға дейiн қоса алғанда |
3 | |
1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда |
5 | |
1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда |
7 | |
5 тоннадан жоғары |
9 | |
3. |
Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер |
3 |
4. |
Автобустар: |
|
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда |
9 | |
отыратын
12-ден жоғары - 25 орынды қоса |
14 | |
отыратын 25 орыннан жоғары |
20 | |
5. |
Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателінің қуаты: |
|
55 кВт-ға дейін қоса алғанда |
1 | |
55 кВт-дан асатын |
10 | |
6. |
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең): |
|
160-қа дейiн қоса алғанда |
6 | |
160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда |
18 | |
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда |
32 | |
1000-нан жоғары |
55 | |
7. |
Ұшу аппараттары |
әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
8. |
Мыналарды: |
көлік құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің 1 проценті |
Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам |
көлік
құралының жалпы қуатының әрбір
киловатынан айлық есептік |
Салықты есептеу тәртiбi (368-бап).
1. Салық төлеуші салық
салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы
бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып,
салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес
есептейдi.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші
заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері
үшін арнаулы салық режимін қолданатын
салық төлеушілер салықты осы Кодекстің
451-бабында белгіленген ерекшеліктерді
ескере отырып есептейді.
Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды
қоспағанда, көлік құралы меншiк құқығында,
шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел
басқару құқығында салық кезеңiнен аз
уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк
құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу
құқығында немесе жедел басқару құқығында
іс жүзінде болған кезең үшiн салықтың
жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк
құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу
құқығында немесе жедел басқару құқығында
iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту
арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектілеріне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беруші тарап үшін:
2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.
3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттар талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
3) қалған жағдайларда - жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салық төлеуші салық салу
∑ сал i = (O сал. oi * Ст сал i) +коэф. I
Мұнда: ∑ сал i – i көлік құралдарының салық сомасы;
O сал. Oi – i объектісінің салық салуы;
Ст сал i - i көлік құралының салық ставкасы;
Коэф. i - i көлік құралының түзету коэффициенті.
Көлік құралы меншік құқығында,
Мұнда: ∑ ай – көлік құралының меншік құқығында нақты болған ай саны.
369-бап. Салық төлеу мерзімдері
1. Заңды тұлғалар ағымдағы
төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы
төлемдердi енгізу арқылы
2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
Информация о работе Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны