Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:27, курсовая работа

Описание

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейі – банктер болып табылады. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты - ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны.

Содержание

Кіріспе

1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11

2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22

3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31

Қорытынды............................................................................................................36

Қолданылған әдебиеттер..............................................

Работа состоит из  1 файл

Жазира - Курсовой (Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері және операциялары).doc

— 285.50 Кб (Скачать документ)

              Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

Мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері  салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;

Бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.

Ақша нысанындағы қаржы ресурстарының басқа ресурстардан айырмашылығы болады. Қаржы ресурстары өзінің функцияларында біршама оқшауланған, сондықтан қаржы ресурстарын басқа ресурстармен үйлестіруді қамтамасыз етудің қажеттігі болады.

Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді –көлденең пайда болған қажеттіліктерді қаржыландыруды қалыптастыру үшін бөлінуі тиіс.

Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажыра білген жөн: шаруашылық жүргізуші практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың, коммерциялық банктердің қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып  келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

Егер жиынтық өнімнің материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет, кәсіпорын мен коммерциялық ұйымдарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Ұдайы өндірістің мақсаттарын қамтамасыз етуден басқа қаржы ресурстарының едәуір көлемі басқаруға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, үкіметтік борышты төлеуге бағытталатынын  білген жөн.

Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші қор қайтарымы тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын  қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі - таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеудің қаржы ресурстарын азайтады.

Екінші  фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін –материал сиымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты қаржы ресурстарының негізгі көзін арттыруға мүкіндік беретін фактор болып табылады.

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика жағдайында көптеген қаржы операцияларын орындау үшін ІІ ші деңгейлі, яғни коммерциялық банктердің маңызы өте зор. Себебі коммерциялық банктер өз тарапынан заңды және жеке тұлғаларға көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Банктер халықтың бос ақша қаражаттарын жинап, соның негізінде халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оларды қайта бөлістіреді.

              Пассивтік операциялар коммерциялық банктерде активтік  операция-ларға  қатысы  бойынша  алғашқы  рөлді  ойнайды. Солардың  негізінде, банктің  инвестициялық  қызметіне  қажетті  қаражаттар тартылымы  жүреді.

Сонымен  қатар  депозиттер  сияқты,  банктік  ресурстарды  қалыптастырудың  осындай  көзі    кемшіліксіз  деп те  айтуға  болмайды.  Бұл  жерде  қаражаттарды  салымдарға  тарту  кезіндегі  банктің  ақшалай  және  материалды  шығындары  туралы  сөз  болып   отыр.  Сонымен  қатар,  қаражаттарды  салымдарға  мобилизациялау  негізінен  банктерге  байланысты  емес, ол көбінесе клиенттерге  байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  несие  нарығындағы  банктер  арасындағы  бәсекелестік  күрес,   депозиттерді  тартуға  ықпал  жасайтын  қызметтерді  дамыту  бойынша  шаралар  қабылдауға  алып  келеді. 

              Қандай да бір қаржылық институттың мақсаты- пайда табу, сонымен қатар ол экономикалық талдаудың ең негізгі объектісі. Пайда нарықтық экономика қатынастарының жалпы құндылық жүйесінде маңызды орынға ие және экономикалық механизм қоғамдық өндірісті басқарудың негізгі элементі болып есептеледі. Бұл құндылық форманың көмегімен экономиканың барлық кәсіпорындарының қызметі бағаланады. Пайда- кеңейтілген ұдайы өндірісті қаржыландырудың ең ірі қайнар көзі, оның тиімділігінің басты критерийі, экономикалық қорлардың қалыптасуына жағдай туғызатын және мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі болып келеді. Пайданың экономикалық табиғатының дұрыс түсінігі экономикада бұл категорияның тәжірибелік қолданылуының механизмінің жақсаруына негіз болып келеді. 

              Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарды.

              Халықаралық тәжірибеде қолданылатын банк жағдайының  қаржылық талдау әдістері бүгінгі Қазақстан жағдайында тиімсіз, әрі оның қолдануға жарамсыздығымен жағдай күрделене түсті. Сондықтанда бүгінгі таңда отандық банктер үшін жергілікті нарықтық жағдайына сәйкес  келетін банктің қаржылық талдауының тиімді әдістерін өздері жасап шығару және оларды қолдану сұрағы көкейкесті болып отыр.

              Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары ретінде шығарылады. Қызмет көрсеті аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселеледің бірі болып табылады.

              Еілімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейдегі банктер. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілуі мақсаты ол білімділікке және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік  жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары банктің дамуы қаржы және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол банктің ресурстары және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және ақша аудару арқылы жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары ол клиенттермен көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен де қарым-қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер әрқайсысы өздерін жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында бәсекелестік болады, сол үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей алатындығын көрсетеді. Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып мінездеме бере алады. Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын жоғалтпай жұмыс деңгейі жоғары екенін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурызындағы № 2155 Заңы

2.      “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк және банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 30.08.1995 жыл

3.      Положение Нац Банка РК от 23.05.1997 № 0218 “О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по банкам  ІІ го уровня РК”

4.      Мақыш С.Б  Ақша айналысы және несие  Алматы  2004 жыл

5.      Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, ИздатМаркет Алматы, 2004 жыл

6.      Мейірбеков А.Қ,  Әлімбетов Қ.Ә  Кәсіпорын экономикасы Алматы  «Экономика»  2003 жыл

7.      Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С Қаржы жоғары оқу орындарына арналған оқулық  Алматы  2005 жыл

8.      Сейітқасымов Ғ.С Алматы Ақша, несие, банк  Алматы «Экономика» 2001 жыл

9.      Сейткасымова Г.С.  Банковское дело Под. ред. /Алматы “Қаржы-Қаражат” 1998 год

10. Лаврушина О.И.  Банковское дело ред. / Москва “Фис” 1998г.

11. Жукова Е.Ф.Банки и банковские операции.  ред. / Москва,1997г.

12. Черкасов. В.Е.  Финансовый анализ в коммерческом банке. Москва, ИНФРА–М 1995г.

13. Сейткасымова. Г.С.  Деньги, кредит, банки ред. Алматы  “Экономика” 1999г.

14. Лаврушина О.И.  Деньги, кредит, банки. под. ред. / Москва “фас” 1999г.

15. Жукова Е.Ф. Деньги, кредит, банки   ред. / Москва “Банки и Биржи”

16. Жукова Е.Ф Общая теория денег и кредита ред. / Москва “Банки и Биржи” 1995г.

 

1

 



Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары