Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 08:28, реферат
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып оны капиталға айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды.
Коммерциялық банктердін негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруын ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу);
• клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып оны капиталға айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланғап жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша каражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Ұйымдасқан және
жұмысы қалыптасқан есеп
Инфрақұрылымы
жеткілікті дәрежеде дамыған
мемлекеттердің төлем
Коммерциялық
банктердің ерекше кызметі
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. ¥зақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін БАҒАЛЫ кағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты
банктер мемлекеттік
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың (бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. кызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді
формалды клиенттердің өкілі
ретінде атқарғанмен, шын
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинактауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей
кеңес береді: шот ашу, есеп
– несиелік және кассалық
Бағалы кағаздарды шығару және олармен операция жүргізу дегеніміз - бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. БӘСЕКЕ банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттері ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.