Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 12:03, реферат

Описание

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Корпорациялардың қаржысы.docx

— 17.29 Кб (Скачать документ)

Корпорациялардың  қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру  және ұстау негіздері 

 

Қаржының  құн санаты ретіндегі  мазмұны, мәні 

 

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы  ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет  ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Капитал (баланстың пассиві) – активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.

Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан  тыс алынған түсімнің нысаны болып  табылады.

Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді. Ақша қоры – көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай  қаражатының жеке бөлігі.

 

Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік  қаржының мына үш функциясы  заңды түрде  танылған: 

 

1) капитал, кіріс және  ақша қорын  қалыптастыру;

2) капитал, кіріс және  ақша қорын пайдалану;

3) бақылау функциясы.

 

 «Капитал, кіріс және  ақша қорын қалыптастыру» функциясы  мына шаруашылық операцияларын  атқарады: 

 

акционерлік қоғамдардың  жарғылық және резервтегі капиталын  құру және толықтыру;

қор нарығынан даму мақсаттары үшін қаржыландыру көзін тарту;

несие капиталы нарығынан  кредит пен қарызды жұмылдыру;

тауар сату түсімі құрамында  пайда болатын ақша қорын шоғырландыру;

бөлінбеген пайданы қалыптастыру;

арнайы мақсатты қаражатты  тарту;

капиталды, кірісті және ақша қорының есебін жүргізу мен  талдау.

 

«Капитал, кіріс және ақша қорын  пайдалану» функциясы  келесі экономикалық процестерді атқарады: 

 

капиталды айналымнан тыс  және айналым активтеріне  салуды оңтайландыру;

салық төлемін қамтамасыз ету

бос ақша қаражатын ең өтімді активке салу;

кірісті тұтыну, даму және резерв құру мақсатында салу;

капиталды, кірісті және ақша қорын пайдаланудың есебін жүргізу  және талдау.

 

Халық шаруашалығында қаржыны  бақылау төмендегідей жүзеге асырылады: 

 

корпорациялардың  қаржы  және бухгалтерлік қызметі  жеткізушілер материалдық құндылық пен жүктің шотын төлегенде –  өндіріс  пен айналыс және өнімді тиеу шығынын; дебиторлық берешектің өндірілуін және кредиторлық беоешектің өтелуін  бақылайды және т.б.;

банкілер – өз клиентін кредиттеу процесінде және оның кассалық тәртіпті сақтауын;

салық органы – заңды  және жеке тұлға бюджет жүйесіне салық  пен жиын төлегенде және т.б.

 

Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру  принциптеріне төмендегілерді жатқызуға  болады: 

 

шаруашылық  қызметті өзін-өзі  реттеу;

өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру;

айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік және қарыз бойынша  бөлу;

қаржы резервінің болуы.

Өзін  өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат  таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы  қаражат корпорацияға тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін  қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірістіөзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті жүзеге асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.

Өзін-өзі  қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, кең  салалы ұдайы өндітісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік  жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады.

 

Өзін-өзі  қаржыланжыру принципін  жүзеге асыру  үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:

меншік  капиталды ағымдағы ғана емес, инвестициялық  қызмет бойынша  шығынды өтеуге жеткілікті мөлшерде жинақтау;

капитал салынатын ұтымды бағыт таңдау;

негізгі капиталды ұдайы  жаңарту;

тауарлық және қаржы нарығының  қажетіне икемді ден қою.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа  бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында  өндіріс технологиясымен және оны  ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы  және т.б.) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым  қаражаты құрылатын көздер құрамында  көбінесе меншік айналым қаражаты басым.

Қаржы резервін құру нарық  жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен  бірге өз міндеттемелерін орындамау  үшін әріптестер алдында материалдық  жауапкершілік артқан жағдайда корпорацияның  тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда  қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына  сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады.

Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің  қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны  басқару жүйесін ұйымдастыру  кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұның  өзінде:

қызмет саласын (коммерциялық және коммерциялық емес қызмет);

қызметтің түрін (бағыты –  өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т.б.);

кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысынын ескеру қажет.

Практикада көрсетілген  принциптерді сақтау кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен іскерлік белсенділігін  қамтамасыз етеді.

 

Корпоративтік құрылымды  ұйымдыстыру  нысандары және олардың  артықшылығы 

 

Өнеркәсібі  дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония) кәсіпкерлік қызметтің  корпоративтік  нысаны негізгі болып  табылады.

Мамандардың бағалауы бойынша  қазір әлемде корпоративтік құрылым  белгісі бар 40 мыңнан астам салааралық бірлестік бар, оған 150 елдің 180 мыңға  жуық филиалы кіреді. Олар дамыған  елдердің өнеркәсіптік өндірісінің 50%-ға жуығын, ең жаңа техникаға берілген барлық патент пен лицензияның, технологиялар  мен ноу-хайдың 80% шоғырландырады.

 

Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін: 

 

деңгейлес корпорациялау;

сатылас корпорациялау;

әртараптандырылған корпорациялау.

Деңгейлес корпорациялау  бір тектес өнім нарығында өндіріс  ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал  зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік  жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке  нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмеіді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде қарастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен  сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуетті, өгдірістік және бұйымды  өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын  қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту  қажет.

Сатылас корпорациялау  шикізат  өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті  біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара  тәуелділігі мен процестердің уақыт  пен кеңістікте үйлесетін жүйелік  принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жеткізген үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мұнай және газ өнеркәсібі және т.б.) артады. Сатылас корпорациялау табылдарығына жеткенде технологиялық және кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады.

Әртараптандырылған  корпорациялау  түрлі өндірістерді біріктіру есебінен қалыптастырылады. Корпорациялаудың осы  нысанында кәсіпкерлік қызметтің  тәуекелі, сонымен бірге біртектес  өнім нарығының жағдаятынан тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі, сондай-ақ сыйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келешекте жоғары пайда  алынады. Әртараптандырылған корпорациялаудың даму табалдырығына жеткенде қызмет шеңберін кеңейтуден алынатын пайда  нормасы төмендейді деп саналады. Пайда алу мүмкіндігін айтарлықтай  кемітпеу және акционерлердің әл-ауқатына әсер етпеу үшін жаңа өндіріс құруға жұмсалатын шығын жоғары болмауы  тиіс.

 

Корпоративтік топтың өндірістік, технологиялық, қаржы  қызметінің ауқымы мен оларды біріктіру  есебінен дамуы  мына артықшылықтарды қамтамасыз етеді: 

 

корпорацияның тіршілік ету  кезеңі шектелмейді;

шектеулі жауапкершілік;

трансакциялық шығынды үнемдеу;

топтың жекелеген қатысушыларының  беделін біріктіру қосымша активті  үлестіру есебінен алынатын синергия (үлкен тиімділік);

топқа қатысушылардың арасындағы мүліктік қатынастардың есебінен уәждемесінің күшеюімен байланысты инновациялық артықшылықтар;

пайданың көп үлесін инвестициялаумен, акцияның бағамдық құнының өсу уәждемесімен, сондай-ақ қомақты қарыз капиталын  тарту мүмкіндігімен байланысты инвестициялық артықшылық;

топқа қатысушылардың арасындағы ақпаратпен қарқынды алмасуды қамтамасыз ететін, сонымен бірге өндірісте  инновацияның бейімделуіне қолайлы  жағдай жасайтын, инвестициялық шешімдердің  сенімділігін арттыратын ақпараттық артықшылық;

білікті кәсіпкерлердің ықпал  ету саласын кеңейту;

бір іскерлік топқа қатысушылардың бірін-бірі іс жүзінде өзара сақтандыру және т.б.

 

Корпорацияның қаржы саясаты 

 

Қаржы саясатының мағынасы келесі буындардан құралады:

қаржыны басқарудың жоғары кірістілігі және коммерциялық тәуекелдерден  қорғауды ұштастыратын оңтайлы тұжырымдамасын әзірлеу;

ағымдағы кезеңде қаржы  ресурсы пайдаланылатын негізгі  бағыттарды анықтау;

қойылған мақсаттарға  жетуге бағытталған практикалық  іс-әрекеттерді жүзеге асыру.


Информация о работе Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері