Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:20, реферат
Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.
Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компанияның жетекші өндірістік-коммерциялық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істеиді.
Корпорацияның қаржы қызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
Қаржыны жоспарлау деген қаржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау.
Бюджетті құрылымдық бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады:
Жауапкершілік орталығының құрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.
Бюджет операциялық және қаржылық бюджетке бөлінеді.
Операциялық бюджетінің құрамына мыналар кіреді: сату бюджеті; өндіріс бюджеті; өндірістік запас бюджеті; материал мен энергия шығынының бюджеті; еңбекақы шығынының бюджеті; амортизациялық аударым бюджеті; жалпы өндірістік шығын бюджеті; коммерциялық шығын бюджеті; басқарушылық шығын бюджеті.
Қаржы бюджеті:
Бюджет сондай-ақ келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:
Бюджетті әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылады:
7) күрделі салым мен оларды қаржыландыру көзі мөлшерінің болжамы;
Бюджетті басқаруға көшу үшін бірінші кезекте орындалатын іс-әрекет:
Корпоративтік қаржыны басқару тиімділігін арттыру мақсатында әрбір компанияда автоматтандырылған бюджеттік жоспарлау жүйесін (жергілікті компьютерлік жүйе) құрып, енгізу орынды. Аталмыш жүйе бюджеттің орындалуы жөнінде жедел (күнделікті) ақпарат алуға және кіріс және шығыс бөлікке дер кезінде нақтылау енгізуге септігін тигізеді.
Бюджетті талдаумен қатар бухгалтерлік есеп-қисаптың қаржысын талдау корпоративтік бақылаудың маңызды элементі болып табылады. Қаржыны талдаудың мынадай түрлері қолданылады:
• трендік;
Информация о работе Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері