Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 14:54, доклад

Описание

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша –тауар қатынастарының дамуы жағдайында, әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады. Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында: капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің орын алуын қамтамасыз етеді.

Работа состоит из  1 файл

ком. уйым срс.docx

— 35.56 Кб (Скачать документ)

Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы 
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша –тауар қатынастарының дамуы жағдайында, әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады. Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында: капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің орын алуын қамтамасыз етеді. 
Коммерциялық қызметтің мақсатына пайда алу жатады. Коммерциялық негізде  материалдық және материалдық емес өндіріс аясындағы кәсіпорындардың көптеген түрі қызмет жасайды: коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, басқада қаржылық сектордың ұйымдары мен мекемелері( жинақтау, депозиттік, инвестициялық қорлар, бағалы қағаздар мен сауда делдалдық қатынастарды жүзеге асыратын көптеген мекемелер),еркін қоғамдық қорлар мен трасттық компаниялар және т.б.    Коммерциялық ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыру бір қағида негізінде жүзеге асырылады. Бір қағидаға негізделу мақсаттардың бірлігін, өндірісті дамыту міндеттерінің жалпы жағдайын көрсетеді. Бұл типтегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларына коммерциялық есеп-айырысу, жоспарлылық, меншік нысандарының тең жағдайы және қаржылық резервтердің  болуы жатады. 
Кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсатқа арналған қаржылық қорларды құрып, пайдаланады.  Қорларда ақшалай қаражаттар барлық уақытта қозғалыста түсіп, айналысқа келіп,  шығынға жұмсалады. Қаржылық тәжірибеде кәіспорындарда олардың мақсаттары мен өндірістік, әлеуметтік қызметтеріне байланысты әр түрлі қорлар пайдаланылады. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты көптеген қорлар қолданылмай қалды. 
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ең маңызды қорларға келесілер жатады: жарғылық, резервті, жинақ, валюталық, жөндеу, еңбек ақы қорлары. Кәсіпорындар өздері жеке қорларды да ұйымдастыра алады. Мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, мүшелік жарна қоры, өндірістік және инфрақұрылымдық қор.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады:мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалануүдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикапық қатынастарды айтады.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бакйлау жасау); жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.

1.Коммерциялық есеп - шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.

2.Жоспарлылық қағидаты шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады, Шаруашылық жүргізуші субъектілер болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (моделдеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларыныңкөрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

3.Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары- мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайтын, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер эр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтардыңқызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және элеуметтік дамумен байланыстышығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Коммерциялық  емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.

Коммерциялық  емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игiлiктер мен қызметтердi жасау мақсатында материалдық өндiрiс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесiнде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын тусiнедi.

Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай  қаржы қатынастары қалыптасады:

  • сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;
  • қаржы ресурстарын бөлумем және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгi органдар арасындағы iшкiсалалық қатынастары;
  • шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;
  • салааралық — түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
  • еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;
  • ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi) қатынастар және т.б.

Қызметтің айрықшалықты түрлерiндегi өзара байланыстардың тым қысаң  анықтықты сипаттайтын қатынастардың  қалыптасуы мүмкiн, мысалы:

  • қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелерi арасында жарналарды — кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;
  • коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілерi арасында ұйымның қызметiн қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарына қаражаттар беру жөнiнде;
  • сақтық компанияларында ұйымдардың белгiлi бiр контингентiнiң (әскери қызметшiлердiң, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерiнiң және т.б.) қарым-қатынастары;
  • сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.

Аталынған қаржы қатынастары  ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және  пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:

  • ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметiн қамтамасыз ететiн қорлар;
  • күрделi жұмсалымдардың қорлары;
  • көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
  • қызметкерлер мен континенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелерiндегi ауруларға) қызмет көрсетушiлердiң материалдық, және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумсн байланысты қорлар;
  • негiзгi қызметтi дамыту қорлары.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен  олардың ұйымдық-құқытық нысандары  әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн  анықтау үшiн оның құрамына кiретiн  мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң  сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.

Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметiн жүргiзудiң әдiстсрi сметалық қаржыландыру (көрсетiлген қызметтер  мен игiлiктердiң өтеусiздiгi кезiнде) және шаруашылық есеп пен өзiн-өзi өтеу негiздерi (өтеулiгi көзiнде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбiсi коммерциялық есеп негізінде көшуде — көрсетiлетiн қызметтердi сұраным бағасы бойынша сатады, өздiгiнен даму үшiн жеткілікті қорланым жасайды.

Сметалық қаржыландыру— меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.

Шаруашылық жүргiзудiң  шаруашылық-коммерциялық есебi шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды. Бұл кесiпорындарда қаржы материалдық өндiрiс кәсiпорындарындағыдай ұйымдастырылады.

Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсi ақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады.

Нсгiзiнен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтердi өндiру және олармен қамтамасыз етудiң қажеттiгiмен айқындалады. Қоғамдық тауарлардың белгiлi бiр тұрлерiн ондiрудi едәуiр ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзiне алады.

Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметiнiң материалдық  негiзi өндiрiстiк емес арналымдағы  капиталдар болып табылады, олардың  натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесiнде өзiнiң құнын жоғалтады. Осылай жасалған игiлiк пен қызметтердiң тек тұтыну кұны ғана болады. Материалдық емес өнiм мен қызметтердi жасау процесiнде жүзеге асырылатын өндiрiстiк емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшелiктерi болады. Қызметтiң бұл түрiнде көбiнесе жоғары бiлiктiлiктiң ой еңбегi қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегiдей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнiм қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бiрақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.

Коммерциялық емес сфера  мекемелерiндегi қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.Бұл қатынастардың  бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы  бөлу мен құру процесiнде болмауы  оларға ортақ сипат. Сонымен бiрге олардың негiзiнде өндiрiстiк (коммерциялық) емес сала мекемелерi мен ұйымдарының қаржы көздерi қалыптасады. 

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері