Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 02:09, курсовая работа
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Кіріспе
1-бөлім
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
2- бөлім
Компанияның қаржылық жағдайын талдау
2.1 Компанияның жалпы сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.5 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
3-бөлім
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру
3.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Айта
кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына
талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі
басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі
автор-лардың ұсыныстары оқырмандардың
назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тал-даудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қар-жылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі [17].
О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегін-де талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын баға-лаудан бастайды3.
И.М.Лоханина
мен 3.К.Золкина [19] алдымен есеп беруді
құрастырудың са-пасын тексереді, содан
кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде
кәсіпорын-ның қаржы жағдайын бағалайды,
одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына
және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық
дербестігіне және талдау қабілетті-гіне
тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кә-сіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпо-рынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде
өзгерісін салыстырмалы аналитикалық
баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ
қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін
талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін
дамытуға тиісті оның негізгі бас-тапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау,
тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы
төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы
төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің
сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды
жасауға тиіс.
В.А.
Андреев [20] және В.В. Ковалев [21] кәсіпорынның
қаржы жағдайын бағалауға байланысты
жұмысты екі модульді құрылым түрінде
ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау
және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың
негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің
даму динамикасын және қаржылық жағдайын
бағалау болып табылады. Оның шеңберінде
қойылған мақсатқа көр-некті және жай
қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі
көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына
есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп
нақтыланған талдау экспресс-талдаудың
бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады
және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық
субъектісінің қар-жылық жағдайы туралы,
оның өткен есепті кезеңде қызметінің
нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы
даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға
беру болып табылады. Осыған байланысты
нақтылау дәрежесі аудитордың өзі-нің
ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда,
кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда
аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді
қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып,
осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне
байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты
әрі ке-шенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ
объективті және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының
өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2- бөлім
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.»
компаниясының қаржылық
2.1 «Халлибуртон
Интернэшнл Инк.»
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.
Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.
Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.
Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.
Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.
Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.
«Халлибуртон
Интернэшнл Инк.» компаниясының
басқарушылық құрылы-мы төмендегі 1- суреттетен
көруге болады.
Сурет-1.
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
басқарушылық құрылымы
2.2 Кәсіпорынның
мүліктік жағдайын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық
есептің маңызды элементі болып
саналатын активтерді, талдау барысында,
осы активтердің нақты қолда бары, құрамы,
құрылымы және олар-да болған өзгерістер
зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын
және оның же-ке топтарын талдау, олардың
рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік
береді.
Активтердің
өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы
дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы
кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін
талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық
есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына
әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру
қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны
есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық
есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік
қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта
бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың
құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен
болатыны күмәнсіз.
Баланс
мәліметтері бойынша
Кесте-3
«Халлибуртон
Интернэшнл Инк.» компаниясының
баланс активтерінің
құрамы мен құрылуы.
|
Кесте
мәліметтерінен активтердің нақты құнын
көрсететін баланс валютасы-ның есепті
жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін
көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының
теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді
тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын
және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін,
сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы
мен оның негізгі құралдарының жағдайын
және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін
(іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.
4-кесте
мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды
ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер
арасына тарату жыл аяғына соңғылардың
пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің
үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса
(42,56-57,44), жыл аяғында ол 37,2 пунктке
(52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.
Осы көрсеткіштен
кейін баланс валютасындағы ағымдағы
активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы
активтер құнының кәсіпорынның барлық
мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын
кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды
өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды.
Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның
үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.
Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді
(іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының
жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің
өскенді-гін көрсетеді.
Талдау
жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл
коэффициенттің деңгейі жыл басында
0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765)
құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың
тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш
- мобильді және иммобильді қаражаттар
қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы
активтер құнын ұзақ мерзімді активтер
құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл
қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі,
кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне
байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда
берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен
төмен болмауы тиіс.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері