Кәсіпорынның ақша қаражатын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 14:32, дипломная работа

Описание

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру, қозғалысын реттеу және бақылау, мақта өңдеу саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында айрықша маңызды және өзекті

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................5
1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

Работа состоит из  1 файл

ақша қаражаттарын басқару.doc

— 484.50 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ..............................................................................................................5

1. КәСІПОРЫН АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні……………8
1.2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы..............27
1.3 Ақша ағымдарын басқарудың әдістері................................................36

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис» АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау....................... 41
2.2 Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау................ .48
2.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау........................................................ .57
2.4 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау............................................... .61

3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері...................74
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары.................................................................................................. 80

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................87

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тереңдетілген нарықтық қайта құру жағдайындағы Қазақстанның экономикалық саясаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту мен рентабельділігін жоғарылатуға және мақта кластерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Мақта кластері, оның қатысушыларын қаржылай қолдаудың нақты мемлекеттік саясаты болған жағдайда ғана іске қосылатыны бәрімізге белгілі. Бүгінгі таңда аталған бағытта нақты қадамдар жасалуда. Атап айтар болсақ мемлекет, мақта шаруашылықтарының зиянкестермен күресуге жұмсайтын шығындарын 100 пайыз, егілетін ұрық құнының, суару үшін пайдаланылатын суды жеткізуге, тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу үшін жұмсалатын щығындардың 40 пайызын, жанар-жағармай мен дренаждық және ирригациялық жұмыстарды жүргізуге кететін шығындардың бір бөлігін өтеуді жоспарлауда. Бұл мақта шикізатын өндірушілерді қолдаудағы айтарлықтай қадам болғанымен оны кластердің технологиялық тізбегіне тікелей және жанама әсер ететін басқа да шаралармен кешенді түрде қолдану айтарлықтай оң нәтижені береді. Мұндай инструменттерге  мақта талшықтарын сатып алу құнын реттеуді, энерго-шикізаттар мен электр энергиясына дүниежүзілік бағадан төмен бағаны қалыптастыруды, құрал-жабдықтар импорттауды дотациялауды, альтернативті шикізат қорын стимулдау мен қаржыландыруды т.б. жатқызуға болады.

Мақта өңдеу кәсіпорындары көпқырлы қызмет атқарады. Мақта шикізатын бастапқы өңдеуден мақта талшықтары, ұрық және мақта линтын алудан басқа мақта зауыттарына келесідей бірқатар міндеттер жүктелген: егуге қажетті ұрықты дайындап мақта егетін шаруашылықтарды қамтамасыз ету, мақта өсірудегі агротехникалық әрекеттерді жүргізуде бақылау жасау және көмек көрсету, мақта шикізаттарын кептіру және тазалау,бастапқы қайта өңдеу және мақта өнімдерін тұтынушыларға жеткізу т.б. Қазақстанда өндірілетін мақтаның талшықтығы  оташа болып, шикі мақтаны өсіріп жинаудың 80 пайызы шаруа қожалықтары үлесіне тиеді.Бүгінгі таңда  мақта өнімдеріне тұрақты сұраныстың болуына байланысты дүниежүзілік нарықтағы оларды сату көлемі жеткілікті түрде тұрақты болып отыр. Жақын келешекте мақта өнімдерін сату көлемінің азаюы күтілмеуде, себебі оларға деген сұраныс жоғары. Сондықтан да мақта шикізатын қайта өңдеу тиімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр.  Еліміздегі мақта өнеркәсібінің дамуы өндіру үрдісін механизациялау мен автоматтандыру, мақта заводттарын мақта өсіретін шаруашылықтарға мейлінше жақындату,  ұзақ тасымалдау мен артық жүк тиеу жұмыстарын азайта отырып, мақта щикізатын жинау мен қайта өңдеудің біріңғай ағымын құру бағытында жүріп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы жобалық қуаттылығы 770 мың тоннаны құрайтын 21 мақта өңдейтін кәсіпорын бар, оның 12-сі Мақтаарал ауданында орналасқан, ал қалғандары болса Шымкент және Түркістан қалалары мен Шардара, Сарыағаш, Ордабасы және Отырар аудандарында орналасқан. Ортажылдық қуатты пайдалану 40-45 мың тонна мақта шикізатын құрайды. Мақта зауыттарының қуаттылығы барлығы 60% жүктелген, бұл шикізат базасының өсуі жағдайында өңдеу үшін қажетті қосымша мақта қуаттарының құрылысын салмай-ақ, мақта шикізатын қайта өндіру көлемінің өсімін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру, қозғалысын реттеу және бақылау, мақта өңдеу саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат аясында айрықша маңызды және өзекті. Сондықтан да Қазақстан экономикасының дамуында, мақта өңдеу кәсіпорындарының маңызды мәселелерінің бірі, олардың қаржылық тұрақталғана әсер ететін қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару болып табылады.

Дүниежүзі мақта  нарығындағы бәсекелестіктің  дамуына байланысты кәсіпорындардың жемісті дамуының алғы шарты, өз қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын үйлестіруді, несие саятатын жүргізуді, қаржылық болжауды, жоспарлауды, төлем тәртібін сақтауды және басқада қызметтерді қамтитын, дұрыс ұйымдастырылған басқару жүйесі болып табылады. Ал қаржы-ақша ағымдары, дәстүрлі түрде барлық деңгейдегі басқару  жүйелерінің маңызды элементі болып саналады.

       Мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін ұйымдастыру мен жоспарлау, оларды өндірістік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуде тиімді қолдану мәселелері әлі толық зерттеліп, қарастырылмаған.

Сондықтан да мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қызметтерді жоспарлау, өңдірілген өнім құнын, сапасын көтеру, тағы басқа да мәселелерді талдау, ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін туындатады.

Сондай-ақ зерттеу тақырыбының өзектілігі келесілермен анықталады:

-         Қазақстан экономикасының даму жағдайындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының үлкен көлемдегі қаржы-ақша қаражаттарын айналымға тарту мен оларды тиімді басқару ролінің жоғарылауы;

-         кәсіпорындардың шаруашылық қызметіндегі қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мәні мен тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеудің жеткіліксіздігі ;

-         мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудағы жоспарлау, бағалау талдау мен бақылаудың әдістемелік аппаратын толық және тиімді пайдалануға, сондай ақө икемді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін кешенді зерттеу жұмысының жоқтығы;

-         бизнесті басқару тиімділігін жоғарылатуға себеп болатын және кәсіпорынның қаржы-ақша айналымына оң ықпал ететін, теориялық негізделген, тәжірибеде қолдануға болатын қаржы-ақша ағымдарын басқарудың қазіргі заманғы әдістерінің қажеттілігі.

-         мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісінің отандық экономиканың қазіргі заманғы талаптарына сәйкестелу қажеттілігі.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты, мақта өңдеу кәсіпорындарының  қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, негізгі шаруашылық қызмет барысындағы қаржы-ақша ағымдарын тақтикалық және стратегиялық басқару жүйесінің  теориясы мен әдіснамасын құру, ғылыми негіздеу және жетілдіру. Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей  тиісті міндеттер қойылған:

-   қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін қалыптастыруды жетілдірудің теориялық әдіснамалық аспектілерін ғылыми зерттеу және оның экономикалық категория ретіндегі ұғымдар аппаратын нақтылау;

-   мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын мінездейтін кешенді жіктелуі мен басқарудың мақсатты параметрлерін негіздеу және олардың көлемі мен қарқындылығына әсер ететін факторларды нақтылау;

-   кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу және басқарудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру; 

-   қаржы-ақша ағымдарының жіктелуіне салыстырмалы талдау жасау және олрады пайдалану бағыттарын негіздеу;

-   кәсіпорынның жалпы басқару жүйесінде пайдалану үшін, қаржы-ақша ағымдарының құрылымының мақсаттылығын бағалау;

-   кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамсыздандырудың ұстанымдары мен әдіснамалық тұстарын негіздеу;

-   мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық қамтамасыздандырудың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау және басқаруды ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастырудың негізі болып табылатын модельдеуді негіздеу;

-   кәсіпорындардағы қолданыстағы қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін  зерттеу, оның ерекшеліктерін анықтау және оны жетілдіру мәселелерін шешу;

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық  қатынастар жиынтығы.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады. Іздену жұмысының материалдары 325 жазба бет, 30 кесте және 25 сурет түрінде берілген.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесінің теориялық-әдіснамалық негізі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы есеп айырысулардың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүреді. Ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізіліуді қажет етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүгізіліп отырады. Есеп айырысу операциясының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

● Ақшалар  арқылы есеп айырысу оепрацияларын толық, уақытылы және дер кезінде есептеу ;

● Кәсіпорындардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

● Есеп айырысу, төлеу тәрітібін бақылау;

● Кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Ақшалар шоттарындағы тек ғана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Ақша бағаналары бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға байланысты ақша ағымдары екі түрлі сипатқа ие болады:

Біріншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштеріне әсер етеді.

Екіншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен құралдарының айналымдылығының негізгі объектісі болады.

Сонымен қатар, кәсіпорынның пайда алуға бағытталған коммерциялық қызметі тек соңғы қаржылық нәтижені ғана қарастырмайды, сондай-ақ кәсіпорын үшін кез келген ақша нысанындағы немесе материалдық-заттық нысандағы табыс алуды көздейді. Ақша ағымдары қаржы саясатының негізгі элементі ретінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын талдаудың негізгі факторы болып саналады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы

есептерді талдау нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық операцияларының зор мүмкіндіктерін анықтауға болады. Мысалы, өткен жылдардағы қызметтің

нәтижесін бағалау арқылы ақша қаражаттарының түсуі мен пайдаланылуының теңсіздігін анықтап, оны болашақта қайталамау үшін шаралар қолдануға болады. Кәсіпорынның ақша ағымдарын талдау бірнеше кезеңдерден тұрады:

1 кезең. Жақсы нәтиже беретін ақша ағымдарының құрылу көлемі мен өсу қарқыны қарастырылады, ақша ағымдарының өсімінің қарқыны мен өнімдерді, тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемі өсімінің қарқыны салыстырылады.

2 кезең. Теріс ақша ағымдарының құрылу көлемі мен динамикасы зерттеледі. Мұнда сыртқы көздерден алынған ақша қаражаттары қайда жұмсалды, нарықтық құнының өсімін арттыратын кәсіпорынның активтерінің жеке түрлері қалай дамыды, бұрын алынған несиелер мен зайымдар бойынша негізгі қарыздар қалай өтелді деген мәселелер қарастырылады.

3 кезең. Оң және теріс ақша ағымдарының уақыт пен көлемі бойынша тепе-теңдігі анықталады, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретіндегі таза ақша ағымдары көрсеткішінің динамикасы зерттеледі.

Сонымен, ақша ағымдарын талдаудың басты мақсаты ақша қаражаттарының көлемі, уақытша параметрлері, келу көзі мен бағытталуына байланысты ақпараттарды ұсыну болып табылады, олар нақты басқару шешімдерін қабылдауда, субъективті және объективті, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін басқаруда өте қажет болады.

Ақша ағымдарын талдау негізі шаруашылық қызмет түрлері мен басқа да талдау сипаттамалары бойынша олардың құрылуы мен пайдалану бағыттары туралы толық, әрі шынайы ақпарат алу болып табылады. Ақша ағымдарын талдаудың негізгі ақпарат көздері келесілер:

1. Бухгалтерлік есеп беру – Бухгалтерлік баланс, Табыстар мен шығыстар туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Өзіндік жеке капиталдың өзгеруі туралы есеп, есептеу саясаты туралы ақпарат пен түсіндірме жазбасы;

2. Ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайтын бухгалтерлік есептің аналитикалық және синтетикалық шоттарының мәліметтері бойынша ақпарат;

3. Жоспарлы басқару мәліметтері – ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеті, төлем күнтізбегі және басқалар.

Ақша ағымдарын кешенді қаржылық талдау кезінде есептелетін және бағаланатын негізгі қаржылық көрсеткіштер келесілер болып табылады:

1.   Өтімділік коэффициенттері (ағымдық өтімділік коэффициенттері, жедел өтімділік коэффициенттері, абсолютті өтімділік коэффициенттері);

2.   Кәсіпорынның қаржылық саясатының көрсеткіштері (ақша ағымдарының жеткіліктілігі коэффициенті, дебиторлық және кредиторлық қарыз айналымдылығы, тауарлы-материалдық запастар айналымдылығы және т.б.);

3.   Рентабельділік коэффициенттері (ақша қаражаттарының қалдығының рентабельділік коэффициенттері, түскен ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенттері, жұмсалған ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенттері).

Өтімділік коэффициенттері ағымдық активтер мен ағымдық міндеттемелер арасындағы өзара байланысты білдіреді және кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін өз уақытында орындау мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы төлемқабілеттілікті анықтайтын негізгі фактор кәсіпорындағы шынайы өзіндік жеке капиталдың бар болуы болып табылады.

Коэффициенттерді есептеу баланстағы ағымдық активтер өтімді болған жағдайда ғана төлем қабілеттілікке баға беретіндігін атап өтуге болады, яғни:

1. Баланстағы тауарлы-материалдық запастар олардың құнының сомасына тең болатын ақшаға айналуы мүмкін болған жағдайда;

2. Дебиторлық қарыз ақша қаражаттары нысанында қысқа мерзімді қарыздарды өтеу мерзіміне сәйкес келетін мерзімде түгел түседі.

Ақша айналымын сипаттауда кәсіпорынның айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштері маңызды орын алады. Ақша ағымдарына тауарлы-материалдық запастардың, дебиторлық және кредиторлық қарыздың айналымдылығы тікелей әсер етеді.

Берілген көрсеткіштерді қарастырудың себебі, олар өтімділік деңгейі бойынша ақша қаражаттарына жақын, дебиторлық қарыз ағымдық қызметтен түсетін ақша ағымдарының оң нәтижесін берсе, қорлар болса, жоғары құнға ие болып, дебиторлық қарызбен қатар ақша қаражаттарының «мұздатқыш» баптарын құрайды. Берілген көрсеткіштер шартты болғандықтан, есептеулерде көбінесе орта шамалар қолданылады. Орта шаманы анықтау үрдісі динамикалық қатарлар негізіндегі статистикалық орта шаманы анықтауды немесе қарапайым орта арифметикалық шаманы анықтауды қарастырады.

Қорлардың айналымдылығын едәуір арттыру және айналым құралдарын тиімді пайдалану үшін келесі іс-шараларды ұйымдастыру қажет болады:

1.   Шынайы уақыт мерзіміндегі қорлар қалдығын есепке алу жүйесін құру;

2.   Тауарлар қоймаларындағы және бағалау парақтарындағы қорлар қалдығын кезеңімен талдау;

3.   Кешенді емес тауарлар, рухани және табиғи тозған тауарлар мен төменгі деңгейдегі сұранысқа ие тауарлардың бағасын төмендету;

4.   Сатушы менеджерлер арқылы тұтынушылардан түсетін тапсырыстар жүйесін қайта қарау;

5.   Тұтынушыларға байланысты анықталатын тауарларды резервтеу мерзімін төмендету жағына қарай өзгерту.

Айналымдылық коэффициенті жоғары болған сайын, айналым құралдарының айналым ұзақтығы қысқарады және кәсіпорын жұмысының тиімділігі артады.

Айналымдылықты арттырған кезде кері ақша ағымына қарағанда, оң ақша ағымы жоғары қарқынмен өседі. Соның нәтижесінде айналым құралдары абсолютті және салыстырмалы босайды.

Таза ақша ағымдарының жеткіліктілігі коэффициенті кәсіпорынның несиелерді төлеу бойынша шығындарды өтеу қабілеттіліктері мен таза ақша ағымдары есебінен тауарлы-материалдық қорлардың өсімін көрсетеді. Бұл коэффициентті ақша ағымдарын жоспарлау кезіндегі несие жоспарын жасау барысында қолданған ыңғайлы. Негізгі қызмет бойынша таза ақша ағымдарының өсуі өздігінен қаржыландыру ұстанымындағы кәсіпорындардың экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етеді, қаржылндырудың сыртқы көздеріне тәуелділігін төмендетеді, кәсіпорынның нарықтық  құнының өсімін қамсыздандырады. Кәсіпорынның таза ақша ағымдарының сомасының артуы келесі іс-шараларды жүзеге асыру арқылы орындалады:

1.   Тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасының төмендеуі;

2.   Тиімді салық саясатын жүзге асыру;

3.   Операцилық қызмет бойынша табыстылық деңгейінің артуын қамтамасыз ететін баға саясатын жүзеге асыру;

4.   Тиімді амортизациялық саясатты өткізу;

5.   Қолданылмайтын айналымнан тыс активтерді сату (негізгі қорлар мен материалды емес активтер);

6.   Дебиторлық қарыздарды өз уақытында талап ету, айыппұлдарды қайтару бойынша жұмыстарды күшейту.

Талдау барысында ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептегі ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерін салыстыратын болсақ, онда қаржы саясаты туралы және кәсіпорын үшін әрбір қаржыландыру көзінің салыстырмалы мәні туралы мағлұмат алуға болады:

Қолданыстағы қаржыландыру көздерінің көлемі мен уақытша аспектілерін талдау арқылы берілген кәсіпорынның капитал нарығындағы жағдайы туралы қорытынды жасауға болады.

Қазіргі уақытта рентабельділік көрсеткіштері қолданылады, олар кәсіпорынның ақшаны басқару сапасын сипаттап, оң және теріс даму қарқындарын анықтап береді. Берілген көрсеткіштерді есептеу оларды оңтайландыру (ақша қаражаттарының қалдығының рентабельділік коэффициенті, түскен ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті, жұмсалған ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті) шараларының негізі болады.

Кез келген қабылданған басқару шешімдері ақша ағымдарының жағдайына әсер етеді. Кәсіпорынды оперативті басқару мен ақша ағымдарын

басқаруда ресурстық қамсыздандырудың элементтері ретіндегі келесі шарттар өзекті роль атқарады:

1.   Ақша қаражаттарының түсімінің негізгі көздерін анықтау.

2.   Қызметті жүргізуге ақша қаржаттарының жеткіліктілігін талдау.

3.   Пайда мен таза ақша ағымдарының көрсеткіштерінің едәуір ауытқуына әсер етуші факторларды анықтау.

Ақша ағымдарын басқарудың жалпы тиімділігін анықтау, ол тартылған ақша қаражаттарының құны мен оларды орналастырудың рентабельділігі арасындағы қатынас арқылы көрсетіледі.

Ақша ағымдарын талдаудың тікелей және жанама әдістерін қолдану арқылы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысынның негізгі көздерін анықтайды. Бұл әдістеме есептеу-талдамалық әдебиеттерде кеңінен қарастырылған және шаруашылық субъектілердің тәжірибесінде қолданылады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, экономикалық субъектінің қызметінің үздіксіздігін белгілеу үшін, таза ақша ағымдарының динамикасын қарастырумен қатар, ақша қаражаттары үшін алғашқы ретті болатын және өткендегі қызметтің тұрақтылығын сипаттайтын бірқатар экономикалық көрсеткіштерді талдау қажет болады. Ақша ағымдарының басқару тиімділігі туралы біртұтас қорытынды жасау үшін болжамды талдау кезінде берілген көрсеткіштердің қолданыстағы ара қатынасы белгіленеді.

Зерттелген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы жақсарғанымен, олар жоғары кәсіпкерлік тәуекелділік зонасында орналасқан, себебі кредиторларға толық тәуелді.

Өткізілген талдау нәтижесінде келесідей ұсыныстар берсе болады:

1. Сату рентабельділігі мен ағымдық активтер рентабельділігін келесі шаралар арқылы арттырады;

2. Айналым құралдарының айналымдылығын арттыру және қаржылық циклді қалыпқа келтіру;

3. Сату көлемін кеңейтуді қаржыландыруға қажет ақша қаражаттарын босату мақсатында жалпы кері ақша ағымын қысқарту;

4. Тиімділкті арттыру және шығындарды төмендету мақсатында коммерциялық және басқару шығындарына тұрақты талдау өткізу;

5. Болашақта кері тенденцияларды болдырмау мақсатында компанияның қаржылық жағдайына ай сайын талдау өткізу;

6. Ақша ағымдарын үздіксіз жоспарлауды жүзеге асыру.[12, 20-22 бет]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме жазбадағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады, сонымен қатар баланстың, пайда мен шығындар туралы есептілігінің әрбір бабы бойынша оған қатысты кез келген ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер (жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді.[

Ақша ағымдарын басқару қаржы менеджері қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған ақша қаражатының айналым уақытын есептеу, ақша ағымын талдау, оны болжау, ақша қаражатының тиімді деңгейін анықтау, бюджеттерді жасау және т.б. Джон Кейнстің пікірі бойынша ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің маңыздылығы үш себеппен анықгалады: ескішілдікке негізделген (ағымдағы операцияларды ақшамен қамтамасыз ету кажеттігі), сактау (болжанбаған төлемдерді өтеу қажеттілігі), алыпсатарлық (болжанбаған пайдалы жобаға қатысу мүмкіндігі). Ақша қаражаттары айналымнан дерексізденген уақыт ағымын сипаттайтын қаржы циклы қаржы менеджментінің басты сипаттамасы болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау ағымдық, инвестициялық, қаржы қызметінің және т.б. нәтижесіндегі ақша ағымының сальдосын анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттары козғалысын талдауда схема колданылады. Тек қарапайым болуы үшін кейбір көрсеткіштер агрегатталуы мумкін. Өйткені көптеген көрсеткіштерді тура болжау өте қиын. Әдетте болжау жоспарлы кезеңдегі ақша қаражатының бюджетін жасауға негізделеді. Мұнда тек ағымның негізгі құрамдас бөліктері ғана ескеріледі: өткізу көлемі, қолма қол ақша түріндегі түсімнің үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың көлемі, ақша шығындарының көлемі және т.б. Болжау әдістемесіне жататындар: түсімдерді, шығыстарды болжау, таза акша ағымдарын есептеу, қысқа мерзімді қаржыландырудың жиынтық қажеттілігін анықтау.

Қаржы циклын есептеу.

Қаржы циклы немесе қолма-қол ақша айналымының циклы ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт мерзімін білдіреді. Ақша қаражаты айналымының өндіріс қызметіндегі негізгі кезендері төмендегі суретте көрсетілген.

Келтірілген сызбаның логикасы төмендегідей. Операциялық цикл қаржы ресурстары және   дебиторлық   қарыздар   босалқы қорларға   жансыздандырылған   жалпы   уакытты сипаттайды.   Кәсіпорын   жеткізіп   берушілердің   шоттарын   уақыт   шегерісінде төлегендіктен ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт ішінде, яғни қаржы циклы кредиторлық қарыздың айналым уақытынан орташа уақыттан азырақ.

Осылайша қаржы циклының айналым күнімен есептелген ұзақтығы (ПФЦ) мына формула бойынша есептеледі:

ПФЦ= ОЦҰ - КҚАУ = ӨЗАУ + ДҚАУ- ВОК,              (8)

Мұндағы ОЦҰ— операциялық циклдың ұзақтығы;

КҚАУ — кредиторлық қарыздың айналу уақыты;

ӨЗАУ — өндірістік запастардың айналым уақыты;

ДҚАУ — дебиторлық қарыздың айналым уақыты;

Т — орташа көрсеткіштер есептелетін кезең ұзақтығы (әдетте, жыл, яғни Т = 360 күн).

Ақша қаражаттарының ең аз мөлшердегі қорының болмауы кәсіпорынның қаржы жағдайының қаншалықты қиыншылықга екендігін білдірсе керек. Ал ақша қаражаттарының шектен тыс болуы кәсіпорынның шын мәнінде шығынға ұшырап жатқандығын көрсетеді. Біріншіден, бұл инфляциямен және ақшаның құнсыздануымен байланысты болса, екіншіден оларды тиімді орналастырып, пайда табу мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болуы мүмкін. Осыған орай кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді пайдалану деңгейін бағалау қажеттігі туындайды. Мұндай талдаудың түрлі тәсілдері бар. Мәселен, қаржы қиыншылығының пайда болуының ерекше барометрі ретінде кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері өскен кездегі ағымдағы активтер құрамындағы ақша қаражаттарының үлесінің азаю қарқынын алуға болады. Сондықтан ақша қаражаттары мен неғұрлым жедел міндеттемелер (мерзімі ағымдағы айда аяқталатын) арасындағы қатынасты ай сайын талдау кәсіпорындағы ақша қаражаттарының артықтығының (жетіспеушілігінің) толыққанды суретін бере алады.

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысын шынайы ашу, ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының біркелкілігін бағалау, сондай-ақ алынған қаржы нәтижесі мен кәсіпорындағы ақша қаражаттарының жағдайын байланыстыру ушін ақша қаражаттарының түсуі мен кетуінің барлық бағыттарын айқындап, талдау қажет.

Осылайша ақша қаражаттарына запастары басқару теориясында жасалған, акша қаражаттарының   көлемін   оптимизациялайтын   модельдер   қолданыла   алады. Мыналарды бағалау туралы сөз болып отыр: а) ақша қаражаттарының және оның эквиваленттеренің жалпы көлемі; ә) олардың қай бөлігін есеп шотта ұстап, ал кай бөлігін оңай өтетін бағалы қағаз ретінде ұстауға болады; б) ақша қаражаттары мен тез өтетін активтердің өзара өзгеруін қашан және қандай көлемде іске асыру. Батыс практикасында Баумол мен Миллер — Оррдың модельдері кең таралған. Бірінші модельді В. Баумол 1952 жылы, ал екіншісін М. Миллер (М. МШег) мен Д. Орро 1966 жылы жасады. Бұл модельдерді отандық практика енгізуге біздегі инфляцияға, жоғары есеп ставкаларына, бағалы қағаздар нарығының дамымағандығына   және   т.б.   қиыншылық   тудырып   отыр.   Сондықтан   бұл модельдердің тек теориялық сипаттамалары мен шартты қолданыс мысалдарын келтіреміз. Баумол моделі.

Кәсіпорын қызметінің басында ақша қаражаттарының максималды және мақсатты деңгейі бар делік. Содан кейін ол белгілі бір мезгіл ішінде біртіндеп жұмсала бастайды. Кәсіпорьшның тауарлар мен қызметтерді сатқаннан түскен барлық мерзімді бағалы қағаздарға салынады. Ақша қаражатының қоры таусыла салысымен, яғни нөлге жеткенде немесе белгілі бір қауіпсіздік деңгейіне жеткенде кәсіпорын бағалы қағаздардың бір бөлігін сатады да, сонымен ақша қаражаттарының запасын алғашқы деңгейге дейін толтырады. Осылайша қаржы қалдығының есеп шоттағы қалдығы "ағаш кесетін ара тәрізді" график құрайды (11-сурет).

Толтыру сомасы (Q) төмендегі формуламен есептеледі:

Q =V(2*V*с)/r,

Мұндағы V — ақша қаражаттарына деген кезең ішіндегі болжау жасалып отырған қажеттілік (жыл, тоқсан, ай);

с — ақша қаражатын бағалы қағаздарға айырбастаудағы шығындар.

г — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы салымдары бойынша мүмкін және қолайлы пайдасы, мысалы, мемелкеттік бағалы қағаздар бойынша.

 

 

 

Есеп шоттағы қаржы қалдығы

K =V:Q              (10)

Ақша қаражаттарын басқарудың осындай саясатын іске асырудың жалпы шығындары  (ОР) мьшаны құрайды:

ОР = ск + гQ/2              (11)

Бұл формуладағы бірінші қосынды тікелей шығындарды көрсетсе, екінші — қаржыны бағалы қағаздарға инвестицияламай есеп шотта сақтағаннан жіберіп алған пайда.

Миллер - Орр моделі.

Баумол моделі қарапайым әрі ақшалай шығындары тұрақты әрі болжанатын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Іс жүзінде мұндай сирек болады; есеп шоттағы ақшаның қалдығы кездейсоқ жағдайлармен өзгереді, әрі біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Миллер мен Орр жасаған модель қарапайымдылық пен шынайылық арасында бітімге келген модель. Ол мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: егер қаражаттың күнделікті келуі мен кетуін болжай алмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржы запасын қалай басқаруы керек? Модельді құруда Миллер мен Орра Бернуллидің процесін — стохастикалық процесті пайдаланады. Онда кезеңдерден кезендерге дейінгі аралықтағы ақшаның тусуі мен жұмсалуы тәуелсіз кездейсоқ құбылыстар. Қаржы менеджерінің есеп шоттағы қалдық қаржыны басқару қызметінің логикасы төмендегі суретте көрсетілген және оның мәні мынада. Шоттағы қаражаттың қалдығы жоғарғы шекке жеткенге дейін ретсіз өзгеріп отырады. Бұл іске аса салысымен кәсіпорын бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерін сатып ала бастайды. Мұндағы мақсат ақша қаражатының қорын біршама қалыпты деңгейге (қайтарым нүктесіне) жеткізу. Егер ақша қаражатының қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатады да, сол арқылы ақша қаражатының қорын қалыпты шекке де толтырады.

 

 

12-сурет. Миллер — Орр моделі

Ақша қаражатының қор                     Ақша қаражатының артығын салу

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - жоғары шек

 

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Қайтарым нүктесі. Төменгі шек.

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -      Ақша корын қалпына келтіру.       

            

                                         Уақыт

 

 

 

Вариация (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) қарқыны туралы мәселені шешкенде мына саясатты ұстану ұсынылады: егер күнделікті ақша ағымының ауытқуы үлкен болса немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға байланысты шығындар жоғары болса, онда кәсіпорын вариация қарқынын ұлғайтуы керек немесе керісінше. Егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық ставкадан пайда табу мүмкіндігі болса, онда вариация қарқынын азайту қажет. Модельдерді іске асыру бірнеше кезендерден тұрады:

1. Ақша қаражаттарының ең аз көлемі тағайындалады (С). Оның есеп шотта үнемі болғаны абзал (кәсіпорынның шоттарды төлеуі, банктің, кредиторлардың талап етулері мүмкін болғанда және т.б.);

2.              Есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының вариациясының қарқынын (R) мына формула бойынша есептейді:

R  = ЗхV(ЗхZtхVаг):4хZs              (12)

Мұндағы: Zs — қаржыны есеп шотта сақтау шығындары;

Zt — ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың өзара өзгеруінің шығындары;

Vаг — қаржылардың есеп шотқа күңделікті түсуінің вариациясы.

3.              Есеп шоттағы ақша қаражаты қалдығының жоғары шекарадан асып кеткенде акша қаражаттарының бір бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға айырбастау қажет болады. Оның жоғары шекарасын былай есептейді: 

СҺ = Сl + R              (13)

4.              Қайтарым нүктесін (О) анықтайды. Егер ақша қаражттарының есеп шоттағы
қалдығы интервал (Сһ , С1 ) шегінен шығатын болса, онда қайтып оралуды қажет ететін есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының көлемі:

Сг = С1+R/3              (14)

Алайда бұл модельдерді отандық қаржы менеджменті практикасында қолданудың қиыншылығының себептері:

1.              Айналым активтерінің үнемі жетіспеушілігі кәсіпорынға ақша қаражатының қалдығының қажетті мөлшерін оның резервін ескере отырып құруға мүмкіндікбермейді.

2.              Төлем айналымының баяулауы ақша түсімдерінің мөлшерінде біршама ауытқулар тудырады. Бұл ақша қаражаттарьның сомаларынан көрініс табады.

3.              Айналымдағы қысқа мерзімді қаржы аспаптарының шектеулі тізімі мен өтімділіктің төмендігі оларды сатып алушылардың қысқа мерзімді салымдарымен байланысты есептерінде пайдалануды қиындатады.

 

Нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қамсыздандыру негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметін тиімді басқаруды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлік қызметтің мақсаттарын анықтау  маңызды. Бизнесті ұйымдастыру мақсаты кәсіпорынды  басқару әдістері мен құрылымын, басқару ақпараттың құрылу әдіснамасы мен әдістерін, болжау жүйесінің қызметін ұйымдастыру жағдайларын анықтайды.

Pricewaterhouse Coopers компаниясының Америка құрама штаттары (АҚШ), Еуропа мен Азияның бірқатар елдеріндегі қаржылық зерттеушілер мен инвесторларға өткізген статистикалық сауалнамасына сәйкес, инвесторлардың көзқарасы бойынша кез келген қызметтің ең маңызды көрсеткіші пайда болып қалады, сонымен қатар, алғышарты болып табылатын басқа да бірқатар қаржылық  көрсеткіштер (инвестициялар, ақша ағымдары, шығындар, капиталды шығындар, бизнес сегменттерінің тиімділігі) және қаржылық емес көрсеткіштер (нарықтық өсу, нарықтық үлес, жаңа өнімдерден алынған табыс, стратегиялық мақсаттар және т.б.) қолданылады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің әрқайсының маңызы мен салыстырмалы мәні, оларды анықтау мен бағалау тәсілдері әр салаға байланысты өзгереді және кәсіпорын басшыларынан шығармашылық қабілеттілікті талап етеді (кесте 1).

 

Кесте 1- Қызметті бағалаудағы ең маңызды көрсеткіштер

 

Кәсіпорындар

Аналитиктер (Талдаушылар)

Инвесторлар

1.Стратегиялық мақсаттар

2.Қаржылық ақшалай ағым

3.Нарықтық өсу

4.Менеджерлер командасының жалпы пайдасы

5.Сапа және өкілеттілік

6.Нарық аумағы

7.Бәсекелестік жағдайы

8.Пайда

9.Нарыққа алғашқы шығу жылдамдығы

10.Нарықтағы үлесі

1.Нарықтағы өсу

2.Стратегиялық мақсаттар

3.Бәсекелестік жағдайы

4.сапа және өкілеттілігі

5.Пайда

6.Нарық аумағы

7.Менеджерлер командасының жалпы пайдасы

8.Нарықтағы үлесі

9.Қаржылық ақшалай ағым

10.Нарыққа алғашқы шығу жылдамдығы

1.Пайда

2.Қаржылық ақшалай ағым

3.Менеджерлер командасының сапасы мен өкілеттілігі

4.Бәсекелестік жағдай

5.Нарықтық өсу

6.Стратегиялық мақсаттар

7.Жалпы пайда

8. Нарықтағы үлесі

9.Нарыққа алғашқы шығу жылдамдығы

10. Нарық аумағы

Ескерту – Әдебиет көздерін жинақтау нәтижесінде авторман жасалған

 

Қазіргі уақытта мақта өңдеу кәсіпорнының нарықтық құнын жоғарылату жалпы қабылданған алғышартты мақсат болып табылады.Пайдадан басқа, кәсіпорын құнын жоғарылату келесілерді ескереді: кәсіпорынның әлеуетті өсуі, инвестор үшін тәуекелділік деңгейі, кәсіпорын акциясының нарықтық құны, дивиденттер. Акциядан алынатын пайда көрсеткіші мен акцияның ағымдық құны арасында өзара байланыс бар екендігіне қарамастан, бұл байланыс айқын емес және кездейсоқ сипатқа ие. Акцияның ағымдық бағасы мен кәсіпорынның алған қаржылық ағымдарының арасындағы корелляция айрықша мәнге ие болып отыр.

Акция бағасы кәсіпорынның қазіргі уақытта және болашақта қаржы- ақша ағымдарын құру мүмкіндігімен анықталады. Сонымен, қаржы-ақша ағымдарының акция бағасына әсері келесілер арқылы байқалады:

1)өнім өткізудің табиғи көлемі (ағымдағы сату көлемі мен олардың күтілетін өсімінің қарқынымен анықталады);

2)салық салудан кейінгі операциялық пайда (баға өсуі мен тікелей шығындардың қысқаруы);

3) пайдаланылатын капитал (капитал құрылымы).

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, акция бағасына (кәсіпорын құнына) қаржы-ақша ағымдарының әсерін төмендегі 1-суреттегі сызба түрінде көрсетуге болады.

Ескерту: Әдебиеттерді пайдалана отырып автор құрастырған.

Сурет 1- Мақта өңдеу кәсіпорнының құнына қаржы-ақша ағымдарының әсері

 

Кәсіпорын құнына әсер етуші факторларға байланысты кәсіпорын құнын өсірудің келесі негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады:

-инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру;

-операциялық қызметтің тиімділігін арттыру;

-кәсіпорынның қарыз капиталын оңтайлы пайдалану (қаржылық тетік  эффектісі);

- кәсіпорынның мөлдірлігі мен ашықтығын арттыру.

Кәсіпорынның құнын бағалаудың берілген әдістерін қолдану мүмкіндігі қатаң түрде шектелген, себебі, қолданыстағы формулаларда капиталдың тұрақты рентабельділік деңгейі немесе тұрақты өсу қарқыны қарастырылады. Барлық басқа жағдайлар тең болған кезде күтілетін қаржы-ақша ағымдары төменгі тәуекелділікте жоғары құнға ие болады. Ал дисконтталған қаржы-ақша ағымы болса, құнды бағалаудың басқа әдістерімен салыстырғанда құнның барлық факторларын ескереді.

«Қаржы-ақша ағымы» түсінігінің қарапайымдылығына қарамастан, оның мәнін анықтауда әртүрлі авторлар әртүрлі анықтамалар береді. Қазіргі уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтама әлі жоқ. Сонымен қатар, баспа беттерінде бірыңғай терминологияда қолданылмайды. Мысалы, қаржы-ақша ағымдарының экономикалық мәніне сәйкес келетін сөз тіркестері ретінде «қаржы-ақша ағымдары», «қаржы-ақша ағымы» немесе «қаржы-ақша қаражаттарының қозғалысы» қолданылады, ал кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын анықтау үшін кең түсінік «қаржылық ағым» пайдаланылады, сонымен қатар орыс тіліндегі ағылшынша сөз «кэш-фло» немесе «каш-флоу» мен қатар «қаржы-ақша ағымдарының қозғалысы», немесе «қаржы-ақша қаражаттарының ағымының қозғалысы» түсініктері қолданылады. Бұл қарастырылып отырған мәселені дәл анықтауға кедергі келтіріп, теориялық ұсыныстардың тәжірибелік маңызын төмендетеді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару жүйесін құру үшін , біздің ойымызша, «қаржы-ақша ағымы» түсініктерін құрумен қатар, олардың диалектикалық өзара байланысын бекіткен маңызды.

Біздің ойымызша, кәсіпорынның қаржылық ағымы ретінде есепті және жоспарлы кезеңді құрайтын, бір-бірімен тізбектелген уақытта кәсіпорын қызмет үрдісінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын, қаржылық салымдарды, бағалы қағаздарды, міндеттемелерді және ақшалай емес есеп айырысуларды қарастыру қажет.

Ережеге сәйкес, экономикалық әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдары екі жолмен қарастырылады:

- белгілі бір жобаны жүзеге асыру барысындағы авансталған капиталды пайдалану нәтижесіндегі қаржы-ақша ағымдары;

- қызмет етуші кәсіпорын жағдайындағы барлық шаруашылық қызмет түрлерінің нәтижесінде құрылған қаржы-ақша ағымдары.

Зерттелген анықтамалардың ең көп бөлігі қаржы және қаржылық менеджмент бойынша ғылыми еңбектерде кездеседі.

Біздің ойымызша, ең дұрыс анықтаманы орыс ғалымы И.А.Бланк ұсынған: «кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары деп оның шаруашылық қызметінде уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің жиынтығын атаймыз». Мұндай анықтаманы басқа да авторлар тобы қолданады, олар белгілі бір уақыт аралығындағы ақша қаражаттарының түсімдерінің көлемі арқылы ақша ағымын сипаттады.

Біздің пікірімізше, қаржы-ақша ағымы категориясын тар және кең мағынада қарастыруға болады.

Тар мағынада, қаржы-ақша ағымы деп белгілі бір уақыт бірлігіндегі ақша арқылы өлшенетін мақсатты бағытталған қаржы-ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің қозғалысын қарастырамыз. Біз берген анықтаманың экономикалық мәні, қаржы-ақша ағымының уақыт бірлігіндегі қаржы-ақша қаражаттарының сандық және сапалық (ақпараттық) жағынан қозғалысын ашып көрсетуімен байланысты. 

Қаржы-ақша ағымы түсінігінің сипаттамасын қорытындылай отырып, келесі жағдайға назар аударуға болады, берілген анықтама қаржы-ақша ағымын қаржы-ақша қаражаттарының түсімі мен шығысының айырмасы ретінде қарастырмайды, себебі түсім мен шығыс өз бетінше ағымды құрайды. Бұл жағдай біздің пікірімізше үлкен мәнге ие, егер де қаржы-ақша ағымын «жиынтық» деп анықтайтын болсақ, онда сөз тек ағыммен байланысты ғана болмайды, сонымен қатар, оның әртүрлі нысандары мен түрлерінің бар екендігін көрсетеді, себебі кез келген ағымдардың комбинациясы топтастыру сипатына қарай қаржы-ақша ағымын құрайды.

Бірақ, қаржы-ақша ағымы тек қаржы-ақша қаражаттары мен оны алмастырушыларының қозғалысы ғана емес, сонымен бірге, белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның барлық активтері мен міндеттемелерінің құндық өзгерісін сипаттайды. Бұл жағдайда қаржы-ақша ағымының элементтері ретінде пайда, табыстар мен шығыстар, запастар мен міндеттемелердің құрамындағы өзгерістер қарастырылады. Бұл қаржы-ақша ағымы категориясын кең мағынада түсіндіруді білдіреді.

Нарықтық экономиканың дамуымен қатар, отандық және шет елдік тәжірибеде осы саладағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, қаржы-ақша қаражаттарының ағымының болжамды көрсеткшін дисконттау негізінде, кәсіпорынның ағымдық құнының өлшемін есептеу туралы ақпаратты ұсыну, кәсіпорынның қаржылық қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді және есепті пайдаланушылардың қажетілігінің өзгерісіне жауап береді.

Соған орай, капитал өсімі мен ақша ағымы арасындағы өзара байланысты бекіту маңызды. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымының оның капиталын құру, бөлу және пайдаланумен жоғары деңгейдегі байланысы келесілерді есепке алу қажеттігін анықтайды, олар: капитал айналымы, капитал құны, капитал құрылымы және басқалар.

Дәстүрлі және қысқартылған түрде капитал айналымы келесі түрде ұсынылады.

Капитал айналымы капитал салымына ұқсас болғандықтан, табиғи ең төменгі циклді құрайды, соған орай қаржылық нәтижені есептеуге болады.

Біздің пікірімізше, таза пайданы қаржы-ақша ағымымен теңестіру жуықталған және шын мәнісінде дұрыс емес, себебі мұнда әртүрлі тұжырымдамалар қолданылады, олар есептеу тұжырымдамасы мен ағымдар тұжырымдамасы.

Сонымен, қаржы-ақша ағымы – бұл кәсіпорынның өмір сүруін қамтамасыз ететін шынайы уақыттағы қаражаттардың қозғалысы. Пайда мен зиян туралы есепте, баланста осы қаржы-ақша ағымдары көрсетілмеген.

Осыған байланысты, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымын басқаруды ұйымдастыру барысында ең маңызды мәселе ақша ағымының құраушылары мен оның капитал құрылымы арасындағы өзара байланыс тетіктерін анықтау болып табылады.

Шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми зерттеулерін негізге ала отырып, мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесіне ғылыми ойдың жетістіктерінің бейімделуін өткзіп көрелік, қаржы-ақша ағымдарын басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру жағдайларына авторлық тәсілді қолдану мүмкіндігін қарастырамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы-ақша ағымдарын басқару, шаруашылық операцияларды өткізудегі қаражаттардың қозғалысын есепке алу мен бақылауды, талдауды, болжауды, қаржы-ақша қаражаттарының оптималды деңгейін анықтауды, олардың бюджетін құрастыруды қамтиды.

Басқару тетігінің негізгі орталығы мақсат болып табылады. Қаржы-ақша ағымдарын басқару мақсатын келесідей құрастырса болады: мақта өңдеу кәсіпорнының экономикалық құндылығын жоғарылату және қолма қол ақшаға әрдайым қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін, ақша ағымдарын реттеу. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның даму үрдісіндегі қаржы-ақша тепе теңдігін қамтамасыз ету. 

Берліген мақсатты жүзеге асыру арқылы ұйымның жарғылық қызметін жүзеге асыруға бағытталған, жалпы кәсіпорынды басқарудың экономикалық тиімділігін арттырады. Берілген мақсатты біз келесі ерекшеліктері бойынша жіктедік ( кесте 2).

 

Кесте 2 - Қаржықша ағымдарын басқару мақсаттарын жіктеу

 

Жіктеу белгілері

Мақсаты

Басымды мәні бойынша

 

-қаржы ресурстарын қалыптастыру;

-ақша қаражаттарын бөліп тарату;

-ақша қаражаттарының қалдығын тиімді реттеу

Басқару объектілері бойынша

 

-мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қаржы- ақша ағымдарын ұйымдастыру;

-қызмет сегменттері бойынша қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру;

-құрылымдық бөлңмшелері бойынша қаржы- ақша ағымдарын қалыптастыру

Маңыздылығы бойынша

-негізгі мақсаттар;

-қосалқы мақсаттар.

Басқару деңгейлері бойынша

-қаржы-ақша ағымдарын стратегиялық басқару;

-қаржы-ақша ағымдарын ағымдық басқару;

-қаржы-ақша ағымдарын шұғыл басқару.

Ескерту – Әдебиет көздерін жинақтау нәтижесінде авторман жасалған

 

Қаржы-ақша ағымдарын басқару қызметтеріне келетін болсақ, онда тар мағынада біздің ойымызша, олар келесілерді құрайды:

1.Капитал, табыс және қаржы-ақша қаражаттарының құрылуы;

2.Қаржы-ақша ағымдарын реттеу;

3.Капиталды, табысты және қаржы-ақша қаражаттарын пайдалану.

Басқару қызметтері мен құрылымы бір бүтіннің, экономикалық басқару жүйесін ұйымдастырудың,  екі жағы болып табылады және басқару үрдісінің мазмұны мен  нысанын анықтайды. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару жалпы басқару жүйесінің құрамды бөлігі болғандықтан, ол да  жалпы ұстанымдарға негізделеді. Бірақ, профессор И.А.Бланкпен келіспеуге болмайды, ол қаржы-ақша ағымдарын басқарудың келесі арнайы ұстанымдарын құрды:ақпараттық дұрыстығы ұстанымы, балансты қамтамасыз ету ұстанымы, тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы, өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Сонымен қатар, авторлардың пікірінше, берілген тізбе қаржы-ақша ағымдарын басқару негіздерін толық ашпайды, соған орай, қаржы-ақша ағымдарын кең мағынада қарастыру арқылы, оның қозғалысының жүйелілігі мен жоспарлы сипатын ескерген және ақпараттық дұрыстығы қағидасын кең ауқымдағы яғни, ақша ағымының ақпараттық және материалдық ағымдармен біртұтастығы  ретінде қарастырған жөн. И.А.Бланк ұсынған қағидалардың тізбесін біздің ойымызша, келесі кестедегі ұстанымдармен толықтырған дұрыс.

 

Кесте  3 - Қаржы-ақша ағымдарын басқару ұстанымдары

 

 

Ұстанымдар

Мазмұны

1

шаруашылық еркіндігі

Қолданыстағы заңнамалар негізінде ішкі қаржы-ақша ағымдарын реттеу мен сыртқы қаржы ақша ағымдарын ұйымдастыруда еркін түрде шешімдер қабылдау

2

өз-өзін қаржыландыру

Тиімді ақша қаражаттарын салу барысында меншікті ақша қаражаттарына басымдық жасау

3

шаруашылық қызметтің нәтжесіне жауапкершілік

әрбір құрылым, жауапкершілік орталығы,тауарлы өнім түрі және оның қабілетінің үлесін бағалауға   мүмкіндік бере алатын трансферттік баға жүйесін құру және пайдалану

4

қызығушылық

Келесі өндіріс циклін қамтамасыздандыруға жеткілікті қаржыақша ағымын қалыптастыра алу мүмкіндігінен тұрады

5

экономикалық тиімділік

Қаржы-ақша ағымдарының кірісінің шығысымен салыстырғандағы тұрақты және өспелі түрде артуына қол жеткізу

6

қаржыақша ағымдарының тәуекелділігі әсерін бағалау

Нарықтық экономика жағдайында туындайтын қаржы-ақша ағымдарының тәуекелділігін басқару саясатын құру және оның ықпал етуін бағалау

7

Қаржы–ақша ағымдарын бақылау

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарының нәтижелілігін, мақсаттылығын және заңдылығын тексеру

Ескерту – Әдебиет көздерін жинақтау нәтижесінде автормен жасалған

 

Кәсіпорындағы қаржы-ақша ағымдарын басқару маңызы мен қажеттілігін қайта бағалау өте қиын, себеі оның сапасы мен тиімділігіне кәсіпорынның тек тұрақтылығы ғана емес,  сонымен қатар, ары қарай дамуы, ұзақ мерзімге қаржылық жетістікке жетуі тәуелді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың белсенді нысандары мақта өңдеу кәсіпорындарына қаржы-ақша активтері арқылы қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.

Сонымен, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесінің құрылуы және тиімді қызмет етуі оның қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігінің қажетті жағдайы болғандықтан, қаржы-ақша ағымдарын жеке басқару объектісі ретінде бөліп қарастырудың дұрыстығын дәлелдейді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыруға әсер ететін ерекшеліктерін үш топқа бөлуге болады: салалық, өндірістік және технологиялық.

Салалық ерекшеліктері. Бұл ерекшеліктер ең алдымен шикізат ретінде мақта болатындығымен байланысты.

Мақта саласында жоғарыда ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық механизмді  жүзеге асырудың 5 кезеңі қарастырылған және ол жаңа жұмыс орындарын құрудағы басқарудың барлық негізгі қызметтерін қамтиды. Әрбір кезең бірнеше кезеңдерге бөлінеді және олардың әрқайсысында басқарудың бір иерархиялық деңгейіндегі нақты міндеттері қарастырылады. (сурет 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕскертуӘдебиет көздерін жинақтау нәтижесінде автормен жасалған

Сурет 2Мақта өңдеу кәсіпорындары үшін жаңа жұмыс орындарын құру механизмінің ұйымдастыру-экономикалық құрылымы

 

        Республиканың 2015 жыдарға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясына байланысты ОҚО мақта өңдеу өнеркәсібінің дамуын болжау және экономикалық-математикалық модельдеу үлкен маңызға ие болады және ол сала өнеркәсіптерінің ғылым мен техникасының болашақтағы дамуымен тығыз байланысты.

Өндірістік ерекшеліктері.ОҚО - дағы мақта шаруашылығы жағдайының талдауы, мақта шикізатының өндірісі жыл сайын саланың тиімділігі есебінен емес, тек қана мақта алқабының көлемін көбейту есебінен ғана ұлғайып отырғанын көрсетеді. Мақта өңдеу өнеркәсібінде де жағдай мәз емес. Бүгінде республика жылына 130 мың тонна мақта талшығын өндіреді, бірақ талшықтың 97%-ы ең төменгі бағамен, төменгі сапалы шикізат ретінде ең төменгі классификатор арқылы экспортқа кетеді. Стандартизацияның ұлттық жүйесі жоқ. Көптеген ұсақ компаниялар өздерінің мақсаттарына жетуге ұмтылады, бірақ әлемдік нарыққа, қазақстандық текстильді өткізудің жалпы стратегиясыз шығу мүмкін емес. Осының нәтижесінде Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жалпы көлемінде текстиль және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 0,5%-ды ғана құрайды. Салыстыру үшін: Германия мен АҚШ-та осы саланың үлесі ЖҰӨ-нің 9 %, Турция мен Китайда- 12%, Индияда - 16%-дан жоғары.

Өндiрiстiк ерекшелiктерi кәсіпорында басқарушылық есепті құру оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымына сүйенеді.

Ұйымдастырушылық құрылымы  кәсіпорын қызметінің жекелеген түрлері арасындағы келісімділікті және бөлімшелердің негізгі міндеттері мен мақсаттарын орындаудағы жігерлерін қамтамасыз етеді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының ұйымдастырушылық құрылымы өндірісті басқарудың әртүрлі деңгейлерінің құрамы мен қатынасын және осы ұймдастырудың формаларын анықтайды.

Ескерту: Әдебиеттерді пайдалана отырып автор құрастырған.

Сурет 3 – Мақта шикізатын қабылдау-дайындау пункітінің қызметін ұйымдастыру сызбасы.

Технологиялық ерекшелiктерi мақта өңдеу кәсіпорындарының негізгі өндірістік бөлімшелеріне  қозаны дайындаудың зауыттық және зауыттан тыс пункттері жатады. Мақта зауыттарының бiрнеше дайындау пункттері болуы мүмкiн, ол зауыттың өндірістік қуатына, мақтаны тасымалдау сипатына, дайындау мөлшеріне байланысты болады.

Мақта өңдеу кәсіпорыны - мақтаны дайындауды, сақтауды, тасымалдау мен өңдеуді қамтитын күрделі өндірістік механизм.

Мақта қабылдау-дайындау пунктінде мақтаны дайындаудың технологиялық процесін 3-ші суреттегідей сипаттауға болады.

Қабылдау-дайындау пунктінің өндірістік құрылымында басқарушылық есепті ұйымдастыруда жауапкершілік орталықтарына теңестірілетін келесі бөлімшелерді ерекшелеуге болады: мақтаны қабылдау аймағы, лабаратория кептіру - өңдеу өндірісі, мақтаны сақтау аймағы.

Олай болса жоғарыда көрсетiлген мақтаны дайындау, сақтау тасымалдау мен өңдеудiң салалық, өндiрiстiк және технологиялық ерекшелiктерi мақта өңдеу кәсiпорындарында қаржы-ақша басқаруға тигізетін ықпалы жоғары.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару жағдайын талдау

Мақта өңдеу кәсіпорындарынын тиімді қаржылық басқарудағы аса маңызды мәселе кәсіпорынның ерекшеліктері мен сыртқы шарттарға байланысты қаржы-ақша ағымдарын ұйымдастыру қызметі болып саналады.

Қаржы-ақша ағымдарның ең жақсы нысанын таңдап, соған сәйкес талдамалық қамсыздандыруын қалыптастыру үшін оның көлемін, қарқындылығын және уақытқа байланысты қалыптасу мінездемесін нақтылап қарастыру қажет. Дегенмен бүгінгі таңда, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын қалыптастыру концепциясын өңдеумен айналысқан экономист ғалымдармен, аталған мәселе тек үстіртін зерттеліп келген. Атап айтқанда көптеген ғалымдардың еңбектерңнде сыртқы факторлар ретінде тек несие мекемелерінің қызметі мен есеп жүргізуді реттеуші нормативті актілердегі өзгерістер ғана қарастырылған.

Міне сондықтан да факторлардың аса толық жіктемесін өңдеу, оларға жеке дара мінездеме беру және әрбірінің, кәсіпорынның қаржы–ақша ағымының көлемі мен динамикасына әсерін қарастыру мәселесі туындап отыр.

Зерттеу барысындағы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бірқатар мақта өңдеу кәсіпорындарына жүргізілген зерттеу нәтижесінде жинақталған теориялық өңдеулер мен тәжірибелі көрсеткіштерді талдау және үйрену арқылы біздің тарапымыздан кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарына ықпал ететін факторлардың жіктемесі құрастырылды (4 - сурет).

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару, ірі кәсіпорындарда кездесетін өзіндік қаржыландыру стратегиясымен тығыз байланысты. Бұл стратегияда кеңейтілген ұдайы өндіріс бойынша шығындар өзіндік қаражаттар көздері есебінен өтеледі. Бұл есепті кезеңдегі табыстардың негізгі соммасы қандай көздерден алынғаны және қандай мақсаттарда жұмсалғанын анықтауда, қаржылық шешімдерді қабылдау үшін, табыстар мен шығыстардың, пайда мен зиянның нақты бөлінуін талап етуді  білдіреді.

Мұндай түрдегі ақпаратты, ғылыми негізделген қағидалар мен тәсілдерден құрылған, ақша ағымдарын басқарудың талдамалық қамсыздандыру жүйесі ғана ұсына алады.

 

 

 

Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Жалпы экономикалық

Экономикалық дамудық циклдылығы

Транснационалды банктердің қаржылық саясаты

Шетелдік әріптестердің қаржылық жағдайы

Бірлескен кәсіпорындардың құрылуы

Еркін экономикалық аймақтардың құрылуы

Тарифтік келісімдер мен квоталар

Ұйымдастырушылық

Меншіктің ұйымдастырушылық құқықтық нысаны

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Өндіріс құрылымы және мамандану нысаны

Өндірістің әртатаптануы

Кәсіпорынның өмір сүру сатылары

Өндірістің шоғырлануы

Мамандану және бірігу

Саяси

 

 

Заңдылық нормалар

Экономиканы реттеу ұстанымдары

Монополияны шектеу

Өндірістік технологиялық

Өндірістік циклдың ұзақтығы

Өндірістік қорлардың деңгейң

Қаражаттар айналымы

Өндірістің өсу қарқыны

Өндіріст потенциалы

Өнім сапасы және оны қамтамасыз ету шығындары

Операциялық левериж

Экономикалық

Экономикалық дамудың циклдылығы

Сатып алу қабілеті

Төлемқабілеттілік сұраныс

Кәсіпкерлік белсенділік

Инфляция деңгейі

Тауарлы нарықтың конюктуралық жағдайы

Құнды қағаздар нарығының коньюктуралық жағдайы

маркетингтік

Стратегиялық мақсаттар

Нарық сегментациясы

Баға саясаты

Өткізу саясаты

Бәсекелестікті бағалау

Жеткізушілердің қаржылық жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы

Қаржылық

Қаржылық саясат

Қаржылық жүйенің жағдайы

Салықтық саясат

Несие саясаты

Мақсатты қаржыландыру мен ұзақ мерзімді пайызсыз қарыз алу мүмкіндігі

Қаржылық

Қабылданған қаржылық страгетия

Инвестициялау мүмкіндігі мен қажеттілігі

Инвестиция тарту мүмкіндігі мен қажеттілігі

Амортизациялық саясат

Қаржыландыру циклының ұзақтығы

Контрагенттермен есеп айырысу жүйесі

Кәсіпорыннығ есеп төлем балансындағы ақшалай емес есеп айырысудың шамасы

Қаржылық леверидж

Қаржы-ақша ағымдарының тәуекелі

Төлем қабілеттілік

Капитал құны

Салалық

Өмір сүру циклының сатылары

Өндірістің кезеңділігі

Бәсекелестік

Өндіріс шығындарының деңгейі

Өнім сапасы

Нарық үлесі

Саланың даму деңгейі және оның пайда табу тенденциясының өзгеруі

 

Ескерту:Автор құрастырған.

Сурет 4 - Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарының талдамалық қамсыздандыруын қалыптастырудығы негізгі факторлардың жіктемесі

 

Мақта өңдеу кәсіпорындарның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру  және осындай басқарудың қажеттігін негіздеу арқылы, ең бастысы, мұндай басқаруды ұйымдастыруға болатындығын анықтау нәтижесінде, қаржы-ақша ағымдарын басқару мен қаржы-ақша қаражаттарын басқару әдістемесін сәйкестендірілуі қажет деп ойламаймыз. Қаржы-ақша ағымдарын басқару – бұл ақша ағымдарын басқарудың мақсатты параметрлері мен негізгі факторларына жалпы күшті шоғырландыру есебінен, ұйымды басқарудың барлық деңгейлеріндегі шешім қабылдауларды сапалық жақсартуға бағытталған  интеграцияланған үрдіс.

Қаржылық менеджмент мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдарының бөліну түрлерінің әртүрлі нұсқасы берілген. Бірақ, барлығы қабылдаған бірыңғай бөліну түрлері жоқ десе де болады.

Экономист ғалымдар тобы ұсынған бөліну түрлерінің ерекшеліктерін талдау арқылы, олардың кәсіпорынның менеджментінің жоғарылаған ақпараттық қажеттілігіне бағытталғанын көреміз. Капиталды басқару жүйесіндегі, акционерлік немесе нарықтық құндағы, кәсіпорын бизнесінің стратегиясы мен мақсатты бағыттарының өзгеруіндегі  белгілі бір мәселелердің пайда болуы, жоғарыда аталған авторлар ұсынған жаңа (қосымша) бөліну түрлерінің ерекшеліктерін жасауды қажет етеді. Ұсынылған бөліну түрлерінің жетістіктеріне қарамастан, олар елдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибелік қызметінде кеңінен қолданылмайды.

Біздің ойымызша, жоғарыда қарастырылған бөліну түрлерінің негізгі кемшілігі, тәсілдердегі және бөліну ерекшеліктеріндегі жүйеліліктің жоқтығы болып табылады. Кәсіпорында пайда болатын барлық ақша ағымдарын, тәжірибеде әлеуетті мүмкіндігі бар, басқарудың сәйкес деңгейінің – стратегиялық, ағымдық және оперативті ерекшелігін анықтайтын, бірқатар сипатты ерекшеліктеріне байланысты бөлген дұрыс болар еді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың келесі маңызды теориялық-әдістемелік мәселесі, оның құрылымын анықтау болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде берілген ұғымның нақты анықталған тұжырымдамасы жоқ десе де болады. Басқару, талдау, менеджмент мәселелеріне арналған еңбектерде, авторлардың көп бөлігі қаржы-ақша ағымдарының осылай бөлінуін, бөліну түрлерінің ерекшелігі деп қарастырады.

Мұнда қарама-қайшылық жоқ десе де болады. Қаржы-ақша ағымдарын басқару теориясы тұрғысынан, оларды қызмет түрлері бойынша бөлуі, бөліну түрлерінің ерекше сипаты екендігі сөзсіз, бірақ басқару тәжірибесі тұрғысынан қаржы-ақша ағымдарының осы түрлері кәсіпорын бойынша жиынтық қаржы-ақша ағымының құрылымын құрады:

 

Жиынтық АА=операциялық қызметтен АА+ инвестициялық қызметтен ақша ағымы+қаржылық қызметтен ақша ағымы                                       

 

Операциялық (негізгі) қызмет бойынша ақша қаражаттарының ағымы кәсіпорынның операциялық кезеңін, яғни айналым капиталының айналымын сипаттайтын көптеген ақша қаражаттарының келуі мен шығуын қамтиды. Негізгі (операциялық, ағымдық) қызмет кәсіпорынға табыстың негізгі соммасын келтіреді. Көптеген кәсіпорындардың операциялық қызметінің негізін өндірістік-коммерциялық немесе сауда қызметі құрайды, олар кәсіпорын жүргізетін инвестициялық және қаржылық қызметпен толықтырылады.

Бұрын қарастырғанымыздай, жалпы қаржы-ақша ағымы (операциялық қызмет бойынша да) жеке есептік-талдамалық бірлік ретінде танылмайды. Сол себепті, есептеу теориясында қаржы-ақша ағымдарының бөліну түрлері мен оны құрылымдаудың әдістемелік тәсілдері қарастырылмаған, ақша ағымдарының басқарудың мақсатты параметрлеріне әсері ескерілмеген, қаржы-ақша ағымдарының көлемі мен интенсивтілігіне әсер ететін факторлар анықталмаған, ақша ағымдарының стратегиялық және оперативті есепке алу моделі құрылмаған, ал қаржылық есеп болса, қаржы-ақша қаражаттарының кәсіпорын шотындағы және кассасындағы қозғалысымен ғана шектелген.

Жоғарыда аталған себептердің барлығы, берілген диссертациялық зерттеудің пәнін таңдауға негіз болды – ұдайы өндіріс үрдісіндегі қаржы-ақша қаражаттарының толық айналымындағы ақша ағымдарын басқаруда талдамалық қамсыздандыруды құру.

Жиынтық ақша ағымының негізі ретінде жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі қызмет бойынша оң ақша қалдығы қарастырылады.Тек оның азаюы, уақытша төмен болуы, кассаны толтырудың қосымша көздерінен ақша тартуды талап етеді, яғни активтерді жаппай сату, бағалы қағаздарды шығару, қарыз алу. Егер де, бұл қиындық туғызса немесе мүмкін емес болса, онда өндірістік қызмет тоқтап қалады, болашақтағы ақша ағымдары азаяды, ал ол кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі мен өтімділігіне алып келеді.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрудың негізгі екі әдісі бар: жанама және тікелей. Олардың арасындағы айырмашылық, операциялық қызметтегі ақша ағымдарын есептеу алгоритмін пайдалануына байланысты анықталады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы қызмет түрлері бойынша қаржы-ақша ағымдарын құрылымдаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Бірақ, тек қызмет түрлері бойынша ақша ағымдарын құрылымдау бір себепке байланысты пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды, яғни, қандай қаржы-ақша ағымы туралы екендігі беймәлім: жалпы, таза, еркін немесе дисконтталған.

Соған орай, қаржы-ақша ағымын құрылымдауды, есептеу әдістемесі бойынша, осы ақша ағымдарының құрылымдаудың қызметінің үш түрімен толықтырған дұрыс.Сол себепті, біз кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын құрылымдауды қызмет түрлері бойынша және қаржы-ақша ағымының көлемін есептеу әдісі арқылы өткізген дұрыс деп санаймыз, соның негізінде қаржы-ақша ағымдарын басқарудың мақсатты параметрлері анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  ақша ағымдарын басқаруды ұйымдастыру мақсатында, біздің ойымызша, ақша ағымының құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлері (стратегиялық, ағымдық, оперативті) үшін есептік-экономикалық категория ретінде бөлшектеген дұрыс болады, соның салдарынан жалпы, еркін, таза және жинақты дисконтталған ақша ағымдары бөлінеді.

Қаржы-ақша ағымдарының құрылымдау тәсілдері, мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқаруда, талдамалық қамсыздандыруды құруға негіз болады.

Түсімді пайдалану, бөлу процесінің алғашқы кезеңін сипаттайды. Алынған түсімнен кәсіпорын шикізатқа, материалға, отынға, электр энергиясына, еңбектің басқа да заттарын алуға, сонымен қатар кәсіпорынға көрсетілген қызметтерге кеткен шығындардың орнын жабады. Түсімді одан ары қарай бөлу  негізгі қорлардың қайта өндірісі мен материалдық емес активтерінің қайнар көзі ретіндегі амортизациялық аударымдардың құралуымен байланысты.  Түсімнің қалған бөлігі  - жалақыны төлеуге немесе кәсіпорынның пайдасын құруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға, салықтарға (пайдаға салынатын салықтан басқа), басқада міндетті төлемдерді төлеуге бағытталған қайтадан құрылған құн.

Өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады.

Өткізуден түскен түсім қаражаттар айналымының аяқталғанын сипаттайды. Түсім түскенге дейін өндіріс және айналыс шығындары айналым қаражаттарының құралуының қайнар көздері есебінен қаржыландырылады. Қызметке салынған  қаражаттардың - шығындардың орнын толтыру мен қаржыландырудың меншікті қайнар көздерін құру: амортизациялық аударулар мен пайда - айналым нәтижесі болып саналады.

Осыған байланысты «Мырзакент» АҚ ның ақшалай қорларының қозғалысы туралы мәліметтерді 4-ші кестеде сипаттап отырмыз.

Негізгі  қызметтен дайын өнімдерді сатудан түскен түсім көлемі 2005-2009 жылдар аралығында 1692322 мың теңгеден 8858747 мың теңгеге дейін өсіп отырған, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2294023 мың теңгеге төмендеген. Міндеттемелер бойынша берешек салыстырылып отырған жылдар аралығында  5198605  мың теңге көлемінде, банк қарыздары бойынша 6785559 мың теңгеге артқан. Инвестициялар көлемі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 4219020 мың теңге көлемінде қысқарған.

 

Кесте 4 - «Мырзакет» АҚ өндірісінің ақшалай  қорларының динамикалық қозғалысы,                                                                     мың теңге

Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

1

Негізгі қызметтен дайын өнімдерді (тауарларды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстар

 

 

 

1792365

 

 

 

2518769

 

 

 

6057544

 

 

 

5858744

 

 

 

6260024

2

 

Міндеттемелер бойынша берешек, барлығы:

 

5227510

 

6884911

 

9429682

 

8883191

 

10876115

жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша

 

 

2682181

 

 

1399885

 

 

189255

 

 

219102

 

 

148936

Еңбек ақы төлеу бойынша берешек

 

14851

 

10611

 

22123

 

11619

 

-

бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша

 

 

-

 

 

2757

 

 

1

 

 

-

 

 

2049

Алынған аванс бойынша

 

-

 

1184227

 

2620243

 

2635799

 

1777849

Банк қарыздары бойынша барлығы

 

2147298

 

4282155

 

4547579

 

5987480

 

8932857

өзге де несиелік берешектер мен есептеулер бойынша

 

845129

 

1194838

 

4686522

 

2675902

 

1788114

3

Инвестициялар, барлығы

 

5712640

 

2677895

 

2876966

 

372021

 

1493620

     Ескерту «Мырзакент» АҚың есеп және есептілік мәліметтері.

 

«НИМЕКС Корпорация» ЖШС-нің айналым құрал жабдықтарының мәліметтері төмендегі 5 кестеде келтірілген.

Жоғарыдағы кестеден осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі құрал-жабдқтарының жағдайының өте жақсы екендігін көруге болады. Барлық баптар бойынша соңғы бес жыл ішінде олардың құны артып отыр.

 

Кесте11- «НИМЕКС Корпорацияы» ЖШС-нің айналым құрал-жабдықтары,                                                                                            мың теңге

Есепті жылдың соңына

2005

2006

2007

2008

2009

1

Аяқталмаған өндіріс

307341

-

26502

38140

49731

2

Алдағы кезең шығыстары

 

-

 

-

 

678

 

719

 

466

3

Ақша

55455

52333

40734

203445

93749

4

Алып сату үшін сатып алынған тауарларды өткізуден түскен табыс

 

 

1692322

 

 

3518069

 

 

7053555

 

 

8858747

 

 

9475613

5

Дебиторлық берешек

2409140

837731

951302

2883110

3216872

6

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

       Ескерту «НИМЕКС корпорациясы» ЖШС-нің есеп және есептілік мәліметтері пайдаланылған

 

Нарықтық тәсілдерге өту жағдайында, қайта өндіріс шығындарын қаржыландыруда қаржы ресурстарының негізгі қорлардың жеделдетілген амортизациясы сияқты қайнар көзі үлкен мәнге ие болып отыр. Осы жеделдетілген амортизация ең алдымен кеңейтілген қайта өндіріс қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады, бірақ  негізгі қорлардың қайта өндірісіне мәнге олар тек қатаң мақсатты түрде пайдаланған кезде ғана ие болады.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2006 жылы 0,43, ал 2009 жылы - 0,49 құрайды, яғни 0,06-ға өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпайақ, олардың 2/3-ден көбі   табиғи   (физикалық)   тозғандығын   және   ескіргендігін   көрсетеді. Кейбір экономистердің бағалаулары  бойынша 50%-дан  жоғары  тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның  материалды-техникалық базасын  нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Әрі қарай, келесі 6-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердін құрамы мен құрылымын талдау қажет.

 

Кесте 6 - Шардара мақта“ ЖШС өндірісінің 2006 - 2009 жылдардағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы,                                                мың тенге

 

Көрсеткіштер

2006 ж

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Ағымдағы активтер, соның ішінде

1461344

1623320

2130560

1008631

1.1 Тауарлы – материалдық қорлар

1015037

183746

3118

640130

1.2 Дебиторлық борыш

381391

1393223

 

 

1.3 Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

 

59996

 

8206

 

1214

 

18126

1.4 Басқа да ағымдағы активтер

4920

38145

2126228

350675

Ескерту: «Шардара мақта» ЖШС-нің есеп және есептілік мәліметтері негізінде құрастырылған

 

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2009 жылы 36.93 %-ға өсті және ол жыл аяғында 640130 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 5,99 пунктке көбейгенімен оның көлемі әлі де болса өте төмен 36,53 % болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында шектеулі сұранысқа ие болады. «Шардара мақта» ЖШС-нің материалдық ағымдағы активтері негізінен дайын өнім есебінен кемейген, олардың көлемі (дайын өнімнің) 2009 жылда 152475 мың теңгені құрады, бұл 2009 жылды 2006 жылмен  салыстырғанда -  38,87 % -ға кемейген. Осы мерзімде өндірістік қорлар 35,65 -ға азайған.

Инвестициялар бойынша шешім қабылдаудың ең маңыздысы және сол уақытта кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару процесінің алғашқы құрамдастары болады, өйткені  олардың маңызды көлемін айналымнан ұзақ уақыт аралығына алады. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін бағалау маңызды дәрежеде активтерге инвестициялаудың тиімділігін бағалаумен ұштасады, өйткені бұл инвестициялар қаржы –ақша ағымдары мен меншікті және тартылған қаражаттармен қамтамасыз етіледі.

Қаржықша ағынын уақыт аралығында бөлуді есепке алу үшін есептеу коэффициентін анықтау тәсілін жетілдіру қажет, яғни  нақты ақшаның барлық ағынын уақыттың бастапқы кезеңіне келтіру керек. Бірақ та осындай әдісте есептеу коэффициенті тәсілі инвестициялық бағдарлама тиімділігін бағалау үшін бірінші жақындауға әкеліп соғады.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару тиімділігін бағалаудың тәсілдерін тәжірибеде қолдану нақты кәсіпорын қызметінің ерекше мінездемелерін талдауды және оның қаржы ресурстарын ұйымдастырудың қаржы және ұйымдастыру-құқықтық ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді.

Қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін талдаудың ұсынылған тәсілдері  соңғы нәтижеге әсер ететін мүмкін факторларды «қамтитын», «синтетикалық» көрсеткіштердің есебіне негізделеді, қаржы менеджменттің тиімділігі кәсіпорынның қаржы ресурстарының шамасы мен құрылымына әсер ету арқылы бағаланатын, қаржы-ақша ағыны.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың әдістерін өңдеу

Қаржы –ақша ағымдарының мақта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік басқару қызметіндегі ролі, оның бүкіл қаржылық қызметі шоғырланатын фундаменті болып табылады

Сонымен бірге қаржы-ақша ағымдары концепциясы кәсіпорынның еріксіз басқару объектісі ретінде қаржылық басқару мәселелеріне байланысты отандық қана емес, шетелдік ғылыми әдебиеттерде де жеткілікті көрініс таппаған. Дегенмен қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы–ақша ағымдары терең теориялық негіздер мен кеңейтілген тәжірибеліқ нұсқауларды талап ететін, қаржылық басқару саласындағы аса  маңызды объект болып саналады. Қаржылық басқару саласында жүргізілген зерттеулерді жалпылай келе біз мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржықша ағымдарын басқарудың тиімділігін арттыру келесі негізгі ережелерге негізделетінін айта аламыз:

-   қаржықша ағымдары кәсіпорынның барлық аспектілеріндегі шаруашылық қызметін қамтамасыз етеді;

-   қаржы-ақша ағымдарын тиімді басқару мақта өңдеу кәсіпорндарының стратегиялық даму үрдісінде қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді;

-   қаржы-ақша ағымдарының рационалды қалыптасуы кәсіпорынның операциялық үрдісінің ырғағын жоғарылатуға септігін тигідеді;

-   қаржықша ағымдарын тиімді басқару мақта өңдеу кәсіпорындарының қарыз капиталға тәуелділігін азайтады;

-   қаржықша ағымдарын басқару мақта өңдеу кәсіпорындарының капитал айналымын жиілетудің негізгі қаржылық тетігі болып табылады;

-   қаржықша ағымдарын басқаруда тиімді шешім қабылдау, мақта өңдеу кәсіпорындарының төлемқабілетсіздік қаупін төмендетеді;

-   ақша активтерінің еркін қалдықтарын басқарудың тиімді нысандары кәсіпорынның қосымша пайда табуына мүмкіндік береді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқарудың негізгі ұстанымдары төмендегілер болып саналады:

-   ақпараттық дәлдік ұстанымы;

-   тепе-теңдікті қамтамасыздандыру ұстанымы;

-   тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы;

-   жойуды қамтамасыз ету ұстанымы;

-   сәйкестену ұстанымы.

Осы аталған ұстанымдар негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының нақты басқару үрдісі қалыптасады. Оның негізгі мақсаты кәсіпорынның даму үрдісінде қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісі негізгі 5 сатыдан тұрады.  Олар: қаржы-ақша ағымдарының толық және нақты есебін, сондайқ есептілігін қамтамасыз ету; өткен кезеңдегі қаржы-ақша ағымдары қозғалысын талдау; кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарының оптимизациялау; кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын, олардың түрлеріне байланысты жоспарлау; қаржы-ақша ағымдарына тиімді бақылауды қамтамасыз ету.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы – ақша ағымдарын басқару саясаты жалпы айналым активтерін басқару саясатының бір бөлігі ретінде қарастырылады және олардың өзгеру динамикасы мен шамасына қаржылық қатынастардың әсер ету үрдісінде қалыптасады. Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын шұғыл басқарудың теориясы мен тәжірибесіне жүргізілген зерттеу нәтижесі төменде келтірілген негізгі үш мәселені шешуге бағыталатынын көрсетіп отыр:

-   қаржықша ағымдарына деген қажеттілікті болжау және жоспарлау;

-   кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары айналымын жылдамдату,

-   ақша қаражаттарының ұақытша бос қалдықтарын рационалды пайдалануды және инфляцияға байланысты ақша активтерінің шығынын минимализациялауды қамтамасыз ету.

Қаржы-ақша ағымдарын тиімді жұмылдыру және бөліп тарату мақсатында, сондай-ақ пайда болуының себептері мен салдарларын, ақша қаражаттарының түсуі мен жаратылуының реттілігін тексеру  және де кәсіпорынның ағымдық қаржылық жоспарлау жүйесінде  басқарушылық шешімдер қабылдау үшін сәйкес кезеңдегі нақты ақша қаражаттарының қозғалу жоспары жасалады.  Нақты ақша қаражаттарының болжамы негізгі қаржылық жоспардың  көрсетілген мерзімге кіріс және шығыс қаржы-ақша қаражаттарын бөлшектейді.

Ғылыми зерттеу барысындағы пайдаланылған әдебиет көздерінің негізінде кәсіпорындардың болжам жасауы төрт сатыдан тұрады. Олар: жоспарланған оң қаржы-ақша ағымдарын анықтау; жоспарланған теріс қаржы-ақша ағымдарын анықтау; Жоспарланған таза қаржы-ақша ағымдарын есептеу; қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың нысаны мен мерзімі мәселелерін шешу.Қаржы-ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеті  кәсіпорынның қысқа мерзімдік қаржылық басқарудың негізгі құралы міндетін атқарады.

Осы бюджетте барлық субъектілердің түсімдері көрсетілген, олар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, меншік иелері мен несие берушілердің қаржыландыруы, жеткізіп берушілер мен мердігерлерге төлемдер, бюджет төлемдері, қызметкерлермен есеп айырысу, несиелер мен қарыздарды төлеу, пайыздарды төлеу т.б. Сондықтан кәсіпорындағы қаржылық басқару қаржы-ақша қаражаттарының қозғалысы бюджетінің мәліметтеріне негізгі құжат ретінде сүйенеді, себебі онда барлық контрагенттермен өзара есеп айырысу нысандары бекітілген.

Тапшылығы жоқ қаржы-ақша ағымдары қозғалысының бюджеті (ҚАҚҚБ) құрастыру технологиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Автормен жасалған.

Сурет 5- Мақта өңдеу кәсіпорнында ҚАҚҚБ бюджетінің тапшылығын болдырмау технологиясы

 

Оның көмегімен кәсіпорынның қаржылық қызметі келесі бірқатар шарттарды шешеді:

-   кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыру мен қалыпты жұмысын қолдау үшін қажетті көлемдегі қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, сонымен қатар инвестициялық қызметті қаржыландыру;

-   барлық ағымдық қаржылық міндеттемелердің орындалуы мен есеп айырысуын ұйымдастыру;

-   ішкі қаржылық бақылау мен қаржылық ресурстардың құрылуы мен пайдалануын талдау;

-   кәсіпорынның активтерін пайдалану рентабельділігі тиімділігін арттыру, айналым құралдарының сақталуын қамтамасыз ету.

Мақта өңдеу кәсіпорыны үшін ақша қаражаттарының шығуын құрайтын маңызды құраушылардың бірі, жоспарлауда өзіндік бюджет деп бөлініп қарастырылатын, коммерциялық және басқару шығындары болып табылады. Кәсіпорынның ақша ағымдарын талдауда өткен кезеңдермен салстырғандағы  есепті кезеңдегі ақша ағымдарына сипаттама беретін бірқатар көрсеткіштер анықталады және жоспарлауда ескерілетін көрсеткіштер ара қатынасы тағайындалады.

Ұйымның қаржылық есебі бойынша қаржылық сараптаушылардың кеңінен қолданатын негізгі көрсеткіштері төлем қабілеттілік пен өтімділік коэффициенттері мен таза айналым капиталының өлшемі болып табылады.  

Қаржы-ақша ағымдарын  кешенді қаржылық талдау кезінде есептелетін және бағаланатын негізгі қаржылық көрсеткіштер келесілер  болып табылады:

-   өтімділік коэффициенттері (ағымдық өтімділік коэффициенттері, жедел өтімділік коэффициенттері, абсолютті өтімділік коэффициенттері);

-   кәсіпорынның қаржылық саясатының көрсеткіштері (ақша ағымдарының жеткіліктілігі коэффициенті, дебиторлық және кредиторлық қарыз айналымдылығы, тауарлы-материалдық запастар айналымдылығы және т.б.);

-   рентабельділік коэффициенттері.

Кесте 7 - Кәсіпорынның қызметінің рентабелділік көрсеткіштері

 

Ақша қаражаттарының қалдығының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Ақша қаражаттарының орта қалдығы

Түскен ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Түсен ақша қаражаттарының соммасы   (түсімдер)

Жұмсалған ақша қаражаттарының рентабельділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі/Шыққан ақша қаражаттарының соммасы (төлемдер)

Ескерту: Автормен пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған

 

Кез келген қабылданған басқару шешімдері қаржы-ақша ағымдарының жағдайына әсер етеді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың ақпараттық қамтамасыздандыруын ұйымдастыру мәселелері

Сонымен, ақша ағымдары туралы ақпараттар сапасы келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет (кесте 8).

 

 

 

Кесте 8 - Қаржы-ақша қаражаттары туралы ақпараттардың сапалық сипаттамасы

Мағынасы

Мазмұны

Маңыздылығы

Ақша ағымдарын басқару саласындағы басқару шешімдерін қабылдауға әсер ету мүмкіндігі

Мезгілділігі

Қажеттілік пайда болған уақытта ақпарат дайын, әрі қол жетімді болуы

Салыстырмалығы

Ақша ағымдары туралы ақпарат уақыты бойынша, бөлімшелері мен жауапкершілік орталықтары бойынша салыстырмалығы

Сенімділігі

Қателер мен әуестіктен еркін болуы

Айқындылығы

Ақша ағымдары туралы ақпараттарды қосымша түзетусіз басқару мақсаттары үшін тікелей пайдалану мүмкіндігі

Тексерілуі

Дәлелдеулердің бар болуы

Болжануы

Шешім қабылдайтын тұлғаларға ақша ағымдарының болжамының ықтималдылығын арттыратын ақпараттардың қасиеті

Релеванттілігі

Ақпараттар бағытталған іс-әрекетке пайдалы қатынасы болуы қажет

Кері байланыс

Ақша ағымдары туралы бұрынғы пайымдауларды растау немесе түзету

Қысқалығы

Ақпараттар ешқандай артықтығы жоқ, нақты болуы қажет

Мекен жайлығы

Жауапкершіліктегі орындаушыға ақпараттар жеткізілуі қажет

Ескерту:Кесте пайдаланылған әдебиетттер негізінде автормен жасалған

         

Біздің ойымызша, тиімді басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беру үшін және қаржылық менеджменттің қызметтері мен шарттарын орындау үшін кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару саласындағы басқару шешімдерін қабылдаудың талдамалық қамсыздандыруды құру қажет болады.

          Сонымен, қазіргі уақытта «есептік-талдамалық қамсыздандыру» ұғымына байланысты бірыңғай көзқарастар жоқ десе де болады, ал оның құрылымы саласындағы зерттеулер фрагментарлы сипатқа ие. Біздің пікірімізше, ақша ағымдарын басқаруды ақпараттық қамсыздандыру деп белгілі бір уақыт кезеңіндегі коммерциялық ұйымдардың ақша ағымдары туралы жоспарлы, нормативті, болжамды, есептік және басқа да ақпараттарын жинауы, өңдеуі және жеткізуі аталады және олар стратегиялық, тактикалық, оперативті басқару кезінде қолданылады. Сонымен қатар, ақша ағымдарын басқаруды есептік-ақпараттық  қамсыздандыру шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің үрдістеріндегі ақша ағымдарының бағыттары мен көлемін сипаттайтын әртүрлі есептеу түрлерінен алынған ақпараттарды (стратегиялық, қаржылық және басқару) қамтиды

Біздің пікірімзше талдамалық қамсыздандыруда келесі талаптарға жауап беретін ақпараттар қамтылуы қажет:

1.Есептерді құрудың қалыптасқан және үйлестірілген үрдісін қамтамасыз ету арқылы әртүрлі деңгейдегі басшыларға ақша ағымы туралы ағымдық және болашақтағы жағдайды дәл анықтауға қажетті соңғы синтезделген көрсеткіштердің ең аз саны белгіленеді.Ұйым ақпараттарды ұсыну нысандарын стандарттау арқылы ақпараттарды жинау және топтастыру қарапайымдылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Әрбір бөлімшеден ақпарат нақты бекітілген нысанда жеткізілуі қажет. Мақсаттық бағыттылығына байланысты (жоғары басшылар, менеджерлер, жеке меншік иелері үшін)  есептер белгілі бір уақыт кезеңінде өткізіліп, сапалы басқару шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ететін ақпараттарды қамтиды. Әрбір тұтынушының деңгейіне өзіндік бөлшектеу деңгейі сәйкес келеді.

2.Талдамалық құралдардың кең түрде қолданылуы. Есептік-талдамалық ақпараттардың сапасы оларды талдау мен өңдеу кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты анықталады, олар: активтер мен пассивтердің қоржының кезеңдегі орта шамасы; орта шамада есептелген пайыз мөлшері; қоржынның жалпы құрылымындағы активтер мен пассивтердің жеке түрлерінің үлес салмағы; экономикалық талдау әдістері (дәстүрлі, статистикалық, математикалық, болжамдық және т.б.);

3.Бақылау қызметін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның атқарған кез келген операциясы арнайы ақпараттық ағымдарды құрады, ал олар өз кезегінде кәсіпорынның тексеруші органдары арқылы бақылауға алынуы қажет болады;

4.Ұйымның барлық құрылымдық бөлімдері мен қызметтерінің қаржы-ақша ағымдарын басқару үрдісіне қатысуы. Кәсіпорынды жетістікте басқару мен тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін әртүрлі бөлімдер мен қызметтерден алынған жеке көрсеткіштердің интеграциялық мәліметтері қажет. Сонымен қатар, осы орындармен кері байланыстарды орнату арқылы орталықтанған ақпараттар ағымын құруға болады, олар тек бухгалтерия ақпараттары ғана емес, басқа да кәсіпорынның бөлімдері, қызметтері және құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттарын қамтиды. Бұл жағдайда ақпараттық ағымдардың жүйелігі мен орнықтылығы болмаса, онда ол ақпараттардың қайталануы мен шектен тыс көп болуына алып келеді.

Ресей ғалымы Т.В.Теплова ұсынған модель өте қарапайым  және көрнекі. Кәсіпорынның пайдасы мен ақша ағымдарына әсер ететін тиімді тетіктерді (операциялық, қаржылық және біріккен) бөлу арқылы алынған ақпараттарды кәсіпорынның ақша ағымдарын оперативті және ағымдық, стратегиялық басқаруда пайдалануға мүмкіндік береді.  Отандық әдебиеттерде ақша ағымдарын модельдеуге қатысты басқа да жарияланымдары бар. Мысалы, В.Чернов ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында ақша ағымдарын оң және теріс деп бөлуді ұсынады. Теріс ағымдарға барлық ақша қаражаттарының  шынайы төлемдері кіреді,соның ішінде еңбек ақы, несиелерді қайтару соммалары, салықтар мен аударымдар мен басқа да шығындар, ал оң ақша ағымдары барлық түсімдерді қамтиды.

Интеграцияланған есепке алу жүйесіндегі ақша ағымдарын модельдеу тұжырымдамасының негізін келесі негізгі ұстанымдар құрайды:

-   пайдаланылатын ақпараттардың жеткіліктілігі ұстанымы;

-   пайдаланылатын ақпараттардың инварианттылық ұстанымы;

-   модельдердің өз қалпын сақтау арқылы берілу ұстанымы;

-   компьютерлік технологияда экономикалық-математикалық модельдер кешенінің тиімді жүзеге асыру ұстанымы

-   модельдер жүйесінің ақша ағымдарын бағалау мақсаттарына дәлдігі ұстанымы;

-   пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығы мен сәйкестігі ұстанымы;

-   қадағалаушы модельдеу ұстанымы.

Берілген ұстанымдар жүйелік экономикалық-математикалық модельдеу мен жүйелік талдаудың жалпы ұстанымдарынан шығып отыр. Ақша ағымдарын модельдеу ұстанымдарының мазмұны 9 кестеде көрсетілген.

Кесте 9 - Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын модельдеу ұстанымдары

 

Ұстанымдар атауы

Мазмұны

Жеткіліктілік ұстанымы

Әрбір жеке модельде дәлдігі талап етілген модельдеу нәтижесінен алынған белгілі ақпараттар ғана қолданылады. Белгілі ақпараттар деп келесілерді атап өтсе болады: нормативтік, анықтамалық, болжамды мәліметтер, стратегиялық есеп мәліметтері.

Ақпараттардың инварианттылық ұстанымы

Модельдеуде қолданылатын кіру ақпараты берілген зерттеу кезеңінде әлі белгісіз модельдеу жүйесінің параметрлерінен тәуелсіз болуын талап етеді. Бұл ақша ағымдарын модельдеу кезіндегі тұйық шеңбер құруды болдырмайды, яғни модельдеу нәтижесінде алынған ақпараттар ғана осы модельде қолданылуы мүмкін.

Модельдердің өз қалпын сақтау арқылы берілу ұстанымы

Бұл ұстанымның негізгі мәні кейінгі модельде алдыңғы модельде анықталған объектілердің қасиеті мен өзара байланыстары бұзылмай, сол күйінде берілуі қажет. Бұл ұстаным маңызды, себебі ақша ағымдарын модельдеуде тек біреуімен ғана шектелмейді. Ол бір-бірімен байланысқан модельдер жүйесінен құралады. Оның құрамы кәсіпорынның қаржылық стартегиясы мен оперативті жоспарларымен анықталады.

Тиімді жүзеге асыру ұстанымы

Компьютерлендірудің қазіргі жағдайында берілген ұстаным компьютерлік технологияда экономикалық-математикалық модельдер кешенінің тиімділігін қамтамасыз ететін ақша ағымдарының моделін жасауды білдіреді

Модельдер жүйесінің ақша ағымдарын бағалау мақсаттарына дәлдігі ұстанымы

Ақша ағымдарының жалпы моделі әртүрлі шарттарды шешуге бағытталған және әртүрлі мақсаттарды орындайтын бірқатар модельдерден құралады. Қаржылық есеп беру ақпаратын пайдаланушылар кәсіпорынның ақша ағымдарының моделін өз қызметіне сәйкес пайдаланады. Бұл жағдайда бағалаудың нақты мақсаттары кәсіпорынның құнын бухгалтерлік бағалаудың негізін  құрайды.

Қадағалаушы модельдеу ұстанымы

Ақша ағымдарын модельдеу үрдісінде пайда болатын қателерді қадағалайтын жүйенің бар болуын білдіреді.Бұл ұстаным әртүрлі тәсілдермен қамсыздандырылуы мүмкін.

Пайдаланылатын ақпараттардың дұрыстығы мен сәйкестігі ұстанымы

Бұл ұстаным ақша ағымдарын модельдеудің нақты нәтижелерін қамтамасыз етеді. Дұрыс емес және сәйкес келмейтін ақпараттардың бар болуы берілген модельдеу нәтижесінің сапасын төмендетеді

Ескерту: Кесте автормен пайдаланылған әдебиеттер негізінде жасалған

Әлемдік тәжірибеде есепті қаржы-ақша бірлігі ретінде «тұрақты доллар» немесе белгілі бір уақытқа сатып алу қабілеті  «байланған»басқа да ақша бірліктері қолданылады. Егре де тұрақты бағаларды қолданатын болса, онда белгілі бір уақыт аралығындағы құндық көрсеткіштерді өлшеу қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда барлық бастапқы параметрлер шынайы есептермен беріледі, яғни инфляциялық құраушылардан таза болады. Бұл бастапқы мәліметтердің верификациясын жеңілдетеді, есептік үрдісті қадағалауға мүмкіндік береді және қаржы-ақша ағымдарын модельдеу қорытындысы ретінде алынған нәтижелерді дұрыс береді.

Модельді жасау үрдісін талдау барысында біз ескерілуі қажет екі негізгі әдістемелік ерекшелікті бөліп көрсетеміз, олар:

1)жобалық деңгейде кәсіпорын айналым құралдарына шығынды қолдай алмайтын нүктені анықтау үшін берілген жағдайды ағымдық бағада қарастырған жөн болады;

2)стратегияны таңдау, яғни өтпелі үрдістің аяқталуы нәтижесінде қол жеткізуі қажет жағдайды сипаттайтын алғышартты критерияларды анықтау.

Берілген жағдайда критерия ретінде кәсіпорынның жинақталған қаржы-ақша қаражаттарының көлемі мен өнімді өткізуден түскен табыс есебінен айналым құралдарына шығындарды жабу қабілеттілігі алынды, оның соңғы нәтижесін көрсететін  сан жобалық деңгейдегі өнім көлемінің 20% көрсетеді, яғни бұл сыртқы орта жағдайларының өзгеруі кезінде өндірісті қайта қалпына келтіруге мүмкін болатын өндіріс жағдайы болып табылады.

Сыртқы орта факторларының әсері жағдайындағы жасалған алгоритм мен экономикалық модельдеу базасы негізінде өткізілген зерттеу арқылы берілген факторлардың кәсіпорынның өзі жинақтаған қаражаттары мен өткізуден түскен табыс есебінен айналым құралдарына қажетті шығындарды жабу мүмкіндіктеріне әсері анықталып, оларға баға берілді.

Кәсіпорындардағы қаржы-ақша ағымдарын басқаруды қаржы-шаруашылық қызмет үрдісіндегі қаржы-ақша ағымдарын құру, бөлу және пайдалану бойынша ақпараттарды алу және айырбастаудың әдістері мен тәсілдері ретінде қарастыруға болады. Бұл үрдістер ақпараттардың ағымы мен күрделі ақпараттық байланыстардың жүйесін құрайды, олар әрдайым күрделеніп, ұлғаяды.

Салалық автоматтандырылған жүйесінің құрамында қаржы-ақша ағымдарын басқару  «Қаржылық қызметті басқару» деп аталатын  жеке жүйе ретінде қарастырылады, ол басқа жүйелермен тығыз байланысқа түсіп, жеке өзі де тәуелсіз қызмет ете алады.

Модельдеу циклдық процесс болып табылады, яғни  бірінші төрт  этапты циклдың соңынан екінші, үшінші этаптар болуы мүмкін.  Сонымен қатар зерттеліп отырған объект туралы білім  кеңеюі және нақтылануы мүмкін, ал бірінші құрылған модель  бірте бірте жетілдіріледі. Осылайша модельдеу методологиясына өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі салынған.

 

 

Ескерту: Автор құрастырған.

Сурет 6 Берілген жағдайдағы шығындар құрамы мен өнім өндіру көлемін жоспарлау нұсқасына сәйкес ақша қаражаттарының сыртқы орта факторларының әсері жағдайындағы операциялық ақша ағымдарының динамикасын модельдеу алгоритмінің сызбасы.

 

Сондықтан экономика математикалық модельдеудің этаптарының бірізділігі мен мазмұнын келесі алты этапқа бөліп бөлшекті талдаған дұрыс: экономикалық мәселені қою, оның сапалы талдауы; математикалық модельді құру; модельдің математикалық талдауы; алғашқы ақпаратты дайындау; сандық шешім; сандық нәтижелерді талдау және оларды пайдалану.

Экономика  - математикалық модельдеудің аталған этаптары  өзара тығыз байланыста екендігін мәселені шешуде көрінді. Яғни, модельді құру этапында тапсырманың қойылуы қарама қайшы немесе  тіптен күрделі математикалық модельдеуге әкелетіндігі анықталды. Модельдеудің алдыңғы этапына қайта оралу  алғашқы мәліметті дайындау этапында пайда болды. Егер де қажетті ақпарат болмаса немесе оны дайындауға кететін шығындар тіптен үлкен болатын болса, онда  тапсырманы қою этапы мен оны формализациялауға қайта оралуға тура келетінін бірнеше рет қайталауға тура келу нәтижесінде білінді.

Кәсіпорын мен оның жетекшілерінің әрекетері болып жатқан өзгерістерге икемделуі қажет. Ғылыми негізделген процедуралар негізінде көру реттеу кәсіпорынның мақсатына және сыртқы жағдайының өзгерістеріне икемделу қажеттілігі кеңінен мойындалды. Сол сияқты кәсіпорын да сыртқы ортаның өзгерістеріне сүйене отырып өзінің қызмет ету барысын дайындау қажет. Сыртқы ортада көбейіп жатқан өзгерістерге байланысты кәсіпорынды  басқару  материалдық – техникалық базасын нығайтуға және оны жаңартуға қатаң көңіл аударуы  қажет. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның негізгі  көрсеткіштерін пайдалану нәтижесінде , біздің пікірімізше,  негізгі құралдардың табиғи ( моральдық ) тозуын алдын ала жүйелі түрде болжау арқылы тозу коэффициенті  жағымсыз құбылысқа жеткізбей кәсіпорын қаржысын тежеу мүмкін.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру мәселелері

Нарықтық экономикалық қатынастар теориясы мен тәжірибесі жағдайында   қаржылық жоспарлаудың объектісі ретінде шаруашылық субъектілері қызметінің қаржылық нәтижесі қолданылады. 

Қаржы-ақша ағымдары қозғалысын болжаудың орны мен ролі қатынасында, қарастырылып отырған концепциялар арасында  қайшылық жоқ сияқты.  Мұндағы алғашқы шарт уақыт факторы. Егер де, сөз болашақтағы болжау туралы сөз болса, онда қаржылық нәтижелер болашаққа болжау объектісі ретінде қарасады, ал нақты ақшаны болжау көп нұсақалы сипатта болады, онда қаржы ресурстарының қозғалысын болжау  өндірістердегі  қаржылық жоспарын құру  процесінде жедел болжау элементі ретінде қарастырылады.

Професссор А.М. Ковалеваның көрсеткендей қаржылық болжау бірнеше кезеңге бөлінеді:

-   қаржылық нәтиже болжауы;

-   қосымша инвестицияға деген қажеттілікті анықтау және қаржыландыру қайнар көздерін құру;

-   қаржы-ақша ағынын болжау моделін құру (дисконттау) және зиянсыздық нүктесін анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің талдауы нәтижесінде анықталған, қосымша қаржылық мүмкіндіктерді нақты бағалау үшін бұл бағалауды бірнеше нұсқада жасаған дұрыс.

Көп нұсқалылық қаржылық болжау кезінде  кәсіпорынның қызметіндегі мүмкін  қолайсыз жағдайларды болжауға, оның қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік береді.

Қаржы-ақша ағымын болжауды басқа тәсілдермен де жүргізуге болады. Джей К.Шим және Джоэл Г.Сигел   сатудан түскен пайыз тәсілін сипаттай келе, оның негізгі кезеңдері төмендегідей:

-сату бойынша операцияларды белгілеу;

-ақша шығындары сияқты қосымша параметрлерді жоспарлау;

-жоспарланып отырған өткізу көлемін қамтамасыз ету үшін керекті айналым активтері мен негізгі қорларға салымдар көлемін алдын ала бағалау;

-қаржылық қажеттіліктерді есептеу.

Қаржылық болжау кезінде сатудан түскен пайыз тәсілінің басты артықшылығы  оның қарапайымдығы мен пайдаланудағы арзандығы. Сонымен қатар көлемі өткізу көлемінің  (өткізуден түскен түсім) өсуіне  пропорционалды өсетін, активтер мен міндеттемелер тобын жеткілікті анық бөлу кезінде бұл тәсіл қосымша қаржылық ресурсқа деген қажеттілік пен жалпы ақша ағыны туралы анық бағалауды береді.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты қаржылық жағдайы  қаржы-ақша ағымдарын жетік басқару нәтижесі болып табылады.

Зерттеу нәтижесінде біз тарапымыздан мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын қаржылық жағдайдың жеке көрсеткіштері, қызметтік ынталылығын және басқа да көрсеткіштерін бағалу негізінде қаржылық жағдайының салыстырмалы рейтингтік бағалау ұсынылады.

Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық жағдайын кешенді салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесінің құраушы сатылары төмендегідей болады:

-   бағалау кезеңіндегі ағымдық ақпаратарды жинақтау және талдамалық өңдеу;

-   қаржы-ақша ағымдарын басқаруды рейтингтік бағалауға және жіктеуге қажетті көрсеткіштер жүйесін негіздеу;

-   рейтингтік бағалаудың қорытынды көрсеткішін есептеу; кәсіпорындарды рейтингі бойынша жіктеу.  

Қорытынды рейтингтік бағалау қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесінде қолданылатын аса маңызды көрсеткіштерді есептейді.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары мен өңделген ұсыныстар нарықтық экономика жағдайындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың теориясын, әдіснамасын және тәжірибесін әрі қарай дамытуға ықпал ететін төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1.  Әлемнің экономикасы дамыған мемлекеттердегі кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқару тәжірибесін біздің еліміздегі мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық қызметіне пайдалану біршама қйынға соғады. Оның негізгі себебі келесілерде:

-қолданыстағы есеп жүйесі мен құқықтық және нормативтік нормалардың сай келмеуінде;

-отандық мақта өңдеу кәсіпорындарындағы айналым активтерінің  жеткілікіз болуында;

-ақшалай кірістерінің көлемінің өзгеруіне едәуір әсер ететін төлем айналымының баяу болуында;

-қысқа мерзімді қаржылық салымдарды есеп айырысуда пайдалануды қйындататын қысқа мерзімді қор айналымдары тізімінің шектелгендігі.

2.Қаржы-ақша ағымдарын басқару мәселесі жалпылама зерттелгенімен, ТМД елдерінің және отандық авторлардың еңбектерінде қаржы-ақша ағымдары түсінігіне біркелкі көзқарас қалыптаспаған. Сондықтан да қазіргі уақытқа дейін қаржы-ақша ағымдарының тиімділігімен қатар кәсіпорынның экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін басқару үрдісінің оң және теріс жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін  қаржы-ақша ағымдарының толық жіктемесі мен оларды басқару тиімділігін талдау әдістемесі жасалмаған.

3.Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін құру үрдістерін зерттеу қазіргі уақытта жинақталған әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейтін маңызды мәселелерді анықтады. Олар: қаржы-ақша ағымдарын тиімсіз және бірқалыпсыз пайдалану. «Тиімсіз» ұғымы келесіні білдіреді: кәсіпорынның қолданыстағы және болашақтағы әлеуетін жеткіліксіз түрде есепке алу; қаржы-ақша қаражаттарының құндылығын дұрыс бағаламау; кәсіпорынрдағы қаржы-ақша ағымдарын бөлудегі «табыстылық» және «тәуекелділік» категорияларының оңтайлы ара қатынасының болмауы; инвестициялық тәуекелділікті бағалаудың қолданыстағы әдістерінің елдегі ағымдық экономикалық жағдайға сәйкессіздігі; кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын жоспарлау, болжау және басқару үрдісіндегі экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді әлсіз қолдану.

              4. Берілген мәселелердің салдары ретінде кәсіпорындардағы қаржы және ақша қаражаттарын бөлудегі көпкритериялы шарттарды шешу ұстанымдарына негізделген оптималдау және рационалдау әдістерін пайдалану өзектілігінің едәуір артуын қарастырса болады..

5.      Диссертациялық зерттеуде жүргізілген мақта өңдеу кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарына талдау қорытындысы көреткеніндей олардың көпшілігі қаржы-ақша ағымдарын басқаруы мен жоспарлауға аса мәне бермейді.отандық және шетелдік экономист ғалымдар тарапынан қалыптастырылған қаржықша ағымдарын  басқару моделі мен әдістері отандық мақта өңдеу кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелерге аз икемделген.

6.      Зерттелген кәсіпорындарының қызмет тиімділігін арттырудың бірденір маңызды факторы қаржықша ағымдарыны рационализациялау және қарқындау болып саналады, себебі  олар арқылы шаруашылық субъектілерінің барлық қызмет салалары реттеліп отырады. Аталған кәсіпорындарда қаржы қызметі рационалды ұйымдастырылмаған,құрылымдық бөлімшелер арасында бісекелестік орын алған және қаржы саласында да және өндірістік салаларда да нақты үәкілеттілік пен міндеттер сараланбаған.

7.      Осы мақсатта өндірістің сапасын бағалау мен кешенді талдаудың әдістемесі жасалды. Оның негізі ретінде халық шаруашылығының объектілерін көпфакторлы  талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Негізгі топтар қызметіне әсер етуші факторларды талдау нәтижелерін жалпылау негізінде өндіруші мақта өңдеу кәсіпорнының тартымдылығын интегралды бағалауға мүмкіндік беретін бағалау параметрлері анықталды. Әртүрлі кәсіпорын түрлері үшін жалпы қолданылатын бағалау параметрлерінің іріленген топтары ретінде келесілер қарастырылады: экономикалық көрсеткіштер мен кәсіпорынынң өндірістік қызметінің көрсеткіштері; кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштері; әлеуметтік шиеленіс көрсеткіштері; кәсіпорындағы билік пен басқару; қаржыландыру жобасының сапасы; несие бойынша кепілдіктер; «несие алушы- несие беруші» ара қатынасы; несиелік тарихы; қаржылық компанияның қажеттіліктері. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жасалған әдістеме келесі кәсіпорындар тобы үшін интегралдық бағалауды алуға мүмкіндік береді: мемлекет; ҚР субъектілері мен жергілікті билік органдары, сонымен қатар, муниципалитеттер мен қалалар; мақта өңдеу кәсіпорындары мен қызмет көрсету сала кәсіпорындары;  қаржылық компаниялар.

8.      Инвестициялау объектілерінің несиелік-өндірістік сапасын бағалауды ескеру арқылы анықталған экономикалық тәжірибеде қолданылатын әдістер мен тәсілдер  негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы – ақша ағымдары құрылымын оңтайландырудың (оптималдаудың) кешенді моделі жасалды, оның мақсаты қаржылық қоржынды орта және ұзақ мерзімге жоспарлау болып табылады.

Берілген модельдің ең жоғары мақсатты функциясы ретінде шартты пайданы пайдалану ұсынылады, ол келесілерді салыстыру негізінде анықталады: тәуекелділік коэффициентін есепке алу арқылы анықталған активтердің табыстылығы, активтердің тұрақсыздығы коэффициенті, салық салудың әртүрлі ставкалары. Берілген модельдердің шектеулері ретінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қызметін реттеуші органдар мен кәіпорын менеджерлері бекіткен өтімділік және тәуекелділік нормативтері қолданылады. Бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану арқылы қаржылық қоржынды оптималдау шарты іс-тәжірибе жүзінде шешілді.

9.      Талдау көрсеткеніндей мемлекеттік құрылымдар тарапынан мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын  басқару мәселесін реттеуді қамтамасыз  ететін  толыққанды нормативті – құқықтық  қамтамасыздандыру қажет . Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты аймақтық-салалық нормативтерді пайдаланудың әдістемелік нұсқауы өте қажет. Қаржы-ақша ағымдарының қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың матрицалық әдісін пайдалану оңтайлы.   

10. Мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың рейтингтік әдісінің кең түрде ендірілуі  кәсіпорынның қаржы-ақша ресурстарын басқарудың тиімділігін толық мінездеуге мүмкіндік береді, себебі ұсынылған әдіс негізінде қаржы-ақша ағымдарын басқарудың барлық деңгейлерінің көрсеткіштері бойынша кәсіпорындардың жағдайын өзара салыстыруға болады

11. Құрамына қаржықша ағымдарын басқаруды ұйымдастыру схемасын, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын құраушыларын есептеу алгоритмін, қаржы-ақша ағымдарын қалыптастырушы сыртқы және ішкі факторлардың әсер ету көрсеткіштерін, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары мен ашқа қаражаттарының қалдығын мінездейтін талдамалық көрсеткіштер жүйесін, бюджеттеу негізінде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару моделін, қаржы-ақша ағымдары мен қалдық ақша қаражаттарын оптимизациялау әдісін және қаржы-ақша ағымдарын бақылауды қамтитын  мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқарудың теориялық және тәжірибелік нұсқаулары кәсіпорындардың ақща қаражаттарының қозғалысы үрдісін әлдеқайда арттырады.

12. Диссертациялық зерттеу нәтижесінде анықталған әдістер мен модельдер халық шаруашылығының барлық тізбегіндегі қаржы-ақша ағымдарын тиімді және көп қадамды талдау негізінде құрылған қаржылық ресурстардың базасын басқару бойынша  шешімдерді қабылдау мен дайындауда  қолданылатын тәжірибелік құралдар жүйесін құрайды. .

Сонымен қатар, шет елдік ғалым-экономистердің еңбектерінде кәсіпорындардың қаржы-ақша ағымдарын басқарудың қолданбалы мәселелері тұрақты ортаға сәйкес аз зерттелген: бірігудің түрлері, бірігу әдістері, қорғау нысандары негізделіп, бірігу эффектісі бойынша тәжірибелік  байқаулардың нәтижелері жалпыланғанмен мүмкін болатын тиімділіктің құраушылары көрсетілген, акция құны мен бизнесті бағалаудың әдістері көрсетілген, олардың барлығы өтпелі кезең ерекшеліктерін ескеру арқылы қазақстанның экономикасына бейімделе алады.

Отандық экономист ғалымдардың еңбектерінде қаржылық көзқарас тұрғысынан күрделі мақта өңдеу кәсіпорындарындағы қаржы-ақша ағымдарын басқару құрылымын оптималды таңдау мәселесі мүлдем зерттелмеген.

Диссертациялық жұмыста қаржықша ағымы ұғымы ұсынылған, сонымен қатар қаржы категориясының жалпы құрылымындағы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ағымдарының ерекшеліктері анықталған.

Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару тиімділігі кәсіпорын қаржы-ақша ағымы мәнін анықтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, сала ерекшелігіне сәйкес қаржылық тәуекелділігін анықтау мен бір жүйеге келтіруді және қаржылық тәуекелділіктерді бағалау мен басқарудың әдістемелік негіздемесін жасауды қамтиды. 

Диссертациялық зерттеуде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша тәуекелділіктері бір жүйеге келтірілген, олардың мүмкін болатын ұйымдастырушылық салдары мен олардың тиімділігін артыру әдістері анықталған, оларды бағалау әдіснамасы ұсынылған.

Сондай-ақ диссертациялық жұмыста мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы-ақша ағымдарын басқару тиімділігін бағалаудың көрсеткіштер жүйесі бір жағынан негізделген болса, екінші жағынан, кәсіпорынның қаржылық менеджмент деңгейін арттыру құралы ретінде пайдаланылады.

 

2

 

Информация о работе Кәсіпорынның ақша қаражатын басқару