Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы: құрастыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 18:37, курсовая работа

Описание

Тіл тарихы пәні қазіргі ағылшын фонетикалық жүйесінің грамматикалық және сөздік құрамының қалыптасу процесстерін суреттейді. Тіл тарихы пәннің оқытуы оқушылардың әдебиет тарихы, елтану және мәдениеттану пәндері бойынша дүниетанымын кеңейтеді.Басқа еркін иеленушілік тілмен маман біраз кең лингвистикалық өремен ие болуы керек – өзіне ашық тарихи үдерістерді ұсыну керек,болған байланыс пен қоғамдық тарихи даму тілінде, онымен ара болып жататын,сонымен қазіргі тілді аңдатуға үйрену және оның өзгешелік заңдық көзқарасының тарихи дамуы.Осы оқу курсының негізгі мақсаты ағылшын тілінің т

Работа состоит из  1 файл

Шет тілі тарихы РП.doc2.doc

— 138.00 Кб (Скачать документ)

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________________ Кабдрахманова Ш.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж¥МЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 ___________«Ағылшын тілінің тарихы»____________

(Пән атауы)

__________0832002 «Бастауыш білім беру шет тілі мұғалімі»_________

(Классификатор бойынша мамандық және код)

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс бағдарламасы орта және кәсіптік оқу орындарының типтік оқу бағдарламасына сай жасалып,бастауыш және орта.кәсіптік білім бойынша Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі ОӘК шешімі бойынша бекіткен.

«____» _______________ 2012 ж.    № _______ хаттама

Шет тілі мұғалімдер ПЦК отырысында қаралды және қабылданды

ПЦК төрағасы _________________                                 Ахметова Г.К.____

                                          (Қолы)                                                        (аты-жөні)

Құрастырушы: Алёхина М.О.

      (аты-жөні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсініктеме хат

 

«Ағылшын тілінің тарихы» пәнінен бұл бағдарлама Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің аудару бөлімінің студенттеріне арналған. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей мемлекеттік стандартына сай жасалған.

Тіл тарихы пәні қазіргі ағылшын фонетикалық жүйесінің грамматикалық және сөздік құрамының қалыптасу процесстерін суреттейді. Тіл тарихы пәннің оқытуы оқушылардың әдебиет тарихы, елтану және мәдениеттану пәндері бойынша дүниетанымын кеңейтеді.Басқа еркін иеленушілік тілмен маман біраз кең лингвистикалық өремен ие болуы керек – өзіне ашық тарихи үдерістерді ұсыну керек,болған байланыс пен қоғамдық тарихи даму тілінде, онымен ара болып жататын,сонымен қазіргі тілді аңдатуға үйрену және оның өзгешелік заңдық көзқарасының тарихи дамуы.Осы оқу курсының негізгі мақсаты ағылшын тілінің тарихи дамуындағы тілдік және тілдік емес факторлардың әсерімен өзгеріске ұшыраған тілдік жүйенің кезеңдерін суреттеу.

Міндеттері:

1) Тілдегі тарихи өзгерістердің фактілерін тілдік жүйенің жалпыға тән заңдылықтары мен өзіне тән ерекшеліктері негізінде қарастыру;

2) Ғасырлар бойы қалыптасқан қазіргі ағылшын тілі жүйесіндегі негізгі ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан зерттеу;

3) Ағылшын тілі дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу;

4) Ағылшын тілінің тарихи даму процесстерін ұлт тарихымен байланыста зерттеу;

5) Ағылшын тілі тарихы пәнінің басқа да теориялық тіл пәндерінің арасында алатын орнын анықтау;

6) Фонетика, грамматика және лексика салаларындағы негізгі өзгерістерді көрсету.

«Тіл тарихы» пәнін оқытуға 36 сағат бөлінген. Курсты аяқтаған соң оқушылар мынаны білуі қажет:

Тіл тарихы негізінде қазіргі ағылшын тілінің спецификалық түсіндіру; тілдегі сөздердің өзгеруін түсіну; ағылшын тілінің тарихи дамуында пайда болған сөздердің семантикалық өзгеруін түсіндіру. Оқыту соңында оқушылардың білімі мен іскерліктері тест түрінде тексеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің тақырыптық жоспары

 

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Барлық сағат саны

Барлық оқыту уақыты

Теориялық

Практикалық

 

1-бөлім

Subject and aims of the history of English Language.

     

1.1

Causes of tine language revolution: words, phonetic and grammar

2

1

1

1.2

The ancient historical information about Germanic tribes.

1

 1

-

1.3

The Germanic languages as one of Indo- European group of language branch

2

1

1

1.4

Characteristics of the German languages.

1

 1

-

 

2-бөлім

The main historical events of the ancient period

     

2.1

The Roman invasion of Britain and its influence on various spheres of life

2

1

1

2.2

Anglo-Saxons invasion of Britain and formation of the English language

2

1

1

2.3

Problems of periadisation of a history of the English language

2

1

1

2.4

Phonetic features of the old English

2

1

1

 

The control work.

1

-

1

 

3-бөлім

The main historical events of the Middle English period

     
 

Formation of the English national

2

1

1

3.2

Dictionary structure of the English language and its development.

2

1

1

3.3

Evolution of phonetic system of the English language in Middle English period

2

1

1

 

4-бөлім

The modem English period.

     



 

4.1

Phonetic features of the modem period

2

1

1

4.2

Evolution of grammatic structure of the English language.

2

1

1

43

Evolution an adjective in the English language

2

1

1

4.4

Evolution of a pronoun, and numerous

2

1

1

4.5

Evolution of English verbs, syntactic structure of the English language.

2

1

1

4.6

The main historical events of the modem period.

2

1

1

4/7

Dissemination of the English language in the world.

2

1

1

 

The control work.

1

-

1




 

 

Барлығы: 36 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Кіріспе. Ағылшын тілі тарихы курсының пәні мен тапсырмалары.

Тақырып 1. Тілдің дамуының заңдылықтары (сөздік құрамы, фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылыс) ағылшын, амрика халықтарының тарихымен тығыз байланысты. Тіл дамуының заңдылықтары туралы ұғым. Ағылшын тілі тарихын зерттеудегі пән аралық байланыстары.

Тақырып 2. Герман тайпалары мен олардың қоғамдық құрылымы туралы ежелгі тарихи мағлұматтар. Ежелгі германдықтар мәдениеті мен жазулары: рундық, готта, латындық алфавит.

Тақырып 3. Тарихи-салыстырмалы тәсілдің мінездемесі. Үнді-еуропалық тілдер тобының бірі – герман тілдері. Ежелгі герман тілдер мен олардың тарауы. Шығыс, солтүстік және батыс герман тілдерінің эволюциясы. Қазіргі герман тілдері мен олардың таралуы. Ағылшын тілінің дүние жүзіне таралу тарихы.

Тақырып 4. Герман тілдерінің өзіне тән ерекшеліктері. Фонетика саласындағы өзгеше қасиеттері: дауыссыз дыбыстардың жылжуы, дауысты дыбыстардың жылжуы, дауысты дыбыстардың кезектесіп келуі; атау септігінің ерекшеліктері.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • ежелгі герман тайпалар мен ежелгі герман тілдері туралы жалпы түсінік;
  • герман тілдерінің эволюциясын салыстыра білу;
  • герман тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін талдай білу.

Бақылаудың түрлері: семинар оқуларында ауызша сұрау.

 

II бөлім. Курстың негізгі бөлімі. Ежелгі кезеңнін негізгі тарихи оқиғалары.

Тақырып 1. Британ аралдары мен Еуропа континентіндегі кельт тайпадары мен тілдері (б.з.д. I ғ.) Қазіргі Британиядағы Кельт тілдері. Римнің Британияны жаулап алуы және оның халықтың өміріне тигізген әсері (б.з.д. I ғ.)

Тақырып 2. Англосаксондардың Британияны жаулап алуы мен ағылшын тілінің пайда болуы. Ағылшын, саксон, ют және фриз тайпаларының Британия аралына көшуі және англосаксондық мемлекеттердің пайда болуы (VI-VIII ғ.ғ.) Ежелгі ағылшын диалектері мен ағылшын халқының пайда болуы. Скандинавтықтардың Британияны жаулап алуы және оның әсері.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • Британиядағы Кельт тайпалары туралы толық білу;
  • Британияны Римдік және Скандинавтықтарды жаулап алуы туралы нақты мағлұматтарды мазмұндай білу.

Бақылаудың түрі: ауызша сұрау.

 

Тақырып 3. Ағылшын тілі тарихын кезеңдерге бөлу мәселелері. Ағылшын тілі тарихын кезеңге бөлудің критерилері: көне ағылшын (V-XI б.з.), орта ағылшын (XI-XV ғ.) және қазіргі ағылшын тілі (XV ғ. бастап). Көне ағылшын кезеңінің жазу ескерткіштері, Ұлы Альфред патшаның рөлі және оның мектебі (X ғ.)

Бақылаудың түрі: ауызша сұрау және көне ағылшын кезеңі туралы жазбаша тест.

Тақырып 4. Ағылшын тілінің фонетикалық жүйесінің эволюциясы. Көне ағылшын тілінің фонетикалық жүйесінің мінездемесі (дауысты, дауыссыз, екпін). Көне ағылшын тілінің жазба жүйесінің ерекшеліктері және оның қазіргі орфографиядан өзгешелігі. Дауысты дыбыстар жүйесіндегі негізгі өзгерістер (созылыңқы және палатализация) және олардың қазіргі ағылшын тіліне әсері.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • ағылшын тілінің тарихи кезеңдері туралы түсінігі болу;
  • әрбір жазбаша ескерткішті әрбір кезеңмен байланыстыра білу.

Бақылаудың түрлері: ауызша сұрау.

 

III бөлім. Орта ағылшын кезеңінің негізгі тарихи оқиғалары.

Нормандардың басқыншылығы және оның Пнглия өміріне әсері (ХI ғ.), ағылшын ұлтының дамуы Анлияның (ХII-XV ғ.) әлеуметтік құрылымы. Ағылшын ұлтының құрылуы. Орта ғасырдағы Англиядағы француз тілі.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • Анлияны Нормандардың жаулап алуы туралы түсінігі болуы;
  • Ағылшын тілінің дамуындағы француз тілінің рөлін білу.

Бақылаудың түрлері: ауызша сұрау.

 

Тақырып 1. Ағылшындықтардың ұлттық тілінің қалыптасуы. Орта ағылшын тілінің диалектері мен олардың мінездемесі.

Лондон диалектісінің пайда  болуы, оның аралас құрамы. Орта ағылшын тілінің француз тілімен шайқасуы. Ағылшының ұлттық әдеби тілінің қалыптасуы (ХV-XVII ғ.). Орта ағылшын кезеңіндегі жазба әдебиетінің пайда болуы. Осы кезеңнің негізгі жазба ескерткіштері. Орта ағылшын әдебиеті мен ағылшын ұлттық тіліндегі Чосердің рөлі.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • ағылшын әдеби тілінің пайда болуы мен жазудың дамуы туралы білу.

Бақылаудың түрі: ауызша сұрау.

 

Тақырып 2. Ағылшын тілінің сөздік құрамы және оның дамуы.

- негізгі сөздік қорының мінездемесі: жалпы үндіеуропалық, жалпы германдық және ағылшын сөздері. Сөздік қорды жұрнақ арқылы, сөз біріктіру, мағынасын өзгерту арқылы кеңейту;

- ағылшын тілінің сөздік қорындағы кірм сөздердің атқаратын рөлі;

- кельт, латын кірме сөздері (4 кезең);

- тілдің Скандинавия жіне Француз тілінің әсерімен дамып өсуі;

- осы әсердің негізгі семантиканың аялары. Этимологиялық дублеттердің жасалуы. Ағылшын сөздерінің аралас мінездемесі.

Тақырып 3. Орта ағылшын кезеңінің фонетикалық ерекшеліктері. Дауысты дыбыстар жүйесінің өзгеруі. Нейтралды дауысты дыбыстардың пайда болуы (әлсіреуі, екпінсіз дауыстылардың редукциясы) жаңа дифтонгтардың пайда болуы. Дауысты дыбыстар жүйесінің өзгеруі және аффрикатты дауысты дыбыстардың пайда болуы, орфография жүйесіндегі өзгерістер. (француз тілінің әсері).

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • ағылшын тілінің сөздік қоры туралы және ағыдшын тілі сөздік қорындағы кірме сөздердің рөлі туралы толық түсінігі болу;
  • Орта ағылшын кезеңінің фонетикалық ерекшеліктері ажырата алу және оларды көне және қазіргі ағылшын тілі кезеңімен салыстыра білу.

Бақылаудың түрі: ауызша және жазбаша тест.

 

IV бөлім. Қазіргі ағылшын тілі кезеңі.

Тақырып 1. Осы уақытқа дұрыс сөйлеу мен орфографиялық қалыптасуы ретінде қазіргі ағылшын тілі кезеңі. Қазіргі ағылшын тіліндегі екпінсіз дауысты дыбыстардың редукциясының процесі нәтижесі. Дауыстырлар жүйесінің «Ұлы дауыстырлар қозғалысы» әсерімен өзгеруі. Осы әсердің фонетикалық жүйе мен орфографиядағы көрінісі. Дауыссыз дыбыстардың өзгеруі: вокализация «Р», қатаң дауыссыздардың әлсіреуі, күрделі дауыссыздар тобындағы бір дауыссыздың түсіп қалуы.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • көне, орта және қазіргі ағылшын тілдер кезеғдегі фонетикалық жүйені салыстыра алу.

Бақылаудың түрі: ауызша сұрау.

Тақырып 2. Ағылшын тілінің грамматикалық құрылымының пайда болуы мен дамуы. Көне, орта және қазіргі ағылшын тілінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері. Ағылшын тіліндегі зат есімнің эволюциясы.

- Герман және көне ағылшын тіліндегі есімдік жүйесінің мінездемесі. Есімдік жүйесінің грамматикалық катешриялары: род, түр, септік.Көне есімдік негізі бойынша топтау.

- Септік категориясының эволюциясы.Зат есімнің септеу жүйесінің эволюциясы. Қазіргі ағылшын тіліндегі зат есімнің жалғаулары көне ағылшын тіліндегі септеудің қалдырған іздері. Род және көпше, жекеше түр категорияларынын эволюциясы. Қазіргі ағылшын тіліндегі септік және көптік жалғауларының пайда болуы.

Негізгі іскерліктері мен  дағдылары:

  • көне, орта және қазіргі ағылшын тілінің морфологиялық ерекшеліктерін білу.

Бақылаудың түрі: ауызша сұрау.

Тақырып 3. Ағылшын тіліндегі сын есімнің эволюциясы.

Көне ағылшын тіліндегі сын есім мен зат есімнің мінездемелері.(Род, түр, септік). Сын есімнің септеуінің екі түрі-әлді және әлсіз.Сын есім шырайларының жасалу тәсілдерінің эволюциясы. Орта және қазіргі ағылшын тіліндегі сын есім жүйесінің қарапайымдылығы.

 Тақырып 4. Есімдіктің эволюциясы. Сан есімдердің эволюциясы.

Жіктік  есімдіктің дамуы. Жақ, түр, септік және род грамматикалық категорияларының эволюциясы. Септік түрлерінің көмекші рөлі. Жіктік есімдіктерінің екісептік жүйеге ауысуы. Жекеше түрдің екіші жағындағы есімдікті көпше түрдың екінші жағындағы есімдікпен алмастыру. Тәуелдік есімдіктің пайда болуы. Сілтеу есімдіктерінің эволюциясы. Сілтеу есімдігінің жасалуының 2 түрі: жақын және алыс арақашықтық. Белгілі артикльдің қалыптасуы. Есімдіктің жаңа типтерінің пайда болуы - өздік, белгісі өздік, сұраулы, қатынастық. Қазіргі және көне ағылшын тіліндегі сан есімнің мінездемесі. Мөлшерлік сан есімнің дамуы: дара, туынды, күрделі. Реттік сан есімнің эволюциясы. Белгісіз артикльдің қалыптасуы.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы: құрастыру мәселелері