Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 05:04, реферат
Ұлттық валюта – теңге* Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.
Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан.
Ұлттық валюта – теңге*
Қазақстан Республикасының
Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.
Ұлттық валюта –
теңге Қазақстан
“Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады.
Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.
Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.
Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.
Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.
Қазақстанның ұлттық валютасы – тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 17 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал.
Олар елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында өз тарихи орны бар. Қазақстан Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
- инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
- коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
- айналыста жүретін монеталар – қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар.
Инвестициялық монеталардың
– коллекциялықтан
Инвестиялық монеталар Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын бастап айналысқа шығарылды.
Қазақстанда инвестиялық монеталар тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады.
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған.
«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған.
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті» және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған.
«Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған.
Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол сияқты халық тарапынан сұраныстың өсу үрдісі байқалады.
Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын есіне саламыз.
Ұлттық Банктің қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жасалған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан жасалған монеталарын өте жоғары бағалады.
Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.
Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 16 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.
Осы салада қызмет ететін облыс қаржыгерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Бейнелеуі |
Өзқұны (теңге) |
Мөлшері (мм) |
Басым түсі |
Сипаттамасы |
Басып шығару жылы | |||
Бет жағы |
Сырт жағы |
Бет жағы |
Сырт жағы | |||||
|
|
Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. |
||||||