Маркетинг жайлы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:51, реферат

Описание

Маркетинг - (ағылшынша-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде 19-20 ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда маркетингті - өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қаралды. Дегенмен маркетинг тек қана тауарларды өткізумен шектелмейді. Маркетинг өзінің даму барысында бүтін ғылымға, ,,бизнестің өзегіне,, айналды.

Содержание

Кіріспе 3
Маркетинг жайлы жалпы түсінік 3
Маркетингтің принциптері, атқаратын қызметтері және оның концепциясы. 5
Сұраным сипаттары және маркетинг міндеттері мен типтері 9
Маркетингтің түрлері. 12
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер: 18

Работа состоит из  1 файл

Маркетинг жайлы жалпы түсінік.doc

— 128.50 Кб (Скачать документ)
  1. Өткізу рыноктарын ашу (анықтау).
  2. Тауарларды өндірушілерден тұтынушыларға жылжыту, (қоймалау, сақтау, тауарларды тасымалдау).
  3. Байланыс жүйесін іске асыру (ақпараттық қамтамасыздандыру, жарнама агенттіктері).
  4. Келісім сөздер және тауарларға меншіктілік құқын беру.

         Табыстырушылар мыналарды атқара  алады: стандарттау мөлшерлеу,  тауарларды маркалау, қамсыздандыру  және т.б. Жеткізушілер – фирманы,  компанияны керекті ресурстармен  қамтамасыз етуші субъектілер. 

         Бәсекелесте өз іс-қимылдарымен фирманың рынок, жеткізушілер, маркетингтік табыстырушылар таңдауына, тауарлардың ассортиментін құруға және маркетингтік қызметтің барлық жиынына әсер етеді. Бәсекелесу функционалды, типтес және маркетингтік бәсекелесу болып бөлінеді.

          Тұтынушылардың ұқсас талабын  қанағаттандыра алатын басқа  бір тауарлардың қатары болған  жағдайда бірінші түр орын  алады.

          Тауардың өзді-өзімен бәсекелесе  алатын әр түрі болған жағдайда  екінші түр деп бөлеміз.

          Ұқсас тауарлар өндіру немесе ұқсас қызмет ұсыну негізінде бәсекелесетін фирмалар үшінші топты құрады. Бәсекелесудің болуы фирманы бәсекелестерінің рыногын және тұтынушылардың сұранысын зерттеуге итермелейді.

           Қандай да болсын ұйым, фирма,  оның маркетинг жүйесі қоршаған  орта тудырған жағдайда қимыл жасайды. Бұл жағдайлар екі топқа бөлініп, сыртқы және ішкі қоршам деп сипаттауға болатын факторлар тізбегімен анықталады.

          Сыртқы қоршам күрделі құбылыс.  Бұған демографиялық сипаттамалы  сатып алушылар, бәсекелестер, табыстырушылар, финанстық орындар, жарнамалық агенттіктер және қоғамдық көзқарасты зерттеуші фирмалар, кедендік және басқа да үкіметтік органдар жатады. Сыртқы қоршамның жағдайларына, сондай-ақ заңдар, жалпы экономикалық жай, саяси ахуал, ғылыми-техникалық жетістіктер, мәдениет жатқызылады.

           Ішкі қоршам фирманың жаңа  тауарды жасауды, сынауды, сервистік  жұмыстарды, тауарды алушыға дейін  жылжытуды, өткізуді, бөлшектер қорымен  жабдықтауды, персоналды оқытуды,  шикізат, материалдар жеткізушілермен,  осы секілді финанстық және басқа органдармен қарым-қатынастарды іске асыратын функционалдық бөлімдерінен тұрады. Ішкі қоршам ұғымына қызметкерлердің біліктілігі, олардың тиімді пайдаланылуы, ақпараттаратушы жүйелер құрылымының, нарықтың және сыртқы қоршамның өзгерістеріне қатысты иілімділігі жатады.

         Күрделілігі және көптігіне қарамай,  сыртқы және ішкі қоршамның  факторларын олардың басқаруға  иімділігі жөнінен екі топқа  бөледі: бірінші топ фирманың  басшылары жағынан басқаруға  көнеді, екінші топ мұндай басқаруға  көнбейді, сондықтан фирманың өзіне бейімделуін талап етеді.

         Өзіне жүйелік тұрғы тән болып  келетін маркетинг сыртқы және  ішкі қоршамды дәл осындай  қатынасты байланыста және жиынтықта  қарайды. Осымен фирма жеткізушілерге  де және алушыларға да қатысты,  алушы және беруші ретінде тұйық жүйе болып келеді.

         Көптеген маркетинг мамандары  қоршаған ортаның құрылымына  мынандай сипаттамаларды пайдаланады:

         Макроқоршам орта; заңдар, мәдениет, демография, ғылым және техника,  экономика, саясат, құқық, ұйымды  тәуелділікте ұстайтын басқа да факторлар.

          Микроқоршам орта; жеткізушілер, бәсекелестер, өнімді өткізуші ұйымдар, тұтынушылар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

         Қорыта келгенде маркетинг - нарықтық  қатынас жағдайында өндірісті  басқарудың жүйесі мен пәлсапасы.  Біз маркетингтің типтері мен міндеттерін, түрлерін, функцияларын қамтыдық. Сондай-ақ нарықтық сипаттамалар, сатып алу үрдісін, маркетингтік жоспарлау, коммуникация, ақпарат және бақылау жүйелері тереңнен қарастырылған. Шынайы маркетингпен біздің шаруашылық жүргізуші субъектілер шетел нарығына шыққанда ғана кездесіп және шұғылдануға мәжбүр болып жұр. Бұл құбылыс уақыт өткен сайын кеңейіп және тереңдей түсуде.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

     1. Жүнісов. Б ,, Нарықтың экономикалық  негіздері,, Алматы 1994.

     2. Жатқанбаев. Е.,, Аралас экономика  негіздері,, Алматы 1996.

     3. Дорнбуш, Рудигер, Фишер, Стенюц ,, Макроэкономика,, Алматы 1997.

  1. Котлер Ф. ,, Основы маркетинга. М: Прогресс, 1992.
  2. Мадиярова Д. М ,, Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік .
  3. Ноздрева Р. Б,Цыгичко Л. И.,, Маркетинг: как побеждать на рынке. М: Экономика, 1991.
  4. Нұрпейісов. Ж ,, Экономикалық теория негіздері,, Алматы 1996.
  5. Нуриев М.А, Петрова И.В. ,, Маркетинг. Алматы.МГП,, Демеу,, 1991.
  6. Хершген. Х, Дихтль Е,, Практический маркетинг,, М; Высшая школа, 1995.

Информация о работе Маркетинг жайлы жалпы түсінік