Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:59, курсовая работа

Описание

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды.

Содержание

I-Кіріспе Инвестиция және оның теориялары.
1.1 Инвестицияның мәні , қызметі .
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.


ІІ-Негізгі бөлім. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге
асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Инвестиция және оның теориялары.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)
">    Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар  бойынша Мемлекеттік Комитет  болып табылады. Ол  ҚР- на тікелей  инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ-Негізгі  бөлім: Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары. 

2.1   Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері. 

    Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

    біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

    екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

    Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

    Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық  жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

    Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

    Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық- салалық құрылымын  қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз  ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

    Іс  жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

    Ал  бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық  база , механизмдер ,объекті мен осы  саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

    Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

    Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей  мәселелерді қамтуы тиіс:

    - дайын өнім шығару арқылы экспорттық  әлуетті арттыратын салалар дамуына  басымдық беру;

    - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім  өндірісін кеңейту ;

    - негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық  салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

    - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз  ету ;

    - экономиканың аграрлық секторының  дамуын тездетуге бағытталған  қаржы және несие қорларын  арттыру және т.б.

         

2.2 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.

 

    Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

    Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

    Кредитор  (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

    Дамытуға  ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда  қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты  ұйымдастыру мен оқыту барысында  қолданатын жабдық кіреді.

    Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

    Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел  ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

       Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

       Тікелей инвестиция алушы елдерге  қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару  және техникалық тәжірибелер  алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.

       Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға  және оның жүрегі халықаралық  бизнеске елеулі әсер етеді.  Экономикалық көзқарас және фирмалар  тарапынан оған мыналар жатады:

       -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей  қамтамасыз ету немесе үшінші  ел нарығына шығатын басқыш  ретінде қолдануы;

       -өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа  елдерде орналасуы мүмкін;

       -өз мүддесін аймақтық және  кең ауқымды халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.

       Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына  шетелдік бақылау болса, немесе  кәсіпорынды басқарудың “тиімді  дауысына” ие болса онда тікелей  инвестиция деп түсініледі. Кейбіреулер  үшін ол меншікпен, акционерлік капиталдағы үлеспен байланысты.  Әлемдегі елдер тобының тікелей инвестициясының көлемі 

                     Елдер тобы   

    

    Импортшы    

      Экспортшы

Бүкіл әлем

    Өнеркәсібі  дамыған елдер

    Дамушы  елдер

    Орталық және Шығыс   Еуропа елдері

 
 
    3456

    2349

    1044

    62

 
 
              3541

              3192

              342

              6,7

    Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп  бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

    Инвестициялардың  негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған .  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Шетелдік  тікелей инвестицияның өсу себептері  және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.

    Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

       2000-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.

    1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге  тартылған тікелей шетел инвестициясының  жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын  құрайды . 1999 жылы экономикамызға  қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.

    Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел  инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары  көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .

Информация о работе Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары