Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 01:00, реферат
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезіне тоқталатын болсақ, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған үлгілік шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
-оларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларды қорғау талап етілетін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі саласында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;
-қару-жарақ, әскери техниканы, бактериялық немесе медициналық қорғаныс құралдары, қару-жарақ, әскери техниканы және олардың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, қару-жарақ, әскери техниканы, оқ-дәрі және бактериялық немесе медициналық қорғаныс құралдарын өндіру, жеткізу, жөндеу, пайдаға асыру және жою жөніндегі қызметтерді және қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қаіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қорғау, Мемлекет Басшысының және «Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-баптарына сәйкес қорғалатын өзге де тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өзге де өнімдер ді сатып алғанда.
Нұсқаулықтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілеген тәртіппен берілетін, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға арналған рұқсаты бар ықтимал өнім берушілер ғана конкурсқа қатысу құқығына ие болады, бұл ретте конкурсқа қатысатын ықтимал өнім берушілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісіледі. Конкурс өткізу туралы хабарлама жіберілетін ықтимал өнім берушілердің тізімін тапсырыс берушінің басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын, санын (көлемін) қарулану және әскери техниканы дамыту бағдарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ұзақ мерзімдік кезеңіне көзделген көрсеткіштерді ескере отырып жасалған, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегіндегі тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекітеді.
Баға ұсыныстарын пайдалана отырып өнім берушіні таңдау әдісімен мемлекеттік сатып алу
Ықтимал өнім берушілерден баға ұсыныстарын сұрау арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
құрылыс саласы үшін сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызмет көрсететін ғимараттарды, құрылыстарды және объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін ғана қажет біртекті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемі ақшалай сипатында Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспағанда;
тез бұзылатын азық-түлік тауарларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күш бөлімшелері, басқа да әскері мен әскери құрылымдары, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы, Қазақстан Республикасының Күзет қызметі, салық және кеден қызметтері, шекаралық аймақтарда және жетуі қиын алыс аудандарда орналасқан, төтенше жағдайлардың салдарын жою қызметтері үшін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде қызметтер мемлекеттік сатып алудың құнындағы тауарларды сатып алудың жылдық көлемін шектемей сатып алынғанда.
Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын, санын (көлемін) жоғарыдағы тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша тапсырыс берушілер (бөлімшелер) бекітеді.
Тапсырыс беруші өзара қосылма болмайтын кемінде екі ықтимал өнім берушілердің сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған баға ұсыныстарына жазбаша сұрау салуы тиіс.
Осындай сұрау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
-сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;
-тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұсыну орны, мерзімі мен шарттары;
-баға үсыныстарын беру орны мен мерзімі.
Әрбір ықтимал өнім беруші өзгертуге жатпайтын бір баға ұсынысын береді.
Тапсырыс беруші тауарды, жұмысты және көрсетілетін қызметті тиісті сапасы кезінде ең төмен баға ұсынысын берген ықтимал өнім берушіден сатып алады.
Бір көзден сатып алу әдісімен мемлекеттік сатып алу
Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ мынадай жағдайларда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу әдісімен жүзеге асырылады:
ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіпті, ұлттық мүддеге қол сұғуды жою, шұғыл және төтенше жағдайлардың салдарларын жою, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері мен құралдарын жұмылдыру, ұлттық мүддеге қол сұғумен байланысты салдарды тоқтату және жою қажет болғанда;
Нұсқаулықтың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланып жұмыс орындауға арналған рұқсатқа бір ғана ықтимал өнім беруші ие болғанда;
баға ұсыныстарына сұрауды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде баға ұсынысын бір ғана ықтимал өнім беруші ұсынғанда;
қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдары мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде, орындалуы 45 күннен аспайтын жедел келісім-шарттарды орындағанда;
Мемлекет басшысын және өзге де қорғалатын тұлғалардың күзетілуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік резиденцияларды күтіп-ұстауға және жұмыс жасауға, құрылыс саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, ресми іс-шараларды және өзге де хаттамалық іс-шараларды өткізу үшін қажет тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;
заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарында белгіленген өнім берушілерден мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер сатып алынғанда.
Нұсқаулықтың 5-тармағының 1)
тармақшасында көзделген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасы Қазақстан
Жоспар