Ментикти капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:36, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айырылысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Содержание

Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Меншикти капитал.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

       Есепті   жылдың   соңында   барлық   кәсіпорындардың   бухгалтериясында   жетінші   «кірістер»  және   сегізінші   «шығыстар»   деп   аталатын  бөлім  шоттары   «жиынтық   кіріс (зиян)»  деп   аталатын   шотпен  жабылуы  тиіс,  яғни   бұл  шоттарда  қалдық   қалмайды.  Жоғарыда  аталған   жетінші   бөлім   шоттары  жабу  барысында  бухгалтерлік  есепте  жетінші  «кірістер» деп аталатын  бөлім   шоттары   дебиттелініп,  «жиынтық  кіріс(зиян) » деп аталатын   шот   кредиттелінеді. Ал  сегізінші бөлім шоттарын  жабу   барысында бухгалтерлік  есепте  «жиынтық   кіріс (зиян)» деп аталатын  шот   дебиттелініп,  сегізінші   «шығыстар»  деп   аталатын   бөлім шоттары кредиттелінеді.  Осы операциялардың   қорытындысы бойынша «жиынтық  кіріс (зиян)»   деп   аталатын  шоттың  дебиті  мен кредитіндегі  сомалар салыстырылып,   егер  дебитіндегі сома  артық болған  жағдайда  кәсіпорынның   ағымдағы  жылы   өзінің   істеген  жұмысының   қорытындысы  бойынша  пайда  тапқандығы  болып   табылады.

         Егер   кәсіпорын  зиян   шексе   жылдың   аяғында 

«Есепті   жылдың  бөлінбеген  кірісі (жабылмаған  зияны)»  деп    аталатын   шот  дебиттелініп,

«Жиынтық  кіріс (зиян)» - деп  аталатын   шот   кредиттеледі.

 Ал  егер  кәсіпорын  пайда  тапқан  болса:

 «Жиынтық  кіріс (зиян)» - деп  аталатын  шот   дебиттелініп,

 «Есепті   жылдың  бөлінбеген  кірісі (жабылмаған  зияны)»  деп    аталатын   шот кредитінде. 

Операциялардың  мазмұны  Дебиттелетін  шот Кредиттелетін  шот
1 Кәсіпорынның  бөлінбеген  табысы  есебінен  акционерлік  қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерде  резервтік  капиталға  бөлінген  сома 5510 5410
2 Кәсіпорынның  бөлінбеген  табысы  есебінен  акционерлік  қоғамның  жарғысында  белгіленген  мөлшерде  артық  резервтік  капталға  бөлінген  сома 5510 5410
3 Кәсіпорынның  есепті  кезеңдегі  немесе  алдыңғы  жылдардағы  жабылмаған  зиандарын  жабуға  жұмсалған  резервтік капитал сомасы 5410 5510,5520,
4 Есепті  кезеңнің  соңында  кәсіпорынның   бөліндеген  табысына  жатқызылатын  таза  табысы  сомасы 5510 5510
5 Есепті  кезкңтің  соңында  анықталған  кәсіпорынның  шеккен  зиян  сомасы 5510 5510
6 Ағымдағы  жылғы шеккен  зиянды  жабуға  бағытталған резервтік капитал сомасы  5410 5510
7 Негізгізгі  құралдардың  белгіленген  әдісіне  сәйкес  есептелген  амортизация  сомасының  қайта   бағалауға  байланысты  бөлінбеген  табысқа  жатқызылғаны  5420 5510
8 Өткен  жылғы  акционерлерге  дивидент  төлегеннен  қалған  бөлінбеген  табыс  сомасы  ағымдағы  жылдың  бөлінбеген  табысына  аударылды  5510 5520
9 Кәсіпорынның  өткен  (алдыңғы)  жылдағы  жабылмаған  зиянын  өтеуге  бағытталған  резервтік  капитал  сомасы 5410 5510
10 Кәсіпорын  есепті  жылы  шеккен  зиянның  сомасы  алдағы  кезеңде  өтелуге  қалдырылды 5510 5510
11 Кәсіпорынның  ағымдағы  жылда  өнімдерді (тауарларды)  сатудан,  қызметтерді  көрсетуден,  негізгі  құралдарды  материалдық  емес  активтерді,  құнды  қағаздарды  сатудан  және  девидент  түрінде  алған  табыстарының  сомасына 6010,6210 - 6280,7510,7620 5510
12 Кәсіпорынның  ағымдағы  жылда  көрсеткен  қызметтерінің,  сондай - ақ  сатқан  тауарларының,  негізгі  құралдарының,  материалдық  емес  активтерінің,  құнды  қағаздарының  өзіндік  құнына 5510 6020,6030,7010,7110,7210,7310,7410,7430,7470,7710,7620

           Капитал  қозғалысы   бойынша  болатын   опирациялар   есебі.

Капиталдың  қозғалысы  бойынша  операциялардың  дұрыс  көрсетілуінің  маңыздылығы  әрбір  кәсіпорын  үшін  зор  болып  саналады.  Төменде капиталдың  қозғалысы  бойынша  тиісті  опирациялар  көрсетілген.

        Төленбеген  капиталдың  есебі. Төленбеген  капиталдың   есебін  жүргізу  үшін  5110-ші  «Төленбеген капитал » шотын пайдаланады.  Бұл шотта заңды және  жеке  тұлғалардың шаруашылық  серіктестіктің  жарғылық   қорына  қосқан  үлестері  бойынша қарыздарының  сомасы  туралы  ақпарат жинақталады.

          5110 «Төленбеген капитал »   шоты  шоттардың Бас жоспарында,  «Меншік капитал»   ретінде саналса да,  яғни  баланстың   пассивтік шоттарының  қатарында болса да,  ол  өзінің  табиғаты  бойынша   активтік  шот болып табылады.

          Сондай – ақ,  5110  шоты  тек қана  жалған  капиталды көрсетеді,  яғни  ол  бар  болғаны  табыс  табуға  арналған  жалған   капиталдарды  тіркейді  ( акцияларды,  облигацияларды,  кепілдік  парақтарды  т.б.),  демек  сол  капиталдарға  иелік  құқығы  бар  екенін  ғана  білдіреді.

            Жарияланған  (белгіленген  тәртіппен  тіркелген)  жарғылық  қор  сомасына  5110-ші  «Төленбеген капитал » шоты  дебеттеледі де,  50-ші  «Жарғылық капитал»  бөлімшесінің  шоттары  -  5020-ші  «Жай  акциялар»,  5010 – ші  «Артықшылықты акциялар» (Акциянерлік қоғамдарда)  және  5030 – ші  «Қосқан үлестер мен жарналар» ( серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде)  шоттары кредиттеледі.

            Жарғылық  қорға  салымдардың   салынуының   жүзеге  асырылуына   қарай   5110 – ші  «Төленбеген капитал » шоты   кредиттеліп отырады,  ал  салым шоттары дебеттеледі: 

        - материалдық  емес  активтерді  жарғылық  қорға  жарна  ретінде   төлеу  кезінде – 2730 шоты

        -   жерді,  негізгі  құралды,  малды,  аяқталмаған  құрылыс   обьектілерін  жарғылық  қорға   жарна  ретінде  төлеу  кезінде – 2410  шоты;

        -   материалдар   мен   тауарларды  жарғылық  қорға   жарна  ретінде   толеу  кезінде  1310, 1320 – 1330  шоттары;

        -  ақшалай  қаражаттарды    жарғылық  қорға  жарна  ретінде  аударған  кезінде – 1010, 1030  шоттары дебеттеледі.

        Егер  де  5110  шотының дебеттік  қалдығы болмаса,  онда  кәсіпорын өзінің   жарғылық  қорын   толығымен қалыптастырғанын  білдіреді.

        5110-ші  шоты  бойынша аналитикалық   есеп  акционерлер  ( қатысушылар,  құрылтайшылар)  бойынша  жүргізіледі.      

         Қайтарылып  алынған  капиталдың  есебі.   Акционерлік қоғам акционерлердің  жалпы жиналысында акциялардың наминалдық   құнын ( бірақ ең  төменгі деңгейден кем болуы керек),  не  жалпы  акцияның  шығарылуы  көлемін  қысқарту  жөнінде  шешім  қабылдауына  құқылы.   АҚ  заң  актілерінде  белгіленген  тәртіп  бойынша,  алдын – ала   өзінің   барлық  кредиторларын  хабардар  етіп  отыруға  міндетті.

         Сонымен  қатар, АҚ – ның кредиторлары   қоғамның  тиесілі міндеттерін орындаудан   бас тартуына  және  олардың шеккен  зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы.  Егер  мұндай  процедура   оның  жарғысында  алдын – ала қарастырылмаған болса,  онда  олар өз  меншік  капиталын азайту  үшін,  мүдделі адамдардың  берген  отінішінің  негізінде жасалған  сот шешімдері керек.

          Бұл  жағдайда  АҚ  өзінің  акциясын  өз  қызметкерлері   мен  жұмысшыларына  олардың   мүдделігі  мен  ынталылығын   арттыру  үшін  қайта сатады.  Сондықтан өз  акцияларын  нарықтық  айналымға шығарады.

          Қайтарып  алынған  капиталдың  есебін  жүргізу  үшін  5110 – ші  шоты  арналған,  ол  5020  және  5010  шоттарға  қарағанда контрпассивтік  шот болып табылады.

          5110   шоттың  дебеті  акционерлердің  меншігіндегі  акцияларды  қайтып  сатып алынған құнын көрсетеді.  Акцияларды  қайтып  сатып  алған  кезде:  5110  шоты  дебеттеледі  де  және  1030, 1010,  1060  шоттары кредиттеледі.

          Акционерлердің  меншігіндегі  акцияларды  айналыстан  шығару  үшін,  не  болмаса  оларды  қайта  тарату  үшін  акционерлерден  қайтып  сатып  алынады.  Қайтып  сатып  алынған  акциялар  наминалдық  құны  бойынша  да,  наминалдық  құннан  жоғары  немесе  төмен  құны бойынша да  сатып алынуы  мүмкін:

  1. Сатып  алынған  акциялардың  нақты  құны  наминалдық  (атауы)  құнға  тең  болған  жағдайда:  5110  шоты  дебеттеледі де,  және  1030,  1010 шоттары кредиттеледі.
  2. Сатып  алынған  акцияның  құны  наминалдық  құннан  төмен  болған  жағдайда:

        -  сатып алу құнына:

       5110  шоты  дебеттеледі де  және  1030,  1010   шоттары  кредиттеледі;

        -  сома  айырмасына,  яғни  акциялардың   құны  наминалдық  құннан  аз  болған  жағдайда:

              5110 шоты дебиттеледі де  және  5510  «Есептік  жылдағы таратылмаған  табыс»  шоты  кредиттеледі ( яғни  ақша  қаражаттары жеткіліксіз болған  жағдайда  оларға  қосымша қаражаттарды  қосымша қаражаттарды  қосады).

      3.  Сатып  алынған  акйциялардың  нақты  құны  наминалдық  құннан  жоғары  болған  жағдайда:

         -  сатып  алу  құнына:

         5110  шоты  дебеттеледі де,  1030,  1010 шоттары  кредиттеледі;

         - сома  айырмасына,  яғни  акцияның  құны  номиналдық  құнынан   артық  бағаға  сатып  алынған  жағдайда: 

          5510  «Есептік  жылдағы таратылмаған  табыс»  шоты  дебеттеледі  де,  5110  шоты  кредиттеледі.

          Егер  де  акциялар  айналыстан  шығарып  алу  үшін  акционерлерден  қайтып  сатып  алынса,  онда  мынадай  шоттар  кореспонденциясымен  беріледі: 5020,  5010  шоттары дебеттеліп  5110  шоты   кредиттеледі.

          Егер  де   акциялар  одан  әрі  сату   мақсатында  қайтып  алынса,  онда  олардың   наминалдық  құны  5110  шоттың  кредитінен  7470 «Бағалы қағаздарды  сатудан  алған  шығыстары  бойынша»  шоттың  дебетіне  жатқызылады.

           Акциялардың  сатылатын  құнына,  олардың  номиналдық  құнының  мөлшеріне  6280  «Бағалы қағаздарды  сатудан алған табыстары бойынша»  шоты  кредиттеледі  де,  1284  «Басқа  да дебиторлар »  шоты  дебеттеледі.  Егер  де  акцияның  құны  номиналды  құнынан  жоғары  болса  алынған айырма  сомасына  1284  шоты  дебеттеледі де,  5030  «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  кредиттеледі.

           Акционерлерден  сатып  алған   акцияларды  сатқан  кезде  қоғамның  жарлық  капиталы  өзгермейді.

           Қоғам  келесі  жағдайларда   акцияны  қайтып  сатып  алуға   құқығы  жоқ:

  • қоғамның  эмитенттелген  акциялары  толық  төленгенге  дейін;
  • қоғамның  шығарылған  (төленген) жарлық  капиталы қайтып  сатып алынған нәтижесінде,  тиесілі   қоғам типтері үшін  шығарылғаны (төленген)  жарлық     капиталының минималды деңгеиінен  кем болса;
  • қоғам  ақцияны  қайтып  сатып  алған  шақта  төлем  қабілеттілігі  жоқ  болса  немесе  акцияны  сатып  алынған соң сондай  жағдайға  тап болатын болса; 
  • ақцияны  сатып  алатын  кезінде  қоғамның  меншік  капиталының  көлемі  қоғамның  жарлық  капиталына   шығарылған  (төленген)  капиталдан  кем  болса.

Қайтып  сатып  алынған  акцияның  сны  бүкіл  қоғамның  шығарған  акцияның  25%         - нен немесе  қоғамның  меншік  капиталының 10% - нен аспауы  керек.

                       Қоғамның  акциясын  сатып   алу  мәселесі   сол  қоғамның  жалпы  жиналысында  шешіледі,  осындай  шешім  шыққан  соң   отыз  күннің  ішінде   аталған  шешімді  жүзеге  асыруына  болады.  Сатып  алынған  акцияны  қоғамның  ұстаушы  реестріне  енгізеді.

                       Қосымша  төленген  капитал  есебі.  Қосымша  төленген  капитал  дегенісіз – акционерлік  қоғам  өз  акцияларын  олардың  атауы  (наминалды) бағасынан  жоғары  бағаға  сату  нәтижесінде  түскен  сомасы  (эмиссиялық  табысы).  Мұндай  капиталдың  (табыстың)  есебі  5030-ші   «Қосымша  төленген  капитал»  шотында жүргізіледі.

                       Өз  меншігіндегі  акцияларды  сатқанда  5030  шоты  кредиттеліп,  мына  шоттар  дебиттеледі:  1030, 1010. 

                       Сатылған  акциялар  бойынша   шоттарды  төлеуге  ұсынған   кезде  сатылған  акциялардың тұрақты құны  1284 – шоттың  дебеті  мен 6280 – шоттың  кредиті  бойынша   көрсетіледі.

                        Қосымша  төленбеген  капиталдың  есебі.  Капиталдың  бұл түрінің есебі үшін  5420-ші  «Қосымша  төленбеген  капитал»   бөлімшесінің  шоттары арналған.  Бұл бөлімшенің   қатарына  мынадай  синтетикалық  шоттар  кіреді:    5420 ші  шот «Негізгі  құралдарды  қайта бағалаудан  алынған қосымша  төленбеген  капитал» ;  5440 – ші  шот «Инвестицияларды  қайта бағалаудан  алынған қосымша төленбеген  капитал»;  5430 – ші шот «Басқа  да  қосымша  төленбеген  капитал».  5420 – ші  «Қосымша  төленбеген  капитал»    бөлімшесінің   шоттарында  құнсыздануға  байланысты  негізгі құралдарды,  инвестицияларды және  басқа активтерді  қайта бағалаудан  алынған капиталдың  қалдықтары  мен қозғалысы  туралы  ақпарат  жинақталады. 

                      Негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  операциялары.  Негізгі  құралдарды,  ұзақ  мерзімге  жалға  алатын  негізгі  құралдарды,  бітпеген  (аяқталмаған)   күрделі  қаржы  жұмсалымдары   мен  жабдықтарды  қоса  алғанда  қайда  бағалау  заңға  сәйкес  негізгі  қорларға  индексация  жасау  тәртібі  мен  ережесін  шаруашылық  субьектісі  өзі  шешуге  құқылы.  Қайта  бағаланған  негізгі  құралға   төмендей   корреспанденция  жасалады.

                     Негізгі  құрклдкарды  (жерден  басқа)  қайта  бағалау  кезінде  2410 – 2931   шоттары  дебеттеліп,  5420  шоты  кредиттеледі,  негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты  олардың  тозу  сомасы  ұлғайғанда  5420  шоты  дебиттеліп,  2420 шоты  кредиттеледі. 

Информация о работе Ментикти капитал