Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер
ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 278.00 Кб (Скачать документ)

     Францияның қаржы жүйесі өзінің  көп салалығымен ерекшеленіп:  жалпы бюджет, қазынашылықтың арнайы  шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.

     Мемлекеттік бюджетке жалпы ел  қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен  4% үлесі тиеді.

     Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы  мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

     Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы  іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

     Франциядағы мемлекеттік қаржылардың  дамуы басқа елдердегідей бюджет  шығындарының өсіп отыруымен сипатталуда. Ұлттық табыстағы  

- 33 -

мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

     Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып  бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ - ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

      Францияның қаржы минстрлігінің  мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 34 -

III.  Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктердің  қызметтерін жетілдіру  жолдары.

   

     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын  шешу және Астана мен Алматы  қалаларында жылжымайтын мүлік  рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.

     Екінші деңгейдегі банктер мен  тұрғын үйді әділ бағасы бойынша  сатуға дайын құрылыс салушы  компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.

     Жылжымайтын мүлік рыногындағы  ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі  бағдарламаның негізгі параметрлері:

  1. “Самұрық – Қазына” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
  2. Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
  3. Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
  4. Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы
 

- 31 -

         қалаларының рыногынан әділ бағамен  жаға тұрғын үйлер сатып алатын            

         болады.

     Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге  қолжетімділікті қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

     Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан  пәтерлерді құрылыс аяқталған  және дайындығы жоғары дәрежедегі  нысандардан белгіленген  баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

     Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз  етуді ұлғайту мақсатында арендалық  тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша  265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

     Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде  салынған барлық обектілер тұрғын  үй құрылыс жинақтарының жүйесі  арқылы сатылатын болады. Бұл  халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

     Үлескерлердің құқықтарын қорғауды  арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады.

     Экономиканы отандық қаржы институттары  тарапынан қаржыландырудың қысқаруы  жағдайында шағын және орта  бизнеске көмек көрсету жалғасатын  болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.

     Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

     Екінші деңгейдегі банктер шағын  және орта бизнеске кредит  беру бойынша барлық бағдарламалардың  операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.

     Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.

     “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.

     Екіншіден,”Самұрық-Қазына”қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді. 

- 32 -

     Үшіншіден, шағын және орта  бизнес субъектілерін тұрақты  тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.

     Жер қойнауын пайдаланумен және  сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

     Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті  дамыту үшін әкімшілік кедергілерді  төмендету және рұқсат беру.

     Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға  ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар:

    1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т.
    2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды.
    3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.

      Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп  кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар  2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.

     Инвестициялар, ең алдымен, астық  секторы, ет және сүт өнімдерін  қайта өндеу және жеміс - көкеніс  дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы  секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады. 
 
 
 
 
 
 
 

     3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру

     Отандық банк жүйесін қолдау  қажеттілігі оның елдің экономикалық  жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

     Отандық банктерге қолдау жасай  отырып, мемлекет олардың ішкі  экономика мен нақты секторды  кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта  бизнес субъектілерін қаржыландыруларына  және ипотекалық несиелеу бойынша  қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

     Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе  тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда  тиісті реттеу мен қадағалау,  сондай-ақ депозиттерге кепілдік  беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына  қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

     Мемлекет банктің борыштары бойынша  ешқандай міндеттемелер алмайтыны  сияқты банктердің операциялық  қызметіне араласпайды. Ағымды  жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

     Қаржы секторын тұрақтандыру  үшін мынадай шаралар қабылданатын  болады:

     Біріншіден, ол қарапайым және  ерекше артықшылығы бар акцияларды  сатып алу, сондай-ақ реттелген  қарыздар беру арқылы төрт  жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

     Қазіргі таңда банктер берген  қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай  төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Информация о работе Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері