Өндіріс шығындары және фирма табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:00, реферат

Описание

Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым - өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді. Осы заманғы кешенді экономикада ақпарат секілді қоғамдықтауардың маңызы арта түскен сайын көптеген секторларда базардан фирманың артықшылығы ұлғайып орташа фирмалардың өсуіне жол ашты. Бір рет жасалған ақпарат халықтың үлкен топтарына оп-оңай жол аша алады, мұның үстіне әрбір қосымша тұтынушы үшін оның пайдалылығы ешқандай кемімейді. Егер ол қаралған болмаса, оны алу соншалық оңай болғандықтан, ешкім оның шын құнын паш етіп, оны төлеуге құлықты болмады.Бірақ, егер барлығы төлеуден бас тартса, ақпарат жасауға ынта жойылады. Фирма бұл проблеманы былай шешеді: ақпарат алу құқығына ие болған кісінің пайда табуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін беделін пайдаланады. Ол ақпарат тауар жатқан жерді анықтау, оны жетілдіру технологиясы немесе оны базарға шығаратын жаңашыл да пәрменді әкімшілік жүйе болуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе
І-бөлім.
Фирма туралы жалпы түсінік.Қызметі, түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері ...........................................................................

ІІ-негізгі бөлім.
2.1 Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
ІІІ-Қорытынды бөлім
3.1 Жер және кәсіпкерлік
3.2 Еңбек және капитал
3.3 Фирма табысы және пайда

Работа состоит из  1 файл

Жоспар экономиканы мемлекеттік реттеу.doc

— 169.50 Кб (Скачать документ)

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары  кездеседі.

Жалақыны  екі незгізгі формаға бөлуге болады:  
- мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;  
- келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

Осы көрсетілген  жалақының формалары өз кезегінде  бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары 

Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.  
11.2. график. Лоренц қисығы.

табыс%  
100 С

 
80

60

В  
40

20  
 
А 20 40 60 80 100 D отбасы% АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.  
АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі.

Кдж= АВС ауданы  
АДС ауданы

Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.  
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.  
Өндіріс
- факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.  
Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы
- түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.  
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.  
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.  
Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:  
инвестицияның пайдалылығына,
-  
- экономиканың дамуына,  
мемлекеттің сұранысына,
-  
салым мерзіміне,
-  
- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.  
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.  
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:  
1.  Жер  құнарлылығы;  
2.  Жер  участкісінің  нарыққа  алыс-жақын  орналасуы.  
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.  
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.  
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.  
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.  
1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.  
2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

    3.1. Экономистер бағалық механизмді үйлестіруші құрал деп есептеумен қатар, «кәсіпкердің» үйлестіру функциясын жоққа шығармауына байланысты: неліктен үйлестіру – бір жағынан бағалық механизмнің жұмысы, екінші жағынан кәсіпкердің жұмысы болып табылады деген заңды сұрақ туындайды. Осы мақалада экономикалық теориядағы қорларды бағалық механизм құралдары көмегімен орналастыру туралы жасалған (кейбір мақсаттар үшін) болжам мен осы орналастыру кәсіпкердің үйлестіруіне тәуелді деген болжам (басқа мақсаттар үшін) арасындағы үзілісті жалғастыру көзделіп отыр.

КӘСІПКЕРЛІК

     Бұл кешен “Кәсіпкерлік” пәнін оқыту мен зерделеуге арналған нұсқаушы болып табылады. ОӘК-нің көмегімен кәсіпкерлік қызметтің қызметтің ғылыми және тәжірибелік негіздерін, оның қазіргі кездегі жоспарлау әдістерін тарату және қолдану болып табылады. Осы кешен арқылы білім алушылар кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың қағидалары мен әдістерін, қызмет жағдайы мен түрлерін білу, қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы варианттарын анықтау, кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, шаруашылықтық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау мүмкіндігі туындайды. 
СӨЖ және ОСӨЖ белгілі бір нақты мәселелерді шешуде экономикалық талдаудың әртүрлі әдістерін қолданудың ілімдері мен дағдыларын өңдеуге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, ақпарат көздерін өзіндік ізденуге мүмкіндік туғызады. Бұл оқу құралы, білім алушының осы пәнді терең зерделеп ұғынуына және де оқытушының өзіне де көп тиімді болатыны сөзсіз. Нәтижесінде оқытушы, осы пәнді зерделеу барысында студенттермен меңгерілген, білімдерді, ілімдер мен дағдыларды жылдам түрде объективті бағалауға мүмкіндік алады. 
ОӘК студенттер мен оқытушыларға және де осы пәнге қызықтылықты танытушыларға арналған.

Пререквизиттер: Экономикалық дамудың қазіргі заманғы теориясында, экономика жағдайды жақсарту үшін, жаңа шағын және орта кәсіпорындар ауқымды әлеуетті иемденуі маңызды болып саналатын экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі алдыңғы орында. Кәсіпкерлік қоғамдық қатынастардың айқындалуының нақты формасы ретінде, қоғамның материалдық және рухани әлеуетін арттыруға себеп болады, сонымен қатар, әр жекелеген индивидтің мүмкіншіліктері мен талаптарын іс жүзіне асыру үшін жағымды негізді қалыптастырады, ұлттық бірлікке, ұлттық рухтың және тәкаппарлықтың сақталуына әкеледі. Осы теорияға сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың тиімді және икемді тәсілдерін таба білу жеткілікті. Өтпелі экономика шартында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономикалық сауықтырудың және де дағдарыстық жағдайдан шығудың маңызды факторы бола алады.

Постреквизиттер: негізгі және арнайы пәндер циклі.

Қысқаша сипаттама: Осы пәнді зерделеу нәтижесінде нарықтық экономиканың барлық аспектілері, сондай ақ кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру әдістері және нысандарын қолдану аясында және кәсіпкердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін барлық ресурстарды жоспарлаудың ең тиімді варианттарын анықтау мен кәсіпкерлік қызметте оның тиімді дамуы үшін жоспарлау және ұйымдастыруда дұрыс шешімдер қабылдай алу мен жағдайлық талдау және басқару жүйесінің экономикалық әдістерін, белгісіздік және тәуекел жағдайында математикалық талдау және қазіргі кездегі зерттеу әдістерімен экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдай білу қарастырылады. 
Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып, студенттерді кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру қағидалары мен әдістерін, қызмет жағдайы мен түрлерін білуді, қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы варианттарын анықтауд , кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау, кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйретеді. 
Кәсіпкерліктің қажетті кәсіби дағдылары мен ілімдеріне студенттерді үйретуге байланысты осы пәннің міндетіне төмендегілер жатады: 
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары мен шарттарын, қағидаларын айқындау; 
кәсіпкерліктегі бірқалыпты қызметті қамтамасыз етуші, барлық
- ресурстарды жоспарлаудың оңтайлы варианттарын анықтау; 
кәсіпкердің
- шаруашылықтық қызметіне талдау жасау; 
шаруашылықтық қызметтің кәсіпкерлік
- тәуекелділігін бағалауды анықтау. 
кәсіпкерліктегі персоналды басқаруды
- зерттеу керек; 
кәсіпкер қызметін жоспарлау, қаржыландыру және оның қызметін
- талдау мен тиімділігін бағалауды жүргізу қажет. 
 

        Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батис Сэй (1767-1832жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

        «Кәсіпкерлік терминін алғашқы  рет ағылшын экономисі Ричард  Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

       Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік  пен бизнес ұғымдарын балама  түрінде қарастыру жиі кездеседі.

       Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген қызмет түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.

       Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік  қабілеттілік деген ұғым да  бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік  дегеніміз – адамның бизнесте  жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той – думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен , коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Демек, бизнес бұл – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

       Кәсіпкерлік бизнес саласында  жүзеге асады, сондықтан да  экономикалық әдебиеттерде олар  үнемі пара-пар ұғым ретінде  қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

       Қазақстан Республикасы президентінің  «Шаруашылық  серіктесі жайлы»  және «Мемлекеттік кәсіпорын  туралы» жарлығына сай кәсіпкерлік  қызмет шаруашылық серіктестігінің  түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
  •    - толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
  •    - жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
  • Коммандитті – аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);
  • Қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар.

        Мемлекеттік жіне қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда  шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.

    Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және әрі қарай  «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың  бір – бірінен айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтык ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процессті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
  • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Кәсіпкерліктің  түрлері Артықшылығы Олқылығы
1.Бір тұлғалы  жекелеген шаруашылықтар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүделілігі. Капиталды көптеп тартудағы  қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс- әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.
2. Серіктестіктер Басқару бойынша міндеттерді  бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс- әрекеттің  әріптестермен келісу кезіндегі  шектеулілігі. Әріптестердің өзара  өнімсіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік  арқасындағы әлеуметтік- психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
3. Акционерлік  қоғамдар Қосымша капиталды  тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. Басқарудың тым  күрделілігі және оның оперативтілігінің  төменділігі. Акционерлердің басқаруға  қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу  мүмкіндігі.

Информация о работе Өндіріс шығындары және фирма табысы