Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:02, реферат

Описание

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

Работа состоит из  1 файл

негизги корлар.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

Реферат

Тема: Негізгі  құралдардың экономикалық мәні мен  маңызы      

      Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.        

 Негізгі қорлардың  әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.       

 Кәсіпорын  скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.       

 Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.      

 Шаруашылық  субъектілері өзінің қызметін  жүзеге есыру үшін материалдық-  техникалық қор (МТҚ) құру керек.  МТҚ-дың негізін негізгі қорлар  құрайды.      

 Кәсіпорынның  шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.         

 Негізгі қорлар  өзінің натуралдық түрін сақтай  отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге  қатысып, ал құндары дайындалатын  өнімге бөліктермен ауыстырылатын  еңбек құралы.       

 Өндіріс процессінде  қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) наық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.      

 «Негізгі  құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.      

 Негізгі қорлардың  ерекше өзгешеліктері мыналар:      

 а) олардың  шаруашылық қызметте көп дүркінді  қатысуы;      

 б) натуралды  – заттық үлгісін сақтауы;      

 в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.       

 Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.      

 Сонымен қатар  кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.       

 Амортизация  – негізгі қорлардың (ғимараттардың,  машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті  оның құндылығының бірте-бірте  төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды  жаңарту үшін қаражатты қорландыру  мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.       

 Амортизациялық өтелім – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.      

 Тозу –  негізгі құралдар объектілерінің  физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.         

 Салық салу  мақсатында негізгі құралдарға  құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.      

 Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық  зерттелуі мен жалпылауы үшін  негізгі қорлар жіктелуі деп  аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.          

 Бухгалтерияда  негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге серпялық – кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау –беру актілерінде, жою туралы актілерде және т.б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.        

 Қазіргі уақытта  негізгі қорларға келесі типтік  жіктелуі қабылданған:        

1. Жер – субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.         

2. Ғимараттар тағайындау – тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.        

3. Құрылғылар  – еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайныдалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер). Инвентарлық объкет болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.        

4. Беріліс қондырғылары  – электрлік, жылу және механикалық  энергияны өткізу қондырғылары (электр  өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар).        

5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады. Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:

өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;

есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т.б. есептегіш машиналар);

өзге де машиналар  мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар).       

      6. Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы). Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;       

7. Құрал – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т.б. өңдеу құралдары ғана табылады;       

8. Өндірістік  инвентарь – өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар - жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;      

9. Шаруашылық  инвентарь – кеңселік және  шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем);        

10. Еңбек және  өнім малы, еңбек малы - жылқы,  түйе және т.б. жұмыс малдары.  Өнім малы – ірі қара мал  жылқы, түйе және т.б. инвентарлық  объект - әрбір ересек жануар.       

11. көп жылық  екпе ағаштар.       

12. Жерді жаңарту  бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) - шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту , жер учаскесінің планировкасы).       

13. Басқа да  негізгі қорлар – кітапхана  сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.         

 Иеленуі бойынша  негізгі құралдар жеке меншік  және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.     

 Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі   және тұрған   (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар).      

 Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:

істегі (пайдаланудағы);  

істемей тұрған ( консервациядағы); 

запастағы.      

 Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

Белсенді (олардың  қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);

Бәсең (ғимарат, құрылыс). Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:

алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар  болуы және сақтығын бақылау;

амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;

бюджетке аударылатын  мүлік салығын дұрыс есептеу  үшін мәліметтер алу;

реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;

негізгі құралдардың  уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану  тиімділігін бақылау бақылау;

негізгі құралдардың  бар болуы және қозғалысы жөнінде  есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.       

 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы 114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).

Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар

кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер

тигізеді.      

 Негізгі құралдар  қоғамның материалдық қорын жоспарлы  қалыптасуына және оларды өнім  өндірісі мен тұрғындардың мәдени  тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.      

 Негізгі құралдардың  мөлшерінен, сапасынан және тиімді  пайдалануынан табыстың өсу қарқыны,  өндірістің дамуы және кәсіпорынның  тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.

Себебі, негізгі  құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:        

 Ғылыми-техникалық  прогресс негізінде өнеркәсіпте  өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:

жаңа кәсіпорын  құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық          деңгейдегі негізгі құралдар құрумен;

негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру  мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен.

Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.

Қорытынды         

 Негізгі құралдарға  үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар,  көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар  және т.б. қызмет мерзімі бір  жылдан асқан материалдық құралдар  жатады. негізгі құралдардың аналиткалық  есебі арнайы тізімде тіркеуге  жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.        

Информация о работе Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы