Несиеліктәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:42, курсовая работа

Описание

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................... 3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.................. 6
1.1 Несие теориясы және оның дамуы...................................................... 6
1.2 Несие түрлері......................................................................................... 9
ІІ. Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру..................................................................................21
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті........................................................23
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері..........25
Қорытынды...............................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................29

Работа состоит из  1 файл

несие.doc

— 186.00 Кб (Скачать документ)

     Егер Қазақстанның  несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр  түрлі деңгейде екенін, сондай  – ақ ол енді енді қалыптасып  келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал  нарығының сараланымы елдегі  өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.

     Ипотека  нарығы алғашқы даму сатысында,  оның инфрақұрылымы мен заңдық  базасы жасалуда.Бірақ,бұл нарықты  әзірге даму сатысында деп  айтуға болмайды,ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

      Қор  нарығы кенжелеп қалған. Оның  заңдық базалары мен инфрақұрылымы  әлдеқашан әзірленіп, биліктің  ынтасы болса да, ол әлі даму 

 

- 7 -

тұрғысынан енді –  енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік  бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

     Капиталдық  жасампаздық теорияны ары қарай  монетаристер дамытуда. Оқулықтың  алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.

     Монетаризм  теориясы дамыған елдердің экономикалық  саясатында кеңінен қолданылуда.  Бүгінгі таңда оның маңызы  несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болып отыр.

     Қазақстан  да несие теориясының жемістерін  тәжірибеде кеңінен пайдаланып  отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі  ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 8 -

 

        1.2.    Несие түрлері

 

     Жоғарыда қарастырылған  несие формаларының көптеген  түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.

     а) Қазақстанда несие  түрлері былайша жіктеледі: несиелену  объектінің экономикалық белгілірі бойынша:

      - айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

      - негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

      - ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

      - өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

      - жол үстіндегі  (жолдағы) есеп айырысу құжаттары  аясында берілетін несие, аккредитивтер;

      - төлем несиелері;

      ә) қамтамасыз  етілуі бойынша:

      - жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;

      - ішінара қамтамасыз етілген;

      - қамтамасыз  етілуі болмайтын банкілік .

      б) қайтарылу  мерзімі бойынша:

      - қысқа мерзімді;

      - орта мерзімді;

      - ұзақ мерзімді;

      в) өтелу тәртібі бойынша:

       - бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту);

       - бір жолғы өтеу

       - кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.

       г)  тәуелді деңгейі бойынша:

      - субстандартты;

      - стандартты;

      - күмәнді;

      - сенімді;

      - cенімсіз;

      - ұзартпалы.

       ғ)  ақылығы бойынша:

       - қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);

       - жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);

       - төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);

       - пайызсыз.

    

 

- 9 -

 д) салалық бағыты бойынша:

     - сауда - саттық несиесі;

      - өнеркәсіп несиесі;

     - ауыл шаруашылық несиесі;

      - құрылыс несиесі;

      ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

      - жай ссудалық шот бойынша несие;

      - арнайы ссуда шоты бойынша несие;

      - контокорренттік шот бойынша несие;

      - овердрафт  бойынша несие;

      - несие желісі бойынша несие.

     Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

     Ломбардтық  несиені негізгі әр алуан түрлеріне  құнды қағаз кепілдігімен, тауар  кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

     Жаңартпалы несие ( ағылшынша  revolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

     Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтмақтастығын білдіреді.

     Овердрафт  (ағымдағы банк шотының келісімшарты  аясинда несиелеу) несие ұйымының  шот иесіне, оның ағымдағы банк  шотына қойылатын талап ақшалай  қаражат болмаса, шот иесінің  несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.

     Коммерциялық  несие. Несиенің басқа формаларына  қарағанда коммерциялық несие  олардан бұрын пайда болды.  Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен  оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің

 

- 10 -

ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

     Осы несие  формасының құралына вексель  жатады. Вексель қолма – қол   ақшасыз есеп айырысудың көлемін  арттыруға және айналыс шығынан  кемітуге жағдай тудырады.

     Вексель  – бұл  сатып алушы –қарызгердің  жабдықтаушының алдындағы заңмен  қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін  алынатын пайыз, өтеудің мерзімі  мен шарты көрсетіледі. Вексель  несиелерге тиесілі қаражатты  алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

     Вексельдің  қолдан оған өтуі барысында  табыстау жазбасы–индоссамент   жасалады. Вексельде индоссамент  неғұрлым көп болса, оның айналыс  ортасы соғұрлым кең әрі оның  төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

     Коммерциялық  несиенің басты мақсаты – тауарлардың   сатылу процесін жеделдету және  пайданың жылдам алынуын қамтамасыз  ету.

     Оған тән  белгіге оны пайдаланғаны үшін  сатылған тауарлардың немесе  қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

     Коммерциялық  несие дамыған елдерде кеңінен  тараған және ол өндірістін  ауқымы мен тауар айналымының  көлеміне тікелей байланысты  болады. Қазақстанда ол инфляцияның  салдарынан, өндіріс пен тауар  айналымының құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.

     Коммерциялық  несие көбінесе ауыл шаруашылығында  қолданылады. Азық – түлік  корпарациясы фермерлерге, шаруа  қожалықтарына жанар- жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – ала  төлемін қамтиды.

     Коммерциялық  несиені тауар жеткізушілер сатып  алушыларға жеткізілген тауар  үшін алынатын төлемнің мерзімін  ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы  алғашқысына вексельді,яғни, төлем  міндеттемесін табыс етеді.Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

     Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

   

 

- 11 -

     Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған  ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

     Осы несие формасының  екінші ерекшелігі – шаруашылық  айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және  халықтың банкке орналастырылған  уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.

     Банк несиенің үшінші  ерекшелігі – банк  ақшалай  қаражатты саудаға өздігінен  өсетін құн ретінде болатын  капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.

     Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.

     Ол материалдық тұрғыдан  қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының  болуы, мерзімділігі, қайтарылуы  және ақылы принциптері негізінде  банктің қарызға беретін ссудалық  капиталдың қозғалысын білдіреді.

     Банк несиесі берілетін  мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.

     Ұзақ мерзімді несие  ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған  ұдайы өндірісіне арналған, яғни  ол бір жылдан да көп уақытқа  негізгі қорларды құруға, қайта  жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға  беріледі.

     Банк несиесінің есебінен  залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.

     Несие есеп айырысу  құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну  қажеттіліктеріне қолма – қол ақшамен беріледі.

     Несие қарыз алушыларға  тек несие келісімшартында қарастылған  мақсаттары үшін беріледі. Және  несие қарыз алушының заң тұрғысынан

Информация о работе Несиеліктәуеклдерді хеджерлеу жетілдіру