Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 18:52, курсовая работа

Описание

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы.
1.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.
1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.
ІІ Бөлім.
2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың
мерзімі.
2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру.
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну .
ІІІ Бөлім
Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.
3.2 Қаржылық салымдарының есебі.
3.3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫК ЖуМЫС.doc

— 181.50 Кб (Скачать документ)
 
 

    Ж О С П А Р 

    Кіріспе

     Негізгі бөлім: Қаржылық есеп беру құрамы мен  элементтері.

    1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы.

    1.2. Қаржылық есеп беруге қойылатын  негізгі талаптар.

    1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары. 

    ІІ  Бөлім.

    2.1 Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың

           мерзімі.

    2.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің  есебін беру.

    2.3 Қаржылық есеп беруді жасау  және ұсыну . 

    ІІІ Бөлім

    1. Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.

      3.2 Қаржылық салымдарының есебі.

          3.3 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар  

    Қорытынды 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Жылдам  шешім қабылдаудың негізі – толық  және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.

    Есеп  беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық  көрсеткіштер жүйесі.

    Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

    Үкімет  пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты  экономикалық саясат пен салық шараларын  белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

    Қаржылық  есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

    Алайда  субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты  шарты – оның қызметіне қажетті  капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен  басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады. 

    Жылдық  есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:

  • Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
  • Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
  • Жергілікті қаржы органдарына;
  • Мемлекеттік статистикалық органдарына.

    Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады. 

    1.1 Қаржылық есеп  берудің маңызы.

        

    Қаржылық  есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне  сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан  Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

    Нарықтық  қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған  байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

      Кәсіпорынның қаржы жағдайы –  ресурстардың қолда барын,орналастырылуын  және пайдаланылуын , кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын , баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

         Қаржылық есеп берудің деректері  бойынша қорлар мен шығындарды  қалыптастыруға арналған қаражат  көздерінің артықшылығын немесе  көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады.   Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің  деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

    Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару  шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы  жағдайын анықтаү кезінде өте  маңызды болмақ. 

    Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері. 

    ҚР-ның  президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы  заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлығына сәйкес:

  1. Бухгалтерлік баланстан;
  2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
  3. Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.

    Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме  хаттардан сондай ақ басқа да қосымша  ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге  негізделген немесе солардан алынған  және солармен бірге оқылатын диаграммалардан  тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.

    Бухгалтерлік  баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны  мен форматы бухгалтерлік есептің  тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.

    Бухгалтерлік  баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен  соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.

    Баланс  «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер  болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.

    Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені  туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:

  • Активті;
  • Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
  • Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.

    Осынау  есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты  форма болып табылады. Есепті жасауға  қажетті бүкіл деректер регистрлерден  және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.

    ҚР-ның  шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы  № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға  келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.

    Қаржылық  есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша  таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны  оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының  ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.

    Қаржылық  есептің алдына қойған мақсатына  қол жеткізу үшін ол осы есептің  негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық  негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның  тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.

    ҚР-нда  енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар  талаптарына сәйкес келеді.

    ҚР-ның  заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.

    Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек  сіңіріліп табылғаннан кейін  аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

    Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің  түпкі нәтижесін бұрмалайды.

    Есеп  беру мен баланс статьяларының бағасын  бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік  деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Қаржылық  есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың  теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект  басшысы мен бас бухгалтері қол  қояды.

    Қаржылық  есепті жасау үшін есептік уақыт  болып есепті кезеңдегі календерлық  соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.

    Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі  тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген  тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.

    Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде  артады екен. Қазіргі заманғы білікті  бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін –  тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.

Информация о работе Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі