Облигация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:25, реферат

Описание

Облигациялар – компанияларға қор нарығы арқылы инвесторлардан қаражатты қарызға алуға мүмкіндік беретін борыштық құнды қағаздар. Инвестор мүддесі сыйақы купон немесе номиналдан жеңілдік түрінде ескеріледі. ҚР Заңына сəйкес облигация – бұл алдын ала белгіленген айналым мерзімі бар, шығарылған шарттарына сəйкес облигация шығарған компаниядан ол бойынша сыйақы алу жəне айналым мерзімі біткеннен кейін облигацияның номиналдық құнын (қарыздың негізгі сомасын) алу құқығын растайтын құнды қағаз.

Работа состоит из  1 файл

Облигациялар.doc

— 46.00 Кб (Скачать документ)

Облигациялар – компанияларға қор нарығы арқылы инвесторлардан қаражатты қарызға алуға мүмкіндік беретін борыштық құнды қағаздар.  Инвестор мүддесі сыйақы купон немесе номиналдан жеңілдік түрінде ескеріледі.  ҚР Заңына сəйкес облигация – бұл алдын ала белгіленген айналым мерзімі бар,  шығарылған шарттарына сəйкес облигация шығарған компаниядан ол бойынша сыйақы алу жəне айналым мерзімі біткеннен кейін облигацияның номиналдық құнын (қарыздың негізгі сомасын) алу құқығын растайтын құнды қағаз. Облигациялар айналым мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (2-7 жыл) жəне ұзақ мерзімді болып бөлінеді.  

Қолданыстағы  эмитенттер топтарына қарай мемлекеттік  (үкіметтік),  ғаламдық

(халықаралық  ұйымдар шығарған) жəне корпоративтік облигациялар болып бөлінеді.  

Корпоративтік облигациялар – ақша қаражатын тарту үшін компаниялар шығаратын құралдар.  

Мемлекеттік облигация– бюджетті жасау мен атқару міндеті жүктелген мемлекеттік атқарушы орган шығарады.Мемлекеттік облигация бюджет тапшылығын, сондай-ақ түрлі мемл. жобаларды қаржыландыру мақсатымен шығарылады. Мемлекеттік облигацияны орналастыру кезінде тартылатын қаражаттың көлемі мен құрылымы, сондай-ақ оны жұмсау тәртібі бюджетте елдің бюджет заңдарына сәйкес белгіленеді.  

Мемлекеттік облигация бастапқы нарықта жазылысты ұйымдастыру немесе аукционда сату жолымен, сондай-ақ аукцион мен қайталама нарықты өткізбей, сатып алу-сату арқылы таратылады. Шығарушысына қарай аймақтық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, республикалық атқарушы билік органының мемлекеттік облигациясы, мамандандырылған үкімет мекемелерінің мемлекеттік облигациясы; қарыз валютасына (айналыс нарығына) қарай сыртқы мемлекеттік облигация (еурооблигация), ішкі мемлекеттік облигация болып бөлінеді. 

Облигациялардың негізгі түрлері болып мыналар  табылады:

1)  бекітілген пайыздық мөлшерлемесі бар облигациялар, жарияланған бекітілген

табыстылық осы  облигацияның қолданылуының барлық кезеңінде өзгермейді; 2)  құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар облигациялар – пайыздық мөлшерлеме ауыспалы құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге тəуелді болады жəне инфляция деңгейіне түзетілуі мүмкін; 3)  нольдік купоны бар облигациялар пайыздар төлеуді көздемейді,  бірақ дисконтпен, яғни номиналдық құнынан жеңілдікпен шығарылады. Нөл купонды облигация – еурооблигациялардың бір түрі‚ олар айырбасталымды акциялар және бағалы қағаздардың басқа да тұрпаттары. Олар иесіне тек бір рет қана – эмитент-компанияның берешегін өтеу сәтінде ғана‚ яғни бағалы қағазды сатып алу кезінде ғана табыс алуға мүмкіндік береді. Әдетте табыс мөлшері жай облигация әкелетін пайдадан асып түседі. 4)  қамтамасыз етілген облигациялар – активтердің нақты түрімен (құрал-жабдық, ғимарат, үй-жайлар, құнды қағаздар жəне т.б.) қамтамасыз етілген құнды қағаздар.Айырбасталымды облигация – иелеріне белгілі бір жағдайлар басталғанда оларды шығарған кәсіпорынның акцияларына айырбастау құқығын береді.Табыс облигациясы   фирмада (компанияда) табыс болғанда ғана ол бойынша пайыз төленеді. Опционды облигация – олардың иелерінде бағалы қағаздардың басқа түріне айырбастау мүмкіндігі болады. Мұндай тұрпаттағы облигацияны‚ егер акция бойынша дивиденд облигация бойынша табыстан көп болса‚ акцияға айырбастауға болады

Облигациялар  шығарылымының артықшылықтарына мыналарды  жатқызуға болады: 
1) кепіл берместен қаржыландыруды тарту мүмкіндігі; 2) міндеттемелер қоржынын әртараптандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қосымша заемдық капитал; 3) заеммен салыстырғанда салыстырмалы шығындар. Бұдан басқа, компания басшылығы облигациялар шығарылымы кезінде компанияға толық бақылауды сақтайды және кредитор кәсіпорын пайдасын бөлу кезінде қатыспайды. Облигациялық заемдарды орналастырудың кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) облигацияларды орналастыру кезінде бірқатар қатаң талаптарды орындау қажеттілігі; 2) бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыруға нақты шығындар бар. «Қор биржасында айналымға жіберілетін эмитенттер және олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (ҚҚА) Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы №77 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Биржаның ресми тізіміне тек соңғы он екі ай ішінде рейтингілік агенттік тағайындаған рейтингілік бағасы бар қарыздық бағалы қағаздар ғана енгізілетін болады. Бұдан басқа рейтинг алуға эмитент ретінде, сонымен қатар кредиторларға, инвесторларға және басқа да қаржылық мүдделі тараптарға бірқатар артықшылықтар береді. Тағайындалған рейтинг негізінде рынок қатысушылары негізделген қаржы шешімдерін қабылдай алады. Мысалы, көптеген компаниялар келіссөздер барысында өзінің қаржылық ақпаратын ашқысы келмейді, бұндай жағдайда тағайындалған кредиттік рейтинг кредитке қабілеттілігінің сенімді көрсеткішін көрсете алады. Тағайындалған кредиттік рейтинг жаңа облигациялық заемдарды орналастыруға, сонымен қатар заемның кредитке қабілеттілігі туралы ақпараттық анықтылығын арттыруға ықпал етеді. Оң кредиттік рейтинг қаржыландыру көзіне қол жеткізуді кеңейтуге ықпал етеді, ол өз кезегінде эмитенттің қаржылық икемділігін арттырады. Зейнетақы активтерін, пай қорларын басқаратын инвестициялық компаниялар үшін, сондай-ақ инвестициялық қызметпен айналысатын басқа да компаниялар шін тәуелсіз рейтингілік баға мониторингтің ыңғайлы құралы болып табылады. Рейтингілердің өзгеруіне бағдар ұстай отырып, инвестициялық компаниялар өзінің инвестициялық қоржынына түзетулер жүргізуі мүмкін. Корпоративтік басқару рейтингі компания құнының өсуіне ықпал етеді және директорлар кеңесі, атқарушы орган және компанияның акционерлерінің тиімді өзара іс-қимылын бағалай отырып, ұзақ мерзімді болашақта инвесторлардың сенімін сақтайды.

Информация о работе Облигация