Инвестициялар, ең алдымен, астық
секторы, ет және сүт өнімдерін
қайта өндеу және жеміс - көкеніс
дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы
секторларды қолдануға және жаңа
экспортқа бағдарланған секторларды
дамытуға бағытталатын болалды.
Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды
бар жылыжай шаруашылықтарының,
көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының,
тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау
алаңдары мен қасапханалар желілері
құрылатын болады. Қазіргі заманғы
ет өндеу кешендерін ұйымдастару,
тамшылатып суару технологияларын
қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын
өндіруді және биязы жүнді
терең өндеуді дамыту, Қазақстан
астығы экспортының инфрақұрылымын
дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді
құру және дамыту, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы техникасын құрастыру
жөніндегі жобалар іске асырылатын
болады.
- 20 -
2.2. Қаржы секторын тұрақтандыру
Отандық банк жүйесін қолдау
қажеттілігі оның елдің экономикалық
жүйесіндегі маңызды рөлінің
болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік
жылдарында отандық банктер отандық
экономикалық жүйенің ажырамас
бөлігіне айналған, оның жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін және
оның нарық жағдайында дамуын
ынталандыратын жетілдірілген қаржы
жүйесін қалыптастырды.
Отандық банктерге қолдау жасай
отырып, мемлекет олардың ішкі
экономика мен нақты секторды
кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына,
атап айтқанда, шағын және орта
бизнес субъектілерін қаржыландыруларына
және ипотекалық несиелеу бойынша
қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне
сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе
тұрақтылығын қолдау және сақтау.
Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда
тиісті реттеу мен қадағалау,
сондай-ақ депозиттерге кепілдік
беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына
қауіп төнген жағдайларда мемлекет
банк секторына жағдайды тұрақтандыруға
қажетті тәртіпте және көлемде
қаржылық қолдау көрсетеді.
Мемлекет банктің борыштары бойынша
ешқандай міндеттемелер алмайтыны
сияқты банктердің операциялық
қызметіне араласпайды. Ағымды
жағдайда банктер банк депозиторларының
мүдделерін барынша қорғалатындай
етіп активтер мен пассивтерді
тиімді басқаруды қамтамасыз
етулері тиіс. Бұған қарамастан
мемлекет қызметі ел экономикасының
одан әрі дамуына ықпал ететін
жүйе құраушы банктерге қатысты
тұрақтандырушылық бастамаларымен
шығады.
Қаржы секторын тұрақтандыру
үшін мынадай шаралар қабылданатын
болады:
Біріншіден, ол қарапайым және
ерекше артықшылығы бар акцияларды
сатып алу, сондай-ақ реттелген
қарыздар беру арқылы төрт
жүйе құраушы банктердің қосымша
капиталдандыру. Бұл ретте банктерге
мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің
басты шарттарының бірі капиталды
банк акционерлерінің өздерінің
ұлғайтуы болып табылады.
Қазіргі таңда банктер берген
қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай
төмендеген жылжымайтын мүліктермен
және жермен қамтамасыз етілген.
Бұл банктер активтерінің сапасын
төмендетеді. Осыңан байланысты
банк секторына шығындардың едәуір
көлемі әлеуетті түрде жинақталуда.
Банк секторын сауықтыру үшін
Қаржы қадағалау агеттігі банктер
құрған провизияларға қойылатын
талаптарды арттырады. Бұл банктердің
өз шығындарын мойындауына және
оларды жасақталған провизиялар
есебінен шығынға жазуына септігін
тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды
құруы үшін қосымша капитал
қажет.
Банктерді қосымша капиталдандырудың
жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ
долларын (480 млрд. теңге) құрайды,
олардың ішінде:
- 21 -
1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге)
төрт жүйе банктердің (Қазақстанның
Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің,
Альянс банк пен ТӘБ - нің)
қарапайым акцияларын сатып алу
түрінде берілетін болады.
3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге)
реттелген борыш түрінде және
дауыс беру құқығын бермейтін
ерекше артықшылығы бар акцияларды
сатып алу арқылы берілетін
болады.
Берілген қаражатты банктер резервтердің
барабар деңгейін қалыптастыруға
және ел ішінде қарыз алушыларға
кредиттер беруге жіберуі тиіс.
Мемлекет банктер капиталындағы
бақылау пакетін сатып алмайды.
Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк
ұсыныс жасаған күнге дейін
Лондон және Қазақстан қор
биржаларында акцияларға баға
белгілеуге байланысты белгілі
болатын банктердің дауыс беруші
акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық
– Қазына ” қорының меншігіне
түседі.
Мемлекет капиталданған банктердің
ұзақ мерзімді қатысушысы болып
қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы
бәсеңдеген және халықаралық
капитал рыноктарына жол ашылған
жағдайда “ Самұрық – Қазына
” қоры нарық қағидаттары бойынша
акцияларды сату бағасы сатып
алу бағасынан төмен болмауы
керек. Банктердің акционерлері
5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік
пакетін қайта сатып алатын
құқыққа ие болады.“Самұрық –
Қазына ” қоры банктердің сыртқы
борыштарын қайта құрылымдау
жөнінде шаралар қабылдайтын
болады. Банктер жеткілікті өтімділікке
ие, ал қайта құрылымдау сыртқы
қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне
байланысты қаржыландыру қаупін
азайту тиіс.
Екіншіден, Стресті активтер қоры
құрылды. Оның қызметі қазақстандық
банктердің кредиттік портфельдерінің
сапасын жақсартуға бағытталатын
болады. Банктердің сенімсіз активтерін
сатып алу және кейіннен оларды
басқару осы мақсатты іске
асырудың негізгі тетігі болады.
Макроэкономикалық, нарықтық және
басқа да факторлар әсерінен
елеулі тәуекелдерге ұшырайтын
активтер, банктердің жылжымайтын
мүлік және жер кепілдігімен
қарыздар баруі осындай активтер
ретінде қарастырылады.
Банктерден мұндай қарыздарды
сатып алу банктердің балансын
өтімділігі аз активтерден тазартуға
және банктерді өз шығындарын
мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді
сатып алу Стресті активтер
қоры айқындайтын дисконтты немесе
тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын
баланстық құны бойынша жүзеге
асырылатын болады.
2008 жылы республикалық бюджеттен
Стресті активтер қорын капиталдандыруға
алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді.
2009 жылы Қордың жарғылық капиталы
республикалық бюджет қаражаты
есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін
болады.
Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне
уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз
ету мақсатында өтімділіктің
қосымша көздері ұсынылатын болады.
Ресурстық базаны тұрақтандыру
мақсатында ұлттық компаниялардың,
акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік
кәсіпорындардың
- 22 -
және
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын
заңды тұлғалардың активтері
Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік
ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты
отандық банктердің депозиттеріне
орналастырылатын болады.
Төртіншіден, қаржы секторында
мемлекеттік реттеу жетілдірелетін
болады. Қаржы қадағалау агенттігі
пруденциалды реттеу шеіберінде
банктердің сыртқы міндеттемелерін
және тұтастай көтерме қаржыландыру
деңгейін төмендету жөніндегі
жұмыстарды жалғастыратын болады.
Бұл ретте банк заңнамаларының
қолданыстағы және жаңадан енгізіліп
жатқан талаптары банктерді қорландырудың
әртараптандырылған базасын құруға,
яғни белсенді операцияларды
көптеген жағдайда депозиттік
база, атап айтқанда жеке тқлғалар
есебінен қаржыландыруға ынталандыруы
тиіс.
Таңдаулы халықаралық практика
негізінде банктердің капиталдандыру
есебінің тәсілдері оңтайландыратын
болады, бұл банк активтерін жанама
факторлардың болуы мүмкін, оның
ішінде экономика секторларында
іскерлік белсенділіктің төмендеуі,
жағымсыз сыртқы құбылыстарға
ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп
отырған тұрақсыздығы әсерін
ескере отырып банктердің қосымша
резервтерді қалыптастаруын көздейді.
Тәуекелді басқару жүйесіне және
банктердегі ішкі бақылауға талаптар
күшейтілетін болады. Ең алдымен
банктер өтімділікті жоғалту
тәуекелі мониторингіге тәсілдерді
елеулі түрде қайта өңдеуі
тиіс болады, ал банктердің активтері
мен пассивтерін басқару стресті
ахуалдардың туындауын ескере
отырып үлгіленуі тиіс.
Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің жаңа жағдайлардағы
жұмыс істеу тетіктері пысықталатын
болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының
мүдделерін қорғау мақсатында
Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі
жинақтарының сақталуын, жинақтаушы
зейнетақы қорларының салымшылары
үшін ашықтықтың жоғары деңгейін
қамтамасыз етеді, олардың хабардар
етілуін және қаржылық сауаттылығын
арттырды.
Халықтың зейнетақы қорларына
барлық салымдарын мемлекет зейнетақы
жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның
деңгейінде олар бойынша кірістерді
есепке ала отырып кепілдік
береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы
қорларынан тұрақты төлем мониторингін
жүзеге асыратын болады және
жыл сайын инфляция есебі бойынша
зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке
шыққан сәттегі іс жүзіндегі
жинақтар арасындағы айырмашылықтың
орнын толтыру үшін республикалық
бюджетте жыл сайын қажетті
қаражат көзделеді.Жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық портфельдерін
әртараптандыру үшін Үкімет пен
“Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы
активтерін басым инвестициялық
жобаларды қаржыландыру үшін
тарту жөнінде шара қабылдайды,
құрылған Стресті активтер қоры
инвестициялық рейтінгі бар борыштық
бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз
етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның
банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы
болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы
маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту,
атақты ұлғайту арқылы банктің банктік
өнімінің бөлінуі.
Бұндай
жағдайларда банктер жарнаманың
әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын
күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша
қандай да бір шаралар арқылы өзінің
репутациясын жақсартуға ұмтылады.
Олар біздің республикамызға
өтіп жатқан әр түрлі маңызды
шараларға демеуші ретінде қатысады,
акционерлер жиналысын жүргізеді,
жылдық есеп беруді құрайды,
жарнамалық проспекттер мен буклеттерді
шығарады, теле және родио жарнамаға
айтарлықтай сомада шығын жұмсайды.
Бірақ менің ойымша, клиенттерді
ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені
экономикалық және саяси жағдайдың
тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс
уақытының кішігірім аралығынан,
шетел валютамен салыстырғанда
ұлттық валютаның құбылуынан
және басқа да сипаттамаларынан
тұтынушылар өз ақшаларын сеніп
тапсыру ықтималдығы төмен болады.
Бұдан басқа заңнамалық база,
көбінесе, өткізу нарығын шектейді.
Банктік
қызметтерді талдау оның табыстылығын
банктер басшылығымен берілген шынайы
әрі көп негізделген бағалармен
банктердің қызмет нәтижесін білеміз,
олардың күшті және әлсіз тұстарын
таныймыз, туындаған мәселелрді шешу
жолдарын анықтап және олардың жұмысында
өтімділікті, яғни банктердің өтімділігіне
және табыстылығына көмек беру, несиелік
саясатқа қатысты, ұйымдастыру бәсекелестікті
ұстап тұру, салымшыларға сенімді
болуы. Коммерциялық банктердің қызметтердің
негізін қалаушы принциптерге шынайы
ресурстармен жұмыс істеу болып
табылады. Банктік ресурстарының
негізгі көздеріне клиенттердің
салымдары жатады, яғни несиегерлерге
кеплідік болып табылады. Яғни пассивтердің
құрылымы банктерде актвитік операциялардың
жүргізілуіне мүмкіндікті анықтайды.
ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің
және ҚР Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің Экономиканы
және қаржы жүйесін тұрақтандыру
жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған
бірлескен іс - қимыл жоспары бойынша
тұрақтандыру шаралары іске асырудар
Қазақстан экономикасы қосымша
2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік
қолдау алады, олардың ішінде, мыналардын
есебінен:
Ұлттық қор қаражаты – 1 200 млрд.
теңге;
Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд.
теңге;
Жаға салық кодексін қолдану
шеңберінде салықтың жүктемені
төмендету - 500 млрд. теңге;