Репо операциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 07:27, реферат

Описание

Репо операцияларын жүзеге асыру Е Р Е Ж Е Л Е Р Інде соңғы толықтырулар мен өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығыны жəне қаржы ұйымдарын бақылау жəне қадағалау Комитетімен 2011 жылдың 03 қарашасында келісіліп енгізілді; "Қазақстан қор биржасы" АҚ Биржалық кеңесінің шешімімен бекітілді (2011 жылдың 31 тамызындағы № 22 отырыс хаттамасы); 2011 жылдың 17 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

Работа состоит из  1 файл

Репо операциясы.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

Репо  операцияларын жүзеге асыру Е  Р Е Ж Е Л Е Р Інде соңғы толықтырулар мен өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығыны жəне қаржы ұйымдарын бақылау жəне қадағалау Комитетімен 2011 жылдың 03 қарашасында келісіліп енгізілді; "Қазақстан қор биржасы" АҚ Биржалық кеңесінің шешімімен бекітілді (2011 жылдың 31 тамызындағы № 22 отырыс хаттамасы); 2011 жылдың 17 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

            Репо операциясы, бір уақытта жасалатын, орындау мерзімінде айырмашылығы бар жəне бір атаудағы (репо операциясының заты болатын) бағалы қағаздармен жасалған, бір- біріне қарама-қарсы мəмілелердің тараптары (репо операциясының қатысушылары) бір тұлғалар болып табылатын, мəмілелердің жиынтығы.

1) репо ашылу  мəмілесі (ашылу мəмілесі): бір атаудағы бағалы қағаздарды алып-сату мəмілесі бойынша репо операциясына қатысушылардың бірі осы мəміле сомасындағы ақшаны екіншісіне аударуын жəне репо операциясына

қатысушылардың  екіншісі белгілі бір бағалы қағаздар санын біріншісіне аударуын тұспалдайтын мəміле.

2) репо жабылу  мəмілесі (жабылу мəмілесі): репо  ашылу мəмілесіндегі сол атаудағы бағалы қағаздардың алып-сату мəмілесі бойынша репо операциясына қатысушылардың екіншісінен осы мəміле сомасындағы ақшаны біріншісіне аударып, аталған репо операциясының бірінші қатысушысы репо ашылу операциясының бағалы қағаздарының санын екіншісіне қайтаруды тұспалдайтын мəміле.

Жеке  тұлғаға қатысты репо операциялары келесідей бөлінеді:

1) тікелей репо  операциясы (тікелей репо), яғни, осы  тұлға репо операциясының затын қайта сатып алу міндеттемесін алу шартымен сатуы;

2) кері репо  операциясы, яғни, осы тұлға репо  операциясының затын қайта сату міндеттемесін алу шартымен сатып алуы.

Өз клиентінің атынан əрекет ететін, репо операциясының  қатысушысы, брокер болса, комиссия шарты болып табылатын, брокерлік қызмет көрсету туралы келісім-шарт шегіндегі клиент бұйырығына сəйкес репо операциялары бойынша мəмілелерді жасауға міндетті.

Репо  операциялары сауда-саттық жүйесінде  екі тəсілмен:

  1. тікелей мəміле жасасу əдісімен өткізілетін сауда-саттықта – "тікелей" тəсілмен.
  2. автоматты репо нарығындағы үздіксіз қарсылама аукцион тəсілімен өткізілетін сауда-саттықтарда – "автоматты"

тəсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.

"Тікелей"  тəсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының заты ретінде қолданылатын бағалы қағаздарды, Биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздар арасынан, өз бетінше осы операцияларға қатысушылар анықтайды.

"Автоматты" тəсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының заты ретінде қолданылатын бағалы қағаздарды, "Автоматты репо нарығының маманданымы" атты Биржаның ішкі құжатына сəйкес, репо сатушылары анықтайды.

Егер:

1) осы эмитент  Биржада айналысқа жіберілген  өзінің борыштық бағалы қағаздары бойынша сыйақыларын уақытылы төлемесе;

1-1) осы эмитент  Биржада айналысқа жіберілген  борыштық бағалы қағаздарының айналыста болу мерзімі аяқталғаннан кейін атаулы құнын уақытылы төлемесе;

2) осы эмитент  Биржада айналысқа жіберілген  өзінің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерін уақытылы төлемесе;

3) осы эмитент  шығарған бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысы листингілік келісім-шартта белгіленген мерзімнен кейін үш ай бойы Биржаға аталмыш эмитенттің қаржылық (соның ішінде аралық) есеп берулерін ұсынбаса;

4) осы эмитентпен шығарылған  бағалы қағаздардың рұқсат ету  бастамашысы Биржаға Листингілік ережелерде белгіленген мерзімнен кейін он күн ішінде осы эмитент жəне/немесе ол шығарған бағалы қағаздар туралы маңызды ақпараттарды (аталмыш эмитент шығарған бағалы қағаздардың бағасы мен бағалауына ықпал ететін ақпараттарды) ұсынбаса, Биржа Басқармасы шешімімен (шешімдерімен) айтылмыш эмитент шығарған барлық атаудағы бағалы қағаздарды "тікелей" тəсілмен жүзеге асырылатын репо операциясының заты ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Егер бағалы қағаздар "Бағалы қағаздарды бағалау  əдістемесі" атты биржаның ішкі құжатына сəйкес осы бағалы қағаздардың бағалауы қатарынан екі апта бойы жүзеге асырылмаса, Биржа Басқармасы шешімімен (шешімдерімен) кез келген атаудағы бағалы қағаздарын "тікелей" тəсілмен жүзеге асырылатын репо операциясының заты ретінде пайдалануға тыйым салынады.

"Тікелей" тəсілмен  жүзеге асырылатын репо операциясының мерзімі, осы операцияға қатысушылармен, өз қалауымен, бір-бірімен келісіп, белгіленеді (осы тармақтың үшінші абзацымен белгіленген ерекшеліктерді ескеріп).

Репо операциясын "тікелей" тəсілмен жүзеге асырғанда Репо операцияларын "тікелей" тəсілмен жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы келісімнің нормалары қолданылады, сонымен бірге

1) жабылу бағасы, репо затының саны, жабылу датасы мен тəуекелдің рұқсат етілетін деңгейін осы репо операциясының қатысушылары, өз қалауымен, бір-бірімен келісіп анықтайды.

2) репо ашылу жəне жабылу мəмілелерінің сомалары, аталған репо операциясына қатысушыларымен ашылу мəмілесін жасасқанда бекіткен, осы репо операциясы затының саны мен ашылу жəне жабылу бағаларына көбейтіндісі ретінде анықталады.

Репо операциясын "автоматты" тəсілмен жүзеге асырғанда:

1) сауда-саттық жүйесінде  саудаланатын қаржы құралының бағасы ретінде репо операциясының кірістілігі, ал саудаланатын қаржы құралының саны ретінде – ашылу мəмілесінің сомасы қолданылады;

2) егер айтылмыш сатып  алушының Орталық депозитарийдегі есеп-шотына репо операциясының заты болып табылатын бағалы қағаздарды аудару мүмкін болмаса, репо сатып алушысының репо операциясын жүзеге асыру бойынша өтінімі сауда- саттық жүйесімен қабылданбауы мүмкін.

3) жабылу датасы сауда-саттық  жүйесімен автоматты түрде (стандартталған мерзімдер арасынан), репо операциясы жүзеге асырылған мерзіміне қарай, анықталады.

4) репо операциясы затының  саны, ашылу мəмілесінің нақты  сомасы, жабылу бағасы жəне жабылу мəмілесінің сомасы, "Автоматты репо нарығының маманданымы" атты Биржаның ішкі құжатына сəйкес сауда-саттық жүйесімен автоматты түрде, репо операциясының затына, ашылу мəмілесінің сомасына (осы мəмілені жасасқанда айтылмыш репо операциясының қатысушылары көрсеткен), репо операциясының  кірістілігіне, репо операциясының мерзіміне жəне, "Бағалы қағаздарды бағалау əдістемесі" атты Биржаның ішкі құжатына сəйкес сауда-саттық жүйесімен автоматты түрде анықталатын ашылу бағасына қарай есептеледі, сондай-ақ, ашылу мəмілесінің нақты сомасы (ашылу бағасы мен репо операциясының заттар санына көбейтіндісі), осы репо операциясының қатысушылары ашылу мəмілесін жасасқанда көрсеткен ашылу мəмілесінің сомасына тең немесе осы сомадан бір ашылу бағасынан аспауы тиіс.

5) репо жабылу мəмілесі  сауда-саттық жүйесімен автоматты  түрде, репо ашылу мəмілесімен бір уақытта жасалады.

Ашылу жəне жабылу мəмілелері жасалған репо операциялары, биржалық куəліктермен рəсімделеді.

Биржалық куəлік сауда-саттық жүйесінде бір репо операциясына жататын ашылу жəне жабылу мəмілелерін жасасу фактін растайтын, сондай-ақ тіркеу фактін жəне осы мəмілелердің Биржамен есепке алынғанын куəландыратын құжат болып табылады.

Биржалық куəлік екі данада рəсімделіп, біреуі репо операциясы қатысушысының трейдеріне, ал екіншісі, осы репо операциясына жататын ашылу жəне жабылу мəмілелерінің орындалуын бақылау мақсатында, Биржада қалады.

РЕПО АШЫЛУ  ЖƏНЕ ЖАБЫЛУ МƏМІЛЕЛЕРІН ОРЫНДАУ

Репо операциялары бойынша есептесуді (репо операциясының  заты болып табылатын ақшалай жəне бағалы қағаздармен ашылу жəне жабылу мəмілелерін орындау), Биржаның берген бұйрығы негізінде жəне "Бағалы қағаздардың сауда-саттығы қорытындысы бойынша есептесулерді өткізу Регламенті" атты Биржаның ішкі құжатының ІІІ бөлімімен белгіленген шарттар негізінде, Орталық депозитарий жүзеге асырады. Репо ашылу мəмілесін орындау ашылу датасына жүзеге асырылып, сатып алушыдан репо сатушысына ашылу мəмілесінің нақты сомасындағы ақшаны аударуды білдіреді де, репо операциясының затын сатушыдан репо сатып алушысына беруді білдіреді. Репо жабылу мəмілесін орындау жабылу датасында жүзеге асырылып, репо сатушысынан репо сатып алушысына жабылу мəмілесінің нақты сомасындағы ақшаны аударуды білдіреді де, репо операциясының затын сатып алушыдан репо сатушысына қайтаруды білдіреді.

Репо операциясына жататын, "тікелей" тəсілмен жүзеге асырылатын ашылу мəмілесін орындағанда, репо операциясының заты сатушының Орталық депозитарийдегі есеп- шотынан шығарылып, репо сатып алушысының Орталық депозитарийдегі есеп шотына аударылады. Мұндайда, осы репо операциясының заты болып табылатын бағалы қағаздар, репо операциясының мерзімі бойы репо сатып алушысы тарапынан азаматтық- құқықтық мəміле нысаны бола алады. Репо операциясының заты болып табылатын бағалы қағаздардың эмитенті корпоративтік əрекеттерді жүзеге асырғанда, репо операциясының қатысушыларының бір-бірімен қарым-қатынас тəртібі Репо операциясын "тікелей" тəсілмен жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы келісімде белгіленеді.

Репо операциясына жататын, "автоматты" тəсілмен жүзеге асырылатын, ашылу мəмілесін орындағанда, репо операциясының заты сатушының Орталық депозитарийдегі есеп-шотынан шығарылып, репо сатып алушысының Орталық депозитарийдегі есеп шотына аударылады да сонда оқшауланады. Мұнда репо операциясының осы заты репо сатып алушысы тарапынан репо операциясы мерзімінде азаматтық-құқықтық мəміле нысаны бола алмайды.

Егер репо операциясы мерзімінде, осы бағалы қағаздар бойынша  төлемақыларды есептеу жəне төлеу  мақсатында осы операцияның заты болып табылатын бағалы қағаздар тізілімінің тіркеуі жасалса, репо операциясы "автоматты" тəсілмен жүзеге асырылғанда, айтылмыш төлемақыларды есептеп, төлеу репо сатушысының пайдасына жүзеге асырылады.

Егер жабылу датасы демалыс немесе мерекелік  күнге дəл келсе, жабылу мəмілесін  орындау осы датадан кейінгі  келесі жұмыс күні орындалады. Мұнда, репо операциясын "автоматты" əдіспен жүзеге асырғанда сауда-саттық жүйесі автоматты түрде репо жабылу мəмілесінің сомасын, осы репо операциясы мерзімінің нақты ұзақтылығынан шыға отырып, автоматты түрде қайта есептейді.

"Тікелей"  тəсілмен жүзеге асырылатын, репо операциясына жататын, репо жабылу мəмілесінің жабылу датасын өзгертуге рұқсат етіледі (осы тармақтың екінші жəне үшінші абзацтарымен белгіленген ерекшеліктерден басқа). Ол үшін осы операцияның қатысушылары сауда-саттық жүйесінде мəміленің жабылу датасын өзгерту бойынша қажетті əрекеттерді іске асыруы тиіс; осы дата өзгертілді деп тек осындай өзгерту расталғаннан соң қабылданады, сондай-ақ Растау жүйесінің тиісті қатысушылары (егер осы жабылу мəмілесін орындау үшін Растау жүйесі арқылы бақыланатын сауда-саттық шоттары қолданылса) растаса ғана өзгертілді деп саналады. Егер қатысушылар жабылу датасын өзгертсе, репо операциясының жабылу мəмілесінің сомасын

Егер репо операциясының  заты болып табылатын бағалы қағаз, Биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздар санынан шығарылса, "тікелей" тəсілмен жүзеге асырылатын репо операцияларының мерзімін ұзартуға тыйым салынады. "Автоматты" тəсілмен жүзеге асырылатын репо операциясының мерзімін ұзартуға тыйым салынады.

РЕПО  ОПЕРАЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ДАУ-ЖАНЖАЛДАР

Репо операциясына жататын, ашылу мəмілесін орындау  бойынша операцияның қандай да бір қатысушысы (бұдан əрі осы тармақта – айыпты қатысушы) өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан репо операциясы жүзеге аспай қалған жағдайда:

1) репо ашылу  мəмілесі бұзылды деп саналады;

2) репо операциясына  жататын жабылу мəмілесі, автоматты  түрде күшін жойып, сауда- саттық жүйесінен алып тасталады;

3) аталған операцияның  айыпты қатысушысы бұзылған репо  ашылу мəмілесінің нақты сомасынан 0,1 % көлемінде екінші қатысушыға тұрақсыздық төлемін өтеуі тиіс

4) айыпты қатысушы  осы операция бойынша есептелінген  комиссиялық алымның толық сомасын (соның ішінде, екінші қатысушының орнына да) Биржаға төлеуі тиіс.

Репо  сатып алушысы репо операциясының  затын ауыстырудан бас тартқан жағдайда:

1) репо операциясына  жататын ашылу мəмілесі бұзылды  деп саналады;

2) репо операциясына  жататын жабылу мəмілесі автоматты  түрде күшін жойып, сауда- саттық жүйесінен алып тасталады;

3) осы сатып  алушы оған қандай да бір  шығындарды өтеуді жəне тұрақсыздық төлемін төлеуді талап етуге құқы жоқ;

4) осы репо  операциясының қатысушы – репо  сатушысы айтылмыш репо операциясы бойынша есептелінген комиссиялық алымның толық сомасын (соның ішінде, осы репо сатып алушысының орнына да) Биржаға төлеуі тиіс.     

Жабылу датасына қандай да бір қатысушы (бұдан əрі осы тармақта – айыпты қатысушы) "тікелей" тəсілмен жасалатын репо операциясы бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда:

1) жабылу мəмілесі  бұзылды деп саналады;

3) осы репо  операциясының айыпты қатысушысына екінші қатысушыға, Репо операциясын "тікелей" тəсілмен жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы келісімде белгіленген тəртіпте есептелген, тұрақсыздық төлемін өтеу, сондай-ақ, осы репо операциясы бойынша есептелген комиссиялық алымның толық сомасын (соның ішінде, зардап шеккен қатысушының орнына) Биржаға төлеу міндеттемесі жүктеледі.

Ал зардап шеккен қатысушыға, Қазақстан Республикасының  заңнамасы мен Биржаның ішкі құжаттарына сəйкес, аталған репо операциясының айыпты қатысушысынан айтылмыш тұрақсыздық төлемінен үстем шығындардың толық сомасын өндіріп алу құқығы беріледі.

Жабылу датасына қандай да бір қатысушы (бұдан əрі осы тармақта – айыпты қатысушы) "автоматты" тəсілмен жасалатын репо операциясы бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда:

Информация о работе Репо операциясы