Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 10:23, дипломная работа

Описание

Бірақ, нарық экономикасының кейбір объективті және субъективті жағдайларына байланысты салықтан жалтару және салық салық санкциялары мәселелері туындалады. Кәзіргі уақытта салықтан жалтару – еліміздің негативті факторы болып саналады. Осы мәселенің маңызы зор болғандықтан және зерттеуге тұратындығынан, таңдаған тақырыптың өзектілігі белгіленеді..

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4
Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11


2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15
2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15
2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20
2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,
алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23
3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51
3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51
3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 436.00 Кб (Скачать документ)

   Салық салу бірлігі – есептеу үшін белгіленетін салық объектісін мөлшерлеу бірлігі (1 тг, 1 га, тауар өлшемінің бірлігі, т.б.).

   Салық мөлшерлемесі – салық базасын  өлшеу бірлігіне есептелетін  салық мөлшері; ол салық салу нормасын сипаттайды; салық төлеушінің табысына қатысты процентпен өрнектелсе, салық  квотасы деп аталады.

   Құрылу  тәсіліне байланысты салық мөлшерлемесі тұрақты және проценттік болып бөлінеді.

   Тұрақты (қатты) мөлшерлемелер табыс көлеміне байланыссыз, салық салу бірлігіне  абсолют сомада белгіленеді (нақты  салық салу кезінде қолданылады, мысалы, жер салығы, мүлік салығы).

   Проценттік  мөлшерлеменің 3 түрі белгілі: пропорционалдық, прогрессивтік және регрессивтік.

   Пропорционалдық мөлшерлемелер салық объектісінің мөлшеріне байланыссыз біртұтас процент түрінде белгіленеді. Прогрессивтік  – табыс немесе мүлік өсіміне  байланысты алым процентінің өсімін көрсететін шкала бойынша белгіленеді.

   Прогрессияның 2 түрі бар: жай және күрделі. Жай  прогрессия бойынша салық мөлшерлемесі табыс немесе мүлік құнының өсіміне  қатысты өзгереді, ал күрделіде табыс  бірнеше бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке көтерілмелі салық мөлшерлемесі белгіленеді, және де күрделі деңгейаралықты шкалада мөлшерлеме табыстың әр деңгейі үшін белгіленеді (мысалы, 1000 ақша бірлігіне дейінгі табыс үшін мөлшерлеме – 10%, 1001-ден 2000-ға дейін – 15%, т.с.с.); бұл жағдайда салық табысқа қарағанда көбірек өседі де, салық салудың біркелкі болмауына әкеледі. Күрделі жылжымалы шкалада табыстың өсуі кезінде салықтың неғұрлым баяу өсімі байқалады: табыстың әр бөлігінде мөлшерлеме процентпен және абсолют сомада өрнектеледі.

   Прогрессивтік салықтың кемшілігі – оның экономика және еңбекке кері әсері болып табылады: салық салу прогрессиясы неғұрлым жоғары болса, салық салынатын субъектілердің иемденетін табыстарының дифференциясы соғұрлым төмен, бірақ экономикалық нәтижесі де соғұрлым төмен болады.

   Регрессивтік  мөлшерлемелер салық салу объектісі өскен сайын төмендейді, және объект төмендеген сайын өседі (мысалы, еңбекақы қоры кеміген сайын салық мөлшері соғұрлым өседі де, қор өскен сайын салық төмендейді, сөйтіп, еңбекақының қолайлы орташа деңгейі қамтамасыз етіледі. Регрессивтік мөлшерлеме АҚШ-та табысы жылына 149 250$-дан асатын отбасылар үшін қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
 

   3 Кесте

Табыс (долл.), жыл бойына Шекті салық  мөлшерлемесі, %
29750

71900

149250-ге дейін

149250-ден жоғары

15

28

33

28

Ескерту - (Финансы. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Қаржы -Қаражат.2001ж- ) 
 
 

   Мұның себебі, АҚШ-та табысы 149250$-дан асатындар  ауқатты (бай) адамдар болып саналады да, олар медициналық, сақтандыру сияқты игіліктер мен қызметердің жағдайы  жоқтарға ақысыз қызмет көрсетуін қамтамасық етеді.

   Нарықтық  экономика жағдайында мөлшерлеменің  қай түрі болса да, салық төлеушілердің  төлем төлеу қабілетін де, мемлекеттік  талаптардың қамтамасыз етілуін  де ескере отырып қолданылады. Мөлшерлеме белгілі бір заңдылықпен белгіленеді  де, әрбір жыл сайын мемлекеттік бюджет расталған сайын корректировкаланып, қалыпқа келтіріледі.

   Салықтық  оклад – субъектінің бір объект бойынша төлейтін салық сомасы.

   Салық жеңілдіктері – салық төлеушінің белгілі бір заңдылыққа сәйкес салық  төлеуден толық немесе ішінара босатылуы. Оларға жататындар:

   Салық салынбайтын минимум – салық  салудан толық босатылатын салық  объектісінің ең кіші (аз) бөлігі.

   Табыс сомасы бойынша есептелген жеңілдіктер (халықтың табыс салығы бойынша мүгедектерге жәрдемақы; қаржы-қаражаттық салымдарға; әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етуге, табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын шығындар).

   Салыққа салынатын табыстың құрамына енбейтін сомалар (мысалы, босатылған кезде алынатын жәрдемақылар, халыққа салынатын  салық сомасы бойынша төленетін  компенсациялар, т.б.)

   Төлем төлеушілердің кейбір категориялары  мен кейбір салық салу субъектілеріне салық мөлшерлемесін төмендету.

   Салық жеңілділігінің кезеңі – заңмен бекітілген салық бойынша жеңілдіктердің жүзеге асуға заңды күші бар мерзімі.

   Салық салу кезеңі – аяқталған кезде база анықталып, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер есептелетін уақыт мерзімі.

   Салық органдары мен салық төлеушілердің  құқықтары мен міндеттемелері басқару  және билік ету органдарының салық  заңдылықтарымен реттеледі.

   Салық және басқа да міндетті төлемдердің жүзеге асырылуын салық төлеушілердің қызмет орны бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік салық қызметі қадағалайды.

   Салық органдарының және олардың қызметкерлерінің қызмет ету тәртібі; компетенция  және тапсырмалары, салық төлеушілердің мүдделері мен хұқықтарының бұзылуы үшін жауапкершілік мемлекеттік заңдылықтармен бекітіледі.

   Заңдылықты  бұзған салық төлеушіге табыстарын төмендетіп, жасырғаны үшін сол табыстарынан қажетті соманы шегеріп, санкция  қолданылады, бұзақылықтың түріне қарай  үлестік немесе қысқа көлемде айып төленеді; бюджетке төленетін төлемдерді дер кезінде төлемесе, пени салынады.

   1) Жанама салықтар.

   Жанама  салықтар мемлекеттің фискалды мүддесін білдіреді. Олардың дұрыс қолданылуы бағаның қалыптасу үрдісіне позитивті  әсер етіп, тұтыну структурасына (құрылымына) да әсер ете алады. Салық төлеушілер салынатын салықтың өсімінен гөрі, олардың шығындарына салынатын салық өсімін қалайды. Акциздар, сатып-өткізуден түсетін салық, қосымша құн салығы сияқты тұтыну салықтардың қолданылуы жөн, өйткені:

  • Олардан бас тарту қиынға соғады;
  • Олардан туындайтын экономикалық тәртіп бұзушылық неғұрлым аз;
  • Олар еңбек стимулдарын неғұрлым аз қысқартады;
  • Дефициттен басқа жағдайларда олар тұтынушылардың таңдау хұқығына мүмкіндігін береді;
  • Оларға анонимділік тән.

   Жанама  салықтарға сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін түсімдер де жатады (кедендік баж, экспорт пен импорт салығы түріндегі  кедендік табыстар, ішкі нарықта орын алатын тауарлардың бағасы мен олардың  фактуралық құнының айырмасы).    

   2006 ж. жанама салықтан түсетін табыстар мемлекеттік бюджеттің жалпы табысының 36%-ін құраған. Сонымен қатар тұтыну салығының өз кемшіліктері де бар, мысалы, олардың инфляциялық және регрессивтік сипаттамаларын айтуға болады. Бірақ, бұл салықтардың жағымды жақтары оның кемшіліктерін жояды. Егер, нарықтағы бағалар өсетін болса, олармен бірге бюджеттік шығындар да өседі де, салықтан түсетін түсімдер де баға өсіміне сәйкес көбееді Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қажетті қаржы-қаражаттың табылуына мүмкіндік туады. Бюджеттік жүйеге автоматикалық антиинфляциялық механизмі енгізіледі.

   Салық салу жүйесінде мынадай жалпы  заңдылықтың бар екенін ескеру қажет: экономиканың кризистік жағдайында, өндіріс, сауда және экономиканың т.б. секторларында болатын тоқырау  – стагнация кезінде тұтыну салығының объективті қайта бағытталу байқалады.

   Бұл өндірістің құлдырауымен байланысты болатын  өндіріс сферасындағы салық базасының  қысқаруынан болады. Бұл жерде  мемлекет шығындары қысқармайды, керісінше  жұмысбастылықтың кемуінің нәтижесінде халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету қажеттілігінен экономиканы құрылымдық қайта құруға кететін шығындардың көбеюінен, т.б. шығындардың әсерінен көбееді.

   Сондықтан да салық төлеуші неғұрлым көп  тұтынатын болса, соғұрлым салық  ауыртпалығын көтереді. Мұнда жанама салықтардың бөлу процесіндегі белгілі бір теңдестіруге бағытталған әлеуметтік бағыты көрінеді. Мұны әлемдік тәжірибелер дәлелдейді.

   а) Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС).

   Жанама  салықтардың ең маңыздысы болып  табылатын 1992 ж. енгізілген қосымша құн салығы. Ол бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 27%-ін құрайды (2006 ж.).

   Салық төлеуші мемлекетке төлеген салығының  шығындарын жабу үшін бағаны көтеріп, салық төлемін сатып алушыға  аударады. Бұл жерде салық салу объектісі – материалдық шығынсыз өнім болып табылатын қосымша құн; қосымша өнімге комплекстік шығындар, мысалы, жарнамаға кеткен шығындар, т.б. шығындар жатады.

   Қазақстан Республикасының “Бюджетке төленетін  салық және басқа да міндетті төлемдер туралы заңына” сәйкес “ҚҚС өндіріс процесінде және тауарлар мен қызметтердің айналымында қосылатын құн бөлігінің және Қазақстан Республикасының территориясына импортталатын тауарлардан есептеліп алынатын төлемдердің бюджетке төлеуі.

   Бюджетке  төленетін ҚҚС салық салынатын  бойынша сатып өткізілген тауарлардан, көрсетілген қызметтерден есептелетін қосымша құн салығының сомасы мен алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін төленуге қажетті қосымша құн салығының сомасының айырмасы ретінде анықталады”. Соңғысында салық бойынша есепке алу механизмі айқындалады.

   Тауарларды  сатып өткізу айналымы дегеніміз:

   Тауарларды (қызметті) иемдену (сату, айырбастау) хұқығын  басқа біреуге беру (жұмысшылардың  еңбекақысына айырбастау; комиссияның  келісімдері бойынша жүктеп жеткізу; қарыз төленбеген жағдайда кепілдікке берілген мүлікті тапсыру; ҚҚС-ті төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшеге тауарды жүктеп жеткізу; кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарлардың басқа да мақсаттар үшін қолданылуы.

   Қызметтер мен қызмет көрсетулерді сатып-өткізу айналымы дегеніміз – ақы төленетін кез-келген қызмет немесе кез-келген қызмет көрсету түрі, соның ішіне қайтарылмайтын қызмет те кіреді.

   Салық салынатын айналымға ҚҚС бойынша  салықтан босатылатын айналым мен  Қазақстан террирориясынан тыс  айналымнан басқа тауарлар, қызметтер мен қызмет көрсетулерді сатып-өткізу айналымдары жатады.

   Салық салынатын айналымның көлемі бағалар  мен тарифтерге отырып, сатып-өткізілетін  тауарлар, қызметтер мен қызмет түрлерінің құны бойынша, ҚҚС қосылмай есептеледі.

   Тауарлар, қызметтер мен қызмет көрсеулердің құны өзгергенде және тауарды толық немесе ішінара қайтарса, салық салынатын айналым көлемі өзгертіліп, корректировкаланады.

   Қосылған  құнға салынатын салық – көп  жолғы өндріс пен тауарларды сатып-өткізудің  әрбір кезеңінде салынатын салық, мемлекетке бұл салық өндіруші тауарды өндіріп, сатып-өткізгенде қосымша құннан ғана алынады.

     Сөйтіп, салық салу механизмі  баға құрамында біртіндеп және  үнемі шоғырланатын салықтың  есебінен болатын баға өсімінің  әсерін байқатпайды. Барлық кәсіпкерлер  салық жүйесінің алдында тең болады, соңғы тұтынушыға тиетін баға ауыртпалығы кемиді.

Қосылған  құнға салынатын салықты есепке алу механизмі 

     ҚҚС –тің 15% -дық мөлшердегі жүйелі түрде  жұмыс істеуін үш кәсіпорынның сандық мысалы ретінде сызбадан көруге болады.

     Сауда кәсіпорны үшін таурадың құны – 522 шартты бірлік; 20% - дық сауда үстемақысы мен еркін баға 626 шартты бірлікті (522х1,20) құрайды және сауда кәсіпорны  осы үстемақыдан салық төлейді, ол 104 шартты бірлікке тең (626-522), яғни 14  шартты бірлік көлемінде, (104х15:100+15), сонымен сауда кәсіпорынның табысы мен шығын 90 шартты бірлікті құрайды (104-14).

   3 кәсіпорындағы өнімнің біртіндеп  жылжуындағы, 16% мөлшерлеме кезіндегі  ҚҚС-тің мәнін сипаттайтын мысалды  қарастырайық (шартты ақша бірлігімен): 

   4 Кесте

Өндіруші  кәсіпорын  Сатып алу құны Өзіндік құнға  қатыс-ты Қосымша құн  Сатып өткізу құны ҚҚС (гр. 5х2 0%) Сату құны (гр. 5х гр. 6.) Бұрын төлен-ген  ҚҚС есепке алына-ды ҚҚС бюджетке енгізі-леді (гр.6х гр.8)
1 2 3 4 5 6 7 8 9
І

ІІ

ІІІ

-

120

130

-

100

300

100

200

150

100

300

450

20

60

90

120

360

540

-

20

60

20

40

30

Барлы-ғы     450         90

Ескерту- Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев А.Б., Кулжабаева М.Т. Жергілікті салықтар мен алымдар. Алматы, 1999

Информация о работе Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру